куйктик шок.pptx
- Количество слайдов: 14
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы: Күйіктік шок Орындаған: Жумажанова А 606 педиатрия Семей 2014 жыл
Күйік – жоғары температураның химиялық заттардың немесе иондаушы реакция әсері дамытатын тіндердің зақымдалуы себебіне байланысты күйіктер термиялық - жоғары температураның әсерінен (от, ыстық металдар, бу, сұйықтықтар, газдар), химиялық қышқылдар, сілтілер, фосфор және т. б. заттар әсерінен; сәулелік – радиация әсерінен болады. Күйіктер беткей және терең, шектелген және кең көлемді болады, жағдайдың ауырлығы тереңдігіне ғана емес, күйіктің алаңына да байланысты. Симптомдар. Зақымдалған аймақтың аурсынуы. Тіндердің зақымдану ауырлығына байланысты күйіктер 4 дәрежеге бөлінеді: І дәреже – терінің қызаруы және ісінуі; ІІ дәреже – көпіршіктер түзілуімен эпидермистің ашылуы; ІІІ дәреже – струп түзілуімен терінің барлық қабаттарының зақымдалуы; IV дәреже – терінің, сіңірлердің, бұлшықеттің, сүйектің некрозы.
Күйіктік шок. Этиологиясы мен патологиясы. Термиялық жарақат әсеріне болатын организмнің біріншілік реакциясы күйік шоғы деп аталады. Ол дене беткейінің 15% алатын кең және терең күйіктерде пайда болады. Күйік шогы күйіктен кейін немесе бірнеше уақыттан соң шеткі қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде 4— 6 сағат ішінде дамиды. Сондықтан оның клиникалық белгілері болмайды. Клиникалық көрінісі қосымша жа-рақаттанғанда, әсіресе тасымалдағанда болуы мүмкін. Патофизиологиялық және биохимиялық тексерулер күйік шоғының патогенезінің күрделілігін көрсетеді. Оның механизмі толық ашылмаған. Диагнозды негізгі зерттеулерге, патофизиологиялық және биохимиялық мәліметтеріне сүйеніп қояды. Күйіктің ауырлығы оның көлемі мен аумағына байланысты және тыныс алу жолдарының жағдайына назар аудару керек.
Науқастарда ОНЖ-нің бұзылуына байланысты қозу байқалып, тәбеті бұзылады. Науқастар төсекте дөңбекшиді, айқайлайды, 1— 2 сағаттан соң ауыру сезімі басылып қозу тежелуге ауысып апатияға әкеледі. Кейде жарақаттан кейін селқостық байқалады, тоңып дірілдейді. Дене температурасы қалыпты немесе төмендеген. Терісі суық, ылғалды, көгерген, науқастар шөлдейді, бірақ су ішсе жүрегі айнып құсады. Тыныс алуы біркелкі емес. Пульс минутына 110— 120 -ға дейін жиілейді. Артериялық қысым көтеріліп немесе түсуі мүмкін.
ЭЛЕКТРКҮЙІКТЕР Электркүйіктер электр тогы тіндермен жанасқан жерінде пайда болады. Мұнда электр энергиясы жылуға айналып 3000— 4000 С° дейін жылу түзеді де әртүрлі мүшелердің бірінші кезекте жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Электр тогы қысқа уақыт қана әсер еткеннің өзінде тыныс алу, тоқтап, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы жүреді. I—II дәрежеде есін жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін, III дәрежеде жүрек бүлшықеті қызметі бұзылып естен тану, ал IV дәрежеде клиникалық өлімге әкеледі. Электр тогімен жарақаттанғанда күйік пайда болса, жарақаттың ауырлық дәрежесі анық болмайды, өйткені көмірге айналған тін изолятор болады. Атмосфералық электр (найзағай) тоғының күші мен кернеуі өте үлкен әрі өте ауыр зақымдануға әкеледі.
