виза туралы.pptx
- Количество слайдов: 25
ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАТЫН ҚР АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ЖАДЫНАМА Анласын Фариза 210 топ
Кіріспе Бұл жадынама Қазақстан Республикасының шет елге шығатын азаматтарына арналған. Жадынамада шет елге саяхат кезінде қиындықтарға ұшырамау үшін жалпы тәртіптер мен кеңестер берілген.
Жоспар: • I. САПАРҒА ДАЙЫНДЫҚ • II. ВИЗА АЛУ • ТМД елдері – Шенген аймағына кіретін елдер – Таяу және Орта Шығыс, Азия, Африка Елдері • III. ЖОЛДА • IV. ШЕТЕЛДЕ БОЛҒАНДА • Қорытынды
I. САПАРҒА ДАЙЫНДЫҚ • Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. • Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз. • Баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз.
• Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан артық шет ел валютасын алып бара жатсаңыз, оны мағұлымдамада (декларация) жазып көрсету қажет. • Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шет ел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шет ел валютасын алып өте алады. • Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: – айырбастау пунктінің шет ел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама куәліктер, – банктік есеп шоттан ақшаны шет ел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, – шет ел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, – Қазақстан Республикасына алып кірген шет ел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа елге барған кезде мағұлымдамада көрсетпеуге болатын ақша көлемін сұрап алыңыз.
• Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрідәрмектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір кездерде Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді, шет елде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің берген рецептісімен ғана сатып алуға болады. • Ауа-райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.
• Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алыңыз. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты. • Көп елдерде азық түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды. • Шет елде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиғадан сақтану мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған дәрігерлік шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.
• Егер басқа мемлекеттің аумағына кіруге виза керек болса, оны алу үшін сол мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне я консулдық мекемесіне өзіңіз немесе жақсы білетін турагенттік арқылы алдын ала (1 2 ай бұрын) өтініш жасаңыз. • Кейбір мемлекеттердің елшіліктерінде визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз. Сонымен қатар, әр елшілік визаны беру тәртібін, мысалы, консулмен сұхбатты, визаның құны мен қажет құжаттардың тізімін өз қалауына қарай бекітеді. • Шетел мемлекеттері елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі. • Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шетел мемлекеттерінің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан болатын шығындарыңыз үшін жауап бермейді. • Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін. • Егер ол елге басқа мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін болсаңыз, онда транзиттік визаны ресімдеу жөнінде және оның аяқталу мерзімі мен шекарадан кедергісіз өту үшін қанша мәрте болу керектігі туралы алдын ала сұрап алыңыз.
• ТМД елдері Қазақстан ТМД елдерінің көбімен азаматтардың визасыз барып келуі туралы келісім шартқа қол қойған. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне кіру үшін ҚР азаматының паспорты жеткілікті. Қазақстан азаматтары Қырғыз Республикасының аумағында 90 күнге дейінгі мерзімде бола алады және Қырғызстанда болу уақыттысын тағы 90 күнге дейін ұзартуға болады. Қазақстан Республикасының азаматтары қазақ ресей шекарасынан өткен кезде Ресейдің көші қон карточкасын толтыру керек. Ресейдің шекаралық қызметі көші қон карточкасы мен паспорттың кез келген бос бетіне мөртабан басады. Егер Ресейге барған Қазақстан азаматтарының үздіксіз болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын болса, РФ аумағында уақытша болатын ҚР азаматтары Ресейдің құзыретті органдарында тіркеу (болатын орны бойынша есепке қоюдан) міндетінен босатылады. ҚР азаматы РФ аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, аталған азамат Ресейдің заңнамасына сәйкес, оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын орны бойынша есепке тұру) міндетті. Қазақстан азаматтары Украина мен Молдоваға 3 айдан астам уақытқа баратын болса, виза алуы керек. Түрікменстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына виза алу қажет. Қызметтік және дипломатиялық паспорты бар тұлғаларға бұл тәртіп қолданылмайды. Сонымен қатар, Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары паспорттарымен және осы облыстарда тұратынын растайтын ҚР азаматы деген жеке куәліктерімен Түрікменстанның Балқан уәләяты аумағына 5 күнге дейін келуіне, кетуіне және уақытша болуына болады.
