
сервис.pptx
- Количество слайдов: 8
Сервис жүйесіндегі басқаруды сертификаттау
Қазақстанда мемлекеттік сертификаттаудың дамуы 1993 жылы 18 қаңтарда стандарттау және сертификаттау заңын қабылдаудан басталды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 411, 1993 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында міндетті түрде өнімдерді сертификаттауды кезеңмен енгізу» қаулысымен міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер тізімдері анықталды.
Сертификаттау жүйесі – жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.
Сертификаттау заңдары Қазақстан Республикасының сертификаттау және басқа да нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдарынан тұрады. Қазақстан Республикасы экономикасындағы өзгерістерді есепке алу негізінде 1999 жылы ҚР Стандарттау және сертификаттау заңының орнына Халықаралық заңдарға негізделген 2003 ж. 10 маусымда жаңарған және қосымша енгізілген ҚР Сертификаттау туралы заңы қабылданды. Заңда сертификаттау мақсаты, сертификаттау ұлттық органы анықталған және оның әрекеттерінің негізгі бағыты берілген.
Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі, мыналарға: 1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын және басқаларды тексеруге; 2) өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растаған кезде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексеруге тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады.
Сертификаттау процестерін ұйымдастыру: сертификаттауды қолдану аумағы, міндетті және ерікті сертификаттау, сертификаттауды жүргізу сұлбалары, сертификаттауды жүргізу тәртібі, сертификаттық сынаулар
Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді: 1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау; 3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау; 5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.
Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі.
сервис.pptx