densauly_1179_sa_1179_tau_ekonomikasy.ppt
- Количество слайдов: 23
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы: Денсаулық сақтау экономикасы Орындаған: Серікқызы Н. , МІ, 303 топ Тексерген: Берекенова Г. А.
Жоспар: Денсаулық сақтау саласының экономикасы туралы анықтама, оның мақсаты мен міндеттері. Денсаулық сақтау саласының экономикасының негізгі бағыттары. Денсаулық сақтау саласының ғылымипрактикалық жұмыстары. Денсаулық сақтау саласының тиімділігі туралы түсінік. Экономикалық талдау жүргізу әдістері.
Денсаулық сақтау саласының экономикасы кадр, қаржы, материалдық-техникалық жабдықтарды тиімді пайдалануды және халықтың медициналық қызметке қажеттігін толық өтеуді көздейді. Сонымен қатар халық денсаулығын қорғау шараларының тиімділігін, оның қоғамдық өнім шығарудағы әсерін анықтайды. Денсаулық сақтау саласының экономикасысының негізгі мақсаты – медициналық көмек көрсетуде жұмсалған қаржыға сай ең жоғарғы тиімділікке жету.
Денсаулық сақтау саласының экономикасы Кадр Қаржы Материалд ықтехникалық жабдықтар
Денсалық сақтау саласының экономикасын зерттейтін мәселелер “Салал ық” эконом ика “Нақты” саланың экономи касы
Жалпы денсалық сақтаусаласының экономикасы – денсаулық сақтау жүйесінің толық халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесін, ал “нақты” денсаулық сақтау экономикасы – халық денсаулығын қорғауды жақсартуға бағытталған барлық қорларды тиімді пайдалануды зерттейді. Нақты экономикалық мәселелерді шешу денсаулық саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындауда еңбектің тиімділігін жоғарылатудың қажеттілігін айқындайды.
Денсаулық сақтау саласының экономикасының ғылымипрактикалық маңызының бағыттары Денсаулық сақтау экономикасының саладан тыс тиімділігіндәлелдеу (медициналық көмек көрсетуге шыққан шығынның халық шаруалығын нығайтудағы тиімділігі); Денсаулық сақтау саласының қорларын пайдаланудың салалық тиімділігін талдау; Денсаулық сақтау саласында еңбек етудің нормативтілігінің теориялық және практикалық мәселелерін анықтау;
Денсаулық сақтау саласының экономикасының ғылымипрактикалық маңызының бағыттары Халық емдеу-сауықтыру жөніндегі қызмет көрсету қажеттілігін қанағаттандырудың мүмкіншілігін экономикалық жағынан дәлелдеу; Денсаулық сақтау саласын басқаруды жетілдірудің шаруашылық ізденістері; Денсаулық сақтау саласы басшыларының құқықтарын кеңейтуге байланысты салалық қаржыландыру мәселелерін жетілдіру; Денсаулық сақтау саласында экономикалық тәжірибе ретінде тың жаңалықтарды енгізу.
Денсаулық сақтау саласының ғылымипрактикалық жұмыстары мынандай мәселелерге арналған Халық денсаулығын сақтау көрсеткіштерінің өзгеруінің нақты өнеркәсіп өнімінің көлеміне әсері (мысалы: кейбір ауруларды жоюдың экономикалық тиімділігі); Еңбек шығынын (дәрігерге, т. б. Қызметкерлерге қажеттілікті) есептеп денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндердің санын белгілеп, олардың мамандық бойынша бөлінуін және деңгейін қадағалау, экономикалық талапқа сәйкес дәрігерлерді дайындау және білімін жетілдіру;
Денсаулық сақтау саласының ғылымипрактикалық жұмыстары мынандай мәселелерге арналған Аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізудің экономикалық тиімділігі, халықтың медициналық көмекке сұранысы және оны қанағаттандыру деңгейі (экономикалық және әлеуметтік маңызы); Денсаулық сақтау саласы жұмысының жағдайларын қамтамасыз ету үшін керекті қаражаттың көлемін белгілеу;
Денсаулық сақтау саласының ғылымипрактикалық жұмыстары мынандай мәселелерге арналған Халыққа медициналық қызметті жақындату, медициналық мекемелерді тұрғындардың санына сай және әлеуметтік, демографиялық жағдайларға байланысты орналастыру, медициналық көмектің ең тиімді түрлерін таңдау (үйде емделу, аурухана мен емхана жұмысын үйлестіру) медициналық мекемелердің құрамын мамандыққа сәйкес белгілеу, медициналық көмектің ең тиімді түрлерін табу; Емдеу-сауықтыру мекемелерін қамтамасыз ету және пайдалану; Емдеу және ауруды анықтаудың кейбір түрлерінің төлемінбекіту; Денсаулық сақтау саласының өзіндік қорлары және оларды пайдалану. Денсаулық сақтау саласының ең жоғарғы тиімділігі – әлеуметтік нәтижені есептеу керек, ал ол халықтың денсаулыққа қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін айқындайды.
