Шу, вибрация.ppt
- Количество слайдов: 27
Шу, вибрация, т. б. адам ағзасына əсері. Қорғану. Лазер сəулелерінен, ультра жəне инфрадыбыстан қорғану.
Шу (дыбыс) деген не? Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады. Газды сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмейді. Мысалы: қоңырауды электр жүйесіне жалғап шыны қалпақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақ астындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азая түседі де ауа біткен соң естілмейтін болады. Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секундына 20 30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында 10000 ға дейін тербелу болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу жиілігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы. Дыбыстың тербелу жиілігі (f) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секунд ішінде толық 1 циклы өтетін тербеліс жиілігінің өлшеу бірлігі. Герц атауы электромагниттік толқындарды ашқан неміс физигі Г. Р. Герцтің құрметіне қойылған. Орысша Гц. Халықаралық белгіде НZ болып жазылады. Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады: 1 килогерц (Кгц)= 1000 гц, 1 мегагерц (Мгц) – 1000000 гц.
Адамдардың құлағы жиілігі 16 гц пен 20000 гц аралығындағы механикалық тербелімдер дыбысын естіп, одан төменгі және жоғары тербелімдегі дыбыстарды естімейді. Бірақ бұл жиіліктегі дыбыстардың адамдар үшін өте зиянды әсері бар. Дыбыс тербелімінің жиілігі 16 гц тен төмен болса, оны инфрадыбыс деп атайды. Олар құлаққа естілмегенімен адамдардың ішкі мүшелеріне күшті әсер етіп, жұмыс ырғағын өзгертеді. Тәжірибе жүзінде инфрадыбыстың жиілілік аймағы төменгі (16 гц төмен) жағынан шектелмеген. Табиғатта 1 гц тың 10 дық тіпті 100 дік үлесіндей инфрадыбыстық тербелістер кездесе береді. 5 9 гц аралығындағы дыбыс тербелістері бауырдың, қарынның, талақтың тербелімін көбейтіп кеуде клеткаларын ауыртады. Тербелімі 12 14 гц дыбыстар құлақтың зыңғылын көбейтеді. Американдық ғалым Роберт Вуд спектакль жүріп жатқан залда жиілігі секундына 13 гц дыбыс таратқанда көрушілердің бәрі түсініксіз үрей сезінгендерін айтқан.
Шу — экологиялық фактор. Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20— 120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60 70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін ақ басталады. 80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.
Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро газ динамикалық қондырғылар. Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды. Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.
Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82— 85 децибел. Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі – 90 100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85— 90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу – спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75 80 децибел.
Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті болуы көрсетілгсн. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1, 5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс. Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен – ал жиілік спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді. Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады. Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді. Әрине, дыбыс жоқ жерде тұрып, қызмет істеу де қиын. Туғаннан бері жолсерік болған кісінің дыбыс естілмей қалса бір нәрсе жетпей тұрғандай көңіл күйі келіспей жүреді. Әңгіме дыбыстың болмауында емес, оның күшінде, қаттылығында, қысымында болса керек. Осыған мысал келтірейік. Ганновер қаласында жаңа құрастыру бюросы құрылысын жобалағанда сәулетшілер көшедегі дыбыстың жұмыс орнына өтпеуі үшін барлық шараларды алып, терезеге үш қабат орнатып, қабырғаны дыбыс өткізбейтін ойық бетоннан салып, ішін арнаулы пластикалық түс қағазбен жабыстырған. Бір жеті өткеннен кейін қызметкерлер мылқау тыныштықта жұмыс істеу ауыр екенін, жүйкелері жұқарып, іскерлік қабілеттері азайғанын айтып арызданатын болған. Магнитофон арқылы көшедегі үйреншікті дыбысты мезгіл сайын қайталап отырса көңілдері көтеріліп, жұмыстары жақсара бастаған.
