Аманжолов Диас 224.pptx
- Количество слайдов: 25
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы: Жасуша құрылысы, мембранасы, теориясы. Қалыптасу тарихы. Орындаған: Аманжолов Диас 224 топ ЖМФ Тексерген: Рахыжанова С. О.
1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2. 1. Жасуша теориясы 2. 2. Жасуша мембранасы 2. 3. Жасуша органоидтары 2. 4. Қалыптасу тарихы 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Организм молекулалық, жасушаға дейінгі, жасушалық, ағзалық, олардың жүйелері, организмдік, қауымдастық деңгейлерде тіршілік жасайды. Организмнің ең қарапайым негізгі құрылымдық және тірліктік бірлігі –жасуша. Ересек адамның денесінде жасушаның 200 -ден астам түрі кездеседі. Олардың пішіні, құрылысы, химиялық құрамы және зат алмасу сипатына байланысты айырмашылықтары болады. Мұны цитология ғылымы зерттейді
Жасуша теориясы 19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп, олардан алынған мағлұматтар 1838 -1939 жж. ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы бойынша, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі, тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі, сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады. Мәселен, 1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады. . Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті.
. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей: 1)жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі: 2)әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас: 3)жасушалар бастапқы(аналық)жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.
Жасушаның аса нәзік құрылысы мен қызметін зерттеу тек цитологтардың, биохимиктердің, физиологта рдың, генетиктер мен биофизиктер күшжігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені түсінікті. Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.
Жасуша құрылысы Жасушалардың көлемі 0, 01 -0, 1 мм аралықта ауытқиды. Бірақ кейбір жасушалардың көлемі ірі болады мысалы тауық жұмырқасының диаметрі 6 см болса, адамның жұлынындағы жүйке жасушаларының ұзындығы 120 - 150 см болады. Кез- келген эукориотты жасуша цитолемма, ядро және цитоплазмадан тұрады. Жануарлар жасушаларының қабығы немесе плазмалемма сыртынан 1020 нм келетін гликокалистен тұрады.
Жасуша мембранасы Мембрана (membrana-жарғақ, үлпек) Қалыңдығы 6 -11 нм жасушаны ішкі ортадан бөліп тұратын майысқақ құрылым. Бұл туралы алғашқы болжамды Дж. Даниели мен Х. Давсон жасады. ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған қосқабат липидтен тұрады. Кейін Дж. Робертсон(1935 жылы)ішкі және сыртқы мембраналардың құрылысы бірдей екендігін көрсетті.
Қазіргі кезде, көпшілік мақұлдаған, биологиялық мембрананың С. Дж. Сингер және Г. Л. Никелсон (1972 жылы)ұсынған сұйықтау- өрнекті сүлбісі кеңінен тараған. Бұл модель бойынша мембрананың негізін 2 қабат фосфолипидтер құрады, олардың суды сүйетін (гидрофилді)бастары сыртқа, ал судан сескенетін(гидрофобты) Құйрықтары ішке қарай бағытталған.
Мембрананың майлы Қабатының 40 -90%ін, глицерин немесе сфингозин туындылары, фосфолипидтер алып жатады. олардың судан сескенетін бастары липлд құрамындағы көмірсулар тізбектерін қабаттастырып және ретке келтіріп қатарластырып тұрады. Бұлар сұйық күйде болғандықтан кейбір белоктар қалқып немесе малынып , мембрананың екі бетіне ұштары шығып тұрады. Мембрананың қабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік белоктардан құралған. Жасушаның ішкі жағынан мембранаға жабысқан белоктар цитоскелет құрамына кіреді.
Жасуша органоидтері. Цитоплазма жасушаның көпшілік бөлігін құрайды. Ол цитоплазмадан органоидтар және қосындылардан тұрады. Гиолоплазмаға байланысты цитоплазманың каллоидты қасиеті мен оның тұтқырлығы, серпімділігі мен жиырылғыштылығын, қозғалысын жүзеге асырады.
Гиолоплазма– 2 мембранамен (плазмолемма, тонопласт) шектелген сұйықтық. Ол органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Оның 80 – 90 процентін су құрайды. Органикалық заттардың ішіне негізгілері-ақуыз, нуклеин қышқылдары, майлар, көмірсулар, АТФ т. б. Гиолоплазмада органеллаар бытыраңқы орналасқан. Органеллар-жасушада белгілі бір қызмет атқарып, цитоплазмада тұрақты түрде кездесетін құрылымдар. Оларға-митохондрялар, гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, пластидтер, рибасомалар, жасуша орталығы, микроденешіктер, микротүтікшелер т. б жатады.
Эндоплазмалық торды 1945 жылы портер ашқан. Ол өте ұсақ, тек қана электрондық микраскоп арқылы көруге болатын, қос қабат мемранамен шектелген және тарамданып гиалоплазманы өне бойына торлап тесіп өтіп орналасқан мироарншықтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады. Оның 2 -түрі белгілі: гарнулалы немесе кедір-бұдырлы және агранулалы немесе тегісэндоплазмалық тор. Гранулалы (кедір-бұдырлы( эндоплазмалық тордың мембранасында рибасомар бекінген, ал тегіс эндоплазмалық торда рибасомалар болмайды. Цитопплазмада, әдетте гранулалы тор агранулы торға қарағанда әлдеқайда жақсы жетілген. Агранулалы тор кейбір ерекше қызмет атқаратын, яғни майлы заттарды көп синтездейтін жасушаларда ғана жақс ыжетілген болады. Гранулалы тордың қызметіақуыз синтездеу, жасуша мембраналарын пайда ету орталығы болып табылады.
