_repaired_3.pptx
- Количество слайдов: 41
СЕМИНАР ТРЕНИНГ «ҰБТ – ға дайындалудың тиімді жолдары»
Көп оқу дұрыс білім алуға жата ма? Кейбір оқушылар сабақ оқуға көп уақытын бөлсе де, ойлаған мақсатына жете алмағанын айтып, шағымданып жатады. Оқушы сабақ оқуға кететін уақыттың ұзақтығы мен тынығатын уақыттың ұзақтығын дұрыс реттемегендіктен, ойлау қабілеті шаршайды да, оқуға деген құлшынысы азаяды, сабаққа ынтасы жоғалады.
• Білім алу неге қиын? ü Оқу керектігін білемін, бірақ бір түрлі оқи алмаймын; ü Мүлдем сабақ оқығым келмейді; ü Сабақ оқып отырып, зерігіп кетемін де, бәрін тастай саламын; ü Сабақ оқыған кезде ынта қойып оқи алмаймын. Бұл сөздер – ҰБТ-ға дайындалған көптеген оқушының шағымдары. Сынаққа дайындалған оқушылар сабақты қалай оқу керектігін емес көбіне осындай проблемаларды ойлап басын қатырады. «Оқи алмаймын, қолымнан келмейді» деп қаша беру проблеманы шешпейді, керісінше, проблеманы одан сайын көбейтіп жібереді.
Жалпы, ҰБТ-ға дайындалатын оқушының екі проблемасы бар: 1. Дайындықты бастай алмау; 2. Дайындыққа кіріссе де, аяғына жеткізе алмау. Ал бұл жағдайға душар болудың басты себебі – ынтаның аздығы.
Ынтаны арттыру үшін не істеу керек? 1) өзіңізге талап қоя біліңіз; 2) қол жеткізуге болатын меже белгілеңіз; 3) нені біліп, нені білмейтініңізді анықтаңыз; 4) кедергі келтіретін істерді кейінге қалдырыңыз; 5) белгілі бір жүйемен, тәртіппен дайындалыңыз; 6) сабақ оқуға деген шабыттың келгенін күтпеңіз; 7) жауапкершілігіңізді түйсініп, сабаққа мықтап кірісіңіз; 8) мақсатыңызға жете алатыныңызға сеніңіз және бұл сеніміңізді жоғалтып алмаңыз; 9) дайындық барысында туындайтын өзгерістерге дайын болыңыз және соларға қарай жоспарыңызды ыңғайлай біліңіз;
v «Сабақ оқу керек» дегендей жалпылама түрде емес, § қай пәннің § қай тақырыбына § қай әдіс-тәсілмен дайындалу керектігін нақтылап алып, мақсатыңызды анықтаңыз.
Мақсат қоя білу q Жұмысыңызды жолға қою үшін, алдыңызға мақсат қойыңыз. q Белгілеген межеңіз сізді еңбектенуге жетелейді. q Алға қойған мақсатыңыз сізді ынталандырады.
Ø «Ынталану» деген ұғымға «ой-санамен және дене -бітіммен мақсат етілген межеге жұмылу» деген анықтама беруге болады. Ø Бұл көлік жүргізуге ұқсайды: қайда баратыныңызды көлікке отырмай тұрып, жүргізбей жатып, алдын-ала білуіңіз керек. Ø Ынта-ықылас – оймен және қимылмен жетістікке жетудің әрі табысқа кенелудің кілті.
Ынталы оқушы мен ынтасыз оқушының әрекеттері бір -біріне ұқсамайды. Ынталы оқушыда мынадай белгілерді байқауға болады: ü үнемі қызығып, мән беріп әрекет етеді; ü өзі қалап оқиды, уақытты тиімді пайдалануға тырысады; ü тақырыпқа терең үңіледі; ü кедергіге тап болғанда, қолдан келгенше жеңіп шығуға тырысады; ü соңына дейін жетуге мықтап кіріседі.
Ынтаны жоятын факторлар негізінен мыналар А) психологиялық жағдай; Ә) ортаның сабақ оқуға қолайсыздығы; Б) ағзаның қажеттіліктері.
Психологиялық жағдайды реттеу Ойды бөлетін екі түрлі психологиялық жағдай бар: qқиялдау (армандау); qуайымдау. *Қиялдау – дайындыққа кіріскен оқушының жұмысына кедергі келтіретін әрі жиі кездесетін жағдай. * «Бәрі менен көп дайындалады» ; * «Оқитын тақырып көп, бірақ уақыт қалмады, бітті, тынды. . . » *Мұндай ойлар миыңызды қатырып, құлшынысыңызға кедергі келтіреді.
