AG_sanbyulliten.pptx
- Количество слайдов: 1
Сіздің қан қысымыңыз қандай? Артериалды гипертензия қандай ауру? Артериалды қысымның асқынуы қандай? Егер Сіздің қан қысымыңыз жоғары болса: Артериялық қысымның 140/90 мм сын. бағ. жоғарылауын айтамыз. Дені сау адамда артериалды қан қысым 120/80 мм сын. бағ. құрайды. Жоғары қан қысымға әкеліп соқтыратын факторлар: Тұқымқуалаушылық, зиянды әдеттер(темекі шегу, алкоголь қолдану), дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің азаюы, семіздік, стресс, жас шамасы, бүйрек аурулары, өмір сүру салтыңыздың дұрыс болмауы Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымын өлшей алмайтындығында. Сол себепті ауруды асқындырып алуы мүмкін. Ол ми инсульты, миокард инфаркті, аритмия, жүрек жетіспеушілігі, бүйрек жетіспеушілігі, Альцгеймер ауруы т. с. с Күнделікті қан қысымын өлшеп, көрсеткішті күнделікке жазыңыз; Тағам рационыңызда ас тұзы мен сұйықтық мөлшерін азайтыңыз; тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс шырындарын пайдалануға болады; Тағам суға не буға пісірілгені дұрыс; Көкөніс пен жеміс-жидекті күнделікті қолдануды әдетке айналдырыңыз; Физикалық белсенділікті арттырыңыз; Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз Тәулігіне 7 -8 сағ тынығыңыз! Әбіләшімова Майра Табиғатқызы 26. 09. 2016 ж
AG_sanbyulliten.pptx