шм конституция.pptx
- Количество слайдов: 13
Шетелдердiң конституциялық құқығы құқық саласы, ғылым және оқу пәнi ретiнде
1. Шетелдердiң конституциялық құқығы пәні және әдісі. Қазiргi кезеңде барлық мемлекеттерде өздерiнiң ұлттық құқықтық жүйесi бар. Соның iшiнде ерекше көңiл бөлiнетiн құқық саласы - конституциялық құқық. Әрбiр мемлекет өз елiнiң тағдырын шешкенде, яғни қандай да бiр күрделi кезеңнен өткен кезде ең алдымен заң шығарады: - бiрiншiден, өз елiнiң ұлттық ерекшелiктерiн, дәстүрлерiн жан-жақты ескере отырып, - екiншiден басқа елдердiң осыған ұқсас саладағы мәселелердi шешу тәжiрибесiн дұрыс бағалай отырып, әрi оны iс жүзiнде қолданады. Конституциялық құқықтануда үш аспектiде қарастырылады: нақты мемлекеттiң құқық саласы ретiнде; ғылым ретiнде; жоғары заң бiлiмi жүйесiндегi оқу пәнi ретiнде. Осы үш мағына тығыз байланыста болғандықтан бiртұтас болып табылады. Олардың қызметiн бiрiктiретiн конституциялық құқықтық ғылымы. Конституциялық құқықтың заң ғылымы ретiнде қалыптасуы үшiн мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру нысандары мен тәсiлдерiн құқықтық реттеу, яғни мемлекет органдарының қызметi, құрылымының дамуы белгiлi бiр жоғарғы деңгейге жетуi әрi осы деңгейде қалыптасқан құқықтық қатынастарды реттейтiн конституциялық және құқықтық нормалардың құрылуы қажет. Конституциялық құқық ғылымына 18 ғасырда саяси философия көп әсер еттi (Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Локктың еңбектерi). Осы аталғандардың еңбектерiнде көптеген қағидалар, конституциялық-құқықтық доктриналардың жасалуына мүмкiндiк туғызды. Конституциялыққұқықтық доктрина жеке дара болып қана қоймай, юриспруденцияның басты, негiзгi саласы болып табылады.
Шетелдердiң конституциялық ғылымы – барлық мемлекеттердiң конституциялық құқықтық сала ретiнде және оның реттейтiн қоғамдық қатынастары туралы ғылыми ұсыныстардың, идеялардың, көзқарастардың, қағидалардың жүйесi. Әр елдердiң конституциялық құқық ғылымдарын алып қарастыратын болса, олардың арасындағы мәндi айырмашылықтарды байқауға болады. Олардың ерекшелiктерi конституцияларды қабылдаған кезде мемлекеттiк құрылыста орын алатын елдердiң тарихи, әдет-ғұрыптың, саяси жағдайлардың, демографиялық факторлардың әсерiнен көрінеді. Конституциялық құқық ғылымының пәнi конституциялық құқықтың өзiне қарағанда өте кең. Себебi, конституциялық құқықтың тарихи дамуымен қоса оның институттары мен қайнар көздерiнiң де дамуын, әрi шетелдердiң конституциялық құқығы туралы да қамтып өтедi. Адамның табиғи құқықтарын нормативтiк құқықтық бекiту конституциялық құқықтың жеке саласы ретiнде бекiтiлуiне әсерiн тигiздi. Нәтижесiнде конституциялық құқықтың пәнi анықталды. Конституциялық құқықтың пәнiнiң мақсаты – адамның табиғи және ажырамайтын құқықтарымен қамтамасыз ету кепiлдiгiн жүзеге асыру. Шетелдердiң контитуциялық құқығы - құқық саласы ретiнде оның нормалары ненi реттейтiнi анықтап алу қажет. Конституциялық құқықты - кез-келген елдiң ұлттық құқығы саласы ретiнде қарастыру үшiн және оның пәнiн бiлуде туындайтын көзқарастарды үш топқа бөледi: 1. конституциялық құқықтың реттеу пәнi қоғамдық билiктi жүзеге асырады; 2. осы құқықтың нормалары ненi қорғайды, кепiлдендiредi деген сұраққа жауап бередi; 3. аталып өткен екi топтың үйлесiмдiлiгi, яғни, қауымдық билiк пен адам бостандықтарының өзара әрекетiн қамтамасыз етедi.
