
Сакпанова Сауле 438 гр.ppt
- Количество слайдов: 26
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: Бедеу жұпты тексеру алгоритмі. Орындаған: ЖМФ 438 -топ Сакпанова Сауле Тексерген: Асем Нұрсайыновна Семей 2012
Жоспар: I Кіріспе бөлім: Бедеулік туралы түсінік. II Негізгі бөлім: Бедеуліктің жіктелуі Бедеулікті анықтау алгоритмі. III Қорытынды бөлім.
Бедеулі неке дегеніміз- репродуктивті жастағы ерлі-зайыптылар 1 жыл ішіндегі ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды қолданбаған кезде жүктіліктің болмауын айтамыз. Барлық некенің 1015%-тік есебін бедеулік алады, әйел бедеулігі 50%ке жуық, ерлер бедеулігі 40%, 10% аралас болып табылады
Бедеуліктің жіктелуі: -Абсолютті(организмде кері қайталанбайтын патологиялық өзгерістердің болуы) -Салыстырмалы(бедеуліктің себептерін жоюға болатын жағдайлар) -Біріншілік (егер жүктілік ешқашан да болмаса) -Екіншілік(егер жүктілік бұрын болып, содан кейін 1 жыл арасында болмаса)
Бедеулік біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Егер әйел жүктіліктен сақтану зардабын қолданбай, 2 жылға созылған некеде жүкті болмаса, оны біріншілік бедеулік деп есептейді. Екіншілік бедеулік бұрынғы босану, аборт не түсік, жатырдан тыс жүктіліктен кейін болады. Бедеулік өз алдына дамыған жеке ауру емес, ол әр түрлі аурулардың белгісі болып табылады.
Бедеулік Әйел бедеулігі Ер бедеулігі
Әйел бедеулігі 1. Эндокринді түрі: басқа бедеуліктің себептерінің ішінде 35 -45% құрайды, бұл бедеуліктің түрінде овуляция процесі бұзылады; 2. Түтіктік-перитонеалды: 20 -30% құрайды, бұл бедеуліктің түрі жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларынан кейін, операция жасалғанда, жабысқақ кезінде болады, онда жатыр өткізгіштігі бұзылады; 3. Гинекологиялық аурулар: 15 -23% құрайды а)жатырлық; б)өзектік; в) қынаптық 4. Иммунологиялық: 2 -5%құрайды, бұл кезде шәуетке қарсы антиденелер түзіледі. 5. Түсініксіз: 8 -10% құрайды.
Ерлердің бедеулігінің келесі түрлері бар: Ø Варикоцелле(шәует канатигінің қан тамыларының кеңейіп кетуі-32, 2%) Ø Жыныс мүшелерінің індетті қабыну аурулары(уретрит, везикулит, эпидедит ) Ø Эндокринді бұзылыстар(4%) Ø Хромосомды аномалиялар (Клайфельтр синдромы) Ø Крипторхизм Ø Жүйелік аурулар, ятрогенді себептер, шәует шығаратын жолдарының бетелуі(1. 5%)
Себептері: v. Жыныс мүшелерінің анатомиялық және функционалды өзгерістері; v Жыныс мүшелерінің қабыну ауурулары, гонорея, туберкулез, кіші жамбас қуысының жабысқақ процестері v Жарақаттар, ісіктер, жатыр мен оның қосалқыларының даму ақаулары; v Түсіктер, эндометрийдің рецепторларының бұзылыстары, індетті аурулар; v Стресс жағдайлар, эндокринді бұзылыстар, семіздік, экстрагенитальды ауралар; v Семіздік
Бедеуліктің басты екі себебі бар. Бірінші - ол экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір ғылыми-техникалық үрдістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасында гендер өзгеріске ұшырайды. Ал екінші себеп ол қазіргі сексуалды революция. Ерте жыныстық қатынастар, кездейсоқ жыныстық қатынастар. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де еркекте де кездесіп жатыр. Соның себебінен екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Мысалы әйелдер бала көтермес үшін, соны тежеу үшін неше түрлі дәрілер қабылдайды. Соның барлығы да өзінің кері әсерін тигізеді
. Ұрықсыздық. Кейбір адамның организмі өмір бойы бала жасай алмайтындай боп қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады. Созылмалы инфекция, бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеп соқтырады. Егер ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Соз бен хламидия ауруының алдын -алу және оны кешеуілдетпей емдеп, жазу әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.
n Ер адамдардың кейбірінде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың организмінен жасалып, жинақталып шығатын шәуеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер бірқатар уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.
Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмір бойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмауы керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары үміт және сабыр. Одан кейін білікті маман кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.
Бедеулі некедегі диагностикалық алгоритм. 1. Инфекционды скрининг 2. Гормональды скрининг 3. Иммунологиялық скриниг 4. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ 5. Маммография 6. Гистеросальпингография 7. Бас сүйегінің және түрік ершігінің рентгенограммасы 8. КТ, МРТ 9. Қалқанша безі УДЗ 10. Эндоскопиялық зерттеу әдістері 11. Жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабілетін тексеру; 12. Спермограмма- шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру; 13. Лапороскопия-құрсақ қуысы мен таз аймағындағы мүшелерді тексеру;
Тексеруді неден бастау керек? n Бедеу неке мәселелерін шешу ушін әйел адамға әйелдер кеңесіне, ал еріне урологқа немесе андрологқа керек анализдер немесе дәрігерге жолдама алу үшін қаралуы қажет. Жұптарды тексеруді паралельді жүргізген жөн.
Ол үшін еріне қандай әркеттер жасау керек? n Мамандар тексеруді ер адамнан бастаған дұрыс деп санайды. Себебі ер адамның бедеулігін анықтау тез және оңайырақ. Бедеулік қандай себептен пайда болғанын спермарамма арқылы анықтауға болады.
Процедураны жүргізбес бұрын, жұптың еріне мыналарға тиым салынады: n 3 -4 күн жыныстық қатынасқа түспеу n Темекі, ішімдіктен бас тарту n Дәрілер қабылдау n Ыстық ванна қабылдамау n
Әйеліне қандай әрекеттер жасау керек? n Күйеуіне қарағанда әйел адам өзінің репродуктивті жағдайын бағалау үшін 2 -3 ай тексерілуі қажет. Бұл уақыт аралығында мамандар овуляция қалай жүреді соны бақылайды. Жатырлық өзектің өткізгіштігін анықтау үшін рентгендік гистеросальпингография жүргізеді. УДЗ зерттеу жатырдың, трубканың, аналық безінің құрлысын және жағдайын нақты анықтайды.
n Кейбір клиникаларда қынаптық дачиктерді де қолданады, кейде тағы бір әдіс лапароскопия қолданылады. Іш қуысына тілік арқылы еніп, оптикалық құралдар көмегімен кіші жамбас органдарын: жатырды, трубканы, аналық бездерін көруге болады.
Бедеу неке анықталған жағдайда жұптардың екеуіне де не истеу керек? Біріншіден иммунологиялық сәйкестікке тест жүргізу n Екіншіден жыныс жолдарымен берілетін ауруларға диагностика жүргізу n
Иммунологилық сәйкессіздік дегеніміз? n Ерлі зайыптылардың біреуінің жыныс клеткалары екіншісінің организміне бөгде зат ретінде енеді, бірақ соңында өледі. Сонымен қатар резус фактордың да сәйкес келмеуі жатады. Осылардың барлығы бедеу некеге алып келеді.
Бедеулікті емдеудің әдіс тәсілдері. Консервативті: қабынуға қарсы және гормональды ем. Хирургиялық: жатыр түтіктерінің өткізгіштігін қалпына келтіру үшін, жабысқақтарды ажырату үшінлапароскопия, реконструктивті пластикалық операциялар; жатыр ішілік синехияларды, эндометрийдің гиперпластикалық процесін емдеу үшін-гистероскопия қолданады. Қосымша: Емнің нәтижесіз болғанында - Эко ЗИФТ – жатыр түтігіне зиготаны енгізу. Бұл екі әдісті әйелдер бедеулігінің түсініксіз түрінде диагностикалық лапароскопиямен байланыстыра отырып жүргізеді.
Емдеу шараларын жүргізер алдында әйел адам кешенді тексерілуден өтіуі тиіс. Оны гинекологқа қаралу ішкі жыныс мүшелерінің УЗИ , жасырын инекцияларға анализдер тапсыру, инфекцияға, сифилис, А ИТВ қан тобы мен резус факторын анықтау үшін анализдер тапсыру, қан гормондарын тексеру, сонымен қоса жүктілікке рұқсат берілген терапевтің қорытындысы да қажет.
Қорытындылай келсек: Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмір бойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмауы керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады.
Қолданылған әдебиеттер: Э. К. Айламазиян «Акушерство» Санкт-Петербург. 1. Интернет желісі www. google. ru www. yandex. ru www. mail. ru
Назарларыңызға рахмет!!!
Сакпанова Сауле 438 гр.ppt