Беттің электркүйігі күйік жарақаттарының 1, 3% құрайды. Олар кәдімгі термиялық күйіктен өзгеше және терімен жанасу алаңына байланысты нүктелі (нысана және „ток белгісі" түрінде) немесе үлкен көлемді болады. „Ток белгісі" құрғақ, жылтыр, терінің ауырмайтын аймағы ақшыл сары немесе сұрғылт түсті. Олар терінің сау бөлігінен анық көтеріліп тұрады. Кейін тығыз қабыршаққа айналады. Найзағай түскенде „ток белгісі" қызыл жолақты бұтақ пішіндес болады. Электркүйтіктер терең болады, сондықтан теріасты май клетчаткасы ғана емес, бұлшықеттер мен бет сүйек қаңқасының бөліктері де күйеді. Бұлардың ерекшеліктері, тері жарақаты локальды, ал бұған жататын тіндерде көлемі жағынан кеңірек таралған болуы мүмкін. Бұл әртурлі тіндердің электр өткізгіштігінің бірдей еместігіне және қан айналымының бұзуларына байланысты.
Химиялық күйіктер тұрмыста немесе өндірісте теріге қышқылдардың (азот, күкірт, түз, фторсутегілік), сілтілер (натрий, калий, өшпеген известь), ауыр металл түздарының (көмір нитраты, цинк хлориді) түсуінен пайда болады. Күйіктің тереңдігі химиялық заттардың концентрациясына, температурасына, терімен жанасу ұзақтығына байланысты. Химиялық күйіктер химиялық агенттің сипатына байланысты термиялық күйіктен ерекшеленеді. Қышқылдар ұйытады, ал сілтілер — сұйылтады. Қышқылдар мен сілтілер сау тіндердің трофикасы мен микроциркуляциясын бұзады. Сондықтан химиялық күйіктер кезінде жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Қышқылдармен, сілтілермен, ауыр металдармен күйгенде тіндер коагуляциялық (қүрғақ) тип бойынша некрозданады. Олар белоктардың ыдырап, тіндердің құрғап, коагуляцияланған аймақтардың түзілуіне әкеледі. Күкірт қышқылымен күйгенде зақымданған тері сұрланып немесе қарайып кетеді, тұздармен күйсе — сары, фтор сутегімен күйсе — лас-сары немесе ақ болады. Сілтілермен күйгенде колликвациялық (ылғалды) некроз дамиды. Сілтілер белоктарды, сілтілі протеин түзіп, майларды ерітеді. Теріге түскенде бірінші эпидермисті бүзады. Ол жерде ашық-қызыл эрозия пайда болады. Некрозға үшыраған тіндер, бірнеше күндер бойы сілтіні сақтайды да жақсы сіңетін улы альбулинаттар түзеді. Сілтілер баяу, ұзақ әсер етіп тіндерге терең сіңеді. Сондықтан басқаларға қарағанда сілтімен күю тереңдігі кеш анықталады. Көмек көрсеткенде мүмкіндігінше теріні химиялық заттан тез тазарту керек. Концентрациясын азайтып, тіннің зақымданған аймағын суытады. Бәрінен де жеңіл, қарапайым түрі зақымданған аймақты ағынды сумен 20— 30 минут бойы жуу. Өшпеген известь, күкірт қышқылы суға тигенде жылу бөліп химиялық реакцияға түседі. Сондықтан қосымша тіндердің химиялық зақым-дануына әкелуі мүмкін. Диэтиламин гидриді мен және триэтиламинмен күйген кезде сумен шаюға болмайды, себебі олар қосылғанда жалын береді.
Күйіктік шок тері қабатының 15%-нан астамы, ал балалар мен қарттарда оданда аз, күйгенде дамиды. Бұл шоктың патогенезінде келесі факторлардың маңызы үлкен: ● күйген тіннен орталық жүйке жүйесіне бағытталған серпіндердің болуы қатты ауыру сезімін туындатады; ● күйген дене сырты арқылы қан тамырларынан сұйықтың көп шығып кетуінен айналымдағы қанның көлемі азаяды. Осыдан күйіктік сілеймеде қан қоюлануы басқа түрлеріне қарағанда қатты болады. Сондықтан бұл шок кезінде науқасқа толық қан құймай, плазма немесе физиологиялық сұйық құйып эритроциттерді ажырату қажет; ● күйген тіндердің ыдырау өнімдерінің қанға түсуінен ауыр токсемия дамиды. Сондықтан көп сұйық жіберіп, емді организмнің уытсыздануына бағыттау қажет; ● бұл кезде эритроциттердің гемолизі күшейеді, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі дамиды. Сондықтан гемодиализ және гемосорбция жасау керек; ● күйген дене сыртынан көп жұқпалар өтуі мүмкін. Сондықтан антибактериялық емшаралар қолдану қажет.