Шенген аймағына кіретін елдер • «Еуропа одағына мүше кейбір елдердің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды. Қысқа мерзімді Шенген визаларының қолданылу тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей. Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция, Дания, Германия, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Исландия, Испания, Литва, Италия, Латвия, Эстония, Чехия, Шве ция, Швейцария
• Шенген аймағына кіруге және онда қалуға рұқсат беретін келесі санаттағы бірыңғай визаларды береді: – (А) визасы – ұшақ жолаушыларына ғана беріледі және әуежайдың транзиттік аймақтан шығуға құқық бермейді; – (В) транзиттік визасы – Шенген аймағының аумағы арқылы 5 күн ішінде транзитпен жүріп өтуге рұқсат береді; – (С) қысқа мерзімді визасы – Шенген аймағына бірінші рет кіргеннен бастап 6 айдың ішінде 90 күнге дейін қалуға рұқсат береді; – (Д) ұзақ мерзімді ұлттық визалар Шенген шартын қабылдаған басқа мемлекеттердің аумақтары арқылы 5 күн ішінде визасыз транзитпен жүріп өтуге рұқсат береді. • Бір мәртелік визамен Шенген аймағына визаны берген консулдық мекеменің елі арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі. Мысалы, Сіз визаны Францияның консулдығынан алсаңыз, онда кез келген Шенген еліне тек Франция арқылы бара аласыз. • Шенген аймағына Ұлыбритания, Ирландия, Румыния, Болгария және Кипр кірмейді.
II. ВИЗА АЛУ
• • Иордан Хашимит Корольдігі Қазақстан Республикасының азаматтары Иорданияның барлық шекара өту пунктерінде кез келген паспорт түрімен 3 5 минут ішінде 15 АҚШ долларға 1 айға дейін визаны алады. Иорданияға келгеннен кейін онда ұзақ мерзімге қалуға ниет білдірген Қазақстан азаматтары көші қон полициясының кез келген бөлімшесінде визаның мерзімін ұзарта алады Иран Ислам Республикасының аумағына кіру үшін Қазақстан азаматтары ирандық визаны рәсімдеу керек. Визаны алу үшін қазақстандық азаматтар Астана қаласындағы Иранның Елшілігіне немесе Ақтау қаласындағы Бас консулдыққа жүгіну қажет. Иранның аумағына кіру барысында сыртқы киімге ерекше назар аудару жөн. Әйел адамның киімі кең және қарапайым болу керек. Иранда әйел адамдарға ашық киіммен және бас орамалсыз жүруге болмайды. Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағына кіру үшін Қазақстан азаматтары саудтық визаны рәсімдеу керек. Қажетті визаны алу үшін қазақстандық азаматтар Астана қаласындағы Сауд Арабиясының Елшілігіне жүгіну қажет. Сауд Арабиясының әуежайларында визаларды беру қолданылмайды. Сауд Арабиясының аумағына кіру барысында сыртқы киімге ерекше назар аудару жөн. Әйел адамның киімі кең және қарапайым болу керек. Сауд Арабиясында әйел адамдарға ашық киіммен және бас орамалсыз жүруге болмайды. Қатар Мемлекетінің визасын шетелдік азаматтар Қатардың тиісті мекемелерінің өтініші (туристік виза үшін – қонақүйлердің шақыру хаттары, жұмыс визасы үшін – болмыш елде тұратын жеке тұлғаның арызы) негізінде алады. Елдің заңнамасына сәйкес, шетелдік туристтер бірден 6 айлық мерзімге туристтік виза алады, ал жұмыс істеуге келген азаматтар 2 жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жұмыс визасын рәсімдеуге мүмкіндіктері бар (жұмыс контрактісінің мерзіміне сай). Қатар Мемлекетінде 30 күннен артық мерзімге болуды жоспарлаған шетелдік азамат 7 күн ішінде медициналық тексерістен өтіп, саусақ іздерінің көшірмелерін түсіруі және елде болу мақсаты, жұмыс түрі, болу мерзімі толық баяндалатын тиісті құжаттарды толтыруы қажет. Аталған рәсімдердің соңында шетелдік азаматтың ұлттық паспортына құзыретті органдармен келісілген елде болу мерзімі көрсетілген жапсырма жабыстырылады.
