pascal-2014.ppt
- Количество слайдов: 25
Слайд-дәріс Тақырыбы: «Бағдарламалау тілдерімен танысу» Барлық мамандықтар үшін Пән: Информатика «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы Авторлар: Қадырова Жанар Бақбергенқызы аға оқытушы Жарқымбекова Айжан Теміржанқызы аға оқытушы
Бағдарламалау тілдерімен танысу Жоспар: 1. Паскаль тарихы; 2. Pascal ABS ортасы; 3. Бағдарламалау; 4. Айнымалылар, өрнектер; 5. Операторлар; 6. Өрнектермен жұмыс.
Паскаль тарихы Атақты француз математигі, физигі және философы Блеза Паскаль атымен аталған. Ол әлемдегі ең алғашқы екі санды қосатын механикалық машинаны ойлап тапты.
Паскаль тарихы Паскаль тілін Никлаус Вирт 1968— 1969 жылдар аралығында құрған. Ол 1970 жылы кішірек және ыңғайлы тіл ретінде шығарылған.
Паскаль тарихы Pascal ABC 2002 жылы С. С. Михалковичтың бастауымен Оңтүстік федеральдық университетінің (Ростов-на-Дону, Россия) математика, механика және компьютерлік ғылымдар факультетінің қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асты. Авторлардың мақсаты бағдарламалау ортасын Borland Pascal және Turbo Pascal-ға қарағанда, қазіргі заманға сай жаңарып жасау болды.
Pascal ABС ортасы Pascal ABС программасын іске қосу үшін, Pascal ABС. exe командасын таңдыңыз. Бағдарламаны тексеру үшін F 9 немесе батырмасын қажет. Бағдарламаның нәтижесі экраннның төменгі бөлігіне шығады. Файлды сақтау үшін Файл-Сохранить как. . . командасан орындау керек. . pas кеңейту аты үнсіз келісім бойынша орналастырады.
Бағдарламалау Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – бағдарлама деп, ал бағдарлама құру процесі бағдарламалау деп аталады. Бағдарламалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің бағдарламасын компьютерге түсінікті үлгіде жазу тәсілі болып табылады.
Бағдарламалау Синтаксис. Бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі - бұл тілдегі қандай символдар тізбегі мүмкін өрнектер болып есептелетінін анықтайтын ережелер жиыны. Семантика - бұл бағдарламалау тілдері сөйлемдерінің (бағдарламаның) мағынасы, бағдарламалау тілінің семантикасын құрастыру қосымша үстемділік - бағдарламаның дұрыстығын дәлелдеу мүмкіндігін береді.
Бағдарламалау Компилятор – алғашқы файлдағы таңбаларды нақты компьютер үшін машиналық кодтағы командалардан құрылған объектілік модульге аударады. Бағдарламаны өңдеу - бағдарламадағы қателерді жою процесі. Тұрақтылар (константы) – бұл бағдарламалау процесінде мәндері өзгермейтін берілгендер. Айнымалылар – бұл бағдарламалау процесінде мәндері өзгеретін берілгендер.
Бағдарламалау Program Бағдарлама атауы; Const Тұрақтыны енгізу; Type Жаңа типтерді енгізу; Var Айнымалыларды сипаттау; Begin Бағдарламаның негізгі денесі; End.
Айнымалылар, өрнектер Кейбір қарапайым айнымалылар: 1. Бүтін сандар( Short. Int, Integer, Long. Int, Byte, Word). 2. Нақты сандар(Real, Single, Double, Extended, Comp). 3. Логикалық(Boolean). 4. Символдық(Char). 5. Жолдық типтер(String, String [n]).
Айнымалылар, өрнектер Салыстыру операциялары = - тең; < - кіші ; <> - тең емес; >= - үлкен немесе тең; > - үлкен; <= -кіші немесе тең. Айнымалылармен орындалатын арифметикалық операциялар + - қосу; / - бөлу; - - азайту; div - санның бүтін бөлігі; * - көбейту; mod - санның қалдық бөлігі.
