
Маканов А.Т 304 топ, стом, Детские,болезни.ppt
- Количество слайдов: 25
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті сөж Тақырыбы: “Балалардағы созылмалы холецистит. ” Орындаған: Мақанов А. Т 304 топ, стоматология факультеті Тексерген: Қойшыбаева К. Ж Семей - 2014
ЖОСПАР: КІРІСПЕ Негізгі бөлім: ØБалалардағы созылмалы холецистит, түрлері. ØКалькулезды емес холецистит этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, ØКалькулезды холецистит, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы , емі Қорытынды бөлім; Пайдаланылған әдебиеттер;
Созылмалы холецистит – өт қабында дамитын қабыну процесі. Бұл АІЖ-нің сирек патологиясы. Бұл ауру жасөспірімдер арасында, 2 -3 рет жиі қыз балаларда кездеседі.
Жіктелуі: 1. Ағымы бойынша: жіті, созылмалы, қайталанатын (рецидивтелетін); 2. Қабыну сипаты бойынша: катаралды, флегманозды, гангренозды; 3. Ауру фазасы бойынша: өршу, толық емес оңалу, оңалу. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: 1. айқын ауру сезімі мен диспепсия; 2. аурудың жиі қайталануылары (жылына 3 реттен артық).
Диагностика критерилері: 1 шағымдар мен анамнез: оң жақтағы жоғары квадратта батып, ұстама тәрізді ауыру сезімі ( әсіресе, майлы, қуырылған тамақтан соң) диспепсиялық бұзылыстармен үйлеседі. 2 физикалық тексеру: оң «үрлену» белгілері, уыттану, қызба; 3 лабораторлық зерттеулер: ҚЖА: аздаған лейкоцитоз, таяқшаядролы лейкоциттердің артуымен лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, ЭТЖ жоғарылауы. ҚБА: сиал қышқылы, серомукоид, фибрин, α 2 -глобулиндер құрамының артуы, жиі рецидив беретін ағым кезінде γглобулиндер деңгейі артуы мүмкін. 4. инструменталдық зерттеулер: УДЗ-де - өт қуығының 2 ммден көп тығыздалуы мен қалыңдауы, көлемінің норма жоғарғы шегінің 5 мм 2 -ден көп ұлғаюы, паравизикалды эхонегативтіліктің болуы, сладж-синдромы (Өт қабынуының Халықаралық критерилері, Вена, 1998).
Созылмалы холецистит Калькулёзды емес Калькулёзды
Созылмалы калкулёзды емес холецистит –өт қабының созылмалы полиэтиологиялық қабыну ауруы. Ол өттің ағуы және физико-химиялық, биохимиялық қасиетінің бұзылуымен көрінеді.
Этиологиясы өте күрделі және биллиарлы жүйе, он екі елі ішек және асқазан жағдайына байланысты. v. Жиырылғыш аппараттың қызметінің бұзылуы, дуоденостаз, үлкен дуоденальды емізікшенің ісінуі және спазмы биллиарлы жүйе гипертензиясына, өт пассажы бұзылысына және өт қабының гипомоторлы дискинезиясына әкеледі. v. Инфекционды процесс(жиі бактериальды) жолестерин кристаллдарының түзілуіне әкеледі.
Патогенезі Өт пассажы бұзылысы және өттің физико – химиялық қасиетінің өзгеруі Аллергиялық факторлардың әсері Холестаз Бауырдың ретикулоэндотелиальды жасушалардың қорғаныштық қызметінің төмендеуі Жергілікті қорғаныш факторларының төмендеуі Өт қабының созылмалы қабынуы Ішек дисбактериозы
Клиникалық көрінісі. Ауру эпигастрий аймағының, оң жақ қабырға астының, кіндік маңы аймағының тұйық немесе сыздаған ауыру сезімімен басьалады. Ауыру сезімі оң жақ иыққа, мойынға, жауырынға беріледі. Өршу кезеңінде ауыру сезімімен қоса диспепсиялық көрініс те байқалады, ауызға ащы немесе темір дәмі тәрізді кермек дәм келеді. Жағымсыз қышқыл дәммен кекіру, жүрек айнуы, іштің кебуі, іштің өтуі мен іштің қатуы ауысып отырады.
Нәтижесінде созылмалы интоксикация белгілері: әлсіздік, субфебрильді дене қызуы, бас айналуы, бау ауыруы байқалады. Дене салмағы азаяды, бала физикалық дамуда артта қалуы мүмкін. Тері және склера иктериялы. Тілі қақталған, біраз ісінген, жиегінде тістердің іздері бар. Пальпация кезінде оң қабырға асты, эпигастральды аймақ ауырсынуы байқалады.
