тиршиликтин пайда болуы.ppt
- Количество слайдов: 127
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі Уатханова Ажар Қайрханқызы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы Орындаған: 0105000 “Бастауыш жалпы білім беру” мамандығы, 0103033 “Бастауыш білім берудің шетел тілі мұғалімі” біліктілігі, (негізгі орта білімнен кейін), күндізгі бөлім, 1 курс студенті Уатханова Ажар Қайрханқызы Шығармашылық жұмыс жетекшісі: Биология пәнінің оқытушысы Болгибаева Ақмарал Бекболатқызы Өскемен, 2010 ж.
ЖОСПАР: Теориялық бөлім Практикалық бөлім Әдебиеттер тізімі
Теориялық бөлім Ø Тіршіліктің анықтамасы Ø Тіршілік деңгейлері Ø Тірі организмдердің негізгі қасиеттері Ø Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар Ø Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
іңді м Білі на сы Экибан а Қима қағаз ст Те
Тіршіліктің анықтамасы Адам баласын ежелден толғандырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі-тіршіліктің геологиялық замандардағы пайда тарихи болуы, даму оның түрлі заңдылықтары. “Тіршілік” ұғымы жер бетіндегі барлық тірі организмдердің жиынтығын және олар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларын толығымен қамтиды. Тіршіліктің мәні тірі организмдердің өзінен кейін үнемі ұрпақ қалдырып отыруымен айқындалады. Тірі организмдер мен қоршаған орта арасында зат алмасу процесі тоқтаған кезде, нәруыздар ыдырап, тіршілік жойылады. “Тіршілік ” ұғымына алғаш рет Ф. Энгельс анықтама берген. келесі
Тіршілік дегеніміз - құрылымы нәруыздар (белоктар) мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін-өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі организмдер жиынтығының ашық жүйесі. Тіршілік ұғымындағы негізгі орында-нәруыздар мен нуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар барлық тірі организмдер жасушаларының түрлі құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі. Тіршілік деңгейлері: молекулалық, жасушалық (клеткалық), ұлпалық, мүшелік, организмдік, популяциялық-түрлік, биогеоценоздық және биосфералық деп бөлінеді.
Тіршілік деңгейлері Молекулалық деңгей Жасушалық деңгей Ұлпалық деңгей Мүшелік деңгей Организмдік деңгей Популяциялық-түрлік деңгей Биогеоценоздық деңгей Биосфералық деңгей артқа
Бұл-тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым организм деңгей. Кез келген тірі құрылысының қарапайым дылығына немесе күрделілігіне қарамай оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Молекулалық деңгей де тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтар түзіледі. 1 -сурет артқа
Жасушалық деңгей 2 -сурет келесі
Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір қызмет атқарады. Жасушадағы жеке органоидтердің бірімен тығыз байланысып, атқаратын қызметі өзара бір- жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір жасушалы организмдерде барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Көп жасушалы организмдердегі бір жасуша өз алдына жеке организм бола алмайды. артқа
Ұлпалық деңгей Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей - тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас организм бола 3 -сурет алмайды. артқа
Мүшелік деңгей Көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас организм бола алмайды. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды. 4 -сурет артқа
Организмдік деңгей 5 -сурет келесі
Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория) өз алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі организммдерге тән барлық тіршілік процестеріқоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею жүреді. Әрбір жеке организм өзінен кейін ұрпақ қалдырып отырады. Көп жасушалы организмдерде жеке жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жеке жүйесі тұтас организм бола алмайды. Тек бір организмдегі барлық мүшелер жүйесі өзара үйлесімді қызмет атқара отырып, тұтас бір организмді құрайды. Организм тікелей сыртқы табиғи орта жағдайларымен тығыз байланыста ғана тіршілік ете алады. артқа
Популяциялық-түрлік деңгей Өзіне тән табиғи орта жағдайында, бір түрге жататын белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды. Популяция дегеніміз- бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан тұратын тобы. Популяциялық деңгейде ғана алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалады, ол бірте жаңа түрдің пайда болуына септігін тигізеді. 6 -сурет артқа
7 -сурет келесі
Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын биогеоценоз дейді. Оны кейде табиғи бірлестік деп те атайды. Биогеоценоз құрамына сан алуан тірі жағдайлары организмдер және біріктіріледі. белгілі табиғи орта Биогеоценоздағы организмдердің денесінде энергия жинақталады және энергия бір организмнен екіншісіне беріліп отырады. Биогеоценоздың құрамында бейорганикалық, органикалық қосылыстар және тірі организмдер болады. артқа
8 -сурет келесі
Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды. Биосфералық деңгейде басты рөлді “тірі заттар”, яғни жер бетіндегі барлық тірі организмдер атқарады. Биосфералық деңгейде “жанама заттар” мен тірі организмдердің тіршілік әрекетінен пайда болған “биожанама заттардың” да маңызы зор. Биосфералық деңгейде бүкіл жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы биосферадағы барлық тірі организмдердің тікелей қатысуы арқылы жүріп отырады. артқа
ТІРІ ОРГАНИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ Өлі табиғаттан тірі организмдерді өздеріне тән негізгі қасиеттері арқылы бірден ажыратуға болады. Тірі организмдерге тән негізгі қасиеттер: химиялық құрамының біркелкілігі, заттар мен энергияның алмасуы, құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы. Сонымен қатар тірі организмдерге көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, өсу мен даму, тітіркенгіштік, дискреттілік, өзін-өзі реттеу, ырғақтылық қасиеттер де тән. келесі
ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚҰРАМЫНЫҢ БІРКЕЛКІ БОЛУЫ Тірі организмдердің құрамында табиғатта кездесетін 70 -тен астам химиялық элементтер болады. Тірі организмдер мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Тірі организмдерде бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі организмдердің тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі организмдер құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі организмдерде белгілі бір қызмет атқарады. келесі
Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы Метаболизм гректің “metabole” сөзінен алынған, “өзгеру”, “алмасу” деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі организмдер арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі организмдер өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Тірі организмдерде жүретін зат алмасудан сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі организмдер қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне қажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігісақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше “anabole””өрлеу” деген ұғымды білдіреді. келесі
Зат алмасудың екінші кезеңі-катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше “katabole”-ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде организмдер денесінде күрделі органикалық қосылыстар қарапайым заттарға ыдырайды да, сол организмнің тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу арқылы тірі организмдердің ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Тірі организмдердің көбеюі. Тірі организмдер көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі организмдердің көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір организмнің өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы. Тұқым қуалаушылық арқылы тірі организмдер өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отырады. Тірі организмдердің белгілері олардың түрлі тіршілік деңгейлеріндегі құрылыс ерекшеліктері арқылы айқындалады. келесі
• Тірі организмдердің өзгергіштігі Тірі организмдердің өзгергіштік қасиеті тікелей тұқым қуалаушылық қасиетімен байланысты жүреді. Өзгергіштік кезінде тұқым қуалаушылықтың негізі болып саналатын гендердің құрылымы өзгереді. • Тірі организмдердің өсуі мен дамуы Тірі организмдерге тән қасиеттің бірі-олардың өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте-бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті тірі организмдерге және өлі табиғатқа тән кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Тірі организмдердің жекелей дамуы-онтогенез, тарихи дамуыфилогенез деп аталады. келесі
Тірі организмдердің тітіркенгіштігі Кез келген тірі организм сыртқы орта жағдайларымен және басқа да организмдермен өзара тығыз байланыста болады. Тірі организмдер қоршаған орта жағдайларының әр түрлі тітіркендіргіштеріне түрліше жауап қайтарады. Олардың орта жағдайларының тітіркендіргіштеріне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Тірі организмдер тіршілігіндегі ырғақтылық Қоршаған орта жағдайларында оқтын-оқтын болып тұратын өзгерістер тірі организмдердің тіршілік әрекетіне ерекше әсер етеді. келесі
