
545 Абдошева Г 1 срс.pptx
- Количество слайдов: 33
Семей мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Ұстамалық синдром. Эпистатус. Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек. Госпитализацияға көрсеткіш. Орындаған: Абдошева Г. Е 545 топ ЖМФ Тексерген: Сагадиева З. Ж
Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 2. 1. Ұстамалық синдром. Эпистатус. 2. 2. Госпитализацияға дейінгі шұғыл көмек. Госпитализацияға көрсеткіш. III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер.
Ұстамалы синдром-көлденең жолақты бұлшықеттің өздігінен емес қысқаруынан болатын патологиялық жағдай. Қысқару локальді (локальді ұстама) не генерализденген(көптеген бұлшықет топтары) болуы мүмкін.
Қояншық (эпилепсия) – бұл естің қайталама пароксизмалдық аутықуларымен, сондай-ақ арта түсетін эмоционалдық-психикалық өзгерістермен білінетін созылмалы үдемелі кесел. Эпилепсия — аяқ астынан дамитын тырыспалық ұстамалармен сипатталатын, халық араснда ең кең тараған созылмалы неврологиялық ауруға жатады.
Эпистатус v Қайталанатын қысқа интервал уақытында, арасында есінің периодсыз қалпына келуімен, эпилептикалық талмалардан кейінгі (30 мин) фиксирленген эпилептикалық жағдай. v Ең жиі себебі — АЭС қабылдауды кенет тоқтату. v Басқа себептері – ми ісігінің бастапқа көрінісі, метаболикалық бұзылыстар, алкогольді абстиненция, инсульт, менингит немесе энцефалит, мидың гипоксиялық зақымдалуы v Ал 25% жағдайда себебін табу қиынға соғады. v Кеде эпилептикалық статус эпилепсияның дебюті болып табылады.
Эпилептикалық ұстама (тырысу)— этиологиясы әртүрлі қайталамалы талмалармен сипатталатын, нейрондардың шектен тыс разрядының нәтижесінде туатын және әртүрлі клиникалық көріністері мен параклиникалық симптомымен жүретін бас миының созылмалы ауруы.
Эпилептикалық ұстаманы шақыратын негізгі этиологиялық факторлар : üбас-ми жарақаттары, üинфекциялық аурулар және нерв жүйесінің интоксикациясы, üтұқым қуалау факторы болып табылады.
Жіктелуі: I. Парциальді (фокальді) ұстамалар. A. Қарапайым парциальді ұстамалар. 1. Моторлы. 2. Сенсорлы. 3. Вегетативті. 4. Психикалық. Б. Күрделі парциальді ұстамалар. 1. Қарапайым парциальді ұстама сияқты басталып, естің жоғалуымен жалғасатын ұстамалар. 2. Естің жоғалуынан басталатын ұстамалар. B. Екіншілік генерализациямен жүретін парциальді ұстамалар. 1. Екіншілік генерализациямен жүретін қарапайым парциальді ұстамалар. 2. Екіншілік генерализациямен жүретін күрделі парциальді ұстамалар. 3. Күрделі парциальді ұстамаға өтіп, генерализацияланатын қарапайым парциальді ұстамалар. II. Генерализацияланған (таралымды) ұстамалар. A. Абсанстар 1. Типті. 2. Атипті. Б. Миоклоникалық. B. Клоникалық. Г. Тоникалық. Д. Тонико-клоникалық. Е. Атониялық. III. Жіктелмейтін ұстамалар.
Патогенезі әлі анықталмаған. Патогенетикалық механизмі адам организмінің жалпы соматикалық өзгерістеріне байланысты. Церебральды механизмнің орталығы болып эпилептоген және эпилепсиялық ошақ болып табылады. Эпилепсиялық ошақ – мидың локальды структуралық өзгерісі- эпилепсиялық разрядты фокальды өңдейтін нейрондардың патологиялық қозу көзі. Эпилепсиялық ошаққа нейрондар арқылы бір уақытта қозудың өткізілуінде қалтырау разряды пайда болады. «Эпилептизация» ЭЭГ өзгерісінде көрінеді (комплекс пик-толқын). Эпилептизация негізінің структурасында аксо-дендриттердің синапсында, «активті аймақтың» күшеюімен көрінеді.
1965 жылы Венада қабылданған дүниежүзілік жіктемеге сәйкес элилепсиялық ұстамалардың үлкен үш тобы бар: Таралымды эпилепсиялық ұстама Фокальдық немесе парциальдық эпилепсиялық ұстама Біржақты эпилепсиялық ұстама
Ұстама Тоникалық ( бұлшықеттің ұзақ және баяу қысқаруы) Клоникалық (қысқару мен босаңсу тез) Аралас (клоникотоникалық)
Ұстама Жедел естен тану және жедел тоникалық қалтырау30 сек-2 мин ішінде барлық бұлшықеттердің (қабақ және дистальді фаланг, кеуде, мойын, бас)тоник алық спазмы. Тотальді арефлексия. Есі жоқ. Күшті тітіркендіргіштерге , жарыққа жауап жоқ. Қарашық кеңейген. Ұзақтығы 1 – 3 мин. байланысты тілін тістеу және ауыз қуысы шырышының жарақаттануы мүмкін. Өздігінен зәр шығу, дефекация , терлеу , гиперсаливация. Ауыздан қызғылт көпіршікті сұйықтық шығуы мүмкін. Цианоз Танудан кейін терең ұйқы не өшу(оглушение) , одан кейін есі анық. Басқа жағдайда -өшу, кома.