Өзіңіз мынадай проблемаларға кездестіңіз бе? *Оқу керектігін білемін, бірақ бір түрлі оқи алмаймын; *Кітапты ашамын, бірақ әшейін бетіне қарап отырамын; *Дайындалуға кірісе алмай-ақ қойдым. q. Сабақ оқу керек бола тұра, беріліп кірісе алмай жүрген оқушылардың көпшілік бөлігі – осы уақытқа дейін алдына нақты мақсат қоя алмағандар.
? Болашағыңыздың қандай болғанын қалайсыз? ? Қай университетте оқығыңыз келеді? ? Қай мамандықты таңдайсыз? ? Армандарыңызға жету үшін қандай жұмыстарды орындауыңыз керек немесе қандай кедергілерді жоюыңыз керек? ? Қолданып жүрген жоспарыңыз сізді мақсатыңызға жеткізе ме?
*Әуелі, үш түрлі тізім дайындаңыз. v. Бірінші тізімдегілерді орындау үшін 10 жылдан кейінгі өміріңізді ескеріңіз. Көзді жұмып, жайланып отырып, 1 -2 минут ойланыңыз. v. Екінші тізім үшін тағы да арқаңызға жастанып, жайланып отырыңыз және «Бір жылдан кейін нелерді істеу керекпін? » деген сұраққа жауап іздеңіз, соларды тізбектеп жазыңыз. vҮшінші тізімге «бір ай ішінде нелер істеу керектігін» белгілеңіз. Ең соңында үш тізімдегі істерді маңыздылығына қарай тізіп жазыңыз.
*Мысалға бір оқушының 1 жылдық және 1 айлық мақсаттарының төмендегідей болатынын ойлап көрелік. Өмірдегі мақсаттар тізімі: * * * Компьютерлік инженерия маманы болу; Ағылшын тілін жетік білу; Беделді компанияда қызмет ету.
Бір жылдық мақсаттар тізімі: Университеттің компьютерлік инженерия факультетіне оқуға түсу; Мектептегі сабақты жақсы меңгеру; Автокөлік жүргізу куәлігін алу; Бір айлық мақсаттар тізімі: Физикадан болатын сынақтан жақсы баға алу; Математика пәні бойынша «Талапкердегі» тест сұрақтарын бітіру; ҰБТ-ға дайындық сынағынан ең кемі 100 ұпай жинау. Істерді маңызына қарай тізбектегенде, әрбір тізімдегі ең жоғарыда орналасқан екі пунктіні біріктіріңіз. Осылайша өміріңіздегі қысқа әрі ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды көрсететін маңызды істердің тізімін жасап шығарасыз. Міне, осылар – сіздің нағыз жүзеге асыратын істеріңіз.
Мақсаттарыңызға жету үшін: *1) Өзіңіз белгілеген бірінші деңгейдегі мақсатқа қалай жетуге болатынын жоспарлаңыз: * «Мақсатыма жете алмаймын» деп ойламаңыз. Алдыарты ойласты-рылып қойылған мақсатқа жетуге болады. Маңызды болғаны, өзіңіз соған ынталы болыңыз және соңына дейін төзімді бола біліңіз. Мақсаттарыңызға жеткізетін тиімді стратегиялар ойлап тапқан болсаңыз, қол жетпейтін мақсат қалмайды.
Жоспарлы әрекет ету – мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, сондықтан өзіңіздің істеріңізді қадағалап, уақытыңызды соған қарай реттесеңіз, өмірлік мақсатыңызға жете аласыз. Ал жетістікке жету үшін не істеу керек? Ендеше төмендегілерді жүзеге асырыңыз! * мақсатыңызды белгілеңіз; * мақсатыңызға жүзде-жүз жететініңізге сеніңіз; * жұмыс істеу жүйеңізді қарап шығыңыз; * атқарылатын істеріңізді алдын-ала жоспарлаңыз; * өзіңіз орындай алатындай апталық бағдарлама жасаңыз; * бағдарламаңызды төзімділікпен орындаңыз; * бағдарламаңызды өзгертпеуге көп күш салыңыз.