Кувейт Мемлекеті Кувейт Мемлекетіне баруға ниет білдірген шетелдік азаматтар тиісті санаттағы визаны Кувейттің шет елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде және Эль Кувейт қаласының халықаралық әуежайына қонған кезде алады. Израиль Мемлекетінің визасы немесе басқа белгілері Кувейтке кіруге рұқсат бермеуге негіз бола алады. Күйеусіз, ағасынсыз немесе баласыз жүрген әйелдерге қысқа мерзімді кіру визаларын рәсімдеу әдетте бас тартылады. Бахрейн Корольдігінің заңнамасына сәйкес, елге Корольдіктің дипломатиялық мекемелерінде тиісті санаттағы визаны алдын ала алған кез келген шет мемлекеттің азаматтары кіре алады. Сонымен қатар, Бахрейннің заңы бойынша, шетелдік азаматтар әуежайға келген уақытта да визаны алады. Ливан Республикасы Ливанға турист ретінде бара жатқан Қазақстан азаматтары Ливанның 1 айға дейінгі кіру визасын консулдық алымсыз Бейрут қаласының халықаралық әуежайында немесе ливандық шекара өту пунктерінде алады. Ливанға туристік және т. б. мақсатпен келуге ниеттенген шетелдік азаматтар Ливанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктерінде кіру визасын рәсімдей алады. Израиль Мемлекетінің визасы немесе басқа белгілері Ливанға кіруге рұқсат бермеуге негіз бола алады. Малайзия Егер Қазақстан Республикасының азаматтары Малайзияға 30 күнге ғана бара жатса, оларға виза алудың керегі жоқ (паспорт мерзімінің жарамдылығы Малайзияға барған соңғы күннен бастап 6 айдан кем болмауы керек). Туристердің ұшақта толтыратын көші қон карточкасының бір көшірмесі елге кіруге және онда болуға беретін рұқсат болады. Бұл құжатты елден шыққанша сақтау керек. Болмыш елдің көші қон заңнамасына сәйкес, осы елге келуіне рұқсат етілмеген немесе Малайзия аумағында заңсыз болушы адам қамауға алынуы мүмкін және шешім шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін депортациялық лагерьге орналастырылуы мүмкін. Ел аумағында заңсыз болғаны үшін Малайзия заңнамасымен 60 тәуліктен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы санкциясы немесе 2000 нан 13000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
• • Корея Республикасы Шетелдіктердің Кореяға кіруіне үшін негізгі құжаттар паспорт пен виза болып табылады. Визалар бір немесе екі жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Өтініш беруші Корея Республикасымен ұзақ мерзімді немесе іскерлік контрактісі бар компания басшылығының мүшесі екенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Визаның жарамдылық мерзімі туралы корейлік серіктестіктер де хабардар болуы керек, себебі оның осы мерзімді созып алуы 100 мың вон, яғни 90 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады немесе ақша соммасы болмаған жағдайда, ұақытша ұстау изоляторына қамауға алу және одан әрі еліне депортациялануы мүмкін. Корей ұлтты азаматтар Корея Ресубликасының құрылуына дейін елден кеткен және шет елде тұрушы, сондай¬ ақ олардың ұрпақтары арнайы виза арқылы осы мемлекетке келіп тұра алады және онда екі жыл ішінде бола алады. Транзиттік жолаушылар немесе турист экскурсанттар тіркелген қайта ұшу билеттерінің негізінде Кореяда визасыз отыз күн ішінде бола алады. Алайда бұл ереже азаматтығы жоқ адамдарға және Албания, Камбоджа, Куба, Ресей, Украина, Беларусь, Лаос, Молдова, Средней Азии и Кавказ мемлекеттері, Босния и Герцеговина, Македония, ҚХР, Моңғолия, Вьетнам, Гана, Индия, Иран, Бирма, Непал, Нигерия, Филиппиндер, Шри Ланка, Палестина мемлекеттері өкілдеріне қарастырылмаған. Жаңа Зеландияның қандай да болсын туристік, іскерлік немесе жеке сапарға арналған визаны алу үшін Жаңа Зеландияның Елшілігіне (Жаңа Зеландияның Елшілігі Мәскеу қаласында орналасқан) қажетті құжаттарды табыстау керек. Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы тиіс немесе ресми тіркелген компаниямен ағылшынға аударылуы керек. Аудармаларды ұсынған кезде құжаттардың түпнұсқасын немесе орыс тіліндегі куәландырылған көшірмелері де қоса берілуі қажет. Жаңа Зеландияның визасын алу үшін қажетті құжаттар тізімі: Жаңа Зеландиядан кеткеннен кейін үш айдан кем емес мерзімге жарамды паспорт; Толтырылған сауалнама; Толтырылған қосымша форма; 3 x 4 фотосурет; Жаңа Зеландияда тұрақты тұратын шақыртушымен толтырылған және қол қойылған оның қаржатыныңбар болуы туралы құжаттар және/ немесе арнайы спонсорлық форма; Қосымша құжаттар (егер бар болса): ішкі паспорттың көшірмесі, туристік бағдарлама, қонақүйдегі бронь, алдындағы визалар, шақыртушыңызбен жасалған контракт; Жаңа Зеландиядан қайтудың гарантиясы ретінд қайту билеті немесе шақыртушы я жұмыс берушіңізбен берілген гарантия; Жаңа Зеландияға алты айдан аса мерзімге сапар шегушіге рентгенограммаға түсірілуі қажет, ал 24 айдан астам мерзімге болатындарға сақтандырушы дәрігердің қолы қойылған және жеке мөрі басылып, толтырылған медициналық сертификаты болуы шарт. Жаңа Зеландияға 24 айдан астам мерзімге баруды жоспарлаушы 17 жастан жоғары азаматтар полициядан немесе 17 жасқа толғанынан кейін бес жылдан астам уақыт тұрған мемлекеттің полиция органдарынан анықтама қажет.
