fariza_126.pptx
- Количество слайдов: 13
Семей Мемлекеттік Медициналық Университеті МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ Микробиология ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ СӨЖ Тақырыбы: Жүрек –қантамыр, асқазан-ішек, жүйке, психикалық ауруларға бейімділік және генетикалық төзімділік. Орындаған: Меллятханова Фариза ЖМФ 126 топ Тексерген: Ибраева Г. Р. Семей 2014
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 1. Жүрек-қантамыр ауруларға бейімділік 2. Асқазан-ішек аурулары 3. Жүйке, психикалық аурулары III. Қорытынды
Кіріспе Әр түрлі аурулардың асқынуынан жүрек-қантамыр, асқазанішек, жүйке, психикалық қызметі бұзылуынан зақымдануынан аурулар пайда болады. Қазіргі кезде осыған байланысты аурулар кеңінен таралған. Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. Жүйке жүйесі сыртқы ортаның әр түрлі факторларының әсерінен зақымданады. Жүйке жүйесінің зақымдану жолдары: тұқым қуалау арқылы, жұқпалы және жұқпалы аллергиялық, паразиттік және т. б. Әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресст.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т. б.
Жүрек –қантамыр жүйесінің зақымдануы үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т. б. ). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. . Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады.
Жүрек-қан тамыр ауруына тұқымқуалаушылық әсер етеді дедік. Бірақ бұл ата-анасы ауырса, баласына беріледі деген сөз емес. Бала ағзасы жүрек ауруына бейім болуы мүмкін. Бірақ денсаулығын күтіп, ішімдік пен есірткіге әуестенуден, шылым шегуден сақтанса, сырқатқа көп шалдықпайды. Өйткені ішімдік құрамындағы сивуш майы тамырдың кеңейуін тудырып, жүрекке салмақ түсіреді. Темекі құрамындағы никотин, керісінше тамырды тарылтып, қанның жүруіне кедергі жасайды.
асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. Асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі.
Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады. Аденокарцинома немесе Асқазан қатерлі ісігі — секрет шығаратын бездердің кілегей қабықшасынан дамитын қатерлі ісік. Ол шырышты қабықтары не бездік тіндері бар ағзаларда өрбиді. Аденокарцинома бездік құрылымдары әртүрлі мөлшердегі аса дөрекі пішінді куб тәрізді торшалардан тұрады.
Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортанып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады. .
Эпилепсия – нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсияны бұдан 3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Египет перғауыны Эхпатон алғаш рет суреттеген. Полиомиелит – гректің «полное» - сұр, миэлосқабыну деген сөздерінен кұралған. Бұл омыртқа жұлынының сұр бөлігінің қабынуы. Полиомиелитті кейде балалардың эпидемиялық параличы немесе Гейне-Медин ауруы деп те атайды. Ол орталық нерв жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.
Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі.
Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқымқуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т. б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, заталмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т. б.
Қорытынды Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония. Асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, гастрит, аденомакарценома және асқазан рагы жиі кездеседі. Жүйке жүйесі сыртқы ортаның әр түрлі факторларының әсерінен зақымданады. Жүйке жүйесінің зақымдану жолдары: тұқым қуалау арқылы, жұқпалы және жұқпалы аллергиялық, паразиттік және т. б. Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т. б. ) орын алуы байқалады.
fariza_126.pptx