Қағидалар халықтық егемендiк конституцияның жоғарылығы билiктi бөлу негiзгi құқықтардың ажырамайтындығы
Конституциялық құқық қоғам мен мемлекеттiң құрылысының негiзiн құрайтын, мемлекеттiк билiктi тiкелей жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Бұл қатынас адам, қоғам және мемлекеттiң әрi мемлекеттiк құрылыс пен оның қызметiн анықтайтын негiзгi қатынастар. Шетелдердiң конституциялық құқығы - конституциялық құрылыстың негiзiн, адам мен азаматтың бостандықтары мен мiндеттерiн, басқару нысаны мен мемлекеттiң құрылыстың нысанын, мемлекеттiң басқару органдарының және жергiлiктi басқару органдарының, сайлау құқығы мен сайлау жүйесiн бекiтетiн нормалардың жиынтығын құрайтын, әр мемлекеттiң негiзгi құқық саласы. Ғалым М. В. Баглайдың анықтамасы бойынша конституциялық құқықтың пәнi екi негiзгi сферадағы қоғамдық қатынастарды құрайды: адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау (адам мен мемлекет арасындағы қатынастар); мемлекет пен мемлекеттiк билiктiң құрылысы (билiктiк қатынастар). Конституциялық құқықты реттеу әдiсi - заңдылық күшi жағынан көбiнесе қоғамның, жеке тұлғалардың, мемлекеттiң мүдделерiн қамтиды. Олар мына әдiстер арқылы жүзеге асырылады: конституциялық реттеудiң көмегiмен қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси, дiни өмiрiнiң дамуын анықтайтын өзектi қағидалар мен ережелер бекiтiледi; әдiстiң халықтың жалпы мүддесiнiң ең жоғарғы деңгейде қорғауды қамтамасыз етедi; қоғам өмiрiнiң маңызды салаларының ұйымдастырылу негiздерi жалпы түрде бекiтiледi; әдiстiң көмегiмен қоғамның бiртұтас дамуының келешегi анықталады. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарға мынадай жолдармен әрекет ете алады: а) қоғам мен мемлекеттiң құрылысының ең маңызды әлеуметтiк, экономикалық қағидаларын бекiтедi; ә) конституциялық қатынастардың субъектiлерiнiң мәртебесiн анықтайды; б) кейбiр әрекеттердi жасауға тыйым салады; в) аумақтық ұйымдастырудың құрылымын анықтайды.
Конституциялық құқықтың басқа құқық салаларынан шектелуiнiң қосымша негiзi құқықтық реттеудiң әдiсi, яғни қоғамдық қатынастарға құқықтың әрекет етуiнiң әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жиынтығы: қоғамдық қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеудiң басым нысаны ретiнде мiндеттеу әдiсi қарастырылады. Конституциялық құқықтың нормаларының басымдылығы осы нысанда жарияланады. Мысалы, 1947 жылы Италия Республикасының Конституциясының 94 бабында былай делiнген: үкiмет палаталардың сенiмiне ие болуға мiндеттi. Мiндеттеушi конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, мемлекеттiк органдардың белгiлi бiр жағымды әрекеттердi жасау жауапкершiлiгiн белгiлейдi. 1970 жылғы Куба Республикасының Конституциясында былай делiнген: Барлық органдар мен мемлекеттiк мекемелер депутаттардың өздерiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде қажеттi әрекет етуге көмектесуге мiндеттi; тыйым салатын әдiстер, қандай да бiр жағымсыз әрекеттердi жасауға мүмкiндiк бермейтiн тәсiлдер. Мысалы, Куба Республикасының Конституциясының 41 -шi бабында: Шығу тегiне, жынысына, ұлтына, нәсiлiне, түсiне байланысты құқығынан айруға жол берiлмейдi және заңмен жазаланады, делiнген. Бұл әдiстер мемлекеттiң конституциялық негiздерiн, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғауды көздейдi. Тыйым салу әдiсi азаматтарға қатысты шектеулi жағдайда ғана қолданылады. Конституциялық құқықтың тағы бiр әдiсi – рұқсат ету әдiсi. Ол адам мен азаматтың мәртебесiн реттеу басымдылығын белгiлеу үшiн қолданылады. Мысал ретiнде, әркiмнiң заңмен белгiленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркiн жүрiп-тұруына және тұратын жерiн еркiн таңдауын айтуға болады. Бұл әдiстiң ерекшелегi мынада, Конституция белгiлi бiр ауқым, шекке дейiн еркiн әрекет ету мүмкiндiгiн бере отырып, субъектiнiң әрекетiн айтарлықтай шектей алады. Куба Республикасының Конституциясының 120 -бабында былай делiнген: Атқарушы комитеттiң төрағасы өзiнiң өкiлеттерiнiң бiреуiн орынбасарына бере алады.
