Хабылайкызы А кардио.ppt
- Количество слайдов: 33
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы : Кенеттен өлім. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу ережелері Орындаған: Хабылайқызы А. 520 -топ, ЖМФ Тексерген: Батенова Г. Б. Семей 2016 ж
Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз. Диспетчерге науқастың туысынан қоңырау түсті – ер адам 57 жаста кеуде артындағы қатты қысып ауырсынуға, жүрек қағуға, жүрек жұмысының өзгерісіне, кеудедегі бату сезіміне, қорқыныш сезіміне, ентігуге және әлсіздікке шағымданады.
Қоңырау шалған адамға қандай сұрақ қоясыз?
*Ұстама басталғанннан бері қанша уақыт өтті? *Ұстаманың басталуына не себеп болды? *Қазіргі жағдайының нашарлауына қандай симптомдар әсет етті?
Ұстама 1 сағат бұрын, стресстік жағдайдан кейін басталған, кеудеде ауырсыну сезімі және жүрек жұмысының өзгерісі пайда болған. Соңғы 20 минутта жағдайы нашарлай бастады, жүрек қағу, әлсіздік, шамалы ентігу және қорқыныш сезімі үдей түскен ауырсыну шыдаттпайтын сипатка ие болган.
Қоңырау шалған адамға қандай кеңес бересіз?
*Науқасқа ыңғайлы горизонтальды жағдайда жатуға көмектесіңіз. *Абсолютті төсектік тәртіп. *Жылы және тыныш жатуын қадағалаңыз. *Науқасқа 1 таб. 0, 5 мг нитроглицерин тіл астына беріңіз. *Ұстама 15 минуттан артық уақытқа созылса, науқасқа 160 -325 мг аспирин шайнауға беріңіз. *Науқас қабылдайтын дәрілерді, бұрын түсірілген ЭКГ пленкаларын тауып, жедел жәрдем қызметкеріне көрсетіңіз. *Су және тағам бермеңіз. *Науқасты қараусыз қалдырмаңыз.
20 мин-тан кейін шакыртуда
Анамнезінде ең алдымен нені білуіміз керек?
*Науқас жүрек қан тамыр ауруларымен ауыра ма? *Бұрын АҚ жоғарылауы тіркелді ме? *АҚ қалыпты және максимальды көрсеткіштері? *Осындай ұстамалар бұрын болды ма? *Ұстаманың әдеттегі ұзақтығы? *Немен тоқтатылды? *Науқаста бұрын миокард инфаркты болды ма? (болса қашан? ) *Жедел жәрдем келгенше науқас дәрілік зат қабылдады ма? Оның әсері? *Зиянды әдеттері? *Тұқым қуалайтын аурулар барма?
*Туысының айтуы бойынша әкесі 20 жыл артериалды гипертензиямен ауырады, соңғы үш жылда күш түсу стенокардиясы, ауырсыну кезінде нитроглицерин таб. қабылдайды, әдетте 2 -3 минуттан кейін әсер ететін. *АҚ 150/90 мм с. б, 220/120 мм с. б дейін жоғарылаған. *Миокард инфаркты болған жоқ. *Жедел жәрдем келгенше 1 таб. Нитроглицерин, қабылдаған, бірақ әсерсіз.
* Объективті: *Науқатың жағдайы ауыр, ессіз. Тері жабындылары бозғылт, терісінде «мрамор» суреті, суық жабысқақ тер. *Қолы мен аяғы суық. *Көзінің қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. *Теріасты май клетчаткасы шамалы дамыған. *Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс естіледі, сырыл жоқ. *Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ және қолдарында пульсты санау мүмкін емес. АҚ 60/40 мм с. б *Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасында. *Ісінулер жоқ.
Диагнозын анықтау үшін госпитализацияға дейінгі этапта қандай тексерулер жүргізу қажет?
*ЭКГ *Тропонинді тест
* Тексеру нәтижесі *ЭКГ: қарынша фибрилляциясы. ST II, III, AVL, V 3 -6 тіркелерінде көтерілуі. R тісшесінің вольтажы сол жақ тіркемелерде төмендеген. *Тропонинді тест оң.
Сіздің диагнозыңыз?
Ds: ЖИА. Миокард инфаркты, жедел сатысы, Q тісшесімен, артқыдиафрагмалдық ауыр кардиогенді шокпен асқынған. Қарыншалар фибрилляциясы.
Жедел көмек көрсету алгоритмі қалай?
*Науқасты аяғын аздап көтеріп горизонтальды жағдайда жатқызу ( егер сол қарыншалық жетіспеушілік көріністері болмаса) *Электроимпульсты терапия. Бастапқы разряд 200 Дж. Әсер болмаған жағдайда қуатты біртіндеп 200 -360 Дж дейін жоғарылату. *Лидокаин 1 -1, 5 мг/кг (2% - 2 -5 мл) дозасында 3 -5 мин. к/т болюсті. Қажет жағдайда дозаны 5 -10 мин кейін қайталау. *Нейролептанальгезия, наркотикалық анальгетиктер: Фентанил 0. 05% 2 -3 мл немесе Морфин 1% 1 мл немесе Промедол 2% 2 мл 20 мл 0. 9% S. Na. Cl ерітіндісінде араластырып к/т бөлшектеп 4 -6 млден ауырсыну басылғанша енгізу. *Фибринолизистік терапия: Гепарин 10 -15 мың бірлік кт; Стрептодеказа 3 млн ФБ + 20 мл 0. 9% S. Na. Cl к/т: Альтеплаза (Актилизе) 10 мг к/т болюсті, кейін тағы 90 мг к/т тамшылатып 3 сағат бойы *Қысымды жоғарылату үшін вазопрессорлар: Допамин 4% 5 мл (200 мг)+S. Na. Cl 0. 9% 200 мл к/т баяу. немесе Добутамин 500 мг+ 5% глюкоза ерітіндісі 400 мг к/т тамшылатып 8 -10 тамшы/мин *АҚҚ, ЖСЖ, ЭКГ бақылау.