Рас, әр адамға шудың әсері де әр түрлі. Ол адамдардың жасына, денсаулығына, қоршаған ортаға байланысты болады. Кейбір тұрақты немесе жиі қайталанатын дыбыстарға адамның үйренуі, көндігіп кетуі де мүмкін. Бірақ олардың зиянды әсері кейіннен біліне бастайды, бірте құлақ естімейтін болады. Үнемі жоғары қаттылықты дыбыстар әуелі құлақта ызың болып, кейін бас айналып, шаршап жүйке жүдеп, жүрек соғысы, қан айналымы бұзылып, асқазанда жара пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Шу әсіресе, жасы ұлғайған кісілерге көп әсер етеді. Шудың әсері туралы сұрау салғанда 27 жасқа дейінгілердің 48, 3 пайызы, 30 жасқа дейінгілердің 57 пайызы, 58 жасқа дейінгілердің 62, 4 пайызы, 58 жастан асқандардың 72 пайызы өздеріне шудың қолайсыз екенін айтқан. Ой еңбегімен айналысатын жандар жұмысшылар мен шаруаларға қарағанда шуға төзімсіздеу келеді. Қаладағы шудың көпшілігін ав токөліктер, олардың ішінде жүк таситын дизельді көліктер береді. В. А. Токаревтың мәліметтері бойынша Алматыдағы жалпы қалалық үлкен көшелерде дыбыс күші 67 77 д. Ба болған. Қарағанды қаласында терезелері үлкен көшелерге қараған тұрғын үйлерде дыбыс күші көшедегіден тек 4 5 д. Ба ға кем болған. Автокөліктердің шуын азайту қала тұрғындарын шудың зиянды әсерінен сақтаудың бір жолы. Ол үшін қала көшелерінде көлік жүруді реттеу, жүк таситын көліктерді қала көшелерін аралатпай сыртқы жолмен баратын жеріне тіке жүргізу, қала көшелерінде көліктерді бір бағытта жүргізу, олардың бағдаршам алдында тұруын азайту секілді тағы басқа шараларды ұйымдастыру көмек болады. Қалаларда сондай ақ теміржол көліктері, трамвай, тролейбустармен қоса, әуе көліктері де шуының әсері болатыны дәлелденген.
Зерттеулер көрсеткендей, бүгінде әлемде 400 миллиондай адам шу деңгейінің көбеюіне байланысты есту қабілетінен айырылу алдында тұр. Мәселен, Американың өзінде нашар еститін 28 млн. адам болса, 10 миллионы дәл осы шудың кесірінен естімей қалған. Қазіргі күні балалар мен жасөспірімдердің музыканы қатты қойып тыңдауының зияны көп екенін сезіне бермейді. Бостон балалар ауруханасында жүргізілген тексерулер көрсеткендей, күніне 90 минут барынша қатты музыка қойып тыңдайтындардың есту қабілеті азая беретіні анықталған. Ал құлағына наушник тағып, күніне 5 минут барынша қатты музыка қойып тыңдайтындардың есту қабілеті екі есе төмендейтіні дәлелденген. Олай болса, бұл жағына үлкен мән беруге тиіспіз. Қатты дыбыстар адамның есту қабілетіне ғана зиянын тигізбейді, жүрек қағысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі, ентігуге, терлеуге әкеп соғады. Ол өз кезегінде бас ауруға, шаршауға, ашушақтыққа ұласады. Сондықтан тұрмыс тіршілігімізде шу мен қатты дыбыстан барынша қорғанып жүруіміз бірінші байлық денсаулық үшін өте маңызды мәселе болмақ.
Вибрация (лат. Vibratio тербеліс, діріл). Діріл механикалық тербеліс, сызықтағы кернеулер мен деформациялар таңбалары айнымалы болғанда басталады. Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі талдағыштары (түйсіну мүшелері) сау адамда көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, құлағы, тілінен бірдей айырылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен шығармашылық әрекеті талдағыштардың адам таңқаларлық жағдайда бірімен байланысатындықтарын, әсіресе мұнда вибрациялық түйсіктердің маңыздылығын көрсетеді
Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation қысқашасы) — лазер. 1. Лазер сәулесін беретін аспап. Оның түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері. Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады.
Лазерлік көрсеткіші бар Револьвер 2. кванттық генераторлар мен оптикалық диапазондағы күшейткіштер. Лазер атауы ағылшынның "Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation" сөзін қысқартқандағы LASER атауынан шыққан ("индуктивті сәулеленудің комегімен жарықты күшейту"). Лазердің негізгі бөлшектері: белсенді зат, резонатор, козғаушы көз бен жабдықтаушы көз. Лазер жарық толкындары диапозоныңда жұмыс істейді әрі кванттық механикалық қондырғының бір түрі болып табылады. Оның жұмысы белсенді заттың козғаушы микробөлшектерін квант жарығына индуцивті жіберуге негізделген. Лазер өте жұқа шашырамайтын (шоғырланған), энергиясының тығыздығы жоғары жарық сәулесін алуға мүмкіндік береді. Бұл сәуле байланыс құралы (оның ішінде аса алыс ғарыштық), локация, навигация және талқандайтын қару ретінде де қолданылуы мүмкін. Шетелдік мамандар Лазердің көмегімен әр түрлі соғыс міндеттерін орындауға: мысалы, жер үсті, әуе, су асты, су үсті нысаналарының координаттарын анықтауға, бірнеше корреспондент арасылда көп каналды байланыс орнатуға, қарсыластың тірі күштерінің көзін шағылыстырып, құртуға, басқарылатын ракеталарды жер үсті және әуе нысаналарына бағыттауға болады деп есептейді. Соңғы уақытта АҚШ та көптеген зерттеулер радиациялық карулар (ракетаға қарсы "өлім сәулесі") ойлап табуға, оптикалық кванттық генераторлар жасауға бағытталған. Инфрақызыл диапазондағы Л. жасалуда: ол 1 млн. градус температураға сәйкес келетін сөулелену туғызуы керек. Мұндай құрал қарсыластың 60 320 KM қашықтықтағы ғарыштық снарядын балқытып (буға айналдырып) жіберуге тиіс. Сондай ақ жеке кару ретінде қолдану әрекеті де АҚШ та бақылаушыны соқыр етуге арналған оптикалық кванттық генераторы бар винтовка жасалуда.