1. Таралымды эпилепсиялық ұстама – естен тану мен көлемді вегетативті бұзылулардың дененің екі жағын бірден қамтитын немесе оларсыз бола беретін құрысулармен қосарлануы тән. Бұл топ үлкен құрыспалы және кіші(құрыспасыз) эпилепсиялық ұстамаларға бөлінеді.
ü ü ü Таралымды құрыспалы ұстамалар кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрінде білінеді. Кейде топико-клоникалық құрыспалар пайда болады. Олардың толық тоникалық кезеңі, аяқ-қол және бұлшықеттердің құрысып ширығуымен сипатталады. Көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшықеттері шектен тыс ширығуда болады. Дем алуға қатысатын бұлшықеттер ширығуынан апноэ, цианоз пайда болады.
Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде Ø Ø Ø науқас тілін тістеп қалуы аузынан қан көпірумен қосарланады көз қарашығының жарыққа реакциясының жойылуымен қосарланатын мидриаз қосылады. Сфинктерлер бұлшықетінің ширығуынан еріксіз зәр және нәжіс шығару байқалады. Тамыр соғуы жиілеп, АҚҚ жоғарылайды. Ұстама 1 -2 мин созылып, Ұйқыға ауысатын кома түрінде аяқталады. Оянғаннан кейін амнезия, бұлшықеттердің ауырсынуы, қалжырау, әлсіздік болады. Көбінесе сопор немесе психомоторлық қозумен аяқталады.
Кіші ұстамалар Қарапайым абсанс -қимыл т. б. әрекеттердің 5 -20 секунд бойы тоқтап қалуы. Науқастар ол жөнінде кейін өзімен бірге болған адамдар арқылы ғана біледі. Ауыр жағдайларда ұстамалар бірінен соң бірі бірнеше мин ішінде, сағаттар бойы өтеді. Күрделі абсансқысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің еріксіз қимылы және көз алмаларының аларуы, т. б. мен қабаттасады. Атониялық абсанс- постуралдық тонустың жойылуынан науқастың құлап қалуы, ал акинетикалық абсансбұлшықет тонусы өзгермей-ақ науқастың естен танып қалу. Күрделі абсанстар вегетативтік бұзылулармен қабаттасады.
Ошақтық ұстамалар симптоматик алық Жабайы күрделі қимылдық және сенсорлық Қимылдық ұстамалар арасында джексондық пен версивтік ұстамалар жиі кездеседі. Бұлшықеттегі құрыспалар эпилепсиялық ошақтың ми қыртысындағы қимылдатушы проекциялық аумағындағы орнына байланысты. Құрыспалар орнықты болып қала береді және көршілес бұлшыкеттерге таралады. Таралу реттілігі қыртыстық орталықтардың орналасуына сәйкес келеді.
Парциалды-сенсорлы ұстамалар Қандайда болсын бір анализатор ауқымында түйсіктің кенеттен бұзылуымен сипатталады. ü дененің кез келген бөлігінде парестезия ü көру, есту, иәс сезу, дәм сезу бұзылулары ü бас айналу ұстамалары түрінде де білінеді.
Біржақты эпилепсиялық ұстама Олар қыртыс-қыртыс асты құрылымдары едәуір зақымданғанда пайда болады, балаларда жиі кездеседі. эпилепсиялық ұстаманың барлық клиникалық белгілері тән. Тонико-клоникалық түрдегі құрысулар ауруды лезде билеп әкетеді де, оған ес-түстен айрылуы мен ұстама соңындағы бұзылулар(кома, сопор т. б. ) қосарланады.
Жедел көмек ü ü ü ü 1. Ұстама кезіндегі науқасқа көмек ол жарақаттардан және аспирациядан сақтау. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру: ауыз және тамақтан шырышты, алыныпсалынбалы тіс протезін алып тастау, ауа өткізгішті енгізу арқылы ауа жіберу (маска немесе мұрын канюлясы көмегімен). 2. Науқасты төсекке немесе еденге жатқызады, шама келгенше қырымен, науқасқа қауіпті заттарды жаныннан алып тастаймыз. 3. Жағасы мен белдігін босатамыз. 4. Тілді шайнауының алдын алуға тырыспаңыз, себебі тістердің арасына қандай да бір зат салу нәтижесі тістердің сынуына негіз болады. 5. Диазепамды көк тамырға енгіземіз (реланиум, 10 мг натрия хлоридінің изотониялық ерітіндісінде) көбінесе ұстама уақыты 510 минтан асқан кезде. 6. Ұстамадан кейін реланиумді бұлшықетке енгізген тәжірибеде – бұл шара қажетсіз, себебі ол ұстамалардың қайталануы алдын алмайды. 7. Науқас әбден есін жиғанша оны қараусыз қалдыруға болмайды.
