314~1.PPT
- Количество слайдов: 17
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: “Дәлелді профилактика. Негізгі түрлері, енгізудегі проблемалары, скрининг бағдарламалардың қортындысын талдау” Орындаған: Бокаева К ЖМФ 320 топ Семей 2010 ж
Жоспар: 1. Дәлелді профилактика түсінігі. 2. Скрининг туралы түсінік. 3. Скринингті бағдарламаның бағалау критерийлері.
Дәлелді профилактика Алғаш рет дәлелді профилактикалық бағдарламалар клиникалық тәжірибеге 1979 жылы Канадалық дәрігерлердің жазбаларында айтылып, заңды түрде тіркеліп енгізілген. Қазіргі кезде Ұлыбританияда, Солтүстік Америкада, Австралияда ауруларды алдын алу шараларын ұйымдастырудың деңгейі оптимальды болып келеді. Осы және басқа да дамыған мемлекеттерде ұлттық профилактикалық бағдарламалары бар, бірақ олардың барлығы халықаралық бірлестіктердің өнімдері болып отыр. Осы бағдарламаларға енгізілген ұсыныстар бір фактіге негізделген, сондықтан бұл бағдарламалар арасында айырмашылық аз.
Негізінен ұлттық бағдарламалар АҚШтың профилактикалық бағдарламалардың (U. S. Preventive Services Task Force — USPSTF), Канадалық профилактикалық медицинаның жұмысшы тобының (Canadian Task Force on Preventive Health Care) және Американдық жанұялық дәрігерлер ассоциациясының (American Academy of Family Physicians) ұсыныстарына нұсқау береді. Бұл ұсыныстар профилактикалық шаралардың периодтылығы мен көлемін анықтаудағы негіз болып есептелінеді.
Профилактикалық бағдарламаларға (соның ішінде скринингке жататын бағдарлама) енгізілетін әрбір ұсыныс әдебиеттің нақты анализінде негізделінеді, ал ол бірнеше кезеңдерден құралады: 1) Аналитикалық жоспарды жасау және әдебиетті анықтаудағы негізгі сұрақтарды қою; 2) Ғылыми-медициналық әдебиетке жататын тақырыпқа жүйелік шолу жасау; 3) Ғылыми берілгендердің сапасының категориясын анықтау; 4) Пайданы және зиянды бағалау; 5) Қарастырылып отырған ұсыныстың пайдасы мен зиянының балансын анықтау.
Профилактикалық бағдарламаларды бағалау үрдісі абсолютті түрде ашық болып табылады, барлық ғылыми-медициналық әдебиеттерге сілтеме және ұсыныстарды толық көлемде USPSTF (www. preventiveservices. ahrq. gov. ) сайтынан алуға болады, сонымен қатар бұл сайтта ұсынысты жасаушы эксперттің атыжөнін де табуға болады. Сонымен қатар ұсыныстардың қысқартылған түрі периодты түрде басылымнан шығып тұрады.
2005 жылы шыққан соңғы басылымдардың бірі 192 беттен тұрады және ол 45 аурудың профилактикасы туралы ұсыныстардың дәлелді бағаларынан тұрады. Кейбір жалпы мазмұнды кірісулерді жекелеген түрде қарастырған, мысалы диета, дәрумендерді қолдану т. б. Жеке аурулар профилактикасының бағдарламаларына скрининг немесе профилактикалық кірісулер туралы ұcыныстар кіреді.
Скринингті бағдарламаны өткізу керектігін бағалайтын классикалық критерийлерді XX ғасырдың 60 жылдары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жасап шығарған. Қазіргі уақытта бұл классикалық критерийлерге Ұлыбританияның ұлттық скринингті комитеті қосымшалар енгізіп, өңдеуден өткізген.
Скрининг дегеніміз ауруды немесе қауіп факторларын анықтау мақсатында өзін науқас ретінде есептемейтін адамдарды тексеруден өткізу. Скринингтің басты және негізгі мақсаты – адамда ауруды табу емес, қолайсыз клиникалық нәтижелерді алдын алу, яғни аурудың деңгейін және өлім дәрежесін төмендету. Жеке аурулардың профилактикалық бағдарламаларына скринингтің қосылуы скрининг теорияларына және әрбір қарастырылатын ауруға белгілі бір скринингті тесттің қолданылуының пайдалы дәлелдемелеріне негізделінеді. Скринингтің теориялық негіздерінің жасалып өңделуіне көп уақыт болды және олар көптеген мемлекеттерде кең қолданылысқа ие.
