САВЕТОВ КАЗАК ТИЛИ 137.pptx
- Количество слайдов: 11
Семей мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Қазақ халқының сәлемдесу дәстүрі Дайындаған: Саветов Ильяс Тексерген: Салима Бекеновна Семей, 2014 жыл.
Қазақ халқының сәлемдесу дәстүрі • Халқымыз амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Сол себептен ата-ана баланы жасынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Амандасудың, сәлем айтудың астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, құрметі, сыйластығы жатыр. Әр сөзді сәлемдесуден бастайтын халқымыздың осы бір жақсы қасиеті көпшілікті татулыққа, сыпайылыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа үндейді. Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар” делінген екен. Бұл да амандасудың адамгершілік сатысының бір биігі екенін көрсетсе керек. • • Амандасу салт-дәстүрімізде ерекше орын алады. Жасы кішінің үлкенге, атты адамның жаяуға, келе жатқан адамның отырған кісіге амандасатыны ежелден келе жатқан салтымыз. Бұл мақаланы жазудағы мақсатым–сәлемдесу, алыстағы ағайынға сәлем айту, әйел адамның амандасу әдептіліктері, қазақтың үлкенге жол беру салты жайлы ой қозғай отырып, қазақтың осындай тамаша салтдәстүрлері барын, адам баласының бір-біріне деген сый-құрметінің белгісі екенін көпшілік оқырманға жеткізе білу
• Қазақтың сәлемдесу, сәлем айту дәстүрі • Адамдар бірімен-бірі кезіккенде жылы шырай білдіріп, аман-сәлем жасап, сый-құрмет танытады, мұның өзі адамзатқа ортақ қасиет. Амандасудың жалпы екі түрлі тәсілі бар: оның бірі, ауызша амандық сұрасу, енді бірі, қол алысу, құшақтасу, бетіне бетін тигізу, сүю арқылы бейнелеу. Адамзат ең арғы замандарда бірімен-бірі жолыққанда қолында қаруы жоқ, қастықсыз, адал екенін әйгілеу үшін алақанын жайып, қолын көрсетіп, қарсы жағымен жауаптасатын болған. Мұндай әдеттер ішінара қазірге дейін байырғы қалпын сақтаған ұлттарда бар. Мамандар осы әдетті қазіргі адамдар амандасуының арғы төркіні деседі. Амандасу әдеті барлық халықта бар болғанымен, әр ұлттың амандасу салты өзгеше болады. Біздің арғы ата-бабаларымыздың ертедегі аман-сәлем жасау салты жаратылысқа, тотемге, иеге, киеге, тәңірге табынумен де байланысып жататыны белгілі. 8 -ғасырдан бастап ислам дінін қабылдағаннан кейінгі жерде амансәлем жасау тәсілі өзгерді.
• Қазақтың жалпы аман-сәлемінде «Ассалаумағалайкүм!» , «Уағалейкумассалам!» , «Шүкірлік» деген амандасу терминдері қабылданды. Десе де, амандасу жолдары негізінен өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалды. «Ассалаумағалайкүм!» деп сәлем бергенде басын сәл еңкейткені болмаса, көбінде, оң қолын сол жақ көкірегіне қоятын әдеті жоқ дерлік. Қазақ салтында аман-сәлем мынадай жолдармен орындалады: кездесе қалған екі адам бірін - бірі танысын -танымасын сәлемдеседі. Әуелі «Ассалаумағалайкүм!» , «Уағалейкумассалам!» , кейін, көбінде, денсаулық, ел-жұрттың, туыс-туғанның, отбасының, мал-жанның амандығы, елдің тыныштығы сұралады. Қарсы жақ сәлем алып «Аллаға шүкірлік» , «Аманшылық» деп барып қарсы жағынан қайтарып амандық сұрайды. Амандық сұрасқанда, қандай ауыр хал, нашар жағдай болса да, жамандықты айтпайды, саулықты, «шүкірлікті» айтады.