2. Шетелдердiң конституциялық құқығы жүйесі. Конституциялық құқық күрделi жүйе болып табылады. Оған iшкi құрылысты сипаттайтын өзара әрекет ететiн көптеген бөлiктер мен элементтер жатады. Конституциялық құқықтың жүйесiнде бұл негiзгi бөлiктер мен элементтер – оның негiзгi қағидалары мен институттары және нормалары. Конституциялық құқықтың жалпы қағидалары – конституциялық құқық саласында белгiленедi. Бұл қағидалар қоғамдық қатынастарды тiкелей емес, өзiнiң нақты конституциялық нормалары арқылы реттеледi. Конституциялық құқықтың негiзгi қағидалары конституциямен ресми мәлiмденедi. Мысалы: халық егемендiгi (Франция Конституциясының 3 -бабы); ұлттық өкiлдiк (Жапон Конституциясының преамбуласы); билiктiң тармақталуы (Герман Федеративтiк Республикасының негiзгi заңының 20 -бабы); тең құқылық (Италия Конституциясының 3 бабы) ж„не т. с. с. , бұл конституциялық қағидалар нақты құқықтар мен мiндеттердi дәл бекiтпегенмен, әрi құқықтық санкциялармен қамтамасыз етiлмегенмен, конституциялық құқықтық нормаларға анықтамалық мағынаға ие болады. Екiншiден, нақты заңдық нысанға ие болып, мемлекеттiк қызметке тiкелей қолданылатын қағидалар: - депутаттардың сайлаушылардан тәуелсiздiгi (Франция Конституциясының 27 -бабы); конституциялық құқықты сот арқылы қорғау (1978 ж. Испания Конституциясының 53 -бабы). Шетелдердiң конституциялық құқығының институттары – бiртектес, бiрiмен-бiрi өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтiн, әрi жеке топты құрайтын конституциялық құқықтық белгiлi бiр нормаларының жүйесiн бiлдiредi. Олардың қатарына, адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесi, сайлау құқығы, конституциялық қадағалау, президенттiк институты, азаматтық және өзге де институттар жатады. Бұл iрi институттардың өздерi бiрнеше бөлiктерден құралады. Мысалы, сайлау құқығы институты – сайлау құқығы (субъективтi мазмұндағы) және сайлау процесi тәрiздi жеке институттардан тұрады. Ал, сайлау процесiнiң өзi бiрнеше кезеңдерден тұрады (сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну) және т. с. с. .
Шетелдердiң конституциялық-құқықтық нормалары – мемлекетпен белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында белгiленген, жалпы бiрдей әрекет ережелерi. Конституциялық-құқықтық реттеу - қандай да бiр қоғамдық қатынастарды реттеу, дамыту, қорғау мақсатында нормативтi-ұйымдастырушылық әрекет ету. Конституциялық-құқықтық нормалардың iшкi құрылымы: гипотеза, диспозиция және санкция. Мысалы, Француз Конституциясында 16 -бап мынандай нысанда белгiленедi: Республиканың бекiтiлуi, ұлттың тәуелсiздiгi, оның аумағының бiртұтастығы немесе халықаралық мiндеттiлiктерiн атқару кезiнде қандай да бiр қауiпке ұшыраса, ал мемлекеттiк билiк органдарының Конституциямен бекiтiлген қызметi бұзылса (гипотеза), республика Президентi аталған жағдаяттарға (диспозиция) талап ететiн шаралар қолданады (санкция). Бiрақ қай мемлекеттiң констиуциясын алса да, онда құқық нормаларының барлық элементтерiнiң бiр бабында орын алуы сирек кездеседi. Көптеген жағдайларда конституциялық құқықтық нормалар толығымен заңдылықтардың екi немесе одан да көп баптарында мазмұндалып, көпбаптық нысанына ие болды. Гипотеза - құқықты жүзеге асыру жағдайы, санкция – құқықтың бұзылғаны үшiн жаза, шара. Шетелдердiң конституциялық құқықтық нормаларына келесi ерекшелiктер тән. Конституциялар мен конституциялық құқықтың актiлерде қоғамның, мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк, саяси мақсаттарын анықтайтын нормалар да кездеседi. Мысалы, 1972 ж. Корей Халық Демократиялық Республикасының Социалистiк Конституциясының 5 -бабында: Корей Халық Демократиялық Республикасы елдiң солтүстiк бөлiгiнде социализмдi толық орнату үшiн күреседi, - делiнген. Яғни, бұл норма-мақсат, норма-рәмiздер. Кез-келген мемлекеттік конституциялық құқық жүйесі көптеген нормалар санынан тұрады. Функциональдық жолдамаларына байланысты – реттеушi нормалар және құқық қорғаушы нормалар. Конституциялық құқық нормаларының реттеушi қызметi – құқықтық қатынастарға қатысушыларды субъективтiк құқықтармен қамтамасыз ету және оларға заңды жауапкершiлiк жүктеудiң белгiлi бiр түрiн белгiлеу жолымен анықталады. Конституциялық құқықтық нормалардың құқық қорғаушы қызметi, субъектiлердiң мемлекеттiң қойған талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттiк мәжбүр ету шарасын бекiту жолымен анықталады.