Тірі организмдердің өзін-өзі реттеуі Тірі организмдер қарамай, орта өздерінің жағдайларының химиялық өзгерістеріне құрамын, ондағы физиологиялық процестердің бір қалыпты жүруін үнемі реттеп отырады. Тірі организмдердің біртұтастығы және дискреттілігі Жер бетіндегі тіршілік жеке-жеке оқшаулану формасында кездеседі. құрылысы, Кез оның келген организмнің әркелкі деңгейлік оқшауланған құрылымдық көріністерінен айқын байқалады. артқа
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар Абиогенездік теория бойынша тіршілік өлі табиғаттан өздігінен пайда болған. Ф. Реди тәжірибесі тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын нақты дәлелдеді. Креационизмдік көзқарас-жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді. Панспермия теориясы-тіршілік жер бетіндегі бейорганикалық заттардан пайда болған емес, тіршілік басқа ғаламшарлардан тарлған, деп түсіндірді. келесі
Джон Бернал-ағылшын ғалымы әрі қоғам қайраткері. Қазіргі кездегі жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы теорияның негізін салушы. Нәруыздардың рентгендік құрылымын талдау жөнінде көптеген еңбектер атқарған ғалым. Креационизмдік көзқарасжер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді. келесі
Луи Пастер - француз микробиологі. Ашу мен шіру процестерін зертте ген. Микроорганизмдердің өздігінен пайда болмайты нын дәлелдеген. Жұқпалы аурулардың микробтар арқылы таралатынын алғ аш рет дәлелдеді. Тағамд ық өнімдерді залалсыздан дыру тәсілін тапқан. келесі
Александр Иванович Опарин-орыстың көрнекті биохимик ғалымы. Органи калық заттардың абиоген дік жолмен пайда болаты ны туралы гипотезаның негізін салушы. Жер бетін де тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс ғылыми тұж ырым жасады. Эволюция лық биохимия ғылымының негізін салған ғалым. келесі
Джон Холдейн-көрнекті ағылшын биохимиг, генет игі және физиологі. Тіршіл іктің пайда болуында “ағы лшын сорпа” гипотеза сының авторы және попу ляциялық генетиканың нег ізін салушылардың бірі. Сұрыптаудың математи калық теориясын, адам дағы мутацияның жиілігін анықтау саласында көпте ген еңбектер атқарған ғалым. артқа
Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар Аспан денелері, соның ішінде Жер шары бұдан 4, 5 -5 млрд жыл бұрын пайда болды. Жер тарихының алғашқы кезеңінде сутек және оның қосылыстары өте көп мөлшерде болып, оттек бос күйінде болмады. Жердің бастапқы тарихында Күннен таралған ультракүлгін сәулелер бірден-бір энергия көзі болды. Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы А. И. Опарин болжам жасады. келесі
Жер шарындағы алғашқы атмосфера Ғарышты зерттеген ғалымдардың соңғы деректері бойынша аспан денелері бұдан 4, 5 -5 млрд жыл бұрын пайда болған. Жер шары алғаш пайда болғанда оның құрамында оксидтер, карбонаттар, металл карбидтері және жанартаулардың атқылауынан түзілген газдар басым орын алған. Жер бетінде температураның көтерілуіне радиоактивті қосылыстардың ыдырауы және Күннің ультракүлгін сәулелерінің көптеп түсуі де әсер еткен. келесі
Ең алғашқы Жер ғаламшарының пайда болған кезеңіндегі қоршаған орта жағдайларын білудің, ғылым үшін маңызы зор. Бұл салада орыс ғалымы Александр Иванович Опариннің еңбектері елеулі орын алған. Ол 1924 жылы Жер тарихының ең алғашқы кезеңіндегі химиялық эволюциялның жүру мүмкіндігі туралы өз тұжырымдамасын ұсынды. Американдық ғалымдар С. Миллер және Г. Юри де 1953 жылы А. И. Опариннің тұжырымына негізделген тәжірибелер жасады. Олар арнайы құралғыда метан, аммиак және су қоспаларына электр разряды арқылы әсер етіп, әр түрлі органикалық қосылыстар алды. артқа
Біліміңді сына 1 8 9 16 17 2 7 10 15 18 3 6 11 14 19 4 5 12 13 20
№ 1 сынамалық сұрақ Тіршіліктің ғаламдық деңгейі
№ 2 сынамалық сұрақ Организмнің жеке дараларының дамуы
№ 3 сынамалық сұрақ Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы
№ 4 сынамалық сұрақ Тіршіліктің бейорганикалық заттардан химиялық эволюциясы арқылы пайда болу теориясы
№ 5 сынамалық сұрақ Организмдердің тарихи дамуы
№ 6 сынамалық сұрақ Тіршіліктің жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын деңгейі
№ 7 сынамалық сұрақ Тіршіліктің ұрпақ қалдыру қасиеті
№ 8 сынамалық сұрақ Тіршіліктің тірі организмдер мен қоршаған орта бірлестігінен тұратын деңгейі
№ 9 сынамалық сұрақ Тіршіліктің нуклеин қышқылдарынан және т. б. қосылыстардан тұратын деңгей.