Диазепаммен статусты басқаннан кейін жылдам ұзақ әсері бар негізгі антиэпилептикалық препаратты (фенобарбитал, карбамазепин, дифенин, валлпроенді қышқыл) енгізу қажет.
Эпилептикалық статус терапиясы Дене қызуын түсіру, АҚ қалыптастыру шараларын ұйымдастыру. Статус кезінде метаболикалық ацидоз дамуы мүмкін, бірақ оның коррекциясы тек ауыр жағдайда қажет етеді.
Эпилептикалық статус терапиясы Аталған шаралардың көмегі болмаған жағдайда, науқасты госпитализация алды этапта мүмкін: - Барбитураттарды бұлшықетке енгізу (1 г гексеналды немесе натрий тиопенталды 10 мл натрии хлоридтың изотониялық ерітіндісінде езіп, 10 кг дене салмағына 1 мл есеппен ерітіндіні енгізеді), - Көктамырға 20% натрии оксибутираттың 10 мл ерітіндісін (1— 2 мл/мин жалпы мөлшері 250 мг/кг) енгізеді, - Наркоз, азот тотығы мен ауа қоспасы (2: 1) қатынасында, - Паральдегидтің ректальді (0, 1 -0, 2 мл/кг) енгізілуі.
Эпилептикалық статус терапиясы интенсивті терапия жағдайында барбитуратты көктамырға енгізуге болады. алдын ала ЭКГ және ЭЭГ мониторингті қарап, науқасты интубациялау керек. • Ең алдымен 10 мл 1% гексенал немесе тиопентал ерітіндісін 1— 2 мин ішінде енгізеді, бұл уақытта науқастың АҚ, ЖСЖ (ЧСС), тынысын бақылап отырамыз. Егер енгізу барысында шұғыл өзгерістер байқалмаса, енгізуді жалғастыра береміз. Жалпы мөлшері 1% ерітіндінің 60— 80 мл-дан аспау керек. • ЭЭГ-дағы эпилептикалық белсенділік белгілері және клиникасы жойылу үшін наркоздың 1— 2 стадиясына дейін жету керек. • Шұғыл өзгерістер: шұғал тыныс нашарлауы, ауыр артериальді гипертензия, бүйрек жетіспеушілігі кезінде барбитурат қарсы көрсетілген. Шұғыл тұншығу кезінде ЖӨЖ (ИВЛ) беруге, АҚ төмендегенде вазатоникалық сұйықтық беруге дайын болу керек.
Эпилептикалық статус терапиясы Патогенетикалық еміне су-электролитті және қышқылды-сілтілі баланстың коррекциясы кіреді, сонымен қатар ми ісінуі емдеу кіреді (маннитол, 0, 25— 1 г/кг, лазикс 20— 40 мг, дексаметазон, 12— 16 мг 15— 20 мин ішінде көктамырғаенгізеді).
Ұстама типіне байланысты АЭС таңдау Ұстама типі Препарат Парциалды ұстама (қарапайым немесе Карбамазепин күрделі, екіншілік генерализациямен Дифенин немесе онсыз) Вальпроенді қышқыл Ламотриджин біріншілік-генерализденген тоникоклоникалық ұстама Вальпроенді қышқыл Карбамазепин Дифенин Ламотриджин Абсанстар Этосуксимид Вальпроенді қышқыл Клоназепам Ламотриджин Миоклоникалық ұстама Вальпроенді қышқыл Клоназепам Тоникалық, клоникалық, атониялық Вальпроенді қышқыл Классификацияланбайтындар Вальпроенді қышқыл
Қорытынды Сонымен қорытындылай келе, Эпилептикалық ұстама – бас миының клиникалық көрінісі парциальды немесе генерализденген ұстамалық тырыспамен көрінетін неспецификалық реакциясы. Эпилептикалық ұстама кезінде алғашқы көмек көрсете білу тек дәрігердің ғана емес кез келген азаматтың міндеті. Себебі эпилептикалық ұстама кезінде өлім көрсеткіші үлкендер арасында 20% көрсетсе, балалар арасында 8% құрайды.
Қолданылған әдебиеттер ü Интернет желісі википедия, www. yandex. ru, www. google. ru. ü Ақпарат көзі: http: //kazmedic. kz/archives/1193 Материал көшіргенде, Kaz. Medic. kz сайтына сілтеме міндетті
Назарларыңызға рахмет!!!
545 Абдошева Г 1 срс.pptx