Ядро-эукориотты жасушалардың ең негізгі құрамдық бөлімдерінің бірі. Оны 1931 жылы ағылшын ғалымы. Г. Броун ашқан. Ол цитоплазмаға қарағанда тығыздау болып келеді. Оның пішіні жасуша пішініне сәйкес болады, мөлшері 10 -25 мкм шамасында. Әрбір жасушасында 1 кейде 2 не одан да көп ядролар кездеседі. Ядросыз жасуша болмайды, тек адам эритроциттері мен өсімдіктерінің сүзгілі түтіктерінің жасушаларында кездеспейді.
Гольджи кешенің 1878 жылы итальян ғалымы Гольджи жануарлар жасушасынан ашқан және соңғы кездерге дейін ол жануарлар жасушаларына ғана тән делінген. Брақ, кейінірек ол өсімдіктер жасушаларынан табылған. Сондықтан Гольджи кешені барлық эукориотты жасушаларға тән органелла болып саналады. Гольджи кешені өте жұқа, жалпақ бірінің үстіне бірі орналасқан. 5 -20 қалташықтардан-диктиосомалардан құралған. Әрбір қалташықтардың диаметрі 1 мкм, ал қалыңдығы не бары 20 -25 болып келеді. Қалташықтардың жиектері тесіліп бірте-бірте торға айналған. Гольджи кешенінің қызметі-полисахаридтерді синтездеу, жинақтау және тасымалдау болып саналады.
Митахондриялар-жасушаның міндетті органелларының бірі. Оның пішіні түрліше болып келеді, таяқша тәрізді, дөңгелек, сопақша т. с. с, ал мөлшері 0, 5 -7 мкм тең. Митохондриялар қос қабат мембранаме шектелген. Сыртқы мембранасы тегіс, тұйық, ал ішкі мембранасы митохондрияның ішіне қарай қатпарлар пайда етеді. Ол кристалар деп атайды. Кристтер арасында митохондрияның негізгі заты-матриксі орналасқан. Онда ДНК, рибасомалар, ақуыздар т. б кездеседі. Митохондриялар органикалық заттарды ыдырату, АТФ синтездеу қызметтерін атқарады.
Рибасомаларды 1955 жылы палладе ашқан. Олар екі бөлшектен (кіші бөлшегі, үлкен бөлшегі) тұрады. Олар өте ұсақ, тек электрондық микроскоп арқылы көруге болатын-органеллар. Оның мөлшері не бары 15 -35 нм болады. Микротүтікшелер-түрліше болып келетін ұзын түтіктер, оның диамеррі 24 нм-ге тең. Олар тірек қызметін атқарады.
Лизасомалар-диаметрі 2 мкм, әртүрлі фермнттерден тұратын көпіршіктер. Олар органикалық заттарды гидролиздеу ыдырату процесіне қатысады, яғни жасушаішілік ас қорыту қызметін атқарады. Нуклеин қышқылдары, белоктарды, майларды көмірсуларды ыдыратушы гидролиттік ферменттер болады. Бұл ферменттер кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың мемранасында синтезделіп, одан Гольджи кешеніне келіп түседі, осы жерде түзілетін лизасомалар қармына кіреді. Фагацитоз және пинацитоз көпіршіктерімен қосылған лизасомалар ас қорыту вакуолдерін түзеп, жасушаға енген бөтен заттарды заласыздандырады. Лизасомалардың көмегімен жсуша ішіндегі ескірген немесе бұзылған құрылымдық компонеттер, кейде тұтас жасушалар ыдырп жойылады.
Жасуша орталығы жануарлар жасушаларына тән органелла. Ол екі центриолядан тұрады. Әрбір центроля диаметрі 150 нм, ұзындығы 300 -500 нм болып келетін қуыс цилиндр. Оның қабырғасы үш-үштен 9 топқа топтасқан 27 микротүтікшелерден құрылған. Жасуша орталығының қызметі митозды қалыпты жүруін қамтамасыз ету, анафаза кезінде хроматидалардың полюстерге ажыратуын қамтамсыз ету.
Қалыптасу тарихы Болжамды алғашқы клетканың қазіргі қарапайым жасушалар микоплазмалармен салыстыру тиімді. Микоплазмалар-бактерияларға ұқсас кішкентай организмдер, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларыме тығыз байланысты. Олардың кейбіреуі диаметрі 0, 3 мкм және құрамында 750 әртүрлі белоктарды синтездеуге жететін нуклеин қышқылы болады. Бұл жасуша өміріне қажетті белоктардың ықпал саны болуы мүмкін.
Алғашқы жасушаның қалай пайда болғана көз жеткізетін қазба қалдықтар жоқ. Дегенмен, соңғы организмдер және лабараториялық тәжірбиелердің көрсетуі эволициялық көзқарастың дұрыстығын байқатады. Бірінші жасушаның ұйымдасуына себепші болған уақиға бәлкім, 3, 5– 4 млрд. жыл бұрын болуы да мүмкін.
Қорытынды Жасуша деңгейінде организмнің барлық қасиеттері: көбею, түр өзгертушілік, даму, энергия жинақтау және тұтұну, тітіркену әсерленісі, сыртқы ортамен зат алмасу, оның өзгерістеріне бейімделу, қорғаныш қабілеттері топтасқан.
Қолданылған әдебиеттер: 1)Х. С. Сәтбаев «Адам физиологиясы» Алматы, 2005 жыл «Дәуір» 2)Р. С. Орлов, А. Д. Ноздрачев «Нормальная физиология» «Гэотар-Медиа» 2009 жыл 3)В. М. Смирнова «Физиология человека» , Москва «Медицина» 2002 жыл 4) Интернет желісі
Аманжолов Диас 224.pptx