№ 10 сынамалық сұрақ Тірі организмдердің жыл маусымдарына сәйкес тіршілік әрекеттерінің өзгеру қасиеті
№ 11 сынамалық сұрақ Тіршіліктің басқа ғаламшардан таралуы туралы көзқарас
№ 12 сынамалық сұрақ Тіршіліктің құрылымдық және қызметтік бірлігінен тұратын деңгейі
№ 13 сынамалық сұрақ Тірі организмдердің қоршаған ортамен тығыз байланысын көрсететін қасиет
№ 14 сынамалық сұрақ Тірі организмдер белгілерінің ұрпақтарына берілу қасиеті
№ 15 сынамалық сұрақ Тіршіліктің пайда болуын жаратушы күшпен байланыстыратын көзқарас
№ 16 сынамалық сұрақ Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтыны қарапайым тәжірибе арқылы дәлелдеген ғалым
№ 17 сынамалық сұрақ Тіршіліктің абиогенез жолымен пайда болғанына тұжырым жасаған орыс ғалымы
№ 18 сынамалық сұрақ Алғышқы атмосфера құрамында болмаған тіршілікке қажетті газ
№ 19 сынамалық сұрақ Судың қатысуынсыз-ақ аминқышқылдарының өзара қосылып, пептидті байланыстар түзетіні туралы пікір айтқан ғалым
№ 20 сынамалық сұрақ Биологиялық мембранасы бар ең алғашқы тірі организмдер
20 1 2 19 3 18 17 4 5 Тест 16 15 6 7 14 8 13 9 12 11 10
“Тіршілік” ұғымына алғаш анықтама берген кім? А. Джон Бернал В. Ф. Энгельс С. Ч. Дарвин Д. Луи Пастер жауабы
В) Ф. Энгельс артқа
Тірі организмдердің ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі не? А. жасуша В. биогеоценоз С. популяция Д. табиғи бірлестік жауабы
А) жасуша артқа
Өзін-өзі реттеп отыратын және үнемі артына ұрпақ қалдыратын, құрамында нәруыздар мен нуклеин қышқылдары бар организмдер жиынтығынан құралған ашық жүйе қалай аталады? А. популяция В. өзгергіштік С. тіршілік Д. Табиғи бірлестік жауабы
С) тіршілік артқа
Бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан тұратын тобы не? А. анаболизм В. катаболизм С. тіршілік Д. популяция жауабы
Д) популяция артқа
Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғанатіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын қалай атайды? А. биогеоценоз В. табиғи бірлестік С. тірі заттар Д. популяция жауабы
А) биогеоценоз артқа
“Ашу мен шіру” процестерін зерттеген француз микробиологы кім? А. Франческо Реди В. Луи Пастер С. С: Аррениус Д. В. Прейер жауабы
Б) Луи Пастер артқа
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын нақты дәлелдеген кім? А. Д. Холдейн В. Ф. Реди С. В. Прейер Д. Д. Берналь жауабы
Б) Ф. Реди артқа
Жер шары қашан пайда болды? А. 3, 5 -4 млрд жыл бұрын В. 10 млрд жыл бұрын С. 5, 5 -6 млрд жыл бұрын Д. бұдан 4, 5 -5 млрд жыл бұрын жауабы
Д) бұдан 4, 5 -5 млрд жыл бұрын артқа
Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған кім? А. Г. Юри В. С. Миллер С. А. И. Опарин Д. Д. Берналь жауабы
С) А. И. Опарин артқа
Сырты жұқа су қабықшасынан тұратын көп молекулалы жиынтық қалай аталады? А. коацерваттар В. полипептидті С. протобионттар Д. коацерват тамшысы жауабы
А) коацерваттар артқа
Жер бетіндегі алғашқы организмдер қалай аталады? А. полипептидті В. коацерваттар С. протобионттар Д. биопоэз жауабы
С) протобионттар артқа
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас қалай аталады? А. биогенездік теория В. биопоэздік теория С. абиогенездік теория Д. панспермия теориясы жауабы
Б) биопоэз теориясы артқа
Сырты жұқа су қабықшасынан тұратын көп молекулалы жиынтықтарды қалай атайды? А. биогенез тамшысы В. коацерват тамшысы С. абиогенез тамшысы Д. панспермия тамшысы жауабы
В) Коацерват тамшысы артқа
Латын тілінен аударғанда “тарихи даму, өзгеру, өрлеу” деген мағынаны білдіреді? А. эволюция В. популяция С. биосфера Д. фанерозой жауабы