Сингапур • Қолданыстағы тәртіп бойынша, Сингапурға келуге дейін оның шет елдердегі мекемеерінде виза рәсімдеу тиіс. Сингапурдың Алматыдағы Құрметті консулдығы жұмыс істейді. Шетелдік азаматқа келесі қжаттардың негізінде кіру визасы рәсімделеді: жарамды паспорт (жарамдылық мерзімі алты ай), кері қайтуды растайтын билет, Сингапурда болуға жетерліктей қаржы құралдары. Шетелдіктерді тіркеу халықаралық әуежайға немесе басқа бекеттерге келіп түскен кезде кіру шығу картасы арқылы жүзеге асырылады, ол бақылау өткізу бекеттерін өтуге дейін толтырылады. Түркия • Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары ұлттық паспорттарымен Түркияға визасыз 1 айға кіруіне және болуына болады. Тайланд • Қазақстан азаматтары Тайландтың визасын сол елдің әуежайына қонған кезде алады. Ол үшін тиісті құжаттарды: паспортты, фотосуретті (4 х6 см), виза алу үшін толтырылатын сауалнаманы, көші қон карточкасын және 1000 батт (шамамен 30 АҚШ доллары) ақшаны «Visa on arrival» терезесіне өткізу керек.
• • • Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Бұл ел визаны БАӘ әуежайына ұшып барған кезде де береді. Бірақ БАӘ әуежайында жергілікті билік себептерін түсіндірместен Қазақстан азаматтарына елге кіруге виза беруден бас тартқан кездері болған. Сондықтан осындай жағдайларға тап болмас үшін виза алу керек болса, алдын ала тікелей БАӘ нің Қазақстандағы Елшілігіне баруға кеңес береміз. Паспорттағы Израиль Мемлекетінің визасы немесе басқа белгілері БАӘ ге кіруге рұқсат бермеуге негіз бола алады (осындай себеппен басқа мұсылман елдері де кіруге рұқсат бермей қоюы мүмкін). Сонымен қатар, күйеуінсіз немесе тегі күйеуінің тегінен бөлек жасы 30 ға толмаған әйелдерге елге кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін. Виза алу үшін шақырушы тараптың растау қағазы/шақыруы болуы керек. Бұл құжатты виза алу үшін БАӘ әуежайына ұшып барған соң көрсету қажет. Паспорттың мерзімі сапар аяқталған күннен бастап кем дегенде 3 айға дейін жарамды болуы тиіс. Әке шешесінің біреуімен немесе басқа бір адаммен бара жатқан 18 жасқа дейінгі балаларға нотариалды бекіткен әкесінің немесе шешесінің (әке шешесінің) рұқсат қағазы керек. Визаның екі түрі бар: транзиттік (14 күнге ресімделеді) және кіру үшін (30 күнге ресімделеді). БАӘ дағы туристік фирмалар мен шетелдік компаниялар жұмыс ұсынған жағдайда сақ болу керек, себебі қыздарды жезөкшелік құлдыққа салған кездер болған. Қытайға 1 айға баратын дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар Қазақстан азаматтарына виза алудың қажеті жоқ. Ұлттық паспорт болса, Қазақстан азаматтары виза үшін ҚХР Елшілігіне қажетті құжаттармен өздері баруы тиіс (Қосымша ақпаратты ҚХР Елшілігінің сайтынан алуға болады, № 3 Қосымшаны қараңыз). Ескерту: Қазір Қазақстандағы шет елдердің елшіліктері виза мен сұхбатқа жазылу үшін өтініштерді бірыңғай тек Интернет арқылы алып, құжаттардың түпнұсқасын артынан өткізу тәжірибесіне көшіп жатыр. Мысалы, АҚШ, Қытай, Нидерланды, Ұлыбритания, Швейцария елшіліктері визаны ресімдеудің осындай түріне көшкен.