Лазер сәулесі 1960 жылдарға дейін қиял ғажайып романдарда ғана кездесетін, ойдан шығарылған қарулар еді. Алайда алғаш рет Т. Варман күлгін лазер сәулесін ойлап тапқаннан кейін, кеңінен қолданысқа еніп, қазіргі уақытта информатика, бұқаралық ақпарат құралдары, атом бомбасын жасау, тергеу жұмыстары, тіпті медицинада да қолданылуда. Мысалы, 40 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар саусақ ізін ешбір құрал анықтай алмағанда, лазер сәулесімен оп оңай анықтауға болады. Осылайша лазер арқылы көптеген құралдармен бұған дейін шамамыз келмеген нәрселерді орындап жатырмыз. Ең бастысы, лазер сәулесі тамырдағы қанның бойымен жүре алады. Осылайша лазер арқылы бітеліп қалған қан тамырларын ашып, көзге де операция жасауға болады. Тағы бір айтарлық жайт: өкпеге жұтқан оттегі қанды тазартады да, қанның құрамына еніп кетеді. . .
АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі. Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады. Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады
Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Бірак, көбінесе, жануарлар мен адам үшін зиянды болып келеді. Себебі эволюциялық даму барысында организмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалық, химиялық және биологиялык мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т. б. жатады. Химиялык мутагендерге: колхицин, этиленимин, никотин кышқылы және т. б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны казір 400 ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып, фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін. Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған, ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына әкеледі. Лазерлі сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді. Термиялық нәтиже қатаң түрде шектелінеді, бірақта зақымдалмаған тері кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында орналасады. Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты, себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен бірге бөлініп, сәулеленген тіндердің көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.
Санаторлы курортты шаралар арасында жұмыс орындағы лазерлі сәулелердің РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену көзінен сақтану шараларын жүргізу, автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын шектеу, дистанционды басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының шараларын , яғни арнайы киімдер, көз әйнектер және т. б. Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және кезеңді (12 айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту, онда терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды тексеру жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады. Жұмыс кезінде 10 15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету керек, витаминмен қамтамасыз ету үшін аэровит препараттын қолданамыз. Аэровитті 30 60 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған жағдайларда В 1 виаминін және аскорбин қышқылын қолданады. Витаминнен бөлек глютамин қышқылының, аминалон және т. б профилактикалық курстар ұсынылады. Лазерлі құрылымдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда функционалды бұзылыстардың диапазоны кең болғандықтан ағзаның әртүрлі жүйелерін қалыптастыруға және белсенділігін арттыруға әсер ететін кең спектрлі дәрілерді қолданады. Осындай заттар ретінде адаптоген тобының препараттары, оның ішінде қоршаған ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне ағзаның қарсылығын күшейтетін элеутерококты қолдануға болады. Элеутероккокты тәулігіне 1 рет 1 ас қасықтан тағайындайды, 1 ай бойы, емдеу курсын 2 3 айдан кейін қайталайды.
АДАМ АҒЗАСЫНА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ИНФРАДЫБЫСТЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ РАДИОТОЛҚЫН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері. Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгеретін, және бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (к. Гц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды. Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары жиіліктегі(ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі(ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән. Жұмыс күні бойында ЭМА осында жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орында 60 к. Гц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 к. Гц тен 3 МГц жиілік үшін, ; 20 3 МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10 30 МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5 60 к. Гц –тен 1, 5 МГц жиілік үшін, ; 0, 3 – 30 МГц тен 50 МГц жиілік үшін. Жұмыс орында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0, 1 Вт/м 2 (10 мк. Вт/см 2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м 2 (100 мк. Вт/см 2) аспау керек. жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0, 1 Вт/м 2 (10 мк. Вт/см 2) аспау керек.
Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды. Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.
