Шай: Пайдасы мен зияны Орында ан: Алтынбаева Айтол
ajt.pptx
- Размер: 2.2 Мб
- Автор:
- Количество слайдов: 12
Описание презентации Шай: Пайдасы мен зияны Орында ан: Алтынбаева Айтол по слайдам
Шай: Пайдасы мен зияны Орында ан: Алтынбаева Айтол ынғ қ абылда ан: х. . к. , доцент Тугелбаева Лейла Маханбетовна Қ ғ ғ
Шай (лат. Camellia sinensis) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады.
Қазақ – шайқор халық. Ата-әжелеріміздің баяғыда «Шай ішсең, көңілің жай» деп мақалдайтыны тегін емес. Мұның сыры неде десек, шайдың адам ағзасы үшін пайдасы мен емдік қасиеті аз емес көрінеді. Шай-адамдар қолданатын ежелгі сусындардың бірі. Бірақ біз шайды сонау ерте заманнан бері ішіп келе жатсақ-та , бұл сусын туралы тым қарапайым нәрсенің өзін, мысалға, оны қалай дұрыс демдеуді де біле бермейміз. Бұл онша жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес Менің достарым шайды әр түрлі бағалайды. Шөлді басатын сусын десе, біреуері. шай дастарханда бас қосу белгісі деп есептейді. Шайдың өзінің ерекше бір тарихы бар. Ол Қытай елінен келген.
Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, фир майы, витаминдер (Р, С, В, В 2, РР), пигмент, т. б. заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттырады
Шайдың емдік шипасы Сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың) бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады. Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады. Жас шай жапырағының шы-рынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы кө- мектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді.
Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Тіл ойылған-да, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Ол өте пайдалы. Кешегі шаймен көзді сүрт-се, қызарғаны басылады. Та-ңертеңгі және кешкі тіс таза-лар алдында онымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды. Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады. Көк шайдың пайдасы Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай.
Шай түрлері Көк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер ыстық суды құярда сәл қателессеңіз, қатты қайнап кетсе немесе қайнамаған болса, дәмі бұзылады деп есептеңіз.
Қызыл шай – (бізше қара шай) – күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат – күші төмендегенде шипалы. Көк шайдың иісі мүлдем басқа, оның дәмі сәл қышқылтым, шөлді жақсы қандырады. Сергітетін қасиеті мен Р витаминінің құрамы жөнінен қара шайдан асып түседі. Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы 2 кг мөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі мен сәл хош иісі болады. Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғары сортты қиқымдарын әуелі майдалап үкітіп, 3 -5 грамнан түйіршіктеп престейді. Шай өсіру орнына қарай: қытай, үнді, цейлон, грузин және краснодар болып бөлінеді. Шайды плантациядан алыс емес шай фабрикаларында дайындалады. Себебі, шай жапырақтары өзінің құнды сапасын жоғалтпау үшін алыс тасымалдауға болмайды.
Шайды қай кезде ішуге болмайды Аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді. Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін. Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін. Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды. Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20 -30 минуттай болуы тиіс. Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20 -30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады. Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды аласыз.
Ыстық шай ағзаға зиян Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.
Қорытынды Осы тақырыпты таңдамай тұрып, мені мазалағаны неге шайды адамдар жақсы көреді, оны ішпесе неге бастары ауырады деген сұрақтар. Осы тақырыпты алып, оны зерттеу барысында осы сұрақтарыма жауап таптым. «Шай тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін» қасиеттері үшін оған қазақ халқы осындай мақал арнаған. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар. Шәй – жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітетін кереметтей сусын ғана емес, бейтаныс адаммен жақсырақ танысу үшін көмектесетін, құрбыңызбен болатын құпия әңгіменің майын тамызып, мәнін кіргізуде үлкен рөл атқаратын, күткенде уақытты азайтатын пайдалы құрал да болып саналады екен. . Кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда «бір шыны шәй ішу» ұсынысын жасауға әбден болады. Алайда, шәй ішу салтанатын өткізу оңай шаруа емес, кейбір кезде ол нағыз өнерді талап етіп жатады.
* Назарларыңыз ға рахмет