Жумашова Н 340 топ.pptx
- Количество слайдов: 21
Семей Мемлекеттік медицина университеті СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: ТАҢДАМА ЖИЫНТЫҚ Орындаған: Жумашова Н 340 -топ, ЖМФ Тексерген: Нурмуканов Д. К
ЖОСПАР: I. Кіріспе 1. 1. Бас және таңдамалы жиынтықтар туралы ұғым II. Негізгі бөлім 2. 1. Бас жиынтықтарды зерттеудің таңдама тәсілі; 2. 2. Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі түрлері. Сандық және сапалық белгілер; 2. 3. Қалыпты таралу және оның параметрлері; 2. 4. Таңдама сипаттамалары бойынша бас жиынтықтың параметрлерін бағалау. III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Бір белгілі мерзімде және аймақта, көп санды бір тектес элементтерден құралған топты статистикалық жиынтық дейміз.
Статистикалық жиынтық Бас жиынтық Таңдамалы жиынтық
Зерттеудің мақсатына байланысты, байқаудың барлық бақылау белгілерінен құралған жиынтықты бас жиынтық дейміз.
Бас жиынтықты сипаттауға арналған және бас жиынтықтан арнайы әдіспен іріктелген бас жиынтықтың бөлігін – таңдамалы жиынтық дейміз.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ Таңдама жиынтық репрезентативті болу керек, бас жиынтық туралы дұрыс, бұрмаланбаған көрініс беруі керек. Репрезентивтік дегеніміз іріктелген бөлшекте бас жиынтықта болған барлық элементтер және сондай арақатынаста болуы шарт. Мысалы: әлеуметтікэкономикалық жағдайы жақсы аймақты зерттеп, ішек инфекциясы ауруы туралы жорамалдауға болмайды.
Репрезентивтік болу үшін қойылатын талаптар: -Таңдама жиынтықта бас жиынтықтың негізгі сипаттамалары болуы керек; -Бас жиынтықтың ерекшелігін көрсету үшін, таңдама жиынтықтың көлемі жоғары болуы керек;
Зерттеу белгілерден және оның жиіліктерінен құралған қатарды дискретті статистикалық таралу қатары дейміз. Бөлшек интервалдардан және олардың жиіліктерінен құралған қатарды интервалдық статистикалық таралу қатары дейміз.
Таңдаманың статистикалық таралу сипаттамасы Нүктелі баға Интервалдық баға Бір сан арқылы анықталатын баға Көп нүктелі бағадан құралатын баға. дейміз. Бұл баға байқаудың нәтижесіне байланысты, сол себептен ол кездейсоқ баға болады. Осы жағдайды еске алып әр бір интервалдық бағаға белгісіз параметрді табу үшін, сәйкес ықтималдық қойылады.
Статистикалық әдістер, сенімділік ықтималдары 1 -ге жақын болғанда ғана интервалдық баға алуға мүмкіндік береді. Сенімділік ықтималдық жиілігі: 0, 9; 0, 95; 0, 999 -тен болады. Фармация, медицина және биология зерттеулерінде сенімділік ықтимал 0, 95 тең деп алынады, ал стандарттарды даярлағанда сенімділік ықтималды 0, 99 деп аталады.
Кез келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады. Бұл сипаттарды өлшеу кезінде статистикалық мәліметтер алынады. Белгілер сандық және сапалық болады. Сандық белгілердің мәндері үздіксіз (мысалы, салмақ, бой, артерия қысымы) немесе дискретті (мысалы, пульс, балалар саны, түған жылы) болу мүмкін. Сапалық белгілер мәліметтердің түріне байланысты номиналды (классификациялық) және ординалды (қатарлы) деп бөлінеді. Номиналды шкалада өлшенетін белгі алдын-ала орнатылған градациялардың шекті санының бір мәнін қабылдайды. Мысалдар: жынысы (ер, әйел), көздің түсі (көгілдір, қара, қоңыр, жасыл), жануарлар жіктелуі және т. с. с.
БЕЛГІЛЕР Сандық Сапалық Номиналды Үздікіз Дискретті Ординалды
Сандық белгілер сандармен сипатталады. Номиналды шкалада өлшенетін белгі алдын -ала орнатылғын градияциялардың шекті санының бір мәнін қабылдайды. Мысалы: жынысы (ер, әйел), көздің түсі (көгілдір, қара, қоңыр, жасыл), жануарлар жіктелуі т. с. с.
Ординалды шкалада өлшенетін сапалық белгілердің мәндері реттелген болады. Мысалы: тесттік баллдар және мектеп бағалары, өмір жағдайының сапасы (нашар, орташа, жақсы, өте жақсы), температура (қалыпты, қызуы көтерілген, жоғары, өте жоғары және т. б).
Бұл график бізге кез-келген шаманың таралуы туралы ақпарат береді және таралу гистограммасы деген атқа ие.
Тек 200 адамы (n=200) ғана тұратын бір елге барайық. n-таңдама көлемі Осы адамдардың бойын өлшейік, яғни зерттелетін белгі- бұл бой, ол кез-келген шама Xn. Адамдар арасында ергежейлі, орташа бойлы және ұзын бойлы адамдарды бөліп аламыз
Бұл график бізге қандай ақпарат береді: Осы елдің адамдарының ең кіші бойы 131140 см (Xmin) аралықта жатыр; Аласа бойлы және биік адамдар орташа бойлы адамдардан гөрі сирек кездеседі. Негізінен адамдар бойлары 160 -тан 190 см аралықта жатыр. 171 -ден 180 см аралықтағы бой ең көп кездеседі.
ҚОРЫТЫНДЫ Көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан биологияда статистикалық әдістердің қолданылуының маңызы өте зор. Мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді. Заманауи дәрігерлер дәлелді медицинаның принциптерімен сәйкес жұмыс істеулері қажет, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері заманауи медицинаның методологиясын түсінулері және оларда статистикалық ойлаудың негіздері қалыптасуы керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Ø Ø Ø Лукьянова Е. А. Медицинская статистика. - М. : Изд. РУДН, 2002. Савилов Е. Д. Мамонтова Л. М. и др. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. -М. «МЕДпресс-информ» , 2004. Медик В. А. , Токмачев М. С. , Фишман Б. Б. Статистика в медицине и биологии. М. : Медицина, 2000. Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан» , 1991. Ахметқазиев А. А. , Кельтенова Р. Т. Математикалық статистика, Алматы «Экономика» , 2002. Интернет желісі
Жумашова Н 340 топ.pptx