Какимова мадина иммун срс.ppt
- Количество слайдов: 36
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Трансплантологиядағы жаңалықтар Орындаған: Кәкімова М. Е. Тексерген: Семей 2014 ж.
1. Кіріспе бөлім. 2. Негізгі бөлім: v Трансплантология термині v Трансплантология дамуы v Әдістері v Жаңалықтар 3. Қорытынды бөлім. 4. Қолданылған әдебиеттер.
Адам организміне керекті, үнемі жұмысын атқаратын, бір тұрақтылықта сақтап тұратын белгілі үлкен жүйелер бар. Мысалы: тыныс алу, асқорыту жүйесі т. б. Ол жүйелердің жұмысын басқаратын белгілі мүшелер бар. Ол жүйелер өмір бойы, сыр бермей жұмыс атқара алмайды, оның себебі сол жүйеге сыртқы, ішкі әсерлерден болады.
Мысалы: бүйрек, бауыр, жүрек сыр беріп жатады, бұл мүшелерге ешқандай емдік манипулациялар, дәрі-дәрмектер көмектеспеген жағдайда оның бірақ жолы бар ол мүшені ауыстыру кей мүшелерді алып тастау. Бұл жағдаймен трансплантология атты медицинаның бөлімі айналысады.
КЕЗДЕН ЕГИПЕТ, ТИБЕТ, ЕЖЕЛГІ ИНДИЯ ЖӘНЕ Т. Б. ЕЛДЕРДЕ ЖАСАЛҒАН. 1597 ЖЫЛЫ СОЛ КЕЗДЕГІ АТАҚТЫ ИТАЛИЯ ПРОФЕССРЫ ТАЛЬЯКОВОЦЦИ БЕТ ДЕФЕКТІСІН ЖАБУ ҮШІН ИЫҚ ТЕРІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ЗЕРТТЕП ЖАЗҒАН. КЕЙІННЕН БҰЛ ӘДІС КЕҢ ҚОЛДАНЫЛЫП, ҚАЗІР “ИТАЛИЯЛЫҚ ӘДІС”ДЕГЕН АТПЕН БЕЛГІЛІ 1865 ЖЫЛЫ Н. И. ПИРОГОВТЫҢ ОҚУШЫСЫ Ю. К. ШИМАНОВСКИЙ ТЕРІ ПЛАСТИКАСЫ ХИРУРГИЯСЫН ЗЕРТТЕП, ОПЕРАЦИЯ АЛДЫНДА ЕСЕПТЕУЛЕР МЕН ЖОСПАР ҚҰРЫП АЛУ КЕРЕКТІГІН ЕРЕКШЕ АТАП КӨРСЕТТІ. 1869 ЖЫЛЫ С. П. ЯНОВИЧ-ЧАЙНСКИЙ ЖӘНЕ РЕВЕРДЕН ЕРКІН ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ. КЕЙІННЕН ӘДІС МОДИФИКАЦИЯЛАНДЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРІЛДІ. БҰЛ ЖЕРДЕ В. П. ФИЛАТОВ ӨТЕ ЗОР ҮЛЕСІН ҚОСТЫ. ТЕРІ ПЛАСТИКАСЫНА Н. А. БОГОРАЗ, Ю. Ю. ДЖАНЕЛИДЗЕ, А. Э. РАУЭР, А. А. ЛИМБЕРГ, Н. Н. БЛОХИН Т. Б ХИРУРГТАР
Ең алғаш 1951 жылы Владимир Петрович Демихов науқас адамға иттің жүрегін алмастырған. Ал 1967 жылы хирург Кристиан Барнард, Демихов тәжірибесіне қарап бірінші рет жүрек трансплантациясын жасаған. Медицина дами келе осындай 40 мыңға жуық трансплантациялар көптеп жүргізіле бастады.
Ресейде ең алғаш осындай күрделі операцияны жасаған хирург Валерий Иванович Шумаков. Қазір Шумаков басынан 100 жуық жүрек трансплантациясы, екі мыңға жуық бүйрек және тағыда ауыр операцияларды басынан өткізген. 1974 жылдан бастап трансплантологиялық ғылымизерттеу институтын басқарып отыр. Бұл медициналық центр әлемдік жоғарғы деңгейде.
