лекция 2 Философия.pptx
- Количество слайдов: 31
Шығыс философиясы 1. Көне үнді философиясы: бағыттары, ерекшеліктері. 2. Қытай философиясындағы философиялық мектептер, ерекшеліктері.
Көне үнді философиясының ерекшелігі: 1. Үнді философиялық мектептері ведалық мәдениет түрінде қалыптасты(б. д. д 1500 жж) 2. Веда-білім мағынасында, діни, тарихи, философиялық мәтіндер жинағы. Ведалардың жинағы 4 бөлімнен тұрады: • Самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы, • Брахман-самхитті түсіндіретін миф-қ әңгімелер, • Араньякта-орман кітабы, құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлану-толғану сияқты көзқарастар, • Упанишадта-ведалар арасындағы айырмашылықты ең жоғарғы білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
3. Көне үнді қоғамы 4 кастаға-варнаға бөлінді: Ø Брахмандар- абыздар, ой еңбегі, Ø Кшатрийлер-әскербасылар, әскери қызмет, Ø Вайшьилер-ауқатты шаруалар, ауылшаруашылық, қолөнер, сауда, Ø Шудралар-құлдар, қара жұмыс. Варна тұйықталған әлеуметтік топ, қоғамда өзіндік орны, дәстүрлі қызметі болды. 4. Үнді философиясының мақсаттары: адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және барлық басқа нәрселерді өзінен» көру, денені жаттықтыру.
Көне үнді философиясындағы мектептер • • Санкхья Йога Миманса Веданта Джайнизм Буддизм Чарвака Вайшешика
Санкхья • Санкхья-дегеніміз болмыс ұстанымдары арқылы емделу, қарапайым көзқараспен ойлану деген мағынаны білдіреді. • Бұл мектеп негізін салушы Капила, негізгі ұғымдары: ü пуруша-танымдық мәні бар саналы бастама (сезім, психика); ü пракрита-материя, үнемі дамып және өзгеріп отыратын болмыстың түп негізі (субстанция).
Санкхья мектебінде дүниенің негізін қалайтын 5 материалдық элементтер (маха-бхуттар): • • • Жер- заттың ең бастапқы немесе қатты түрі; Су-әрекет ету ұстанымы, заттың сұйық түрі; От-заттан қуаттың бөліну ұстанымы; Ауа-материяның қозғалуы, заттың газ жағдайы; Эфир-кеңістік (физикалық ауасыз кеңістік). Негізгі түсінігі: санкхья құдай емес, ал пракрити дүниенің біртұтас екендігінде. Құдайдың бар екендігін мойындайды, ол дүниені жаратушы емес, тек соның куәсі ғана дейді.
Санкхья мектебіндегі қағидалар: Ø Тіршілік әлемі біртұтас, адам денесі тәрізді. Ø Тіршіліктегі әр әрекеттің себеп-салдары болады. Ø Төменде-жоғарыда не бар болса, соның бәрі бар, «бәрі барлығында» .
Йога жүйесі • Йога жүйесі санкхья философиясымен байланысты. • Негізгі еңбегі: «Йога-сутра» , Патанджалидің 185 афоризмінен тұрады. • Йога- құтқару жағдайына қажетті ақыл, ол адамға сана мен рух біріктіретін денені береді. • Йога-бірлік, бүтін, байланыстыру мағынасын білдіреді.
§ § § § Йога жүйесіндегі қағидалар: Ортақ моральдық парыздардың орындалуы, тіпті барлық дүниеге оймен зиян келтірмеу, Сөздер мен ойлардағы ақиқаттық, Жат дүниеге ие болуға талапсыздық, Қажет емес меншіктен еркіндік, қанағаттылық, Рухани әдебиеттерді оқу, рухани құндылықтарға жету, Тыныс алуды бақылау және тыныс алу көмегімен дене ағымдарын басқару өнері, Ұзақ медитация, ойлау өнері. Құдайшыл махаббаттың жетістіктері мен оның сәулеленуі.
• Йога тәжірибесінің негізгі элементі медитация. • Медитацияның мәні-адамның өзімен-өзі үнсіз, ақылмен қалыпты жағдайда қалу, психикалық тыныштықты орнату. • Медитация - өз тәнің мен жаныңды жетілдіру әдісі. • Медитация- ақылдың шоғырлануы, ойлау, пайымдау, жаратқан дүниелеріне әсер ету. • Йога-қызмет ету, жақсы көру, бөліну, тазартылу, медитациялану және тану. • Йога түрлері: хатха йога, бхакти йога, раджа йога, карма йога.
• Йога-қызмет ету, жақсы көру, бөліну, тазартылу, медитациялану және тану. • Йога түрлері: хатха йога, бхакти йога, раджа йога, карма йога. • Йога түрлерінің барлығы Құдайға бағытталады. • Бұл жүйенің жолына түскендердің рухани ұстанымдары: әділдік, аскетизм, тазалық және мейірімділік.