• Иордан Хашимит Корольдігі Қазақстан Республикасының азаматтары Иорданияның барлық шекара өту пунктерінде кез келген паспорт түрімен 3 5 минут ішінде 15 АҚШ долларға 1 айға дейін визаны алады. Иорданияға келгеннен кейін онда ұзақ мерзімге қалуға ниет білдірген Қазақстан азаматтары көші қон полициясының кез келген бөлімшесінде визаның мерзімін ұзарта алады Иран Ислам Республикасының аумағына кіру үшін Қазақстан азаматтары ирандық визаны рәсімдеу керек. Визаны алу үшін қазақстандық азаматтар Астана қаласындағы Иранның Елшілігіне немесе Ақтау қаласындағы Бас консулдыққа жүгіну қажет. Иранның аумағына кіру барысында сыртқы киімге ерекше назар аудару жөн. Әйел адамның киімі кең және қарапайым болу керек. Иранда әйел адамдарға ашық киіммен және бас орамалсыз жүруге болмайды. Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағына кіру үшін Қазақстан азаматтары саудтық визаны рәсімдеу керек. Қажетті визаны алу үшін қазақстандық азаматтар Астана қаласындағы Сауд Арабиясының Елшілігіне жүгіну қажет. Сауд Арабиясының әуежайларында визаларды беру қолданылмайды. Сауд Арабиясының аумағына кіру барысында сыртқы киімге ерекше назар аудару жөн. Әйел адамның киімі кең және қарапайым болу керек. Сауд Арабиясында әйел адамдарға ашық киіммен және бас орамалсыз жүруге болмайды. Қатар Мемлекетінің визасын шетелдік азаматтар Қатардың тиісті мекемелерінің өтініші (туристік виза үшін – қонақүйлердің шақыру хаттары, жұмыс визасы үшін – болмыш елде тұратын жеке тұлғаның арызы) негізінде алады. Елдің заңнамасына сәйкес, шетелдік туристтер бірден 6 айлық мерзімге туристтік виза алады, ал жұмыс істеуге келген азаматтар 2 жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жұмыс визасын рәсімдеуге мүмкіндіктері бар (жұмыс контрактісінің мерзіміне сай). Қатар Мемлекетінде 30 күннен артық мерзімге болуды жоспарлаған шетелдік азамат 7 күн ішінде медициналық тексерістен өтіп, саусақ іздерінің көшірмелерін түсіруі және елде болу мақсаты, жұмыс түрі, болу мерзімі толық баяндалатын тиісті құжаттарды толтыруы қажет. Аталған рәсімдердің соңында шетелдік азаматтың ұлттық паспортына құзыретті органдармен келісілген елде болу мерзімі көрсетілген жапсырма жабыстырылады. Кувейт Мемлекетіне баруға ниет білдірген шетелдік азаматтар тиісті санаттағы визаны Кувейттің шет елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде және Эль Кувейт қаласының халықаралық әуежайына қонған кезде алады.
• Израиль Мемлекетінің визасы немесе басқа белгілері Кувейтке кіруге рұқсат бермеуге негіз бола алады. Күйеусіз, ағасынсыз немесе баласыз жүрген әйелдерге қысқа мерзімді кіру визаларын рәсімдеу әдетте бас тартылады. Бахрейн Корольдігінің заңнамасына сәйкес, елге Корольдіктің дипломатиялық мекемелерінде тиісті санаттағы визаны алдын ала алған кез келген шет мемлекеттің азаматтары кіре алады. Сонымен қатар, Бахрейннің заңы бойынша, шетелдік азаматтар әуежайға келген уақытта да визаны алады. Ливан Республикасы Ливанға турист ретінде бара жатқан Қазақстан азаматтары Ливанның 1 айға дейінгі кіру визасын консулдық алымсыз Бейрут қаласының халықаралық әуежайында немесе ливандық шекара өту пунктерінде алады. Ливанға туристік және т. б. мақсатпен келуге ниеттенген шетелдік азаматтар Ливанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктерінде кіру визасын рәсімдей алады. Израиль Мемлекетінің визасы немесе басқа белгілері Ливанға кіруге рұқсат бермеуге негіз бола алады. Малайзия Егер Қазақстан Республикасының азаматтары Малайзияға 30 күнге ғана бара жатса, оларға виза алудың керегі жоқ (паспорт мерзімінің жарамдылығы Малайзияға барған соңғы күннен бастап 6 айдан кем болмауы керек). Туристердің ұшақта толтыратын көші қон карточкасының бір көшірмесі елге кіруге және онда болуға беретін рұқсат болады. Бұл құжатты елден