Құқық субъектiсiне әрекет ету тәсiлi бойынша: құқық берушi нормалар (Бүкiлқытайлық Халық өкiлдерiнiң жиналысы және Бүкiлқытайлық Халық өкiлдерiнiң жиналысының Тұрақты Комитетi елдегi заң билiгiн жүзеге асырады (Қытай Халық Республикасының 1982 ж. Конституциясының 58 -бабы), яғни, бұл нормалар субъектiлерге белгiлi бiр шеңберде әрекет ету құқығын бередi). Мiндеттейтiн нормалар – субъектiлердiң конституциялық-құқықтық нормаларының талабына сәйкес әрекет етуiн мiндеттейдi (Германияның Негiзгi Заңының 69 -бабы: Федеральдық канцлер Федеральдық президенттiң өтiнiшi бойынша, ал Федеральдық министр Федеральдық канцлер мен Федеральдық Президенттiң өтiнiшi бойынша iстi қабылдап алушыны тағайындағанға дейiн iстi әрi јарай жалғастыруға мiндеттi). Қоғамдық қатынастардың мазмұны бойынша: материальдық нормалар (Италияның Конституциясының 53 -бабында – Барлықтары мемлекеттiк шығыстарға қатысуға мiндеттi) және процессуальдық нормалар (Франция Конституциясының 48 -бабы: Аптасына бiр отырыс Парламент мүшелерiмен енгiзiлген сұрақтарды толықтыруға және үкiметтiң берген жауаптарын талқылауға арналады). Шетелдердiң конституциялық құқығының субъектiлерi екi үлкен топқа бөлiнедi: жеке топтар және қоғамдық құрылымдар. Бiрiншi топ субъектiлерiне – азаматтар, шетел азаматтарының тобы, сайлаушылар (электорат) және депутаттар, олардың топтары (Италияда, сайлаушылар топтары заңшығарушылық ұсыныстарына ие болатын субъектiлер болып табылады). Ал, екiншi топтың субъектiлерiне – мемлекет бiртұтас ретiнде, оның органдары, кей жағдайларда жекелеген бөлiктерi (палаталар, комиссиялар, парламенттегi саяси топтар) және аумақтық бiрлiктер, мекемелер мен жеке басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер жатады. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастарда жоғарғы рөлдi мемлекет атқарады. Конституциялық құқықтың субъектiсi ретiнде мемлекет органдары мақсаттарға сәйкес белгiлi өкiлеттiктерге ие болады (заңдар шығару, басқа органдардың қызметiн бақылау, заңдарды орындау). Бұл қатынастарда олар билiк өкiлеттiгiн атқарушы ретiнде немесе бағынышты субъект ретiнде, ал кейбiр жағдайларда келiсiмдiк қатынастардың теңқұқылық қатысушылары ретiнде жұмыс атқарады. Аумақтық қауым өздерiнiң құқықтарын өз органдары арқылы немесе тiкелей референдум жолымен жүзеге асырады. Конституциялық құқық субъектiлерiнiң құқықтық мәртебесi - органдар мен ұйымдардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, құқық қабылеттiгiн анықтайтын жалпы құқықтардың жиынтығы.
