606 топ.pptx
- Количество слайдов: 12
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ Тақырыбы: Сепсистік жағдайдағы реанимация мен интенсивті терапия ( жұқпалы –уытты шок) Орындаған: Бейдженбаев Е. С 606 топ, педиатрия Семей 2014 жыл
Инфекциялық-токсикалық шок (ИТШ) – қан айналымының жедел жетіспеуі (жедел циркуляциялық жетіспеушілік) және онымен байланысты ауыр метаболизмдік бұзылыстар мен полиорганды патология. Ол массивті бактериямен жүретін (менингококцемия, іш сүзегі, лептоспироз, т. б. ) бактериальды инфекцияларда көрінеді, бірақ ауыр тұмауда, геморрагиялық қызбада, риккетсиозда, стафилококкты инфекцияларда дамуы мүмкін. Оның себебі кейбір қарапайымдылар (маляриялық плазмодиялар) және саңырауқұлақтар табылуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі: Шоктың бастапқы фазасында (І дәрежесі) артериальды гипотензия болмауы мүмкін. Тән белгілер өте айқын интоксикация, миалгия, белгілі орны жоқ іштегі ауырсынулар, бастың ауырсынуы, қажу, үрей сезімі немесе керісінше, қозу, тахикардия, пульстін қысымның төмендеуі, уайымдау. Микроциркуляция бұзылуының ең айқын көрінісі зәр шығару жиілігінің төмендеуі (ересек адамдарда 25 мл/сағ төмен ). Шоктық индекс 0, 7 -1, 0 дейін көтеріледі.
Шоктың айқын фазасы (ІІ дәрежесі). Клиникалық белгілері айқын циркулярлы жетіспеушілігімен көрінеді. Артериальды қысымның күрт төмендеуі (жоғарғы деңгейі 11, 9 к. Па немесе 90 мм. сын. бағ. төмен жиі 100 соққы минутынан жоғары) бірақ әлсіз толымды пульспен шоктың индекс 1, 0 -1, 4. Терісі суық, бозғылт, ылғалды, акроцианоз. Тыныс алу жиілеуі. Тежелу және апатия күшейеді.
Шоктың декомпенсация фазасында (ІІІ дәрежесі ) артериальды қысым одан ары төмендеп, тахикардия жоғарлайды. Шоктық индекс 1, 5 және одан жоғары көтеріледі. Полиорганды жетіспеушілік белгілері (ентігу, олигоанурия, кейде сарғаю) қосылады, жалпы цианоз жоғарлайды. Қанда – декомпенсирленген метаболикалық ацидоз, лактатуидемия, гипоксемия.
Шоктың кеш сатысында ( IV дәреже ) дене температурасы субнормальды деңгейге дейін төмендейді ), терісі суық, топырақ түсті, буын маңайында кейін бүкіл денесінде цианозды дақтар пайда болады. «Дақ» симптомы айқын. Шоктық индекс -1, 5 жоғары. Анурия, жедел паренхиматозды, тыныстық жетіспеушілік, жіп тәрізді пульс, қайталанып қан кетулер болуы мүмкін, дефекация. Сомноленция, кейін сопорға және комаға өтеді. Полиорганды жетіспеушілік қайтымсыз сипатқа ие. ИТШ кезінде негізгі терапевтикалық шаралардың мақсаты микроциркуляцияны қалпына келтіру және тамыр ішілік қанның шашыранды ұйюын тоқтату. Оол үшін бір уақытта инфузионды терапияны және көк тамыр ішіне фармакологиялық препараттарды енгізу:
Жедел көмек инфузионды заттарға кристаллоидты және коллоидты ертінділер қолданамыз. Басында 0, 9 % натрий хлорид ертіндісін қолданамыз, кейін – лактасоль, энергетикалық полиионды ертінділер 1500 мл көлеміне дейін инсулинмен бірге. Оларды коллоидты ертінділермен (альбумин, реополиглюкин) алмастырып отырамыз. Инфузионды ертінділер үздіксіз тамшылатып енгізгенде жалпы көлемі 4000 -6000 мл дейін, коллоидты ертінділер1200 -1500 мл -ден аспау керек, соның ішінде синтетикалық ертінділер 800 -1000 мл. Енгізген инфузионды ертінділердің жылдамдығын және көлемін төмендеу белгісі болып орталық венозды қысымның жоғарлауы (140 мл-ден жоғары ) және ануриялық сақталуы.
метаболикалық ацидозды төмендету мақсатында 300 -400 мл 5 % натрий гидрокарбонатты енгізу керек. емнің басында 90 -120 мг преднизолонды бір рет енгіземіз. Шоктың ІІІ – IV дәрежесінде, көк тамыр ішіне енгізген инфузионды емнің оң гемодинамикасы болмағандықтан қайтадан әрбір 15 -20 мин. сайын 60 -90 мг преднизолон енгізеді. гемодинамикасын тұрақтану мақсатында, сонын ішінде бүйректің қайналымының қалпына келтіру үшін ақырындап допаминді енгіземіз (50 мг допаминді 5% 250 мг глюкоза ерітіндісінде 18 -20 рет мин. жылдам тамшылатып).
микроциркуляцияның коррекциясын, организмнің спецификалық емес резистентілігін көтеру үшін, қанның реологиялық қасиетін және гемостазды қалпына келтіру үшін тренталды енгіземіз (пентоксифиллин) массивті инфузионды терапияны жүрек гликозидтерімен, комплексті витаминдермен, әсіресе аскорбин қышқылымен электролидті балансты коррекциясымен бірге қосып береміз.
науқасты ИТШ –дан шығару үшін фармакологиялық заттар ішінде басты орында гепарин тұр, интенсивті терапияны содан бастауы керек, әсіресе шоктың бастапқы дәрежесінде. Қанның шашыранды ұюы басым болғанда оны көк тамыр ішіне, басында 1 рет, кейін тамшылатып -5 бірліктен, қан ұюы уақыты бақылауында (18 лит. жоғары емес) ИТШ–ң ІІІ – IV дәрежесінде фибринолизин ингибиторларлы – протеинозаларды (контрикал 20000 бірлік немесе т. б. ) гепаринмен бірге енгізген жөн.
жоғары аталған терапевтикалық шараларды мұрын, жұтқыншақ катетер арқылы тұрақты ингаляцияны жүргіземіз, жақсы ылғандандырған оттегі 5 л/мин жылдамдықпен беріледі. науқастың функциональды жағдайы аяқтары 15 ˚ дейін көтерілуі керек. диурезді бақылау үшін қуықты үнемі катетеризациясын жүргізу тиіс. 1 минутта 0, 51, 0 мл дейін зәр шықса бұл паренхиматозды ағзалардың адекватты перфузиясын және терапевтикалық шаралардың әсерінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Адреномиметиктерді (адреналин, мезатон) қолдануы жоғары аталған шаралардың әсері болмағанда қолданылады. Гемодинамикасы тұрақтағанда экстаркорпоральды детоксикация, ГБО әдістері қолдануы мүмкін. Науқасты ИТШ-дан шығарғаннан кейін ары қарай тыныс ( «шоктық өкпе» ), бүйректік ( «шоктық бүйрек» ), бауырлық жетіспеушілікті болдырмау үшін қарқынды терапияны жалғастыру керек.
606 топ.pptx