• Біреулердің артынан қатты жүріспен келіп, озып кетуге тура келгенде тіл қатысып, аман-сәлем, жөн сұрасқаннан кейін асығыс екендіктерін айтып, разылық алып озып кете барады. • Қазақта әдетте жолаушы (жолшы) үйдің іргесін басып (үйге тым жақын) жүрмейді, іргеге келсе, аттан түседі немесе ат үстінен сәлем береді. Әдетте үйдің іргесіне атты адам келгенде үй иесі тысқа шығып, қонақпен сәлемдеседі. Белдеуге келіп қонақ түсіп жатқанда, үйден адам шығып, келген қонақтармен сәлемдеседі. Жасы үлкен адамдар мен әйелдердің алдынан атын ұстап, аттан сүйеп түсіріп, есік ашып үйге енгізеді.
• Бір адам көп адамға, жасы кіші жасы үлкенге, атты адам жаяу адамға, келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді. Амандасу тәртібінде, атты адамдар түзде жолыққанда, жасы кіші жасы үлкен адамға сәлем береді. Мұндайда аттан түспесе де, сәлем бергенде қол алысса да, алыспаса да болады. Иенде жүрген жастардың жанынан қария адам не жасы үлкен адам жанап өтіп бара жатса, онда жастар қарияға, жасы үлкен адамға әдейі бұрылып барып, сәлем береді. Үй сыртына таяп келген үлкен адамға аттан түсіріп алғалы тұрған жасы кіші адам бұрын сәлем береді. Сырттан кірген адам жасы үлкен - кіші болсын, үй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем береді. Үй толы адам отырғанда, үйде отырғандардың ең үлкенінен бастап кішісіне дейін алма - кезек қол беріп, амандасып шығады, онан кейін үй иесі ақсақал мен келген қонақ амандық - саулық сұрасады. Үй толы адамға бірден қол беріп амандаспай-ақ, жалпыға «Ассалаумағалайкүм!» деп сәлем беретін әдет те бар.
• Үлкендермен сәлемдесу • Егер сәлем беретін адамның ата жастағы, аға жастағы болса, қайда кездессең де, бұрылып қасына келіп сәлемдесу орынды. Егер азамат жасы үлкен ер адамдарға - «Ассалаумағалейкум, ата» , немесе «ассалаумағалейкум, аға!» - деп сәлем беріп, екі қолын бірдей ұсынады. Ал, сәлем алушы - «уағалейкумассалам» , - деп екі қолын немесе бір қолын берсе де айып емес. • Жасы қатар адамдармен сәлемдесуі. Жасы қатар адамдар кездесе қалса, қайсысы сәлемдесуге бұрын ыңғайланса да артық емес. Егер, екеуі сәлемдесуге ыңғайланып жатса, өте дұрыстық болады. Қатар адамдар бір - біріне «сәлематсыз ба» деп амандасады да қояды.
• Жасы кішілермен амандасу. Жасы кішілермен сәлемдеспейді, амандасады. Жасы кіші байқамай, сәлем бере алмай жататын жайлар кездеседі. Ондай да «Ау, пәленшежан - ау, амансың ба, үлкен жігіт болдың ба? » деп, өзіне қаратып амандаса бастайды. Сол кезде ол да «байқамай қалыппын - ау, ассалаумағалейкум» деп сәлемін беру артық емес.
• Бір үйге кіріп келгенде оның үй иелері жасы кіші адамдар болса да, сырттан кіруші «Ассалаумағалейкүм» - деп үйге сәлем беріп кіруі керек. Мұны шаңыраққа сәлем беру деп те атайды. Қазақта шаңырақ қашанда үлкен саналған. Сосын барып, үй ішіндегі адамдар жасының ретіне қарай, өздері сәлемдесе бастайды.
САВЕТОВ КАЗАК ТИЛИ 137.pptx