шыққанша сақтау керек. Болмыш елдің көші қон заңнамасына сәйкес, осы елге келуіне рұқсат етілмеген немесе Малайзия аумағында заңсыз болушы адам қамауға алынуы мүмкін және шешім шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін депортациялық лагерьге орналастырылуы мүмкін. Ел аумағында заңсыз болғаны үшін Малайзия заңнамасымен 60 тәуліктен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы санкциясы немесе 2000 нан 13000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Корея Республикасы Шетелдіктердің Кореяға кіруіне үшін негізгі құжаттар паспорт пен виза болып табылады. Визалар бір немесе екі жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Өтініш беруші Корея Республикасымен ұзақ мерзімді немесе іскерлік контрактісі бар компания басшылығының мүшесі екенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Визаның жарамдылық мерзімі туралы корейлік серіктестіктер де хабардар болуы керек, себебі оның осы мерзімді созып алуы 100 мың вон, яғни 90 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады немесе ақша соммасы болмаған жағдайда, ұақытша ұстау изоляторына қамауға алу және одан әрі еліне депортациялануы мүмкін. Корей ұлтты азаматтар Корея Ресубликасының құрылуына дейін елден кеткен және шет елде тұрушы, сондай¬ ақ олардың ұрпақтары арнайы виза арқылы осы мемлекетке келіп тұра алады және онда екі жыл ішінде бола алады.
• Транзиттік жолаушылар немесе турист экскурсанттар тіркелген қайта ұшу билеттерінің негізінде Кореяда визасыз отыз күн ішінде бола алады. Алайда бұл ереже азаматтығы жоқ адамдарға және Албания, Камбоджа, Куба, Ресей, Украина, Беларусь, Лаос, Молдова, Средней Азии и Кавказ мемлекеттері, Босния и Герцеговина, Македония, ҚХР, Моңғолия, Вьетнам, Гана, Индия, Иран, Бирма, Непал, Нигерия, Филиппиндер, Шри Ланка, Палестина мемлекеттері өкілдеріне қарастырылмаған. Жаңа Зеландияның қандай да болсын туристік, іскерлік немесе жеке сапарға арналған визаны алу үшін Жаңа Зеландияның Елшілігіне (Жаңа Зеландияның Елшілігі Мәскеу қаласында орналасқан) қажетті құжаттарды табыстау керек. Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы тиіс немесе ресми тіркелген компаниямен ағылшынға аударылуы керек. Аудармаларды ұсынған кезде құжаттардың түпнұсқасын немесе орыс тіліндегі куәландырылған көшірмелері де қоса берілуі қажет. Жаңа Зеландияның визасын алу үшін қажетті құжаттар тізімі: Жаңа Зеландиядан кеткеннен кейін үш айдан кем емес мерзімге жарамды паспорт; Толтырылған сауалнама; Толтырылған қосымша форма; 3 x 4 фотосурет; Жаңа Зеландияда тұрақты тұратын шақыртушымен толтырылған және қол қойылған оның қаржатыныңбар болуы туралы құжаттар және/ немесе арнайы спонсорлық форма; Қосымша құжаттар (егер бар болса): ішкі паспорттың көшірмесі, туристік бағдарлама, қонақүйдегі бронь, алдындағы визалар, шақыртушыңызбен жасалған контракт; Жаңа Зеландиядан қайтудың гарантиясы ретінд қайту билеті немесе шақыртушы я жұмыс берушіңізбен берілген гарантия; Жаңа Зеландияға алты айдан аса мерзімге сапар шегушіге рентгенограммаға түсірілуі қажет, ал 24 айдан астам мерзімге болатындарға сақтандырушы дәрігердің қолы қойылған және жеке мөрі басылып, толтырылған медициналық сертификаты болуы шарт. Жаңа Зеландияға 24 айдан астам мерзімге баруды жоспарлаушы 17 жастан жоғары азаматтар полициядан немесе 17 жасқа толғанынан кейін бес жылдан астам уақыт тұрған мемлекеттің полиция органдарынан анықтама қажет. Сингапур Қолданыстағы тәртіп бойынша, Сингапурға келуге дейін оның шет елдердегі мекемеерінде виза рәсімдеу тиіс. Сингапурдың Алматыдағы Құрметті консулдығы жұмыс істейді. Шетелдік азаматқа келесі қжаттардың негізінде кіру визасы рәсімделеді: жарамды паспорт (жарамдылық мерзімі алты ай), кері қайтуды растайтын билет, Сингапурда болуға жетерліктей қаржы құралдары.