Диагностикасы Өршу кезеңінде перифериялық қанда нейтрофилёзбен айқын лейкоцитоз, СОЭ жоғарылауы, билирубин концентрация, негіздік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы байқалады. Диагнозды клиникоинструменталды зерттеу және анамнезге сүйене қояды. УДЗ-да өт қабының қалыңдауы, көлемінің үлкеюі , пішіні өзгеруі көрінеді. Өт қабы қуысында қою секрет анықталады. Өт қабы шар формасына келуі мүмкін.
Емі o Төсек режимі; o Диета - № 5, № 5 а стол. Ақуыз, май, көмірсу қатынасы 1: 1: 4. Көп мөлшерде жеміс – жидектер, бөлікті тамақтану. № 5 столды диетаны 2 жылға және ремиссия кезіне тағайындайды. 2 жылдан соң диета кеңейтіледі. o Ауыр асқынуда дезинтоксикациялық терапия тағайындалады – көктамыр ішіне глюкоза, тұзды ерітінділер енгізу. o Өт айдайтын заттар(жеміс-жидекті, көкеністі соктар, өсімдік майы, жұмыртқа); o Спазмолитикалық препараттар; o Инфекцияға қарсы антибиотиктер( жартылай синтетикалық пенициллин, эритромицин );
Профилактикасы Созылмалы холецистит даму қаупі туындағанда профилактика ретінде тамақтану режимін қатаң сақтау, өт айдағыш заттар, сонымен қоса өт айдағыш шайлар қолдану, физикалық жүктемені шектеу, эмоционалды стрессті болдырмау қажет.
Болжамы Ауру рецидиві анатомиялық және физиологиялық бұзылыстарға(Мысалы, өт қабырғасының қалыңдауы, қабырға маңы іркілісінің пайда болуы, өт тасы пайда болуы) әкелуі мүмкін.
Созылмалы калькулёзды холецистит Бұл ауру түрі педиатриялық практикада сирек кездеседі. Бірақ соңғы жылдары балаларда жиі анықталуда, әсіресе жасөспірім – қыздарда, әртүрлі зат алмасу бұзылыстарымен қатар.
Этиологиясы және патогенезі Холелитиаз түзілуінің негізгі себебі: өт қабының гипомоторлы дискинзиясынан өт қабырғасына өт іркілісінің жиналуы, өт шығару жолдарындағы қабыну процесі, зат алмасу бұзылысынан өттің химиялық құрамының өзгеруі. Осы факторлар әсерінен өт қабының қабырғасында холестерин, кальций, билирубиннің жиналып, кейін тасқа айналуы. Жас балаларда әсіресе пигментті тастар жиналады( сары түсті, билирубиннен, аз мөлшерде холестерин, кальций тұздарынан тұрады). Ал ересектерде әсіресе холестеринді тастар кездеседі( қою түсті, холестерин кристалынан тұрады).
Клиникалық көрінісі 2 түрлі болуы мүмкін. Жиі ауру іштегі ұстамалы аурусыз, тек ноющий ауырсыну сезімімен, іштің жоғарғы бөлігінің ауырлауы, ауыздағы күйдіру және кекірумен көрінеді. Сирек оң жақ қабырға астындағы қайталама ұстамалы өткір ауырсыну сезімімен көрінеді. Ауырсыну бірнеше рет белгілі уақыт аралығында қайталанады. Жүрек айну, құсу, суық тер шығу қатар жүреді. Тастың өтуі уақытша өт өзегінің бітелуіне, ол жедел обтурациялық сары ауруға және ахолинді нәжіс пайда болуына әкеледі.
Диагностика. Диагнозды клиникалық мәліметтерге және арнайы зерттеу әдістеріне негіздеп қояды: ультрадыбысты және рентгенологиялық(холецистография) ; УДЗ-да өт қабында және өт жолында тығыз түзілістер көрінеді; Холецистографияда көптеген немесе аздаған өт қабы толуының дефектілер көре аламыз;
Емдеу: Дәрілік және оперативті ем. Кіші диаметрлі пигменті және холестеринді тастарды жұмсартатын және ерітетін әртүрлі препараттар бар. Радикальді әдіс – холецистоэктомия. Қазіргі кезде кең қолданылатын эндоскопиялық әдіс – лапароскопиялық холецистоэктомия.
Қорытындылай келе , созылмалы холецистит - бұл өт қабырғаларының біртіндеп склероздануы (беріштенуі) мен деформациялануымен (пішінінің өзгеруімен) бірге қабынулық созылмалы зақымдалуы. Бұл ауру жасөспірімдер арасында, 2 -3 рет жиі қыз балаларда кездеседі. Айқын ауру сезімі мен диспепсия; аурудың жиі қайталануылары (жылына 3 реттен артық) болған жағдайда міндетті түрде госпитализациялау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: Баранов А. А, «Детские болезни» , 634 -638 стр. Интернет www. google. ru www. google. kz www. yandex. ru
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Маканов А.Т 304 топ, стом, Детские,болезни.ppt