2) Ойлаған нәрселеріңізді бір ретке келтіріңіз: *Адамның жан дүниесінде туындайтын ойлар болады. Бұларды болымды және болымсыз деп екіге бөлуге болады. Болымды ойлар сізді болашақтағы биік мақсаттарға бағыттайды. Мысалы, өз-өзіңізге «ҰБТ жақындап қалды, кем -кетіктерімді толықтырып, тест сұрағын көптеп шешуім керек, сабақтан қалмауым керек, өйткені жаңа тақырыптарды түсінбей қаламын» деген сөздерді ойша айтасыз. *Болымсыз ойлар сізді әп-сәтте әрі оп-оңай еске түсетін тілек-қалауларға бағыттайды. Мысалы, «ҰБТ жақындап қалды, кем-кетіктерім бар, сондықтан көп оқуым керек, дегенмен дайындықты 20 -30 минуттан кейін бастасам да, ештеңе жоғалта қоймаспын» деген сөздерді ойша айтасыз. Нәтижеде, «аз уақытта оп-оңай жетуге болатынын» іштей айтқан болымсыз ойлар сізді жеңіп шығады.
КЕҢЕСТЕР
*Бір пәнді оқып болғаннан кейін, артынша соған ұқсас пәнді оқымаңыз; *Сізге қиындық туғызатын пәнді миыңыз сергек кезінде оқыңыз; *Апталық сабақ оқу кестесін өзіңізге қолайлы болғанға дейін ауыстырып отырыңыз; *Апталық сабақ оқу кестесін жасап болған соң, оны көрінетін жерге іліп қойыңыз; *Күнде өзіңізге сабақ оқитын уақыт бөліңіз. Жақсы нәрсені әдетке айналдыру қиын, ал жоғалту өте оңай; *Сабақ оқып біткеннен кейін, оның жұмыс кестесімен сәйкестігін тексеріңіз; *Ең маңыздысы, дайындаған жоспарыңызды мүмкіндігінше минутына дейін, ештеңе қалдырмай орындауға тырысыңыз; *Сабақ оқитын жердің жинақы болуы да тыңғылықты сабақ оқуға ықпалын тигізеді. Отырған жеріңіздің ыстық-суығы, жарығы, тыныштығы ойыңызды бөлмейтіндей болу керек;
ü Сабақ оқуға белгілі бір орынды арнау керек, әрі сол жерде тек қана сабақ оқу керек; ü Сабақ оқып отырғанда керек болатын құрал-жабдықтарды алдын- ала дайындап қойыңыз. Осылайша ойыңыз қайта бөлінбейді; ü Сабақ оқып отырғанда, зерігіп кетсеңіз, орныңыздан тұрып кете салмаңыз. Өзіңізге бірнеше қағида қойыңыз (мысалы, « 5 бет оқымай тұрмаймын» деген секілді); ü Сабақ оқу кезінде өзіңізді марапаттап отырыңыз. Ынтаңыз азайып, шаршай бастасаңыз, өзіңізге «енді осыны оқып бітірсем, өзіме ұнаған бір нәрсені істеймін» деп сөз беріңіз ( «осыны бітірсем, шай ішемін» деген секілді); ü Оқығандарыңызды өз сөзіңізбен қайталап шықсаңыз, көп уақытқа дейін есте қалады; ü Қайталау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп тұрыңыз, күнделікті қайталауға арналған уақытыңыз болсын, өйткені үйренудің ең басты принципі – қайталау. Қайталанған мәліметтер көп уақытқа дейін ұмытылмайды.
*Жоспар жасау 1. Жылдық жоспар; 2. Айлық жоспар; 3. Апталық жоспар.
Жылдық жоспар құру 1. Жылдық жоспарда бір жылда әрбір пәннен қай тақырыптар оқылу керек және оларды қанша уақытта бітіру керек; 2. Жыл ішіндегі демалыс күндеріңізді осы күнтізбеге белгілеңіз (мереке күндері, демалыс күндері, саяхат күндері т. б. ); 3. Әрбір пән бойынша алдын-ала таңдап алынған тақырыптарды осы күнтізбеге орналастырыңыз;
маусым мамыр сәуір наурыз ақпан қаңтар желтоқсан қараша қазан қыркүйек Қазақ тілі Математика Қазақстан тарихы Орыс тілі Таңдау пәні
* 1. Айлық сабақ кестесінің құрылымы жылдық жоспардың құрылымына ұқсайды. 2. Бұл кестені әр айдың басында жасап, сабақ оқитын бөлмеңізге көрінетін жерге іліп қойыңыз. 3. Кестеге сол айда бітіретін тақырыптарды, тестілерді, кітаптарды апталарға бөліп жазыңыз. 4. Яғни әр апта соңында бітуге тиіс істер көрсетілу керек.
