
Маканов Али 304 стом фак срс Инфекция.pptx
- Количество слайдов: 17
Семей Мемлекттік Медицина Университеті Жұқпалы аурулар кафедрасы Тақырыбы: Сіреспе жарасы, алдын алу және күресу шаралары; ошақтағы іс шаралар. Орындаған: Мақанов А. Т 304 -топ стоматология факультеті Тексерген: Исабекова Ж. Б Семей. 2015 ж
Жоспар Негізгі бөлім Кіріспе -Этиологиясы -Эпидемиологиясы -Жұқтыру механизмі -Берілу жолдары -Патогенезі -Патоанатомиясы -Клиникасы түрлері -Асқынулары -Диагностикасы -Емі -Болжам -Алдын алу Қорытынды
Сіреспе-қатынас механизмімен жұғатын сапрооноздар тобынан жедел инфекциялық ауру. Клиникалық көрінісінде жүйесінің зақымдалуының салдарынан бұлшық еттердің гипертонустарымен және генераливті (тетаникалық) түрдегі тартылуларымен сипатталады. АХЖ-10 бойынша кодтары. А 33. Жаңа туған бала сіріспе. А Акушер сіреспесі. А 35. Сіреспесінің басқа түрлері.
Этиологиясы Қоздырғышы- Clostridium tetanim, анаэроб, Споралар түзеді (сыртқы ортада), экзотоксин бөледі, ол 3 фракциядан тұрады: -тетеаноспазмин (негізгі патогенетикалық әсерін құрайды. сіреспеге тән клиникалық синдром көрсетеді); -тетанолизн, эритоциттер гемолизін тудырады және фагоциттердің ыдырауымен бірге жергілікті некроз тудыруы мүмкін; -жүйкелі бұлшық етті қосылыстарда медиатордың секрициясын жоғарлауын шақыратын кіші молекулярлы фракциясы. Сіреспе токсині ботулизм токсинынан кейінгі ең күшті табиғи уларға жатады.
Эпидемиологиясы -барлық жерде таралған. Инфекция көзі: -сау адам (5 -40% дамдарда сіреспе таяқшасы ішекте болады); -үй (жылқы, сиыр, қой, шошқа және т. б) жабайы (қояндар, маймылдар, тышқандар немесе т. б) жануарлар , олардың да Ішектерінде сіреспе таяқшалары болады
Берілу жолы: қатынас (зақымдалған тері және шырышты қабаттар арқылы). Берілудің негізгі факторы-табиғатта сіреспе қоздырғышының табиғи резервуары болып табылатын сіреспе таяқшасы (споралары ) бар топырақ. Қабылдаушылық өте жоғары. Мерзімділігі: көктем-жаз айлары. Кәсіптік фактор: жиі ауыл тұрғындары, механизаторлар және т. б ауырады. Иммунитеті. Сіреспеменауырғаннан кейін иммунитет пайда болмайды.
Патогенезі Қоздырғыштың ену жолдары-терінің және шырышты қабаттардың әр түрлі зақымданулары, жарақаттар, күйіктер үсіктер, криминалды аборттар, иньекциялар (нашақорларда) жаңа туғандарда кіндіктерінің дұрыс зарарсыздандырылмаған немесе т. б кезде жұзуы мүмкін. Операциядан кейінгі сіреспе дамуы мүмкін. Сіреспе токсині организимге төмендегі жолмен тарайды: -қанмен(гематогенді); -лимфа жүйесімен (лимфогенді) ; -жүйке бағаналарымен (периневальді жол).
Гемотогенді және лимфа жолдары процесстің жайылуын шақырады. ал периневриттік жол жергілікті сіреспенің дамуына әкеледі. Тетанотоксин плосинаптикалық рефректорлы доғалардың қосалқы нейрондарын зақымдайды, бұл физиологиялық коррекцияның бұзылумен жүретін мотонейрондарда пайда болатын қимыл импульстары координацияға көнбейтін және бұлшық еттерге үздіксіз беріліп тұратын болады , бұлшық еттердің үнемі тоникалық жиырылуына әкеледі. Сонымен қоса тыныс алу орталықтарының және кезбе нерв ядорларының зақымдалуымен жүреді.
