
смагул.pptx
- Количество слайдов: 16
СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ
Қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлы – 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туып, 33 жасында-ақ қыршынынан қиылған һәм осынша қысқа ғана ғұмырында ұлттық, мемлекеттік мүдде тартысына ерте араласып, аз жасында артына мол мұра қалдырып, мемлекеттіктің нығаюы жолында көп іс тындырған ерекше құбылыс. Аққан жұлдыздай оның жүріп өткен қысқа жолы әркімге-ақ таңдай қақтырары хақ.
Смағұл Сәдуақасұлы Қазақстан жастарының жетекшісі (1920 -1921 жж. ) қазақ арасынан шыққан тұңғыш экономист, Қырғыз (Қазақ) АКСР-і Жоспарлау комитетінің алғашқы төрағасы (19241925 жж. тұңғыш қазақ драма театрының негізін қалаушы, жазушы, әдебиет сыншысы, «Кедей сөзі» , «Еңбекші жастар» (Омбы), «Еңбек туы» (Орынбор), Қазақ АКСР-нің халық ағарту комиссары (1925 -1927 жж. ), «Еңбекші қазақ» (Қызылорда) газеттерінің және «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы
Көтерген тақырыптарының ауқымы турасында: «Өмір үшін күресу» (1918), «Көтеріл, жастар!» (1920), «Өткен күндер һәм болашақ» (1922), «Шарт керек пе? » (1922), «Қостанай — Торғай» (1922), «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» (1924), «Қазіргі дәуір іс дәуірі» (1925), «О национальностях и националах» (1928) және тағы басқа толып жатқан мақалаларында қазақ қоғамының өтпелі дәуіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың қандайлығын һәм ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зәруліктерді шешудің амалдарын көрсетеді. Өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмады. С. Садуақасұлы «Нужды аула» (1919), «Бірінші мақсаттарымыз» (1920), «Халық ағарту мәселелері» (1925), «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» (1926), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (1927), т. б. мақалалары мен соңғы аталған кітабымен аттас кітапшасында елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етеді. Смағұл 1912 -1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір Алғашқы қазақ жастары ұйымының құрылуы, оның мақсат-мүдделері жөнінде Смағұл Сәдуақасұлының өзі кезінде былай деп жазыпты: «Бірліктің» мақсаты оның программасында (тұтынған жолында) айтылған. Қазақ халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу, һәм ұлттықты сақтау… Бастауыш, орта дәрежелі мектептерге кітаптар жазу, школға түсемін деген шәкірттер даярлайтын курстар ашу» .
«Жастарға жаңа жол» (1924), «Кооперация һәм қазақ шаруасы» (1924), «Жастармен әңгіме» (1925) ғылыми мақалалары «Жаңа жұртшылық негізі – ғылым» (1925) «Қазақстан» (1922), «Күнбатыс һәм Күншығыстың бостандық жолында күрестерінің тарихы» (1923)
«Көтеріл, жастар!» мақаласы «Еңбек туы» газетінің 1920 жылғы 13 -қарашасында жарық көрген. Мұнда саясат пен ұлтшылдарымыздың аражігін ашып көрсетіп, мәселені келешек жастарға тірейді. Енді не істеу керек? Ол: «Енді бізде кім бар? Алдымыздағы асқар таудай жүкті кім арқалайды? Ұлттың ісін, елдің жұмысын кім атқарады? Еңбекшілердің кім ақылшысы болып, кім оларға жолбасшылық етеді? » – деп қойған сұрағына өзі: «Жастар, жастар. Бұлардан басқа ешкімге сенім, ешкімнен үміт жоқ» – деп жауап береді. Қаламгер аға толқын өкілі ақын Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген пікірін негіздей отырып, «Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек,
Мақалаларынан: «Ауылдағы жастар туралы» мақаласы Еңбек « туы» газетінде: «Біздің Қазақстан – ауылдың республикасы. Қазақтың 99 пайызы ауылда. Сондықтан ауыл жастарының арасындағы жұмыс ең бірінші орында болу керек» , – дейді. «Жастар съезіне» атты мақаласын қаламгер «Қазақтың саяси пікірінің тарихы – қазақ жастарының тарихы» сөйлемімен бастайды. «Қостанай-Торғай» атты жолжазбасы «Қызыл Қазақстан» журналында: «Қазақ… Қазақты білесіз. Қазақтың қолынан не дәрмен келеді? Қойша айдаған жаққа жүре беру. Қырса, үндемей қойша қырыла беру. Біз – мал емес пе!» - деген сөзінен, Қостанай мысалында кеңестік биліккемойынсұнған қазақ жұртының ауыр халін, рухын сөз «Колонизаторлардың әдісі жақсы-ақ! – дейді мысқылмен Смағұл. – Біреуді «жалқау» дейді, жалқау бола қалады. Екіншіні «контр» дейді, контр бола қалады! Өздері оңды, басқа жұрт жаман» . Мұнда сондай-ақ Қостанай қазағының арасында отаршылықты қасақана ұйымдастырып отырған кімдер екенін нақты деректермен көрсеткен