1 -апта 2 -апта 3 -апта 4 -апта Қазақ тілі Математика Қазақстан тарихы Орыс тілі Таңдау пәні
Апталық жоспар құру 1. Апталық жоспарды жасағанда кейбір тақырыптарға (ұзын-қысқалығына, жеңіл-күрделігіне т. с. с. ) көбірек мән беру керек. 2. Қашан сабақ оқығанды ұнатасыз? Күндіз оқу керек пе, әлде түнде ме? Қайда және қандай ортада оқығанды қалайсыз? Жалғыз отырып оқығанды ұнатасыз ба, әлде достарыңызбен оқығанды ұнатасыз ба? 3. Апталық сабақ оқу кестесіне апта соңында міндетті түрде қарап шығу керек. Жеткіліксіз немесе тиімсіз болған жерлерін өзгертіп, келесі аптаға жасайтын жоспарыңызды толықтырыңыз.
1. Аптадағы күндер, сағаттар көрінетіндей бір кесте дайындаңыз; 2. Апта ішінде сабақ оқи алмайтын уақыттарыңызды осы кестеге белгілеп көрсетіңіз; 3. Міндетті түрде орындалуы тиіс басқа шаруаларыңызды осы кестеге белгілеп, сабақ оқуға бөлінетін уақытты анықтаңыз; 4. Алдымен осы апта үшін таңдаған тақырыптарыңызды нақтылап белгілеңіз. Бұл тақырыптарға қанша уақыт кететінін анықтаңыз;
дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі 07. 00 – 08. 00 08. 00 – 09. 00 09. 00 – 10. 00 10. 00 – 11. 00 11. 00 – 12. 00 12. 00 – 13. 00 13. 00 – 14. 00 14. 00 – 15. 00 15. 00 – 16. 00 16. 00 – 17. 00 17. 00 – 18. 00 18. 00 – 19. 00 19. 00 – 20. 00 20. 00 – 21. 00 21. 00 – 22. 00
Жоспарлаудың шарттары • • Атқарылатын істеріңіздің тізімін көрінетін жерге іліңіз; • Жоспарыңыздағы атқарылмай қалған істерді сол күні орындауға тырысыңыз; • Жоспардағы жасалып біткен істерді белгілеңіз. Бұл сізді құлшындырады. • Сабақ оқу уақытын белгілегенде, тынығуға да уақыт бөліңіз. • Мүмкіндігінше, күнде белгілі бір уақытты тұрақты түрде сабақ оқуға бөліңіз. • Жоспардан ауытқып кеткенде саспаңыз, абыржымаңыз, үмітсіздікке түсіп жоспарыңызды лақтырып тастамаңыз. Жоспарыңызда орын ауыстыру, алға жылжыту, кейінге қалдыру секілді өзгерістер болуы мүмкін.
Дайындалу техникалары Қарап шығыңыз. Жаңа тақырып жайлы жалпылама мәлімет алу үшін, тақырыпты жан-жақты түсіну үшін, оқитын бөлімді 3 -4 минут мұқият қарап шығыңыз; тақырыпқа, тақырыпшаларға, ерекше әріппен жазылған жерлерге зер салып қараңыз. Бұлай қарап шығу жаңа тақырыптың негізгі ойын, маңызды жерлерін анықтауыңызға көмектеседі. Анықта. Дайындалатын немесе оқылатын бөлімге әшейін қарап шығудың сізге берер ешқандай пайдасы болмайды. Сол үшін тақырыпқа шолу жасаған кезде, нені үйрену керектігін, қандай сұраққа жауап табу керектігін алдын-ала нақтылап алыңыз. Бұл – екінші мәрте оқығаныңызда, сізге көп көмегін тигізеді.
Оқыңыз. Бұл кезеңде алдын-ала белгілеп алған сұрақтарға жауап табу мақсатында оқып шығыңыз. Оқып отырып, керекті ескертпелерді кітаптың бетіне немесе дәптерге түртіп алып отырыңыз. Осылайша алдын-ала анықталған сұрақтардың жауабын белгілеңіз. Мынаны ұмытпаңыз: үш рет оқып үйренгеннен бір рет жазып үйренген көпке дейін есте қалады. Қайталаңыз. Оқу процесінде қайталау немесе жаттығу жасау меңгерілген тақырыпты пысықтау үшін өте қажетті. Сабақ оқудың тиімділігін арттыру үшін, қайталау мен жаттығудың қалай жасалатынын жақсы білу керек.