Клиникасы Инкубациялық кезең бір тәуліктен бір айға дейін, орташа мерзімі 6 -14 күн. Сіреспесінің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ , бірақ патологиялық процесстің таралуына байланысты: жалпы таралған сіреспе және жергілікті болып бөлінеді. Ауырлық дәрежесі бойынша: -жеңіл; -орташа; -ауыр; -өте ауыр;
Сіріспенің негізгі клиникалық сиптомдары. Продромда кезең (бірнеше күн) жалпы әлсіздікпен , жүрудің қиындауымен , ұйқысыздықпен, арқада ауырсынулар , кеуденің Қысылуы сезімі , бас қозғалту қиындықтарымен , жұтқанда ауырсыну, жұтынудың бұзылыстарымен байқалады.
Өршіген кезде -тризм (шайнау бұлшық еттерінің қатаюы); -сардоникалық күлкі (бірден күлкі мен жылау болатын бетәлпетінің өзіндік көрінісі) -мойын, арқа, аяқ-қол бұлшық еттерінің қатаюы, әссіресе төменгі бөліктерінің; -іш бұлшық еттерінің қатаюы (тақтай тәрізді); -опистотонус; -кеуде және аяқ-қолдарының толық қатаюына байланысты қимыл-қозғалыс мүмкін емес , қол және табаннан басқа ; -бұлшық ет гипертонусына байланысты әр түрлі ұзақтықта немесе интенсивтілікте болатын ұстамалар дамиды; -жұтқыншақ және тыныс алу бұлшық еттері ұзақ қысылу ұстамаларында асфиксия болуы мүмкін; -дисфагия.
Жалпы симптомдар: -дене температурасының жоғарлауы (35, 5 -380 С, сирек 39400 С); -іш қатулар , зәрдің болмауы ; -дегидратция(дисфагия, гипертермия, гиперсалвация арқылы). Сана сезім сіреспе кезде сақталады. Жергілікті сіреспе көрінеді: -енген жерінде ауырсыну және гипертонуспен; -ошақтық тартылулармен; -кейінірек процесске қалған бұлшық еттер қатысады, процесстың генерализациясы басталады. -сіреспеге тән көріністермен (тризм, сардоникалық күлімсіреу, желке еттерінің ригидтілігі, жұтыну еттерінің спазмы-дисфагия); -жиі бет, сирек көз қозғалту нервтерінің біржақтық парезі;
Жергілікті Розе салдану сіреспесі (бастың травмаларында және жарақаттарында) дамиды төмендегідей сипатталады: Бас (бульбарлық) Бруннер сіріспесі жұлын және сопақша мидың зақымдалуымен жүреді. Асқынулары. -бұлшық еттердің жыртылуы; -аяқ-қол сүйектерінің сынуы; -пневмония , сепсис және т. б; -бұлшық ет контрактуралары.
Диагностикасы. Сіріспеге диагноз клиникалық көріністерге және эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып қойылады. Үш симптомының: тризм, сардоникалық күлімсіреу және дисфагияның бірге болуы маңызды болып табылады.
Емі Сіреспе ауруларын шұғыл ауруханаға жатқызу қажет. Орташа ауырлықты , ауыр немесе өте ауыр жағдайда емдеу интенсивті терапия және реанимация бөлімдерінде жүргізіледі: 1. Тәртіп (бөлек палатада кез-келген дыбыс, жарық және басқа тітіргендіргіштер болмауы керек ). 2. Жарақаттарды хиругиялық залалсыздандыру. 3. Диета (тағам зонд арқылы және парентералды енгізіледі). 4. Арнаулы ем: сіреспеге қарсы алғашында Безредко әдісі бойынша сарысу (б/е бірден 50000 -100000 ХБ мөлшерде) немесе Сіріспеге қарсы адам иммуноглобулині (б. е. бірден , 900 ХБ- 6 мл)енгізіледі.
5. Ұстамға қарсы ем. 6. Антибактериалды ем (пневмония немесе сепсистің профилактикасы мақсатында). 7. Симптоматикалық ем. 8. Жүйелі ем: -микроциркуляцияны жақсарататын (трентал, никотин қышқылы); -метаболдық ацидозды азайту мақсатында (натрий бикарбонаты ертіндісі) -гипербариялық оксигенациясы; -метаболикалық заттар (витаминдер, милдронат, предуктал және т. б)
Болжамы: -жағымды (кезінде және тиімді емдеген кезде); -летальды (10 -20% және одан жоғары). Алдын алу. 1. Белсенді (сіреспе анатоксин)- ұлттық күнтізбелік жоспар бойынша егу жүргізу. 2. Белсенді –пассивті (сіреспе анатоксин+сіреспеге қарсы сары су)көрсеткіш бойынша.
Маканов Али 304 стом фак срс Инфекция.pptx