
ожирения.pptx
- Количество слайдов: 13
СЕМІЗДІК КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР. Орындаған: Аширова Замира Топ -715 -1 Қабылдаған: Нурбекова А. А. 2016 ж
Семіздік кезінде қолданылатын дәрілік заттар Бұлар салмақты азайтатын немесе бақылап отыратын фармакологиялық заттар олар әсіресе колория сіңірілуі зат алмасу, тәбет төмендету арқылы салмақты қадағалайды.
Гипокалориялық емдәм-энергетикалық құндылығы тәулігіне 1200 ккал аспауы және май қабылдауды минимальды дәрежеге жеткізу қажет
Дәрілік заттардың әсер ету механизмі Тәбетті төмендету -Негізгі заттар-катехоламиндер және олардың туындылары -Каннабиноид рецепторының тежегіштері -Ағзадағы зат алмасуды күшейту -Кейбір тағамдық заттардың ағзадағы сіңірілуін қадағалау (ксеникал майлардың ыдырауын тежеп, сіңірілуін бөгейді) -ОЖЖ әсер ету, анорексикамдар, тәбетті төмендетеді
Семіздікті емдейтін дәрілік заттар Орлистат( ксеникал) –ішектік және панкреатикалық липазаларды тежейді, нәтижесінде майлардың ыдырауы бұзылып, ішекте сіңірілуі нашарлайды. Сибутрамин (меридиа) мономиндерді (серотонин, норадреналин) кері басып алуын тежейді. Синапстарда осы нейротрансмиттердің жоғарылауы орталық 5 нт серотонин және адренергиялық рецепторларды белсендіріп, тойым сезімін арттырып, тәбеттің төмендеуіне және жылу алмасудың жоғарылауына әкеледі.
Римонабант (акомплиа)- ОЖЖ әсер етіп тәбетті төмендететін каннабиноид рецепторлардың антагонисті. Сонымен қатар термогенезге әсер етіп энергия жұмсалуын жоғарылатады. Метформин- қант диабетінің 2 ші типімен ауыратын науқастарға тиімді болып табылады.
Эксенатид- глюкагонтипті пептид-1 ұзақ әсерлі аналогы, ішектің тағамнан босаңсуын тежеп, тоқтық сезімін тудырады. ҚД 2 -ші типімен ауыратын науқастарға тиімді әсер көрсетеді. Прамлинтид- амилин гармонының синтетикалық аналогы. Сау адамда ұйқы безінде түзіледі. Ішектің тағамнан босаңсуын тежеп, тоқтық сезімін тудырады. ҚД 2 -ші типімен ауыратын науқастарға тиімді әсер көрсетеді.
Семіздікк кезінде қолданылатын кейбір дәрілік заттар өмірге қауіпті жанама әсерлер шақыруы мүмкін. Жанама әсерлер дәрілік заттардың әсер механизмімен тікелей байланысты. ОЖЖ ынталандырады.
Липидті спектрді коррекциялау. Осы мақсатпен ГМГ-Ко. А –редуктаза статин ингибиторлары және фибраттар тағайындалады Гипотензивті терапия. ААФ ингибиторлары және т. б Инсулинорезистенттілік және гипергликемия. Қант диабетін емдеу қағидалары. Метформин кей жағдайларда диабет алды сатысында тағайындалады Хирургиялық ем. Кішкене асқазан қалыптастыру гастропластика асқазанды шунттау, аш ішек резекциясы.
Анорексигенді дәрілік заттар Тою орталығын стимулдау арқылы тәбетті төмендетеді. Фепранон: тағамға дейін 0, 25 гр куніне 2 рет ем ұзақтығы 2 ай Мазендол: 0, 001 гр 0, 5 таб 1 рет 4 -5 күн тамақпен бірге Фенфлурамин: 0, 02 гр 1 таб күніне 2 рет ем ұзақтығы 3 ай
Жанама әсерлері Ауыз құрғауы, жүрек айну, іш қату, тітіркенгіштік, ұйқышылдық, депрессия АІЖ шырышты қабатының тітіркенуі Қарсы көрсеткіштері -Жүрек қантамыр жүйесі -Эндокринди жүйе аурулары -Бауыр, бүйрек жеткіліксіздігі -Глаукома МАО бірге қолдануға болмайды.
Май тасымалдаушы дәрілік заттар Адипозин препараты май қорларындағы майларды тасымалдап, олардың еруіне әсер етеді. Иньекция түрінде 50 ед 20 -30 күн қолданылады. Адипозинмен бірге калий сақтаушы және зәр айдағыш препараттармен бірге қолданылады.
ожирения.pptx