Қайталаудың күші § Мәліметті қайта-қайта миға жіберу адамның жадында терең із қалдырады. Бір нәрсені бірінші рет үйренген болсаңыз, міндетті түрде оны қайталауыңыз керек, өйткені қайталау алғашқы мәліметіңізді нығайта түседі; § § Қайталау жұмысын белгілі бір аралықтарда жүргізіп отыру керек; § Үйренген нәрселеріміздің 70%-ын бір сағаттан кейін ұмытамыз. Ұйқы кезінде ұмыту әрекеттері баяулап тоқтайды, сондықтан күні бойы үйренген мәліметтерді ұйқы алдында бір шолып қайталап шығу – ең ақылды адамның ісі; § Қайталау жұмысын жүргізгенде, жаңа тақырыпты біреуге түсіндіріп жатқандай айтып шығу мәліметті нақтылай түседі; Қайталау үшін ең ыңғайлы әрі тиімді уақыт – оқып үйреніп болғаннан кейінгі алғашқы 10 минут;
§ Мазмұнын жазбаша түрде қысқаша жазып қайталау әрі жазбаша түрде үйренуді, әрі қайталауды қамтамасыз етеді; § Кесте, схема түрінде жасалған қайталау жұмыстары мәліметтің көз алдында жандануына әрі есте ұзақ сақталуына оң ықпалын тигізеді; § Қайталау кезінде негізгі кілт сөздердің тізімі шығарылса, тақырыптың ішінен керекті жерді тез іздеп табуға, әрі кілт сөздерді миға орналастыруға мүмкіндік туады; § Оқыған бір тақырыпты дауыстап қайталайтын болса, есте жақсы қалады; § Бір тақырып жайлы мәлімет миға алғаш рет жіберіліп жатса, ең кемінде 4 -5 рет қайталап, мидағы қыртысын тереңдете түсу керек; § Қайталау кезінде мәліметті бір бүтін күйінде қабылдау керек. Ең дұрысы, тақырыпты бір оқып шығып, бір бүтіндей көру, ал ең соңында, оқи отырып әрі қайталау керек, әрі мәліметті бір бүтін күйінде қабылдай білу керек;
§ Қайталау кезінде бөлек-бөлек мәліметтердің өздерінің арасындағы және бүтінмен арасындағы байланысына мән беру керек, бұл байланыстарды біліп құра білген дұрыс; § Есту арқылы тез үйренетін адамдар тақырыпты біреулермен сөйлесе отырып немесе дауыстап оқып отырып қайталау керек; § Қайталау кезінде жаңа мәліметті ұқсас нәрселерге (сөз, сан, мағына, зат т. б. ) байланыстыра отырып еске сақтаған жөн.
q. Дұрыс дайындалу үшін: ØСабақты жақсы оқитын сағаттарыңызда ең көп қиналатын сабаққа дайындалыңыз; ØАлдымен қиынын меңгеріп, өзіңізді марапаттаңыз; ØМатематика сіз үшін қиын болып, қоғамтану бағытындағы пәндер оңай болса, бірінші кезекте математикаға көңіл бөл, қиынын меңгеріп алғаннан кейін өзіңізді жеңіл сезініп, басқа сабақтарды опоңай-ақ үйреніп аласыз; ØБір-біріне ұқсас сабақтарды бір-бірінен кейін оқығанша, бір математика-жаратылыстану бағытындағы сабақтан кейін бір қоғамтану бағытындағы сабаққа өтіңіз. Бұл – мидың оқылған мәліметтерді оңай қабылдауына көмектеседі;
Ø Күш-қуатыңызды, ерік-жігеріңізді қолдануды үйреніңіз, әйтпесе соңында үмітіңізден айырылып қаласыз; Ø Шаршамай тұрып үзіліс жасаңыз, сонда тыныға салысымен қайтадан сабақ оқуға кірісе аласыз; Ø Бірнеше сағат бойы бір сабақты оқығанша, бірнеше сабақты бір сағат ішінде бөліп-бөліп оқуға көңіл бөліңіз".
Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!!!
_repaired_3.pptx