• Шетелдіктерді тіркеу халықаралық әуежайға немесе басқа бекеттерге келіп түскен кезде кіру шығу картасы арқылы жүзеге асырылады, ол бақылау өткізу бекеттерін өтуге дейін толтырылады. Түркия Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары ұлттық паспорттарымен Түркияға визасыз 1 айға кіруіне және болуына болады. Тайланд Қазақстан азаматтары Тайландтың визасын сол елдің әуежайына қонған кезде алады. Ол үшін тиісті құжаттарды: паспортты, фотосуретті (4 х6 см), виза алу үшін толтырылатын сауалнаманы, көші қон карточкасын және 1000 батт (шамамен 30 АҚШ доллары) ақшаны «Visa on arrival» терезесіне өткізу керек. Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Бұл ел визаны БАӘ әуежайына ұшып барған кезде де береді. Бірақ БАӘ әуежайында жергілікті билік себептерін түсіндірместен Қазақстан азаматтарына елге кіруге виза беруден бас тартқан кездері болған. Сондықтан осындай жағдайларға тап болмас үшін виза алу керек болса, алдын ала тікелей БАӘ нің Қазақстандағы Елшілігіне баруға кеңес береміз. Паспорттағы Израиль Мемлекетінің визасы немесе басқа белгілері БАӘ ге кіруге рұқсат бермеуге негіз бола алады (осындай себеппен басқа мұсылман елдері де кіруге рұқсат бермей қоюы мүмкін). Сонымен қатар, күйеуінсіз немесе тегі күйеуінің тегінен бөлек жасы 30 ға толмаған әйелдерге елге кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін. Виза алу үшін шақырушы тараптың растау қағазы/шақыруы болуы керек. Бұл құжатты виза алу үшін БАӘ әуежайына ұшып барған соң көрсету қажет. Паспорттың мерзімі сапар аяқталған күннен бастап кем дегенде 3 айға дейін жарамды болуы тиіс. Әке шешесінің біреуімен немесе басқа бір адаммен бара жатқан 18 жасқа дейінгі балаларға нотариалды бекіткен әкесінің немесе шешесінің (әке шешесінің) рұқсат қағазы керек. Визаның екі түрі бар: транзиттік (14 күнге ресімделеді) және кіру үшін (30 күнге ресімделеді). БАӘ дағы туристік фирмалар мен шетелдік компаниялар жұмыс ұсынған жағдайда сақ болу керек, себебі қыздарды жезөкшелік құлдыққа салған кездер болған. Қытайға 1 айға баратын дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар Қазақстан азаматтарына виза алудың қажеті жоқ. Ұлттық паспорт болса, Қазақстан азаматтары виза үшін ҚХР Елшілігіне қажетті құжаттармен өздері баруы тиіс (Қосымша ақпаратты ҚХР Елшілігінің сайтынан алуға болады, № 3 Қосымшаны қараңыз). Ескерту: Қазір Қазақстандағы шет елдердің елшіліктері виза мен сұхбатқа жазылу үшін өтініштерді бірыңғай тек Интернет арқылы алып, құжаттардың түпнұсқасын артынан өткізу тәжірибесіне көшіп жатыр. Мысалы, АҚШ, Қытай, Нидерланды, Ұлыбритания, Швейцария елшіліктері визаны ресімдеудің осындай түріне көшкен (шет елдердің елшіліктерінің веб сайттары № 3 Қосымшада берілген).