Миманса жүйесі • Миманса- б. д. д ІІ-І ғасырларда қалыптасты. Негізі данышпан Джаймини ережелер жүйесі болды. • Мақсаты ведалық мәтіндер мен салттарды түсіндіру. • Миманса ведалық қағидалар орындалса, адам қылығына қарай жазалардан (сансарадан), қайта туу заңынан (карма) азат етіледі деп уағыздады. • Миманса-жан мәңгі, ал таным ол денемен қосылғанда пайда болады дейді. Денедегі жан әр түрлі білімге ие. • Дұрыс білім көзі-қабылдау, қорытынды жасау, салыстыру, бекіту, қорытынды жасау.
Ведант жүйесі • Веданттар жүйесі Упанишадтан пайда болды. Негізін салушылар: Бадараяна, Шанкара. • Ведант дүниенің жаратылуын Брахмамен байланыстырды. Жаратушы ақиқат, күнделікті өмірдегі ақиқат немесе шындық – ол елес қана дейді. • Ведант адамдарды дүниедегі құбылыстың ақиқаттылығын тануға ұмтылдырады, адам өз сезімдері мен ақылына бақылау жасауы керек, өз жанын сыртқы күштер әсерінен аулақ ұстауы керек деп оқытады. • Өмір сүріп тұрған дүниеміздің барлығы жалған, Брахма нақты өзгеріссіз шындық. • Брахманы рухани танып материалдық тәуелділіктен құтылуға, жердегі өмір қайғысынан құтылуға болады.
Джайнизм • Джайнизм-дуалистік діни-философиялық білім, б. д. д ҮІ-Ү ғғ. негізін салушы Махавира Вардхаманга. • Джина- жеңімпаз мағынасында. • Кітабы-Сиддханта. • Джайнизм түсініктері: адамның табиғаты екі жақты, олар заттық дене және жан, адам өз тағдырының иесі, дұрыс өмір сүріп, өзгеге жақсылық жасай білген кімде-кім карма мен сансарадан босатылады. • Джайнизм мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу.
• Джайнизм әлемді – тіршілігі бар, тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. • Джайнизмдегі «үш қағида» - дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Ø Дұрыс қылық - тазалық, шындық, сабырлық, өзіне қаталдық, салмақтылық. Ø Шынайы білім-жанның сезім мүшелері мен ақылойға сүйенбей алған білімі. Ø Дұрыс сенім-тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену.
• Джайнизм түсіндіруі бойынша әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі қабатта – әзәзіл перілер, ортаншы қабатта-жер, келесі қабатта-құдайлар, жоғары қабатта – құдайға ұқсас джиндер орналасқан. • Джайнизм – дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Джайнизм қазіргі кезде де Үндістанда кең тараған.
Буддизм • Буддизм-философиялық ағым, негізін салушы принц Сиддхарта Гаутама (б. д. д. 563 -483 жж). • «Будда» сөзі- көзі ашылған, нұрланған деген мағынаны білдіреді. • Будда ілімі бойынша, өмір-қасірет. • Себебі: адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәрілік-тен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектеспейді.
Адам төрт түрлі ақиқатты білуі керек: 1. Өмір-қасірет, өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрселеріңнен айырылу, қажетіңе, арманыңа жете алмау, т. б. - осылрдың бәрі қасірет. 2. Қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат. 3. Қасіреттің пайда болу себебі- өмірден ләззат алуға деген құштарлық екенін түсініп, одан бас тарту. 4. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.
Буддизмдегі әдептілік (құштарлықтан құтылу үшін жанды таза ұстау) қағидалары: ü Дұрыс жол- төрт ақиқатты дұрыс түсіну, ü Дұрыс шешім- біреуді жамандамау, балағат сөз айтпау, ü Дұрыс іс-әрекет- ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлықтан қашық болу, ü Дұрыс күш жұмсау- құмарлықпен, жаман оймен күресу, ü Дұрыс ой- бұл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну, ü Дұрыс жинақтала білу-өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.
Чарвака (локаята) • Чарвака мектебі- материалистік көзқарасты ұстанушылар. • Негізін салушы- данышпан Локидің ұлы Брихаспати. • Материалистік көзқарастары, ведалық танымды мойындамағандықтан оларды қарама-қарсылар немесе настиктер деп атайды. • Чарвака қағидалары: осы өмірде бақытты болуға ұмтылу, өмірдің мәні байлық пен дүниеге құмарлық. • Чарвака мәселесі: білім мәні неде, шынайы таным шекарасы қайда. • Нақты білім- қабылдау арқылы алынады және дұрыс білім алудың жалғыз сөзі делінді.