Скринингті бағдарламаның бағалау критерийлері Қалпы (ауруы) 1. Қалып (ауру) денсаулықтың маңызды проблемасы болуы керек. 2. Эпидемиология және аурудың ағымы туралы нақты мағлұмат болуы керек. 3. Берілген қалып бойынша бірінішілік профилактика туралы барлық экономикалық эффективті кірісулер алдын ала клиникалық тәжірибеге ендірілуі керек. 4. Егер скринингтің қорытындысы нәтижесінде генетикалық мутация тасымалдаушылары анықталса, бұл адамдардың өмір ағымы анық жоспарлануы керек.
Тест 5. Қарапайым, қауіпсіз, нақты және тексерілген скринингті тест болуы керек. 6. Популяцияға тесттің мән-мағынасы белгілі болуы керек, ал қалыпты шекаралардың өлшемдері анықталған болуы керек. 7. Тест тексерілетін адамдарға сәйкес, қолайлы болуы керек. 8. Тексеру тактикасы және адамдарға ұсынылатын таңдау варианттары анықталған болуы керек. 9. Егер генетикалық мутацияға тесттілеу барлық мүмкін мутацияларға өткізілмесе, онда скринингке енген мутация түрін таңдаудың анық критерийлері болуы керек.
Кірісулер (емдеуі) 10. Аурудың клиникалық алды кезеңінде анықталған адамдарды емдеудің және кірісулердің эффективті түрлері болуы керек, сонымен қатар аурудың клиникалық алды кезеңінде жүргізілген ем клиникалық кезеңде жүргізілетін емге қарағанда жақсы клиникалық нәтижелерге әкелетіндігін дәлелдеу керек. 11. Скринингті бағдарламаға қатысудан бұрын бұл бағдарламаға қатысатын барлық медициналық қызметкерлер анықталатын ауруды емдей алуға және кірісулердің мақсатын білуге дайын болуы керек.
Скрининг бағдарламасы 12. Өлім немесе ауру деңгейінің төмендеуінде скринингті бағдарламаның эффективтілігін растайтын, жоғары дәрежелі рандомизирленген бақыланатын сынақта алынған, дәлелдемелер болуы керек. 13. Тест және оның қорытындысы тексерілуші үшін мәнді және түсінікті болуы керек. 14. Скринингті бағдарлама толық көлемде медициналық қызметкерлер мен халық үшін клиникалық, әлеуметтік және этикалық жағынан қолайлы екенін дәлелдейтін дәлелдемелер болуы керек. 15. Скринингті бағдарламаның пайдасы оның физикалық және психологиялық зиянынан (тест, диагностикалық процедуралар мен емнің әсері) артық болуы керек. 16. Кірісулер, қосымша диагностикалар мен тестілеуге байланысты шығындар алдын ала жоспарлы түрде ойластырылуы керек.
17. Скринингті бағдарламаны бақылау және басқару жоспары болуы керек. 18. Скринингті бағдарламаның материалдық қамтамасыз етілуі скринингті бағдарламаның басталуына дейін орындалуы керек. 19. Барлық мүмкін болатын кірісулер түрлері, қосымша шығындар (қосымша емдеу, басқа қызмет көрсетулер) алдын ала ескерілуі тиіс.
20. Тестілеу, кірісулер және емдеу туралы дәлелді ақпарат, таңдау жасауға көмектесу үшін, скринингті бағдарлама қатысушыларына түсінікті болуы керек. 21. Егер скрининг генетикалық мутацияларды анықтауға бағытталса, онда бағдарлама генетикалық мутация анықталған адамдарға да, олардың жанұяларының мүшелеріне де қолайлы болуы керек.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Триша Гринхальх “Основы доказательной медицины” Москва, 2009 ж. 2. www. google. ru 3. www. medline. ru
314~1.PPT