III. ЖОЛДА • Ұшақтағы қауіпсіздік талаптарының қатаюы мен жеке заттардың мұқият тексерілетініне байланысты алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін анықтап алыңыз. Қол жүгіңізде тескіш пен кескіш заттарды, қаруға ұқсайтын балалардың ойыншықтары мен басқа заттарды алып жүруге болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Америка мен Еуропа елдерінде қол жүгіне қатысты қарапайым шектеулерден басқа жолаушыларды тексергенге дейін өзіңізбен бірге алып барған және сатып алған сұйық, қоймалжың заттарды алып жүруге шектеу бар. Әуежайда кедендік мағұлымдаманы толтыруды ұмытып кетпеңіз. Алайда есіңізде болсын, әр ел алып кіретін ақшаға шектеуді өзі қояды. Сондықтан алып кіретін ақшаның бір бөлігін банктік карточкамен, жол чекімен және басқа құралдармен алып жүрген жөн. Өткізген жүктің талоны жүк жоғалып қалған жағдайда міндетті түрде керек болатындықтан сақтап қою керек. Ұшақтың билетін, паспортты, ақшаны және басқа құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз дұрыс. Шет елде паспорттық тексеру бекетінен өтер кезде паспортпен бірге сапарыңызға байланысты басқа құжаттардың (баратын адамның/ұйымның шақыруы, қонақ үйдегі брон және т. б. ) болғаны жөн. Шет елге барғанда кездейсоқ адамдардың жүк салмағым асып кетіп тұр деген сылтаумен тексеру бекеттерінен заттарды өткізіп беру туралы өтінішін орындамаңыз және танымайтын адамдардан беріп жіберетін зат (хат, жіберілім, жүк және т. б. ) алмаңыз, олар есірткіні, жарылғыш құралдарды, улаушы заттар мен қауіпті аурулардың қоздырғыштарын заңсыз тасу үшін құпия жасырғыш ретінде қолданылуы мүмкін.
IV. ШЕТЕЛДЕ БОЛҒАНДА Шет мемлекетте болған кезде сізге сол елдің заңы жүретін болғандықтан оны міндетті түрде сақтауыңыз керек. Барған елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды. Шетелде болғанда жалпы қабылданған этика мен әдепке сәйкес дұрыс жүріп тұрыңыз, жергілікті салт-дәстүрлерді құрметтеу, әсіресе, Азия және Африка елдерінде маңызды. Есіңізде болсын, шет тілінде қарапайым сөздерді білгеннің шет елде жүргенде көмегі болады және жергілікті халық оны ұнатады. Жалпы келесі кеңестерді есте ұстаған абзал: Қонақ үйге барғаннан кейін онда тұру мен өрттен сақтану ережелеріне көңіл бөліңіз. Қонақ үйдің визиткасын өзіңізбен алып жүргеніңіз дұрыс (қонақ үйлерде әрқашанда картасы бар кітапшаларды алуға болады). Күтпеген оқиғалар болған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, бөтен кісілер тарапынан қорқытулар, жол апаты және т. б. ) сол елдегі Қазақстанның консулдық мекемесінің қызметкерімен кездестіруді талап етуге құқыңыз бар. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерлерінің қатысуынсыз шет тіліндегі қандай да бір хаттамаға немесе құжатқа қол қоймаңыз. Шет елге сапар кезінде өзіңізбен бірге паспорттың, визаның және оны алуға негіз болған шақырудың көшірмелерін алып жүрген дұрыс. Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін жоғалтып немесе ұрлатып алған жағдайда бұл құжаттардың көшірмелері ҚР консулдығынан «Қазақстан Республикасына қайтуға куәлік» алуға көмек болады. Егер сіздің қолыңызда ешқандай құжат немесе олардың көшірмелері болмаса (жоғалтып немесе ұрлатып алған жағдайда), онда сізге аталған Куәлікті алу үшін ҚР консулдығында жеке тұлғаңызды анықтау рәсімінен өту керек болады. Шет мемлекетке оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұру үшін барған Қазақстан азаматтары жақын жердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдығына барып, консулдық тіркеуге тұруы қажет. Консулдық тіркеуге тұру Қазақстанға бармай ақ көп мәселені шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актісін жазу және т. б. ) және барған мемлекетте соғыс, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар болған жағдайда сізді басқа жерге көшіру жеңіл болады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары еш дәлелді себептерсіз үш жыл ішінде консулдық тіркеуге тұрмаса Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы мүмкін екенін естеріңізге саламыз. Егер автокөлікті жалға алып жатсаңыз жол апатына ұшырап қалған жағдайда келген шығынды төлеп, сотқа тартылмау үшін көліктің ақаулары мен майысқан жерлерін алдын ала қарап шығыңыз, сақтандырумен бірге барлық құжаттардың ресімделуін мұқият тексеріңіз.
Қорытынды Берілген қарапайым кеңестер шетелде уақытыңызды жақсы өткізуге және демалуға көмектеседі деп сенеміз. Осымен бірге, баратын еліңіз туралы, оның саяси жағдайы, климаты, заңдық және ұлттық дәстүрлерін, қоғамдық және басқа орындарда жүріп-тұру ерекшеліктерін қосымша біліп алғаныңыз дұрыс. Сізге сәт сапар тілейміз!
виза туралы.pptx