Шамс тарази.pptx
- Количество слайдов: 10
ШАМС ТАРАЗИ
ü Қазақ жеріне моңғол шапқыншылығынан кейін қазақ қалаларына халық қайта орала бастаған. Бұл Отырарға ғана емес Шу алқабындағы қалаларға да қатысты. ü Ал Аспара, Мерке, Құлан, Тараз, Шелжі, Садырқорған, Науакент сияқты қалалар маңында егіншілік пен бау-бақша кең өріс алды. Сол аймақтан өтетін сауда-керуен жолдары қалалардың гүлденуіне септігін тигізді. ü Махмұт бин Әли ат-Тарази, Әбу Таһир ат-Тарази сияқты басқа да ойшыл, ақын, әдебиетшілерді өмірге әкелген Тараз мәдени өмірін жалғастыра берді. ü Тараз қақпаларын ашып, қалада күмбезді ғимараттар, моншалар салынды.
ü Осындай моңғол шапқыншылығынан кейін өзіне келген Тараздан, Шамс Тарази шыққан. ü Шамс Тарази – ХІІІ ғасырдың соңы мен ХІV ғасырдың басында өмір сүрген ақылгөй, дуалы ауыз шешен, яки атағы алысқа кеткен ақын. ü Бұл данышпанның аты «Кесікбас жайлы дастан» атты ХІІІ-ХІV ғасырлар еншісіне тиетін шығармаға байланысты ғана аталады. ü Түркі тілінде өлеңмен жазылған бұл дүниенің көлемі шағын. ü Оқиға діни-мифологиялық желіге құрылған.
ü Дастан әлсіздердің тілегін, жалбарынышын Алланың қабыл алып, көмектесетіні, түбінде жақсылық, адалдық жеңетіні және автордың туған жер, ата-мекеніне басып кірген дінсіз моңғолдарға қарсы күреске шығуға шақыруы мәнерінде жазылған. ü Дастан Шамс Таразидің құрметі үшін әлсіздердің армантілегін Жаратушы қабыл ала көрсін деген жалбарынумен аяқталады.
ü Шамс Таразиге арналған немесе соның өз қаламынан туған бұл дүниені Қазан, Санкт-Петербург, Мәскеу, Баку кітапханаларында сақталған түрлі нұсқалармен салыстыра отырып, татар ғалымы Ялқын Ахметгалеева зерттеген. ü Бірақ татар ғалымдары бұл дастан «Еділ бойындағы татарлар арасында дүниеге келген» , - дейді. ü Әйтсе де, Ш. Әбілев атты татардың тағы бір оқымыстысы «Орта Азияда бұрындары Шамс Тарази атты ақын болған» дей келіп, поэманың сол данышпан қаламынан тууы мүмкін екендігіне меңзейді.
ü Күні бүгінге дейін зерттеушілер арасында дастанның авторы жайлы мәмлелі пікір жоқ. ü Түркиядан табылған нұсқасына қарап, түрік ғалымдары оны Кіші Азияда дүниеге келген дейді. ü Дастанды біз Орта Азияда, дәлірек айтсақ, Таразда, яғни қазақ жерінде дүниеге келген деп шамалауымызға болады. Себебі Отырар мен Сайрам, Тараз бен Баласағұннан шыққан азаматтар кейде Ташкентке соқпай-ақ Отырар, Нұрата арқылы Бұхара мен Самарқанға барып білімін толықтырған.
Дастанның бас кейіпкері Әлі әділдік үшін күрескер бейнесінде көрінеді. Кінәсі болмаса да, Кесікбас пен оның баласын өлтіріп, әйелін алып кеткен диюды ол мерт етеді. Жазықсызданжазықсыз тұтқында отырған 500 мұсылманды да құтқарады. Оянған диюға дін исламды мойындауды, Аллаға құлшылық етуді ұсынады. Өйткені ұйқыдағы жауды өлтіруді ол ерлікке санамайды. Диюды өлтірмей тұрып ол оны оятады. Дінсіз алып қара күшті Әлі жекпежекте мерт етеді. Осындай поэма арқылы автор туған жер, ата-мекеніне басып кірген дінсіз моңғолдарға қарсы күреске шығуға, әділдік қашан да жеңбей қоймайтынын көрсеткісі келген сияқты. .
ДАСТАНДЫ ОҚИ ОТЫРЫП, ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ АЙНА-ҚАТЕСІЗ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН СӨЗДЕРДІ КӨПТЕП КЕЗДЕСТІРЕСІЗ: қия темір оқ тау тас дидар қалқан құс топырақ бірлік тіл сахара түтін құлақ ай қанат бас нұр кеуде қадам кел мәжіліс
Дастан оқиғасы 1230 жылы моңғолдардың қолынан қаза тапқан парсы ақыны Фарид ад-Дин Мұхаммад бин Ибраһим Аттардың «Жұмжұманаме» атты дүниесімен үндес.
Забидуллаева Жұлдыз KZL-3
Шамс тарази.pptx