Патологиялық әсерден зақымдалған адамның органдарын ауыстыру идеясы бірнеше мыңдаған жыл бұрын пайда болған. Бірақ хирургия мен анестезиологияның техникалық дамымауы оған қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. Сол кезде ерекше тексеруді талап етпейтін қан құю да болған. 1666 жылы Жан Дени ең алғаш рет лақтың қанын адамға құйған. Содан кейін, хирургиялық техниканың дамуына байланысты, саусақ, мұрын, аяқ, қол сияқты жеке мүшелерді ауыстыру жұмыстары жүргізіле бастады. Бірақ, олардың барлығы сәтсіз аяқталды
Трансплантация деп бір индивитен басқа индивидке хирургиялық әдіспен тінді немесе мүшені қондыру. Трансплантацияның бірнеше бағыты бар: 1) Ксенотрансплантация 2) Аллотрансплантация 3) Аутотрансплантация
Ксенотрансплантат деп әр түрге жататын организмдер арасында салынған тіндер немесе мүшелерін айтады. Мысалы, адамға маймылдан алынып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды. Ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.
Аллотрансплантат - ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері. Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда орындалады. Адамдарда көбінесе бір индивуумнан екінші индивуумге мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас емес егізі болса.
Аутотрансплантат - бір индивидуумда өз денесінің бір жерінен алынған тінді басқа жерге салу. Бұл алмастыру түрін көбінесе күйген адамдарда өткізеді, ол кезде дененің таза терісін күйген жеріне салады.
Трансплантологияның негізгі бағыттарының бірі – клеткалық трансплантология. Өт клеткаларын алмастыруда көптеген жетістіктер бар. Қазіргі кезде нейротрансплантологияға да қадам басылды, яғни науқас адам миындағы дегенирленген нейрондарды гомологиялық нейрондармен алмастыру. Көптеген тәжірибелер тек дифференцировканың ерте кезеңінде ғана эмбриональды нейрондар миға сіңісіп, қалыптасып кетуі мүмкін. Бірақ ауыстырылған нейрондардың 9 О%ға жуығы реципиент миында дегенерацияға ұшырайды.
Қазіргі кездегі тағы бір мәселе, органдарды консервациялау мен сақтау болып табылады. Бұған кедергі болатыны органдардың клеткаларының ишемияға байланысты ұзаққа шыдамай, тез өлуі. Оны болдырмау үшін үш негізгі әдіс қолданады: Биологиялық перфузия әдісі. Ол органдардың метоболиялық дәрежесін ұстап тұрады. Гипотермиялық консервант әдісі. Органдарды 8 -12◦ ұстау. Терең салқындату әдісі. О °-ден төмен температурада сақтау.
ТЕРІ ДЕФЕКТІСІН ЖЕРГІЛІКТІ ТІНДЕРМЕН АЛМАСТЫРУ Жергілікті тіндермен пластика жасау тері дефектісін (операциядан кейін, тыртықты алған соң) өзінің айналасындағы сау тіндермен алмастыруға негізделеді. Жергілікті тіндерді қолданудың ең қарапайым әдісі – жара шеттерін бір-біріне қосу және жара көлемін азайту үшін одан алшақтау жатқан аймақты босаңсыта тілу. Босаңсыта тілуді тері дефектісінің белгілі аймағынан жүргізеді, ал қозғалғыштығын жоғарылату үшін бірнеше жерден тілуге болады. Бұл әдісті көбінесе тігіс салу теріні қатты тартып тастайтын жағдайда немесе теріде кішігірім дефект қалатын операцияларда (сут безінің ампутациясы, терінің үлкен тыртықтарын алып тастау) қолданады.