Соңғы жылдары күйіктер саны жоғарылауда. Барлық жарақаттар ішінде термиялық зақымдану 3 -ші орында. Күйіктік жарақаттың ауырлығы тері және жақын тіндердің зақымдалу тереңдігіне, зақымдалу алаңына, ағзаның функциональді жағдайына байланысты. Тәжірибелік медицинада күйіктердің зақымдалу тереңдігіне байланысты жіктелуі қабылданған: І дәреже – эпидермистің беткей қазымдануы, терінің қызаруы және ісінуі байқалады. Бұл жиі ыстық сумен, күн сәулесі немесе кванттық лампамен күйгенде дамиды; ІІ дәреже – эпидермистің және жартылай кориумның зақымдалуы, терінің қызаруымен, ісінуімен және көпіршіктердің пайда болуымен көрінеді; ІІІ А дәреже – үлкен кернелген, кей жерлерде жарылған сары түсті сұйықтығы бар көпіршіктер байқалады. Бұзылған көпіршіктер орнында қызғылт түсті күйік жарасы болады. бұл дәрежелі күйік кезінде тері беткейі струп түрінде, қоңыр түсті, элатикалық болады. Сезімталдығы төмендеген; ІІІ Б дәреже – күйік ішінде геморрагиялық сұйықтығы бар көпіршіктермен көрініс береді. Жарылған көпіршіктер орнындағы тері беткейі құрғақ, жеке ақшыл дақтармен, кейде мраморлық суретпен. Сезімталдығы төмендеген. IV дәреже – қоңыр немесе қара струп болады және тромбталған қан тамырлар көрінеді. Қайнаған сумен күйген жағдайда тері беткейі құрғақ және қызыл түске боялған болады. күйік тереңдігін алғашқы сағаттарда анықтау өте қиын. Бұл кезде зақымдаушы фактордың әсер ету ұзақтығын және әсерінің ерекшелігін ескеру қажет. Бірдей интенсивті фактор әсер еткенде балалар мен қарттарда күйік тереңдігі ортьа жастағы адамдарға қарағанда жоғары болады.
Күйік шоғын емдеу. 1. Афферентті импульсациямен күрес жүргізу (психоэмоционалдық тыныштықты қамтамасыз ету, нейролептиктер енгізу, аналгетикалық наркоз). 2. Оксигенотерапия. 3. Айналымдағы қан көлемін қалыпта сақтау. 4. Су-тұз алмасуы бұзылуының және бүйректің зәр бөліп шығару қызметінің бұзылуын емдеу және алдын алу. 5. Метаболикалық ацидозбен күрес жүргізу. 6. Энергиялық алмасуды реттеу. 7. Фармокологиялық заттарды қолдану — ауыру сезімін басып, жүрек, ОНЖ қызметін реттейтін заттар, спазмолитиктер, витаминдер, гормондар, антибиотиктер.
Емдеу тəсілі: - жарақаттанғанды түпкілікті қарау, күюдің түрін және оның дәрежесін анықтау; - күю алаңын анықтау және химиялық күйік болған жағдайда химиялық реагенттің болуын анықтау; - термиялық күю кезінде – күйік алған жерді суық сумен салқындату (t 20 -25 °C) 10 мин; - химиялық күю кезінде – ағынды сумен күйген аймақты 30 минут жуу (сөнбеген әктаспен күйген кезде сумен жууға қатаң түрде тиым салынады!). Термиялық және химиялық күйік кезінде: - трамадол 100 -200 мг көктамыр ішіне (бұлшықетке) немесе анальгин 50% ерітіндісі 2 -4 мл бұлшықетке. Наркотикалық анальгетик ұсынылмайды; - күйген аймақты күюге қарсы аэрозолмен өңдеу; - асептикалық (стерильді) таңғыш немесе стерильді жаймамен орау; Термоингаляциялық зақымдалу кезінде, сыртқы тыныс алу қызметін бақылап қадағалау, көмейдің ісініп тұншығу болса – трахеостомия, коникотомия. Күйіктік шок кезінде қосымша: глюкоза 5% ерітіндісі, немесе реополиглюкин көктамырға тамшылатып инфузии жылдамдығы сағатына 2 л ересектерге және 0, 5 л балаларға. Дифенгидрамин 1% ерітіндісі 1 мл, преднизолон 60 -90 мг, трамал 100 -200 мг көктамырға. Инфузионды емнің көлемі стационарға жеткізу уақытымен анықталады. Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: 1. * Иньекцияға арналған натрий метамизол ерітіндісі 100 мкг/1 мл, амп. 2. * Қаннан алынған препараттар, плазма ауыстырғыш заттар (полиглюкин). 3. *Трамадол капсула 50 мг; ампуладағы ерітіндісі 50 мг/1 мл. 4. * Иньекцияға арналған дифенгидрамин ерітіндісі 1% 1 мл. 5. * Иньекцияға арналған преднизолон ерітіндісі 30 мг/мл; таблетка 5 мг.
