Куралай дерма.ppt
- Количество слайдов: 12
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ТАҚЫРЫБЫ: ЖИБЕРДІҢ ҚЫЗЫЛ ТЕМІРЕТКІСІ ОРЫНДАҒАН: УМЕРГОЖИНА К. Т 546 -ТОП ЖМФ ТЕКСЕРГЕН: МУКАТАЕВНА М. М
Жибердің қызыл теміреткісі. Инфекционды-аллергиялық, вирусты, эритематозды-сквамозды дерматоз болып табылады. Бұл ауру дене терісінде жедел симметриялы орналасқан, біртіндеп 2 -3 мыс тиынның көлеміне дейін өсетін, ұсақ қызғылт дақтар түзілуімен ерекшеленеді. Көбінесе бөртпелер кеуде терісінде орналасады.
Этиология § Асқазан-ішек жолдарының ауруларында § Инфекциялық ауруларда § Вакцинация § Кездесетін мерзімі көктем-күз айларында
Гистопатологиясы § Тамырлардың айналасында, дерманың емізікше қабатында шамалы ісік және қабыну, көбінесе лимфоцитарлық сіңбе. Эпидермисте-ұсақ қуыс түзіледі, ошақты спонгиоз, паракератоздың белгілері байқалады.
Клиникасы § Дақтардың түрі дөңгелек не сопақша болып келеді. Бірнеше күннен кейін орта жағы өзгере бастайды: терінің түсі қоңырланады, ал мүйізденген қабаттары жиырыла келе, ұсақ кебекті қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар түскен соң, жіңішке жаға тәрізді мүйізденген қабаты, дақтың ортасындағы қоңырлау бөлімін қоршап тұрады. Дақтың айналасында қызғылт медальонға ұқсас теміреткіге тән бөртпелер болады.
§ Әдетте “Аналық” деп аталатын бір ғана дақ, бөртпелер таралуына дейін 5 -12 күн бұрын пайда болады. Жаңа бөртпелер пайда болған кезеңінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалады. Кейбір науқастарда мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайып кетеді. Ауру 4 -8 аптаға дейін созылады. Ауру жазылғаннан кейін уақытша лейкодерма қалады. Қызғылт теміреткі әдетте қайталанбайды.
Ауруды асқындыратын факторлар § Термен тітіркендіру § Тығыз, қатты киім § Күн сәулесінің әсері § Сыртқа қолданатын дәрі-дәрмектер (күкірт, қара майдан тұратын пасталар, майлар) § Су процедуралары (монша, душ, ванна)
Жибердің қызғылт теміреткісі Псориаз Сифилитикалық розеола Лонгер сызығы бойында орналасатын монета тәрізді қызғылт табақшалар. “аналық табақша ” Симптом триадасы : 1. стеариндағы феномен і- ақшыл түсті көп мөлшердегі қабыршақтану 2. Псориатикалық жабын феномені – қабыршақты алып тастағаннан кейін жылтыр ылғалды беткей. 3. Нүктелі қанағыштық феномені Анамнезі, бозғылт трепонеамның анықталуы, серологиялық реакциялар оң болады , вассерман реакциясы оң болады.
ЕМІ Құрамында кортикостероидтар бар кремдер: мометазон , алкометазон , гиоксизон, лоринден – С Қатты киім киюді, жөкемен жуынуды тоқтату. Вирусқа қарсы препараттар : ацикловир ішке. Балаларға натрий тиосульфат 10 % 1 ас қасықпен күніне 3 рет тамақтан кейін. Ересектерге 30 % натрий тиосульфат 2, 0 -5, 0 мл вена ішіне күн ара.
Куралай дерма.ppt