Бектембаева Б 428 топ ЖМФ.ppt
- Количество слайдов: 23
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: Бедеу некені тексеру алгоритмі. Орындаған: Бектембаева Б. Б. 428 -топ, ЖМФ. Тексерген: Алимханова Э. Қ Семей 2011 жыл
Жоспар: I Кіріспе бөлім: Бедеулік туралы түсінік. II Негізгі бөлім: Бедеуліктің жіктелуі Бедеулікті анықтау алгоритмі. Бедеулікті емдеудің әдіс тәсілдері. III Қорытынды бөлім.
Бедеулі неке дегеніміз- репродуктивті жастағы ерлізайыптылар 1 жыл ішіндегі ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қасы заттарды қолданбаған кезде жүктіліктің болмауын айтамыз. Барлық некенің 10 -15%-тік есебін бедеулік алады, әйел бедеулігі 50%ке жуық, ерлер бедеулігі 40%, 10% аралас болып табылады Бедеуліктің жіктелуі: -Абсолютті(организмде кері қайталанбайтын патологиялық өзгерістердің болуы) -Салыстырмалы(бедеуліктің себептерін жоюға болатын жағдайлар) -Біріншілік (егер жүктілік ешқашан да болмаса) -Екіншілік(егер жүктілік бұрын болып, содан кейін 1 жыл арасында болмаса)
Бедеулік біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Егер әйел жүктіліктен сақтану зардабын қолданбай, 2 жылға созылған некеде жүкті болмаса, оны біріншілік бедеулік деп есептейді. Екіншілік бедеулік бұрынғы босану, аборт не түсік, жатырдан тыс жүктіліктен кейін болады. Бедеулік өз алдына дамыған жеке ауру емес, ол әр түрлі аурулардың белгісі болып табылады.
Бедеулік әйел бедеулігі, ерлер бедеулігі болып бөлінеді.
Әйел бедеулігі 1. Эндокринді түрі: басқа бедеуліктің себептерінің ішінде 35 -45% құрайды, бұл бедеуліктің түрінде овуляция процесі бұзылады; 2. Түтіктік-перитонеалды: 20 -30% құрайды, бұл бедеуліктің түрі жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларынан кейін, операция жасалғанда, жабысқақ кезінде болады, онда жатыр өткізгіштігі бұзылады; 3. Гинекологиялық аурулар: 15 -23% құрайды а)жатырлық; б)өзектік; в) қынаптық 4. Иммунологиялық: 2 -5%құрайды, бұл кезде шәуетке қарсы антиденелер түзіледі. 5. Түсініксіз: 8 -10% құрайды.
Ерлердің бедеулігінің келесі түрлері бар: Ø Варикоцелле(шәует канатигінің қан тамыларының кеңейіп кетуі-32, 2%) Ø Жыныс мүшелерінің індетті қабыну аурулары(уретрит, везикулит, эпидедит ) Ø Эндокринді бұзылыстар(4%) Ø Хромосомды аномалиялар (Клайфельтр синдромы) Ø Крипторхизм Ø Жүйелік аурулар, ятрогендіі себептер, шәует шығаратын жолдарының бетелуі(1. 5%)
Себептері: v. Жыныс мүшелерінің анатомиялық және функционалды өзгерістері; v Жыныс мүшелерінің қабыну ауурулары, гонорея, туберкулез, кіші жамбас қуысының жабысқақ прцестері v Жарақаттар, ісіктер, жатыр мен оның қосалқыларының даму ақаулары; v Түсіктер, эндометрийдің рецепторларының бұзылыстары, індетті аурулар; v Стресс жағдайлар, эндокринді бұзылыстар, семіздік, экстрагенитальды ауралар; v Семіздік
Бедеуліктің басты екі себебі бар. Бірінші - ол экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір ғылыми-техникалық үрдістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасында гендер өзгеріске ұшырайды. Ал екінші себеп ол қазіргі сексуалды революция. Ерте жыныстық қатынастар, кездейсоқ жыныстық қатынастар. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де еркекте де кездесіп жатыр. Соның себебінен екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Мысалы әйелдер бала көтермес үшін, соны тежеу үшін неше түрлі дәрілер қабылдайды. Соның барлығы да өзінің кері әсерін тигізеді
. Ұрықсыздық. Кейбір адамның организмі өмір бойы бала жасай алмайтындай боп қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады. Созылмалы инфекция, бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеп соқтырады. Егер ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Соз бен хламидия ауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп, жазу әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі. Ер адамдардың кейбірде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың организмінен жасалып, жинақталып шығатын шәуһеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер бірқатар уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.
Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмір бойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмауы керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары үміт және сабыр. Одан кейін білікті маман кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.