Қазақстандағы Голощекин саясатына қарсы ойын ашық бiлдiрiп, Алаш рухын аспандатқан, қазақ халқының алдындағы перзенттiк парызына адалдығын паш еткенi үшiн қудалау көрiп, небәрi 33 жасында белгiсiз жағдайда уланып, Кремль ауруханасында көз жұмған айтулы азаматтың сүйегiнiң күлi 77 жыл бойы Мәскеудiң «Дон» зиратында сақталып келген едi. Негізгі арманына жете алмай, өмірден озып бара жатқанына іштей құсалы екендігін өзі де жасыра алмаған Смағұл Кремль ауруханасында әл үстінде жатқанда көңілін сұрай келген бұрынғы қарсыласының: «Қалайсың, ауру жаныңа батты-ау» , – деген сөзіне: «Менің көңілім орнында, есіңде ме, кезінде біздер жұлқысып жүрген жылдары сен маған «әлі-ақ соңыма көпмыңдаған адам ертіп «сәдуақасовшылдықты» жерлейтін боламын» деп даурыққан едің, енді, міне, соның да реті келіп қалған сияқты, жаназама даярлана беріңдер. . . » С. Садуақасұлының денесінің күлі Дон кладбищесінде тұрғанын оның ағайынтуыстары бұрыннан білген. Олар Смағұлдың жұбайы - Елизавета Әлиханқызы Садуақасовамен (1903 -1971) араласып тұрған (Медицина саласынан ғалым болған Лизаға туысқандары: «Неге елге қайтпайсыз? » деп сұрақ қойғанда, ол: «Ел жақсы ғой, бірақ мені барған күннің ертесіне тұтқындайды» деп жауап берген). Ал, С. Садуақасұлы өліміне келсек, ағайын-туыстары мен қайраткерді зерттеген ғалымдардың бәрі де бірауыздан «НКВД өлтірген» деп есептейді, былайғы жұрт бұл өлімді 30 -жылдардың зұлматы аясында
«Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» атты мақаласында, Онда комиссар: «Мектепті түзейтін мұғалім. Мұғалім мектептің ұстасы. Мектепті бұзатын да мұғалім. Балық басынан шіриді. Мұғалім жолынан таймай, мектеп бұзылмайды. Мұғалім деген қадірлі ат. Мұғалім қадірлі болғанда ғана мектеп көркейеді. Жұрт мұғалімді танымаса, оны силамаса, мектеп те жөнделмейді» , – деп көрсетіп, одан ары қазақ мұғалімдері арасында орын алып отырған кемшіліктерді үлкен жанашырлықпен баяндайды.
. . . 1922 жылы С. Садуақасұлы И. Сталиннің қабылдауына жазылады. Әне-міне деп кезегі жақындағанда, Сталин кабинетінен Орынбордың 2 қызметкері шығып келе жатқанын байқайды. Сол-ақ екен ол қабылдауға кіруден бас тартады. Мәскеуден досына жазған хатында Смағұл: "Мұнда келіп ұққан бір нәрсем: қазақ Мәскеуге келіп, ішкі кикілжің жөнінде хабар бермеуі қажет. Әсіресе, бірін бірі жамандамасын, сөз тасымасын. Егер билік үшін ары мен жанын сатса, беті аулақ! Біз олардың ізінен де, ісінен де безінеміз", - дейді.
20 жасында жариялаған еңбегінде: "Бізге төрелік керек емес. Біз атақ іздеген кісілер емеспіз! Біздің ниетіміз автономияшылдық емес. Біз автономия керек дегенде, айтатын дәлеліміз мынау: әр халықтың тілі бөлек, тұрмысы бөлек. Жалпы адамшылық бақытқа жету үшін әр халық өз тілінде мәдениетке қожа болып, өз шаруасына қарай тұрмысын өзгерту керек (сабасына қарай піспегі!)", - деп жазады. Оза туған Смағұл осы шамадағы тағы бір байыптамасында: "Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, жаңа дүние орнату жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет керек", - дейді. Осы сөздер бүгінгі де қаратып айтылғандай-ау!
Смағұл өзінің «Сәрсенбек» атты романында «…шіркін-ай, бар қазақ Сарыарқаға жиналса, қазақ елі енді жарты ғасырдан кейін Жапониямен теңессе, осы қазақтың байтақ даласында шаһарлар орнаса, зауыт-фабрикалар салынса… Шіркін, қазақтың әр баласы құстай еркін болса, тәуелсіз болса, ұшам десе аспанға ұшса, жерге еркін қонса…» деген арманын жазған еді. Смағұлдың сол арманы бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Рас қазақ азат болса деген арманы орындалды. Бар қазақ Сарыарқаға жиналды. Ел астанасы Арқа төріне орнықты.
Ел арасындағы «Смағұл өлімін естігенде Мағжанның айтқаны» деген өлеңде (қайраткердің жолдасы Омар Сансызбайұлынан қарағандылық Шалқарбек Кәрібаев жазып алған) мынандай бір үзік бар: Жас Смағұл үздік туған бала екен, Байтақ елге асқар таудай пана екен. Сол баладан, сол панадан айырылған, Қайран қазақ, орны толмас жара екен.
Назарларыңызға Рақмет!
смагул.pptx