– ҚАРАМА-ҚАРСЫ ОРНАЛАСҚАН ТЕРІ ЛОСКУТТАРЫН ӘРТҮРЛІ ФИГУРАЛАР ТҮРІНДЕ (ҮШБҰРЫШ, РОМБ) БІРІНЕ ҚОСУ. 1946 ЖЫЛЫ А. А. ЛИМБЕРГ ОСЫ ӘДІСТІ ҚОЛДАН ОТЫРЫП ОПЕРАЦИЯ АЛДЫНДА ДЕФЕКТТІ ТОЛЫҚ ЖАБАТЫН ХӘНЕ СОЗЫЛУ ТУДЫРМАЙТЫНДАЙ ЕТІП ҚАРАМА – ҚАРСЫ ҮШБҰРЫШТЫ ЛОСКУТТАРДЫҢ ОРЫН АУЫСТЫРУ ЖОСПАРЫН ҚҰРАСТЫРДЫ. ТІНДЕРДІҢ ТІРШІЛІК ҚАБІЛЕТІН ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН ЛОСКУТТЫ ТЕРІ АСТЫ ШЕЛ ҚАБАТЫ ЖӘНЕ ФАСЦИЯСЫМЕН БІРГЕ ТІЛЕДІ. БҰЛ ӘДІСТІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ: БЕТТІҢ ТЫРТЫҚТЫ ДЕФОРМАЦИЯСЫ, АЯҚ-ҚОЛДЫҢ ТРОФИКАЛЫҚ ЖАРАЛАРЫ, ОПЕРАТИЯДАН КЕЙІН ҮЛКЕН ЖАРА ҚАЛУЫ, КЕЗ КЕЛГЕН ТЕРІ ПЛАСТИКАСЫНДА ЛОСКУТТЫҢ ЖАҢА ОРЫНҒА БЕЙІМДЕЛУІ ҮШІН ЖАРАНЫ ӨҢДЕУ МАҢЫЗДЫ. ОЛ ҮШІН ЖАРАНЫ ЖАҢАРТУ, ГРАНУЛЯЦИЯЛАНҒАН. ТЫРТЫҚТАНҒАН ТІНДЕРІНЕН КАПИЛЛЯРЛЫҚ ҚАНАУ ПАЙДА БОЛҒАНША
ЛИМБЕРГ БОЙЫНША СИММЕТРИЯЛЫҚ ҮШБҰРЫШТАР АРҚЫЛЫ ТЕРІ ПЛАСТИКАСЫ
ҚОРЕКТЕНДІРУШІ АЯҚТАРЫ БАР ТЕРІ ЛОСКУТЫ АРҚЫЛЫ ПАСТИКА ЖАСАУ ӘДІСІ ИТАЛЬЯНДЫҚ ӘДІС В. П. ФИЛАТОВ ӘДІСІ
Итальяндық әдіс Бұл әдіс бір уақытта қоректендіруші аяқтары бар лоскутты дайындай отырып оны тері дефектісі орнына көшіруге негізделген. Лоскутты үлкен аралыққа тасымалдауға ыңғайлы орыннан, яғни қол немесе аяқтан алады. Лоскутты алуда оның артық иілуінен және созылуынан сақтау керек.
ФИЛАТОВ БОЙЫНША СТЕБЕЛЬ ТӘРІЗДІ ЛОСКУТПЕН ПЛАСТИКА ЖАСАУ Филатов әдісінде екі қоректендіруші аяғы бар стебель тәрізді ұзын тері лоскутын дайындап алады да, жара жазылған соң және сәйкес жаттығулардан соң бір ұшымен тері дефектісіне тігеді Жергілікті новокаинді анестезиядан кейін қажетті ені мен ұзындығын анықтап, теріден параллель екі тілік жүргізеді. Тіліктің соңына таяған жерінде екі жаққа тарап кетеді. Алынатын тері ұзындығы 5 -10 см, ені 5 -40 см. дейін жетуі мүмкін. Ол лоскут алынатын орынға, шел қабатының қалыңдығына, тасымалданатын орын алыстығына. лоскутты алған соң қалатын тері шеттерінің біріктірілу мүмкіндігіне тәуелді. Тері лентасын алудың ең қолайлы жері – алдыңғы құрсақ қуысы.