Вайшешика мектебі • Вайшешика мектебі б. д. д. І ғ. материалистік бағытты жақтаушылар. • Негізгі ұстанымдары: дүние материалданған, үнемі өзгеріп отырады, ауыспалы сипатта-бәрі дамиды, бәрі құлдырайды. • Барлық субстанция-материалдық және рухани негізде. Олар: эфир, от, су, жер, жан, психикалық сапа.
Ньяя • Ньяя- Вайшешика мектебімен қатар пайда болған логиктер мектебі. • Негізін салған-Готаму және шәкірттері. • Ньяя – логика мен талдау негізіне сүйенеді, сондықтар оларды «Ньяя Видья» немесе «Тарка-шастра» – «логика және талдау ғылымы» деп атайды. • Ньяя философиясы-сыртқы дүние және оның ақылмен, жанмен қатынасын қарастырады. Егер адам ақыл тоқтатудың логикалық әдістерін игерсе, ол барлық қайғысынан айырылады дейді. • Ньяя- өмір философиясы.
Ежелгі Қытай философиясы Ерекшелігі: 1. Қытай-Шығыстағы ең ежелгі өркениеттердің бірі (200 мың жыл бұрын п. б. ). 2. Философиялық ойлар негізі: «Барлық табиғат жанды, жанның жетекшісі аспан (шан-ди, тянь), адам табиғаттың бір бөлігі. 3. Ин және Ян-дүниенің бастауында тұрған мәндер (диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар, аспан мен жер, әйел мен еркек).
«Өзгерістер кітабындағы» адам басшылыққа алатын ұстанымдар: • Адами – Жэнь • Әділеттілік- И • Тұрақтылық-Ли • Сенімділік-Синь • Ақылдылық- Чжи «Бес тұрақтылық» түсінігі: ü Сөйлесу ü Қабілетін білдіретін ақыл, ü Мөлшерді сақтау, ü Сенім, ü Таным.
Қытай философиясындағы мектептер: • • • Конфуций ілімі (кітапшылар мектебі) Моистер (Мо Цзя) Заңгерлер мектебі (легистер) Даосизм (жол және күштер мектебі) Атаулар мектебі (Мин цзя)
Конфуций ілімі • Негізін салушы-Кун-фу-цзы, ізбасарлары Мэн-цзы, Сюнь-цзы. • Негізгі еңбегі: «Әңгімелер мен пікірлер (Лунь юй)» . • Б. д. д. І ғасырда мемлекеттік ілімге, ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды. Кун-фу-цзының негізгі ілімі: ü Жаратушы күш-аспан, жерде әділеттіліктің болуын қадағалап отырады, ü Қоғамда әр түрлі әлеуметтік топтардың болуы – әділеттілік.
§ Конфуций ілімінің негізгі мәселесі: Адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі. • Ұғымдары: тең орта, адамгершілік, өзара сүйіспеншілік. ü Тең орта-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. «Ортаны» ұстау. ü Адамгершілік негізі- жэнь-үлкенді сыйлау, «кім шын жүрегімен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды» . ü Өзара сүйіспеншілік- «өзің өзгеге жасама» қаламайтын нәрсені
Конфуцийдің басқару теориясы: Ø Адамгершілікпен басқару, «билеуші-билеуші, бағынышты-бағынышты, әке-әке, бала-бала. Билеуші-әке, халқы-оның балалары» . Ø «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. Билеуші халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесіндей жақсы көреді» . Ø Мемлекетті «текті адамдар» басқаруы тиіс.
Легистер (заңгерлер) • Негізін салушылар: Шан Янь, Хань-фэй-цзы. • Конфуцийдің мемлекетті әдептілікке негіздеп басқару керек деген пікіріне қарсы, мемлекетті заңға сүйеніп басқаруды уағыздайды. Себебі: Ø Мейірімділік пен адамгершілік-қылмысқа апаратын бірден-бір жол. Шын қайырымдылық өзінің бастауын-жазалаудан алады. Ø Ар-ождан орнына қорқынышты дәріптеу. Ø Мадақтаудан жазалау көп болуы керек.
Ø Аямай жазалау арқылы халық арасында қорқыныш, үрей тудыру қажет. Ø Ұсақ қылмысты аямай жазалау керек, үлкен қылмысқа жол бермеу үшін. Ø Адамдар арасында сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидалар бұлжытпай орындалғанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды, керек болса, өлімге де барады.
Даосизм (б. д. д. ҮІ-Ү ғғ) • Негізін салушы- Лао Цзы. • Негізгі еңбегі: «Дао және дэ туралы кітап» (Дао дэ цин). • Дао-жол, алғашқы бастама, түпнегіз. • «Әлемде сансыз көп әр түрлі заттар бар, бірақ олардығ бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады» . • Адамды білген-ақылды, өзін білген-білімді, өзін жеңген-құдіретті. Қанағатты білген-бай, өз табиғатын жоғалтпаған-ұзақ жасайды.
лекция 2 Философия.pptx