Сакенов Б 547топ ЖМФ.pptx
- Количество слайдов: 17
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: Отбасын жоспарлау. Орталықтарында және әйелдер кеңесінде жас аналар мектебіне қатысу, есеп беру. Орындаған: Сакенов Берик 547 топ Семей 2013 ж
Жоспар Кіріспе бөлім Отбасыны жоспарлаудың мақсаты Әлеуметтік ақпараттар Отбасыны жоспарлау жүйесінің бөлімі
• Баланың дүниеге келуі тек отбасы үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекетке де, қоғамға да маңызды. Кез-келген мемлекет үшін орташа есеппен әр отбасында 2 -3 баладан болуы тиіс. Соған қатысты мемлекетте отбасын сақтауға, оны құруға бағытталған бірнеше шаралар қолданады.
• Жас отбасы, әсіресе оның ішіндегі бала дүниеге келген отбасыны қоғам тарапынан көмек көрсету; • Әлеуметтік және медициналық тұрғыдан жүкті әйелдің денсаулығын қорғау; • Қоғамдағы азаматтарға жеке отбасыны жоспарлау бойынша клиникалық немесе кеңестік орталық ашуға рұқсат беру; • Қоғамның репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасыны жоспарлауға бағытталған ақпараттың қол жетімді болуы.
Отбасыны жоспарлау не үшін қажет? • Дүниеге дені сау қалаулы бала әкелу • Әйелдің денсаулығын сақтау; • Отбасында психосексуалды қатынасты тұрақтандыру; • Өмірдегі жоспарларды іске асыру.
• Ата-аналық жауапкершілігі болып дүниеге қалаулы бала келу үшін кезкелген адам өзінің репродуктивті денсаулығын білуі қажет: Репродуктивті денсаулық – өмірдің барлық сатысында физикалық, ақыл-ой жағынан және әлеуметтік тұрғыдан адамның толық қанағаттануы (реподуктивті аурулар болмаса).
Жыныстық өмірге қатысты тәрбие беру • Әдетте жыныстық өмірге байланысты тәрбие беру адамның жеке тұлғасының, оның ішінде моральды, құқықтық, мәдениет және эстетика жағының дамуымен бірге жүреді. Жыныстық өмірге тәрбилеу жұмыстары салауатты өмір салтын ұстану, отбасылық өмірге дайындау, ата-аналық жауапкершілікті түсіндіру болып табылады. Жыныстық өмірге тәрбиелеу келесі жолдарды қарастырады: • Жасөспірімдер арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; • Ақпарат тарату жолдарын кеңейту; • Өзінің ойын ортаға салып, өз таңдауын қабылдай алу; • Отбасыны өз қалауы мен махаббатпен жоспарлау және оны құру; • Ерте жыныстық қатынасқа түсуді болдырмау.
• Отбасын жоспарлау – жұптардың қабілетін ескере отырып болжап және қажет еткен бала санына жетуін қарастырады. Аталмыш жоспарлау қажетсіз жүктілікті болдырмауға; көптен аңсаған және дені сау балалардың тууына; әр жүктілік арасын реттеп отыруға; әйелдер денсаулығын сақтауға; ата -аналардың жасына қарай, баланың туу уақытын таңдауын бақылауға және отбасындағы балалар санын нақтылуаға; өмірлік жоспарын жүзеге асыруға; тұрмыс сапасын жақсартуға көмектеседі. Өзінің денсаулығын бағып, көптен күткен және дені сау бала тусын десе, әрбір адам мұны білуге тиіс.
Отбасыны жоспарлау – ДДҰ анықтамасына сәйкес бірнеше мәселені шешуге бағытталған шаралар жиынтығы Оның ішінде: - Қаламаған жүктіліктен сақтану; - Тек қалаған балаларды дүниеге әкелу; - Бірнеше рет болатын жүктіліктер арасын ретті сақтау; - Ата-анасының жасына сәйкес баланың дүниеге келі уақытын анықтау; - Отбасындағы бала санын анықтау.
Тәжірибелік тұрғыдан мұндай мәселелерді шешу тек санитарлы ағарту жұмыстарымен немесе отбасыны жоспарлау бойынша кеңес беру орталықтарында жүзеге асады.
• Баланың тууы мен оның қалаулы болуына және жүктіліктердің интервалын ретті қадағалауға маңызы бар контрацепцияны қолдану отбасыны жопарлауда шешілу керек мәселенің бірі. Бұл қалаулы баланың ғана дүниеге келуімен қатар жоспарланбаған жүктілікті болдыртпай, жасанды түсік пен ана өлімінің көрсеткішіне әсерін тигізеді.
• Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы -болашақ ананың ұрпақты болу денсаулығына кері әсерін тигізері анық. Әсіресе бірінші жүктілікті алғызып тастаса, одан кейін балалы болмай қалуы, яғни бедеулікке алып келу фактілерінің орын алуы мүмкін. Жасанды түсік жасату арқылы жарық дүииеге ұмтылған нәрестенің өмірін үзу – адам өлтірумен тең. Жылына әлемде 50 миллион жасанды түсік жасалады. Оның ішінде тек 20 млн тіркеледі. Күніне 200 әйелді өлімге әкеледі. Ал, әлемде 70 мың әйел жасанды түсік асқынуларынан көз жұмады. Жасанды түсіктен кейінгі көз жұмған әрбір тоғызыншы адам 15 -19 жас аралығында, және оның 80 % медициналық мекемеден тыс жасалған.
• Отбасын жоспарлау үйлесімді және қауіпсіз жыныстық өмір сүруге мүмкіншілік беретін сақтандыру әдісінің көмегіне жүгіне отырып жүзеге асырылады. Сақтандырудың негізгі түрлері мен әдістері: 1. Бөгейтін – еркүйек (презерватив); 2. Гормоналдық – жиынтықтан тұратын ішетін сақтандыру құралдары;
• 3. Химиялық – спермицидтер (гелдер, қынаптық таблеткалар, балауыздар); 4. Жатыр ішінің сақтандыру құралдары – жатыр ішінің шиыршығы (спиралі); 5. Хирургиялық – жатыр түтігін байлап тастау, тамыр кесіп алу (қайта қалпына келмейтін әдіс); 6. Табиғи сақтандыру әдісі – күнтізбелік, лактациялық етеккірсіздендіру әдісі.
Контрацептивті заттар келесі талаптарға сәйкес болуы қажет: - Контрацептивті әсері жоғары болуы қажет; - -әйелдің ағзасына және оның ер адамына қатысты патологиялық әсері болмауы тиіс; - Келесі ұрпақ үшін тератогенді әсері болмауы тиіс; - Қолдануға қарапайым болуы тиіс; - Қол жетімді, арзан және эстетикалық жағымды болуы тиіс
• Балаларды туу үшін қолайлы жас 20 мен 30 жас аралығы. Туу аралығының ұзақтығы кем дегенде 2 - 2, 5 жас болуы керек, бұл әйелдің келесі туғанына дейін күш жинауына мүмкіншілік береді, өзінің және келекшектегі туатын балаларының денсаулығын сақтайды. Сақтандыру әдісін таңдау оңай шаруа емес, оны дәрігермен біріге кеңесе отырып шешкен дұрыс. Түсіктің қандай түрі болмасын – бұл үлкен қауіп, келешекте әйел бала туа алмауы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер 1. Интернет желісі www. google. ru www. yandex. ru www. mail. ru 2. Прилепская В. Н. , Сотникова Е. И. « Акушерство и гинекология» , 2003, № 1.
Сакенов Б 547топ ЖМФ.pptx