ФИЛАТОВ ӘДІСІ ТЕРІ ЛОСКУТЫ ОРТАСЫНАН ЕКІ ШЕТІНЕ ҚАРАЙ КЕСІЛГЕН. ЛОСКУТТЫҢ ЕКІ ҚЫРЫ БІР – БІРІНЕ ЖӘНЕ ТЕРІ АЛЫНҒАН ЖЕР БІР-БІРІНЕ ТІГІЛГЕН
СТЕБЕЛЬДІ ЛОСКУТТЫ ТАСЫМАЛДАУ МЕХАНИЗМІ ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН ЛОСКУТТЫҢ БІР АЯҒЫН БІЛЕЗІКТІҢ АЛДЫН-АЛА КЕСІП ДАЙЫНДАЛҒАН БӨЛІГІНЕ ОРНАЛАСТЫРАДЫ. ЯҒНИ ЛОСКУТТЫҢ БІР АЯҒЫ КЕУДЕДЕ ҚАЛАДЫ, ЕКІНШІСІН БІЛЕЗІККЕ КӨШІРЕДІ. ОСЫ ЖЕРДЕ 2 -3 АПТА ЖАТТЫҒУ ЖАСАЛАДЫ. КЕЙІННЕН ЛОСКУТТЫҢ ЕНДІ КЕУДЕ БӨЛІГІН АЖЫРАТЫП ТЕРІ ДЕФЕКТІСІНЕ ОРНАЛАСТЫРАДЫ. ЖАРА ТОЛЫҚ САУЫҚҚАНША БІЛЕЗІКПЕН БІРГЕ ҚАЛДЫРЫЛАДЫ. ОСЫДАН КЕЙІН ҒАНА БІЛЕЗІКТЕ ҚАЛҒАН ЛОСКУТТЫ ПАЙДАЛАНАДЫ.
БІЛЕЗІККЕ ТІГУ АРҚЫЛЫ ЛОСКУТТЫ ТАСЫМАЛДАУ
ТЕРІНІ ЕРКІН ҚОНДЫРУ Негізгі үш түрін ажыратады: lҚалыңдығы 0, 2 -0, 3 мм. болатын жұқа теріні қондыру. Мұнда тері эпидермисі жіне емізікше қабат ғана болады. (Реверден, Тирш бойынша) l. Орташа теріні қондыру, 0, 4 -0, 6 мм. (Янович -Чайнский, Педжет) l. Теріні бүкіл қалыңдығы бойынша қондыру (Яценко, Лоусон, Краузе, Дуглас, Парин, Джанелидзе)
ТИРШ ӘДІСІМЕН ТЕРІНІ ҚОНДЫРУ Операция алдында дефект орнын және трансплантант алынатын аймақты дайындап алады. Грануляцияланған тіндерді скальпельмен алып тастайды немесе антисептикалық примочка қояды. Осы жерде гемостазды өте мұқият қадағалау қажет. Себебі трансплантант пен дефект арасында гематома түзілуі мүмкін. Трансплантантты көбінесе сырт жақ сан терісінен алады. Ол жерді алдын-ала сабындап жуып, спиртпен өңдейді. Йодпен өңдеуге болмайды, себебі, терінің тіршілік қабілеті төмендеп кетеді. Трансплантант алынатын терінің бүкіл бойымен 0, 25% новокаин ерітіндісін теріастына енгізеді. Ассистент алынатын теріні қарама қарсы жаққа тартып ұстайды, ал хирург дерматоммен алдын –ала белгіленген тері көлемін тіліп алады. Драсында физиологиялық ерітінді құйылып отырылады. Трансплантантты жара шетіне аз ғана тигізбей орналастырады да бетіне жұқа марля жауып, бинтпен орап тастайды. Таңуды 1415 күннен соң ауыстырады.