Клиникасы. Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға, бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына, бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде көрінеді. Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен пайда болған кәсіптік аурулар сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды. Микротолқындар (СВЧ алаңдары) радиотолқындар спектріндегі биологиялық белсенді болып табылады. Клиникасындағы маңызды орындарға ОНЖ өзгерістер, әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі. Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті, гипоталамиялық. Бұл синдромдар негізінен аурудың үш кезеңіне сәйкес: бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.
Емі: қыртысты қызметтердің жағдайын және вегетативтік тамырлық реакциялардың басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу, науқастың жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді. Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және седативті ем, витаминді ем (В, С топтары) тонусты жоғарлатын заттар тағайындалады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар басым болған жағдайларда комбинирленген әсерлі (беллоид, беллатаминал) холинолитикалық заттарды қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз мөлшерде инсулинді тері астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз. Гипоталамиялық синдромы және гипертониялық түрдегі нейроциркуляторлы бұзылыстары бар науқастарға аз мөлшерде транквилизаторлар (седуксен, тазепам және т. б) және антигистаминді препараттар, сонымен қатар тамырды кеңейтетін және гипотензивті заттарды тағайындайды. Коронарлы жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан айналымды жақсартатын және тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз. Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған кезде тамырларды кеңейтетін дәрілермен қоса аз мөлшерде аминазинді тағайындайды және ауырсынуды басатын заттарды иньекция түрінде қолданады. Наркотикалық препараттарды сақтықпен қолдану керек. Терапевтік комплекстің құрамына емдік гимнастика, гидротерапия, мойынның вегетативті түйіндеріне эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың бастапқы кездерінде еңбек ету қабілеттері сақталынады. Осы жағдайларда амбулаторлық, стационарлық және санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін бұрынғы жағдайда жұмысын жалғастыра береді. Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық жағдайда арнайы ем жүргізіледі және рационалды түрде еңбекке орналастырып, санаторлық курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде өзіндік қиындықтары бар. Кейбір жағдайларда ондай адамдарды дәрігердің қарауымен және радиотолқындардың аз мөлшердегі байланыстарымен сол жұмыстарында қалдырады. Айқын кезеңінде, әсіресе, жиі церебралды криздермен диэнцефалды жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты үзу керек. Жалпы қабылданған критерилер бойынша мүгедектікке акуысчтыру сұрақтары шешіледі. 1 2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса науқастың мүгедектігін алып тастайды. Катаракта анықталған кезде процестің өршу қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық аурулардың айқын түрлерінде басқс жұмысқа ауыстырылады. Әйелдердің жүктілік кезінде және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жұмысқа жіберілмейді.
Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды тамақтануды ұйымдастыру керек. СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір рет окулист, невропатолог, терапевтің қатысуларымен кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек, ал УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және ВЧ әсерлері кездерінде 24 айда бір рет өтіп отыру керек.
Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (д. Б) көрінеді. Инфрадыбыстардың ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады. Өндірістік инфрадыбыстар – акустикалық тербеліс аймағы 20 Гц төмен. Өндірістік орындардың кез келген аппаратының барлық спектрлерінен инфрадыбыс бөлінеді, ол кей жағдайларда есту диапазонының жиілік деңгейін жоғарлатады, дыбыс қысымының максималды деңгейі 8, 16, 31, 5 Гц құрайды Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар, кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады.
Инфрадыбыстардың әсер ету патогенезі толығымен оқылмаған. Адам ағзасы төмен жиіліктердегі дыбыстардың тербелісіне сезәмтелдықтары жоғары болып саналады. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде сәйкес рецепторларда (тері, есту анализаторлары) нерв импулстары пайда болады, олар бас миының қыртысты орталығына ең алдымен таламиялық орталыққа түседі. Адам ағзасында өзіне тән тербеліс жиіліктері болғандықтан, инфрадыбыстардың әселері кезінде, ағзада жағымсыз сезімдер туу мүмкін. Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты. Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері есту ағзасымен қабылданады. Осы қабылдау ортаңғы құлақта инфрадыбыстардың әсер етуі кезіндегі дыбыс жиіліктерінің гармониктерінің орналасуына байланысты. Көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша инфрадыбыстардың тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді. Тексерілген адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған.
Инфрадыбыстардың әсері кезіндегі жүрек тамыр жүйесі жағындағы өзгерістерге жүректің жиырыду жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы жатады. Осыған байланысты инфрадыбыс жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып табылады. Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі инфрадыбыстарға өте сезімтал болып табылады. Емі: симптомды шаралар жүргізіледі. Алдын алу: жұмыс орындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану кеерк. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек. Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне жатады: құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары, наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар.
Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен өлшенеді. Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде. Емі. Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады. Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса, жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді. Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.
Шу, вибрация.ppt