Бедеулі некедегі диагностикалық алгоритм. 1. Инфекционды скрининг 2. Гормональды скрининг 3. Иммунологиялық скриниг 4. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ 5. Маммография 6. Гистеросальпингография 7. Бас сүйегінің және түрік ершігінің рентгенограммасы 8. КТ, МРТ 9. Қалқанша безі УДЗ 10. Эндоскопиялық зерттеу әдістері 11. Жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабілетін тексеру; 12. Спермограмма- шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру; 13. Лапороскопия-құрсақ қуысы мен таз аймағындағы мүшелерді тексеру;
Обьективт зерттеу Бойын, науқастың салмағы, дене салмағының инденксі. Қалыпты жағдайда 20 -26 кг/м. Тері жабындыларына назар аудару керек(құрғақ, дымқыл, майлы, бөртпелер, тртылу жолақтары), сүт бездерінің жағдайлары(дамуы, емізіктен бөліністер, қатаюы) УДЗ арқылы зерттеу ісік ауруларын алдын алу үшін Міндетті түрдемикроскопиялық жағынды алу, цервикальды каналдан, қынаптап және уретрадан. Керек болған жағдайда(ПЦР)
Бедеулікті емдеудің әдіс тәсілдері. Консервативті: қабынуға қарсы жіне гормональды ем. Хирургиялық: жатыр түтіктерінің өткізгіштігін қалпына келтіру үшін, жабысқақтарды ажырату үшінлапароскопия, реконструктивті пластикалық операциялар; жатыр ішілік синехияларды, эндометрийдің гиперпластикалық процесін емдеу үшін-гистероскопия қолданады. Қосымша: Емнің нәтижесіз болғанында - Эко
Репродуктивті медицина саласында жасалған тың зерттеулердің нәтижесінде бедеулікті емдеудің түрліше әдіс тәсілдері пайда болды. Емдеудің жолдары мен түрлері көп. Олардың әрқайсысы бедеулікке ұшырағандардың не себептен бедеулікке ұшырағанына байланысты қолданылады. Бедеулікке ұшырағандардың бедеулікке ұшырау себебі мен денсаулық жағдайын білген дәрігер сай келетін емдеу әдістерін ұсынады немесе өзі ең тиімді дегенін таңдап береді.
Қазіргі таңда бедеуліктен құтылудың мынандай амалдары бар: гормональды терапия, шұғыл терапия, , жасанды инсеменация, гистероскопия, лапороскопия, экстрокорпоралдық ұрықтандыру. Ағзаның табиғи жолмен ұрықтану қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда жасанды жолмен ұрықтандыруға жүгінуге болады.
Шәуеттің (еркектің жыныс жасушалары бар ұрығы)жасанды инсеминациясы. Бұл қарапайым әдістерінің бірі. Лабараторияда күйеуінің не донордың шәуеті алынады. Ұрықтың өміршеңдігін ұзақ уақытқа сақтап қалу үшін оны ерекше өңдеуден өткізеді. Овуляцияның қолайлы күндерінде шәуетті тікелей жатыр қуысына енгізеді. Емделу шараларының тиімділігін арттыру үшін алдын ала аналық жыныс безін ынталандырып алады, яғни бір цикл ішінде біреу емес, бірнеше аналық клетка өсіп жетілу үшін әйел ағзасына гормондық дәрі дәрмектер енгізіледі. Бұл әдіс суперовуляция деп аталады.
Жасанды инсеменеция төмендегідей себептер болса ғана жасалынады: Аталық ұрықты қынаптан жатырға өткізбейтін әйелдің жыныстық жолынан шығарылатын цервикалды шырыштың ерекше қасиеті. Жұптың біреуінің бедеулігі. Жыныстық қатынасқа түсетін жұбының болмауы.
Емдеу шараларын жүргізер алдында әйел адам кешенді тексерілуден өтіуі тиіс. Оны гинекологқа қаралу ішкі жыныс мүшелерінің УЗИ , жасырын инекцияларға анализдер тапсыру, инфекцияға, сифилис, АИТ В қан тобы мен резус факторын анықтау үшін анализдер тапсыру, қан гормондарын тексеру, сонымен қоса жүктілікке рұқсат берілген терапевтің қорытындысы да қажет.
Қорытындылай келсек: Денсаулықты сақтау әрбiр азаматтың өзiнiң жеке басынан басталатынын ескерсек, әке болар ұл, ана болар қыз өз денсаулығын өздерi жас кезден ойластырғаны абзал!!!
Назарларыңызға рахмет!!!
Қолданылған әдебиеттер: Э. К. Айламазиян «Акушерство» Санкт-Петербург. 1. Интернет желісі www. google. ru www. yandex. ru www. mail. ru
Бектембаева Б 428 топ ЖМФ.ppt