Сіздің арықарайғы іс әрекетіңіз?
Әсер болмаған жағдайда: *Кардиохирургиялық (кардиологиялық) бөлімге госпитализациялау. *Науқасты горизонтальды жатқызып носилкада тасымалдайды.
Кенеттен өлім бұл қинаусыз өлім. Ол физиологиялық және психикалық қалыпты жағдайда жүрген адамның, ешқандай күдікті белгілерінсіз, алғашқы симптомдары басталғаннан кейін 6 сағат ішінде қайтыс болуын айтады.
* Диагностикасы ØКенеттен естен тану, тартылулар; ØТынысының тоқтауы немесе агониялық тыныстардың болуы (сирек, минутына 6 ретке дейін қырылдап тыныстау); ØІрі тамырлар соғысынң, жүрек тондары мен АҚҚ жоғалулары (ұйқы, сан артериялары); ØКөз қарашықтарының кеңеюі; ØӨңінің көгеріп бозаруы; ØЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия белгілері тіркелуі. q. Жүрек тоқтауының клиникалық диагнозын қою қиын емес: тамыр соғысы жоғалады, адам есінен танады, одан кейін тынысы тоқтайды және көз қарашықтары кеңейеді. Осындай кезде ЭКГ тоспай-ақ реанимациялық шараларды бастай берген жөн.
*Жедел жәрдем 1. Қанайналымы мен тынысты аздап болсада қолдауға мұрсат беретін реанимациялық шаралар. 2. Жүректің синустық ырғағын қалпына келтіру. 3. Постреанимациялық синдромды емдеу. 4. Қарыншалар фибрилляциясы қайталануының алдын алу. Алғашқы дәрігерлік көмек üПерикардиялық аймақты жұдырықпен ұрғылау. üЖүректің жабық массажы мен ӨЖЖ üЭлектрлік дефибрилляция (ЭДФ)
Реанимациялық шаралардың негізгі алгоритмі A – Airway –тыныс жолдарының өткізгіштігі B – Breathing – тыныс алу функциясы C – Circulation – қан айналым функциясы D – Defibrillation – дефибрилляция
Жүрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері Науқасты тегіс жерге жатқызып, басын барынша шалқайтып, аяқ жағын көтеріңкі етіп қою керек. 1 Массаж жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне, бірін қояды. Алақанның негізі төс сүйегі мен семсер тәрізді шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұруы керек. 2 Қолды тік, шынтақ буынында бүкпей ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4 -5 см ығыстырып, ырғақпен басады.
Төс сүйегін омыртқаға қарай жаншудың ұзақтығы, жаншу аралығындағы уақытпен бірдей болуы тиіс, оның жиілігі минутына 90 рет. Массаж жасаушы қолын төстен алмауы керек. Өкпені жасанды желдендіру үшін Сафардың үш әдісін қолданамыз олар: науқастың басын барынша шалқайтып, астыңғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу. Науқастың ауыз қуысын толық қарап, жасанды тістері немесе бөгде заттар болса, саусақтармен алып тастау керек. Науқастың аузына дем жіберу үшін, мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді немесе АМБУ қапшығынан маска арқылы ауа жібереді. Әр 5 массаждық қимылға, ауа үрлеудің жиілігі минутына 1 реттен келеді.
Мүмкіндігінше 100% оттегіні қолдану керек және кеңірдек интубациясын жүргізу қажет. Дем жібергенде, кеуде қуысы экскурациясының қарсыласуына қарай, тыныс жолдарының өткізгіштігін тұрақты бақылап отыру керек.
v. Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп қалмауы үшін Селлик әдісі қолданылады(онда көмейді жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай қысып ұстайды). Егер асқазандағы сұйықтықтар кері ағып, ауыз қуысына толып, одан кеңірдекке кетіп қалу қаупі туса, науқастың басын бір жағына қарай бұрып, ауыз қуысындағы және жұтқыншақтағы сұйықтықтарды электр сорғышпен немесе тампонмен тазалап тастау керек.
vӘр 5 мин сайын, 1 мг адреналин көктамырға енгізіледі. v. Реанимациялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыру керек. Оны тері жабындылары мен шырышты қабаттардың түстерінің өзгеруінен, қарашықтардың тарылуынан және жарыққа реакциясының пайда болуынан, кенеттен тыныстың пайда болып, оның реттелуінен және ұйкы артериясында пульстің пайда болуынан білуге болады.
Хабылайкызы А кардио.ppt