А) эволюция артқа
Ч. Дарвин іліміне себепші болған кеме қалай аталады? А. Шрусбери В. Титаник С. Генслодан Д. Бигль жауабы
Д) Бигль артқа
“Түрлердің пайда болуы” еңбегінің авторы? А. Шрусбери В. Ж. Б. Ламарк С. Ч. Дарвин Д. К. Линней жауабы
С) Ч. Дарвин артқа
1957 жылы аминқышқылдары судың қатысуынсыз-ақ өзара қосылып пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікірді ұсынған ғалым? А. С. Фокс В. Ч. Дарвин С. Ж. Б. Ламарк Д. К. Линней жауабы
А) С. Фокс артқа
РНҚ молекулаларының өршіткілік белсенділігін ашқан ғалым? А. А. И. Опарин В. Б. Бигль С. С. Фокс Д. Т. Чек жауабы
Д) Т. Чек артқа
Тіршілік жер бетіндегі бейорганикалық заттардан пайда болған емес, тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған, -деп қай теорияны түсіндірді? А. Томас теориясы В. панспермия теориясы С. коацеттер теориясы Д. тіршілік теориясы жауабы
Б) панспермия теориясы артқа
Қазіргі кездегі жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы теориялық негізін салған ғалым? А. Дж. Берналь В. Джон Холдейн С. М. В. Волькенштейн Д. А. И. Опарин жауабы
А) Джон Берналь артқа
Қима қағаз
№ 1 Қима қағаз Тіршілік деңгейлерін ата:
№ 1 қима қағаздың жауабы 1) 2) 3) 4) 5) 6) 7) 8) Молекулалық деңгей Жасушалық деңгей Ұлпалық деңгей Мүшелік деңгей Организмдік деңгей Популяциялық деңгей Биогеоценоздық деңгей Биосфералық деңгей
№ 2 Қима қағаз Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы нан не түзіледі?
№ 2 қима қағаздың жауабы Ұлпа
№ 3 Қима қағаз Тіршілік дегеніміз не?
№ 3 қима қағаздың жауабы Тіршілік дегеніміз-өзін-өзі реттеп отыратын және үнемі артына ұрпақ қалдыратын, құрамында нәруыздар мен нуклеин қышқылдары бар организмдер жиынтығынан құралған ашық жүйе.
№ 4 Қима қағаз Популяция дегеніміз не?
№ 4 қима қағаздың жауабы Популяция дегеніміз-бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан тұратын тобы.
№ 5 Қима қағаз Табиғи бірлестік дегеніміз не?
№ 5 қима қағаздың жауабы Құрылымдық деңгейі әр түрлі бір табиғи орта жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын табиғи бірлестік деп атайды.
№ 6 Қима қағаз Фототаксис дегеніміз не?
№ 6 қима қағаздың жауабы Өсімдіктердің жарыққа қарап қозғалуын фототаксис деп атайды.
№ 7 Қима қағаз Ф. Реди тәжірибесі неге негізделген?
№ 7 қима қағаздың жауабы Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын нақты дәлелдеген.
№ 8 Қима қағаз Протобионттар дегеніміз не?
№ 8 қима қағаздың жауабы Жер бетіндегі алғашқы организмдер.
№ 9 Қима қағаз Коацерваттар дегеніміз не?
№ 9 қима қағаздың жауабы Сырты жұқа су қабықшасынан тұратын көп молекулалы жиынтық.
№ 10 Қима қағаз Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған кім?
№ 10 қима қағаздың жауабы А. И. Опарин
Әріптердің орындары ауыстырылған сөзді құраңыз ШТКІЛРІК
ТІРШІЛІК
Әріптердің орындары ауыстырылған сөзді құраңыз ОЯПИЦУПЛЯ
ПОПУЛЯЦИЯ
Әріптердің орындары ауыстырылған сөзді құраңыз СТФОИСОКА
ФОТОТАКСИС
Әдебиеттер тізімі 1. 2. 3. 4. 5. Қ. Қайым. Биология, дидактикалық тапсырмалар. Алматы: Ол-Жас, 2006 ж. А. Сартаев, Жалпы биология, Алматы. “Мектеп” 2006 ж. Несіпбаев Т. Адам және жануарлар физиологиясы, Алматы: Ғылым, 2005 ж. Қ. Қайым. Тіршілік танымы, анықтамалық көмекші құрал-Алматы: Балауса, 2006 ж. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамық-гуманитарлық бағытындағы 11 -сыныбына арналған оқулық. -Алматы: “Мектеп” баспасы, 2007. -224 бет, суретті.
Назарларыңызға рахмет!
тиршиликтин пайда болуы.ppt