ОРТАША ҚАЛЫҢДЫҚТАҒЫ ТЕРІНІ ҚОНДЫРУ Мұндай қалыңдықтағы трансплантантты травма кезіндегі жас жара онын жабу, әр түрлі тыртықты деформацияларды өңдеу, алынып тасталған ісіктер орнын жабу, т. б. Жағдайларда қолданылады. Бұл тәсіл де дерматом көмегімен жүзеге асырылады. Дерматомның барабанының үстіне 0, 120, 15 мм. фибринді пленка жабады. Пленканың бетіне және алынатын тері бетіне Колокольцев желімін жағады. Трансплантант алынған соң пленкасымен бірге дефект орнына шетінен 0, 3 -0, 5 см. шығып тұратындай етіп жабыстырылады да кетгутты жіппен сирек етіп тігіледі. Донорлық тері орнына құрамында құрғақ тромбин, пенициллині бар ұнтақ себіледі. Таңуды 8 -10 күннен соң ауыстырады. Осы кезде шеттеріндегі артық теріні алдын-ала антисептикпен жібітіп, алып тастайды.
ТЕРІ ЛОСКУТЫН БҮКІЛ ҚАЛЫҢДЫҒЫМЕН ҚОНДЫРУ Теріні барлық қабатымен қонжырудың маңызы зор. Себебі мұндай тері сыртқы факторлар әсеріне төзімді болады. Тартылып қалмайды, бүріспейді. Тыртық аз қалады. Бірақ донорлық аймақта эпителий тіні өзінен өзі өсіп шықпайтындықтан оны жабу қиын болады. Сондықтан көбінде трансплантант терісінің көлемін арттыру үшін оны бірнеше жерден тіліп немесе тесіп созылғыштығын жоғарылатады.
Ю. Ю. ДЖАНЕЛИДЗЕ БОЙЫНША ТЕРІ ҚОНДЫРУ. ТЕРІНІ КЕСІП ОТЫРЫП ҚЫСҚЫШҚА ОРАП ОТЫРАДЫ
КЕСІП АЛЫНҒАН ТРАНСПЛАНТАНТҚА ТІЛІКТЕР ЖАСАЙДЫ.
ЛОСКУТТЫ ДЕФЕКТ ОРНЫНДАҒЫ БІРІНЕ ЖАҚЫНДАТА БОС ТІККЕН ЖІПТЕР АСТЫНАН ӨТКІЗІП ОРНАЛАСТЫРАДЫ.
ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН ҚОНДЫРУ ӘДІСТЕРІ АУТОПЛАСТИКА ДЕП АТАЛАДЫ. СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ТЕРІ ПЛАСТИКАСЫНДА ГОМОПЛАСТИКАНЫ ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛУДА. ЯҒНИ ИНФЕКЦИЯДАН ТАЗА ӨЛГЕН АДАМНЫҢ ТЕРІСІН ҚОЛДАНУ. МҰНДАЙ ҚОНДЫРУ ҮДКЕН ДЕФЕКТІЛЕРДІ ЖАБУ ҮШІН ӨТЕ ТИІМДІ. ОЛ ҮШІН ҚАН ТОБЫ СӘЙКЕС КЕЛЕТІН, КОНСЕРВІЛЕНГЕН ТЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. КОНСЕРВІЛЕУ ҮШІН ТЕЗ АРАДА -70 -80 ТЕМПЕРАТУРАДА ҚАТЫРЫП, АРТЫНАН ВАККУМДЫ АППАРАТТА(ЛИОФИЛИЗАЦИЯ) КЕПТІРЕДІ. ЖАРА ОРНЫН ӨҢДЕП КОНСЕРВІДЕГІ ТЕРІНІ ҚОНДЫРЫП, СИРЕК ЕТІП КЕТГУТТЫ ЖІППЕН ТІГЕДІ. КОНСЕРВІЛЕНГЕН ГОМОТРАНСПЛАНТАНТ ҚОРЕКТЕНБЕСЕ ДЕ АСТЫНДАҒЫ ТІНДЕРДІҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗАДЫ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ДЕФЕКТ АУМАҒЫН КЕБУ МЕН ТІНДІК
Г. Е. Островерхов, Д. Н. Лубоцкий. Курс топографической анатомии иоперативной хирургии С. К. Елизаровский, Г. Калашников. Топографическая анатомия и оперативная хирургия. Интернет желісінен – www. rambler. ru
Какимова мадина иммун срс.ppt