3. Шетелдердiң конституциялық құқығы қайнар көздері және сипаты. Шетелдердiң конституциялық құқығының қайнар көздерi: конституция; конституциялық және органикалық заңдар; атқарушы билiк органдарының заңға бағынышты актiлерi; соттық прецеденттер; конституциялық әдет-ғұрыптар; дiни мәтiндер; доктринальды қайнар көздер және т. б. . Осы аталған қайнар-көздердің ішіндегі Конституцияның барлық мемлекеттер үшін негізгі тікелей акт ретіндегі орнын атай отырып, құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың ролін былай сипаттауға болады: 1. Құқық салалары Конституцияның нормаларынан, идеяларынан, ережелерінен бастау алады; 2. Құқық салаларының нормативтік құқықтық актілері иерархиялық бағыныштылығына қарамастан бірінші кезекте Конституцияға негізделуі тиіс; 3. Конституцияда құқық нормаларын талқылаудың, түсінудің басты ережелері бекітіледі, яғни, егер, заңдар, жарлықтар және т. б. Конституцияға қайшы келсе, Конституция нормалары жүзеге асады. Атап өткеніміздей, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың қайнар-көздері құқық нормаларының жиынтығынан тұрады. Құқық нормасы мемлекетпен бекітілген немесе санкцияланған және оның мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін тиісті және міндетті жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Конституциялық құқық нормаларына да құқықтық нормалардың барлық белгілері тиісті болады, олар: 1. бұл нормалар да мемлекеттік органдармен қабылданады; 2. қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілі болып табылады; 3. басқа да заңи нормалар сияқты олар реттеушілік және құқыққорғаушылық сияқты
Реттеушілікке құқықтық қатынас қатысушыларына субъективтік құқықтар беріп және заңи міндеттемелер жүктей отырып жүріс-тұрыстың белгілі бір түрін қалыптастыратын конституциялыққұқықтық нормалар жатады. Ал, құқыққорғаушылық ретінде субъектілердің іс-әрекетін мемлекет бекіткен талаптарды бұзғанда мемлекеттік мәжбүрлі әсер ету шараларын белгілеу арқылы анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар танылады. Бұндай нормалар аз болғанымен, олар айрықша рольге ие және конституциялық құрылымды бекітуде, азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда маңызды болып табылады. Құқыққорғаушылық функцияларға Президент импичменті, Үкіметке сенімсіздік вотумы туралы конституциялық ережелерді жатқызуға болады (РФ конституциясының 117 б. , Марокко Конституциясының 74 -75 бб). Осы аталған конституциялық құқық нормалары функцияларына сәйкес, конституциялық құқық мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды жиынтығы «құқықтық реттеу тәсілдері» деп аталатын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін келесі тәсілдер қолданылады: 1) міндеттеу тәсілі, 2) тыйым салу тәсілі, 3) рұқсат ету тәсілі, 4) тану тәсілі. Міндеттеу тәсілі мемлекеттік органдарға қатысты да, жеке тұлғаларға қатысты да қолданылады. Мысалы, Марокко корольдігі Конституциясының 16 бабына сәйкес «Барлық азаматтар Отанын қорғауға қатысады» дей отырып, азаматтардың отанын қорғауға қатысты міндеттерін бекітеді. Бұл тәсілге басқа мысал, Германия федеративтік республикасы Конституциясының І бөлімінің 1 бабында «Адамның ар-ожданына қол сұғылмайды. Оны сыйлау және қорғау – кез-келген мемлекеттік биліктің міндеті» делінген. Сәйкесінше, бұл бап мемлекеттік билік органдарын адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. Тыйым салу тәсілі де конституциялық құқықпен қолданылып, негізінен мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты, шектеулі мөлшерде жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады. Мысалы, Түрік республикасы конституциясының 37 бабына сәйкес «Жүзеге асушы заңнама бойынша қылмыс болып табылмайтын әрекеті үшін ешкім жазаға тартылмауы тиіс» делінген. Рұқсат ету тәсілін қолдану мемлекеттің демоератиялық жолда екендігінің бірден-бір белгісі. Бұл тәсіл негізінен адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін белгілеуде қолданылады. Мысал ретінде Испания Конституциясының «Испандықтар өздерінің тұрғылықты жерін еркін таңдауға және ұлттық территорияда еркін жүріп-тұруға құқылы» дейтін 19 бабын келтіруге болады.
Бұл тәсілдің ерекшелігі ретінде берілген құқықтар мен бостандықтарды тиісті жағдайда Конституциямен шектеу мүмкіншілігін атауға болады. Тану тәсілі адамның табиғи құқықтарын заңнамалық түрде танумен ерекшеленеді, яғни, мемлекет адамның табиғи құқықтарына рұқсат бермейді, оларды таниды. Мысалы, Жапония Конституциясының ІІІ тарауы 11 бабына сәйкес «Халық адамға тиесілі барлық негізгі құқықтарды тосқаусыз пайдалана алады. Бұл Конституциямен қамтамасыз етілетін негізгі адам құқықтары қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін бұзылмайтын шексіз құқықтар ретінде беріледі» делінген. Сонымен, салыстырмалы конституциялық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі ретінде – кез-келген әлемдік мемлекеттің өз құқық жүйесін Конституция негізінде құратындығында, яғни, ұлттық заңнама нормаларының Конституция – ата заңға сәйкес қалыптастырылу тиістігінде болатындығын атауға болады.
Соңы
шм конституция.pptx