Медициналық қызметтің деңгейін бағалау, медициналық мекемелердің және мамандардың жұмысына экономикалық талдау жасау және денсаулық сақтау саласын жоспарлау үшін мынандай көрсеткіштерді білу керек: 1. Медициналық көмектің сапасы – аурудың алдын алу, анықтау; 2. Емдеу нәтижелеріні ң жиынтығы; 3. Медициналық қызметтің сәйкестігі – медициналық көмектің сандық және сапалық деңгейінің шыққан шығынға сәйкестігі, мұнда қызметкерлердің білімінің деңгейі, жұмсалған уақыт, дәрігердің және оның көмекшілерінің техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі қарастырылады;
Медициналық қызметтің деңгейін бағалау, медициналық мекемелердің және мамандардың жұмысына экономикалық талдау жасау және денсаулық сақтау саласын жоспарлау үшін мынандай көрсеткіштерді білу керек: 4. Денсаулық сақтау сапасының қаржысы және жұмсалған еңбектің нәтижелілігі; 5. Медициналық көмектің тиімділігі – алдына қойған мақсаттың орындалу деңгейі оған халыққа медициналық қызмет істеуі, оның сапасы, сәйкестігі мен нәтижелілігі жатады.
Медициналық көмектің көрсеткіші: Қызмет тің сапасы Нәтиже лілігі сәйкес тігі тиімд ілігі
Денсаулық сақтау саласының экономикасы екі негізгі бағытта дамиды: Мемлекеттік мекемелердің, онда еңбек ететін азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту жолдарын зерттейтін бөлім – денсаулық сақтау саласының экономикасы; Денсаулық сақтау саласына мемлекеттен бөлінген қаржыны дұрыс пайдалануды зерттейтін сала – экономикалық тиімділігі.
Денсаул ық сақтау саласын ың тиімділі гі Медициналы қ тиімділік Әлеуметтік тиімділік Экономикалы қ тиімділік
Медициналық тиімділікті түрлі көрсеткіштер арқылы сипаттайды: аурушылдық деңгейі, оның өзгеруі, аурудың саны, дені сау адамдардың саны, медициналық көмектің сапасын сипаттау көрсеткіштері. Денсаулық сақтау саласының әлеуметтік тиімділігін адам өмірінің ұзақтығының өсуі, ауру санының азаюы, өлімнен аман алып қалғандар саны. Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері: жұмыс жасындағы азаматтардың өмірінің сақталған саны, кейбір ауруларды азайту немесе жою, өлім көрсеткішін, уақытша еңбекке жарамсыздардың санын азайту.
Денсаулық сақтау саласының экономикалық маңызын талдағанда ең алдыменжалпы денсаулық сақтау саласының, бір мекеменің немесе денсаулық сақтау бағдарламасының тиімділігін анықтайды және әлеуметтік, медициналық немесе экономикалық әсерін талдайды. Тиімділікті жан-жақты (әлеуметтік, медициналық, экономикалық) талқылағанда тиісті көрсеткіштерді алу керек, ондай көрсеткіштерді топтастырып, олардың нақтылығына талап қойылады.
Экономикалық талдауда көрсеткіштер мынандай болу керек: Көрсеткіштің сандық шамасы есептелетінболу керек; Ол бағаналатын жұмысқа тікелей қатысты және түрлі өзгерістерді жеткілікті анықтайтын болу керек; Көрсеткіш барлық жерде бірдей танылатын және бір түсінік түрінде қабылданатын болуы керек; Бірнеше зерттеушілер бір көрсеткішті есептегенде олардың нәтижелерінің айырмашылығы бір-біріне жақын болуы керек; Әр қилы мекемелер іске асырыпжатқан бірыңғай бағдарламалардың нәтижелерін көрсеткіш арқылы салыстыра отырып, ең тиімділігін таңдау үшін соның оңтайлысынпайдалану қажет; Таңдалынып алынған көрсеткіш бағдарламаны немесе істелген жұмыстарды басқа бір істерді жан-жақты бағалауға пайдаланған жөн. Экономикалық тиімділік = нәтиженің мөлшері шығынмөлшері
Медициналық сақтау саласында тиімді және жалпы жұмыс істеу үшін медициналық қызметті экономикалық жағынан талдау және ең маңызды көрсеткіштерді анықтай білу қажет. Олар: Медициналық көмектің жалпы төлемі Адамдардың ауру сырқаулыққаұшырау ына байланысты жалпы экономикалық зиян Экономикалық зияндылықты болдырмау Экономикалық көмектің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
қорытынды: Қорыта келе, денсаулық сақтау экономикасы халықты медициналық көмек, қаржы жағынан қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласының экономикасы кадр, қаржы, материалдық-техникалық жабдықтарды тиімді пайдалануды және халықтың медициналық қызметке қажеттігін толық өтеуді көздейді. Сонымен қатар халық денсаулығын қорғау шараларының тиімділігін, оның қоғамдық өнім шығарудағы әсерін анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер: Биғалиева “Қоғамдық Денсаулық Сақтау” Интернет желісі: www. 4 medic. ru www. google. kz Рахыпбеков Т. К. “ Қоғамдық Денсаулық Сақтау”.
densauly_1179_sa_1179_tau_ekonomikasy.ppt