Айнымалылар, өрнектер Стандарттық функциялар Математикал ық түрде жазылу Паскаль тілінде Математика жазылуы лық түрде жазылу Паскаль тілінде жазылуы Sqrt(x) exp(x*ln(a)) Sqr(x) exp(1/3*ln(x)) Abs(x) ln(x)/ln(a) Exp(x) Sqr(sqr(x)) sinx Sin(x) sin(sqr(x)*x) tgx Sin(x)/cos(x) lnx Ln(x)
Айнымалылар, өрнектер Арифметикалық өрнектерді жазу мысалдары: 1) Y: =sin(sqr(x))+sqr(B)*B-2. 3*SQRT(X); 2) Y= (A 1*X 1+B 2*X 2+5*A 3*X 3)/(25*D-14*F); 3) Y: =ln(x)/ln(a)+exp(1/5*ln(x));
Операторлар Енгізу операторы: read (айнымалылар тізімі); Шығару операторы: write (‘хабарлама’, айнымалылар тізімі); Read және write операторларының readln және writeln операторларынан айырмашылығы, readln және writeln операторлары орындалған соң курсор келесі жолға ауысады. Y айнымалысының мәнін шығару форматы WRITE (‘Y=‘, Y: 5: 2); Мысалы, нәтижесінде Y мәні 1. 76 тең болсын, онда берілген форматқа сәйкес санның экрандағы көрінісі:
Операторлар Меншіктеу операторы: Жалпы түрі: айнымалы: = өрнек; Массив элементі, айныма лы және басқалары болуы мүмкін. Тұрақты, өрнек болмауы керек. Тұрақты, айнымалы, массив элементі, арифметикалық немесе логикалық өрнек болуы мүмкін. Оператор жұмысы: егер оң жақта өрнек тұрса, онда оның мәні есептеледі де, сол жақта тұрған айнымалыға мән меншіктеледі.
Операторлар Тармақталу процесін шешу үшін шартты операторды қолдану керек: if шарт then begin оператор; … end else begin оператор; … end; Егер шарт орындалса, онда then тармағы орындалады, егер шарт орындалмаса, онда else тармағы орындалады.
Мысал. Дүкеннен 5000 мен 10000 теңге аралығына дейін сауда жасасаңыз 3% жеңілдік, егер одан да көп суммаға сауда жасасаңыз 8% жеңілдік жасалады. Егер сауда суммасы 5000 теңгеден аз болса, онда «сізге жеңілдік жоқ» деген хабарлама шығару керек. 1. Алгоритмдік тілде; 2. Блок-схема түрінде; 3. Бағдарламалау. Паскаль тілінде.
Алгоритм тілінде: Алг есеп 1; арг S, Т, S 1; нәт Т басы енгізу S Егер (S>=5000) және (S<=10000) онда басы S 1: = S*3/100; Т: =S-S 1; шығару T; соңы әйтпесе егер (S>10000) онда басы S 1: = S*8/100; Т: =S-S 1; шығару T; соңы әйтпесе шығару (‘сізге жеңілдік жоқ ‘); соңы.
басы S (S<=5000)and (S>=100000) S 1=S*3/100 S>100000) T=S-S 1 T S 1=S*8/100 T=S-S 1 T соңы Сізге жеңілдік жоқ
Паскаль тілінде: Program pr 1; var S, T, S 1 : real; {айнымалыларды сипаттау} Begin write(‘сауда суммасы S=‘); Read(S); If (S>=5000)and(S<=10000) then begin S 1: =S*3/100 T: =S-S 1; writeln(‘ 3 % жеңілдікпен‘, Т , ‘теңге ‘); end else if S>10000 then begin S 1: =S*8/100 T: =S-S 1; writeln(‘ 8 % жеңілдікпен‘, Т , ‘теңге ‘); end else writeln(‘Төленетін сумма‘, S, ‘сізге жеңілдік жоқ ‘); End.
Өрнектермен жұмыс Өрнектерді математикалық түрде жазыңыз: a) Sqrt((1+sqr(x))/abs(a+b*x)); b) Ln(abs(y-sqrt(abs(x)))*(x-y/(z+sqr(x)/4))); c) Exp(0. 25+ln(x/y))+exp(4*ln(r)); d) Sqrt(sqrt(sqrt(7)))))+ Sqr(sqr(sqr(7))))); e) a+b/(c+d/(e+f/(g*h))); f) (((a*x+b)*x+c)*x+d)*x+e.
Өрнектермен жұмыс Өрнектерді Паскаль тілінде жазыңыз:
Бақылау сұрақтары 1. 2. 3. 4. Пакаль тілін кім ойлап тапқан? Меншіктеу операторының қызметі не? Тартақталу операторы дегеніміз не? Айнымалы типтерін атаңыз?
Қолданылған әдебиеттер 1. Кан О. А. , Жаксыбаева С. Р, Бейсенова А. С. Алгоритмдеу негіздері. Қар. МТУ, 2012; 2. Жаркимбекова А. Т. , Кадырова Ж. Б. , Бейсенова А. С. Информатика. Қар. МТУ, 2011; 3. Қамардинов О. Информатика. Қарасай, 2008; 4. Балапанов Е. Қ. , Бөрібаев Б. Б. , Дәулетқұлов А. Б. Жаңа информациялық технологиялар. 2008.
pascal-2014.ppt