Шакенова срс пед.pptx
- Количество слайдов: 10
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: : Жедел жәрдем шақырғанда статистика нәтижесі. Дәлелдеу медицинасының принциптері. Орындаған: Шакенова Назгүл 514 -топ Тексерген: Туктиева Н. А Семей 2016 жыл
Жедел медициналық көмек – тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік – профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетуге ұйымдастырылған жүйе.
Педиатриялық ИТБ - 5. – 15 Кардиологиялық – 3 Психиатриялық – 1 Реанимациялық - 1
Балалар арасында ең жиі шақыртуларға себеп болатын тыныс алу жүйесінің аурулары. Бұл аурулар көп жылдан бері бірінші орынды алады. Анатомиялық және функционалды ерекшеліктеріне байланысты ересектерге қарағанда балалардың тыныс алу жүйесі тез бұзылыстарға ұшырайды.
Бұл жағдайларға тұқымқуалау, анасының жүкті кезіндегі жайсыз жағдайлары, қоршаған орта және шылым шегу факторлары себеп болады.
Тыныс алу жүйесінің ішінде жиі шақыртулар жедел респираторлы вирусты инфекцияларға байланысты болып келеді. 2014 -2015 жылғы статистикаға сүйенсек Семей қаласындағы жедел көмек станциясы 20312 балаға көмек көрсеткен оның ішінде 16178 (62, 4%) тыныс алу жүйесінің аурулары құрайды, оның ішінде 51, 1 % жедел респираторлы вирусты инфекциялар құрайды, 7, 5% төменгі тыныс жолдарының аурулары құрайды.
Сонымен қатар жиі шақыртулар қатарына цереброваскулярлы қанайналу жүйесінің аурулары жатады. Көбінесе басішілік қысымның көтерілуі, туа біткен аномалиялар, жүрек аурулары жатады. Бұл шақыртулар 15 -20 % құрайды.
Семей қаласындағы статистика сүйенсек жиі шақыртулар жарақаттар мен улануларға 1520% үлес құрайды. Ал асқорыту жүйесінің аурулары 7 -9% , нерв жүйесінің аурулары 67 %, зәршығару жұйесінің аурулары 5% құрайды.
Жедел медициналық көмек - тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындауының алдын – алып, көмек көрсетумен қатар, бүкіл халықтың медициналық демографиясын көтеруде маңызы зор. Сондықтан жедел медициналық көмекке дер кезінде жүгініп, өз денсаулығымызды сақтайық!
Интернет желісі: www. google. ru www. yandex. ru
Шакенова срс пед.pptx