І. Күйіктік шок күйік ауруының бірінші кезеңі болып табылады. Шоктың ұзақтығы басым зақымдану алаңымен анықталады. Кез келген күйікті жара біріншілік микробты ластанған болып есептеледі, бірақ күйік шогы кезеңінде инфекцияның әсері әлі байқалмайды. ІІ. Жедел күйіктік токсемия аурудың екінші кезеңі болып табылады. Ол 2 -3 тәулікте басталады, 7 -8 күнге созылады және басым айқын интоксикация белгілерімен көрінеді. ІІІ. Септикотоксемия кезеңі шамамен оныншы тәуліктен басталады және ауру ағымында инфекциялық фактордың басымдылығымен көрініс береді. Процесстің теріс динамикасы жағдайында өлімге әкелетін күйіктік кахескияның дамуы мүмкін. IV. Реконваленсценция кезеңі ағза жүйелері мен функцияларының біртіндеп қалпына келуімен көрінеді. Ол күйік шаралары жасалғаннан кейін немесе оларды операциялық жапқан соң дамиды. Күйік ауруының науқас өміріне қауіп төндіретін, өте қатерлі көрінісі – күйіктік шок болып табылады. Клиника. Күйіктік шокқа келесі белгілерінің болуы тән: - зардап шегуші, шоктың сатысына байланысты, қозған (эректильді саты) немесе тежелген (торпидті саты); күйіктік шоктың эректильді сатысы жарақаттың шокпен салыстырғанда айқынырақ және ұзағырақ болады; - кең көлемді беткей күйіктер кезеңінде науқасты ауырсыну мазалайды, ол қозған, айғайлайды; - кең көлемді терең күйікте керісінше науқастар салмақты, шөлдеуге және қалтырауға шағымданады; - зақымдалу ошағынан тыс тері жамылғылары бозғылт, суық, кейде терінің мраморлық суреті байқалады, дене қызуы төмендеген, акроцианоз; - тахикардия, пульс толуының төмендеуі және ентігу тән; - жиі құсу, шөлдеу байқалады; - тоңу, кейде қалтырау, жиі бұлшықеттік діріл; - зәр қара түсті, күйген иіс шығуы мүмкін, олигоанурия күйік шогына тән симптом.
Қорытындылай келгенде күйіктің жағдайы: Симптомдары. Жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, маска тәрізді бет әлпеті, баяу сөйлеу, қозғалыстың қиындауы. Жағдайдың ауырлығы төмен температураның әсер ету ұзақтығына байланысты. Пульсі сирек, толықтығы әлсіз, тыныс алуы беткейлік, кейде эйфория байқалады. Кейін дене температурасы төмендейді, ауырсыну сезімі жоғалады, галлюцинация, естен тану дамиды. Тыныс алу тегіс, беткейлік болады, пульс толуы әлсіз, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы байқалады. Дене температурасы 300 С-қа дейін төмендегенде өнім дамиды. Алғашқы көмек. Тыныс алу бұзылғанда жасанды аппаратты тыныс, тікелей емес жүрек массажы. Тыныс алу және қан айналымын бұзылыстары болмаған жағдайда жылыту шараларын жүрігзу қажет. Көк тамырға жылытылған медикаменттер енгізеді – 10 мл 10% глюконат кальций ерітіндісін, 1 мл 1% димедрол ерітіндісін, 2 мл 5% витамин С ерітіндісін, 1 мл 0, 06% коргликон және 10 мл 40% глюкоза ерітіндісін. Хирургиялық (реанимациялық) бөлімге госпитализациялайды.
Назарларыңызға рахмет!!!
куйктик шок.pptx