Маканов А.Т 304-топ Стом.фак.pptx
- Количество слайдов: 19
Семей Мемлекеттік Медициналық Университет Семипалатинский Государственный Медицинский Университет Асқазан-ішек жолдарының эрозивтіжаралы зақымдануына әкелетін тіс-жақ аймағының аурулары қауып қатер факторы ретінде Орындаған : Мақанов А. Т Факультет : Стоматология Тексерген: Шаханова А. Т Топ: 304
ЖОСПАР Ø Ø Ø Кіріспе Асқазан аурулары Ішек аурулары Тіс-жақ аймағының аурулары Қортындысы Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ ХХ ғасырлардың ортасында эксперимент жасалған кезде, асқазаннан –тілге дәм сезгіш аппаратының рефлекс табылған, оның максимальды белсенділігі тілдің саңырауқұлақ тар төмпешіктеріне ас қабылдағаннан кеиін практикалық жағы теріс болжамға әкеп соқтырды.
Асқазан аурулары — өңеш пен 12 елі ішек аралығына орналасқан ас қорыту органының қалыпты қызметінің бұзылуы. А. а-ның ішінде: асқазанның қабынуы, асқазан жарасы, асқазан рагы жиі кездеседі. Асқазан қабынуының жедел және созылмалы түрі белгілі. Жедел қабыну кейбір дәрілерден, арақ -шараптан, шәй, кофені қою ішуден, тамақты өте ыстық немесе суық жеуден және бұзылған тағамды жеп уланудан пайда болады. Науқастың жоғарғы құрсақ тұсы жайсызданады, жүректің айнуы, құсу және іш өту байқалады.
Созылмалы қабыну жедел қабынудың жазылмай қайталануынан туындайды. Ол 12 елі ішек сөлінің кері ағуынан, ұзақ уақыт ішімдікті, дәрілерді пайдаланудан, бактериялық қабынудан т. б. болады. Науқаста кекіру, ащы запыран келу, жүрек айну, құсу, арықтау және қан аздық белгілері байқалады. Ауруды гастродуоденофиброскоппен анықтайды. Ауру адам тағам, демалыс режимдерін сақтап, асқазан сөлін тежейтін дәрі-дәрмектер ішуі керек.
Асқазанның ойық жарасы маусымға байланысты өршіп отырады. Аурудың ұшығуына көңіл күйзелісі, асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы, тамақтану режимінің бұзылуы, темекі тарту, кейбір дәрінің кері әсері мен организмнің қорғаныс факторларының (иммунитеттің) әлсіреуі жатады. Көбінесе тамақтанғаннан кейін 1/2 -1 сағ. ішінде науқастың жоғарғы құрсақ тұсы ауырады. Емдеу үшін тұз қышқылын бейтараптайтын атропин, циметидин т. б. дәрілер қолданылады.
АСҚАЗАН Асқазан АУРУЛАРЫ ауруы жиі гастриттен, жара ауруынан немесе рактан болуы мүмкін. Көбінесе анатомо- физиологиялық көріністерден ауыз қуысы, шырышты қабат және рецепторлық аппаратқа әкелуі мүмкін. Асқазан ауруларынан ауыз қуысының немесе шырышты қабаттарының зақымдалуы болады.
Гастрит деп асқазанның қабынуын айтады, ол өзі жедел немесе созылмалы түрде өтеді. Жедел гастритті этиологиясына қарап сыртқы немесе эндогенді себептерге байланысты дамитын деп екі топқа бөлінеді. Сыртқы гастрит Ішкі гастрит
1. Сыртықы әсерден дамитын гастриттер көптеген химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық факторлардың дәрі-дәрмектердің асқазанның шырышты қабығына тікелей әсері нәтижесінде пайда болады. 2. Ішкі себептерден туындайтын гастриттерге әр түрлі инфекцияларда (іш сүзегі, дизентерия, туберкулез, дифтерия және т. б) аллергия немесе қан айналымының бұзылуына байланысты дамитын түрлері болады.
СОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРИТ Созылмалы гастрит ас қорыту жүйесі аурулары ішінде кең тараған ауру. Созылмалы гастрит : ересек адамдардың арасында ең көп тараған сырқат, созылмалы гастриттер асқазан шырышты қабығының созылмалы қабынуымен, оның физиологиялық регенерациясының бұзылуына байланысты дамиды.
ІШЕК Ас қорытудың жеткіліксіздігі синдромы, немесе мальдигестия синдромы дегеніміз-ас қорыту ферменттерірінің жеткіліксіздігі нәтижесінде Астың қорытуының бұзылуымен сипатталатын комплекс. Ас қорытудың бұзылуы түрлері 1) Қуыстық ас қорытудың бұзылуы көбіне диспепсиялық 2) қабырғалық ас қорытудың бұзылуы 3) клеткаішідлік ас қорытудың бұзылуы 4 )аралас түрлері
ІШЕК АУРУЛАРЫ Ішек ауруларының ішінде ең көп кездесетіндері : қабыну, ісіктер және туа пайда болған кемістіктер Туа пайда болған кемістіктер ішектің негізгі туа пайда болған кемістіктері балалар патологиясы бөлімінде қаралады. Дивертикул ішектің белгілі бір бөлігінің қапшық тәрізді томпайып шығып тұруын айтады.
Ішек ісіктері : ішекте жиі кездесетін патологиялық үрдістердің бірі полип деп аталады. Полип деп ішектің ішіне қарай өсетін, кейде таяқшаға ілініп, салбырап тұратын құрылымдарды айтады. Полиптердің көпшілігі қабынуға байланысты пайда болады, оларды гиперплазиялық патология деп қарастыруға болады. Полиптердің арасында безді эпителиден өсетін аденоматозды полиптер ғана нағыз ісіктер катарына жатады.
ТІС-ЖАҚ АЙМА ҒЫНЫҢ АУРУЛАРЫ Бастапқыдан адамдарда асқсзан сөлі көп бөлініп гастритпен ауырғыш болады, осы себептерден барлығы бірдей әсер беріп жатады. Бұдан басқа бауыр, өт, ұйқы бездерінің қызыметі бұзылғанда, өт дұрыс жүрмей, ұлтабардан-асқазанға , асқазаннан өңешке ауыз қуысына дейін келіп жетеді.
Ауыз қуысын тексеру барысында көбінесе атрофиялық өзгерістерде тілдің артқы аймағын, В 12 витаминін жетіспеушілігін көруге болады. Шырышты қабаттардың ауызында және тілінде ең көп кездеседі кандидамикоз, еріннің ұшы жағында созылмалы жарақаттар пайда болады.
Өт тас ауру кезінде өзгерістердің көрінуі тілдің боялуы, тілдің артқы жағында бөртпелердің бөлінуі, десквамацияның пайда болуы. Тілдің өзгерістерінен басқа несеп жолының бұзылуы және қызыл иектің қанауымен, гингивиттің әр түрлі формаларына әкелу. Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты : 1. Катаральды 2. Герпесті 3. Жаралы стоматит деп бөлінеді.
Катаральды стоматит ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, науқастың ауызынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, науқас тамақты нашар ішеді. Герпесті стоматит ісіну әр түрлі көлемде, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіктер пайда болады. Науқас мазасызданады, тәбетті төмендейді, терісі бозарады және қызыл иектен қан кетуі жоғарлайды. Жаралы стоматит кариесті тістері бар науқастарда кездеседі, қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар және жаралар пайда болады, көбінесе ауызынан жағымсыз иіс шығады.
ҚОРТЫНДЫСЫ Асқазан қозгалысының бұзылуымен немесе бұлшық еттің тонусының өзгеруімен сипатталатын, асқазандағы заттардың бөлінуін жеделдететін немесе саябырлататын асқазанның функционалдық қызметінің өзгеруі оның моторлық-эвакуаторлық функциясының бұзылуы деп аталады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Айтбембет Б. Н Алматы-2009 Интернет желісі
Маканов А.Т 304-топ Стом.фак.pptx