Бесетаева А. 548-топ.pptx
- Количество слайдов: 31
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Психиатрия, неврология және наркология кафедрасы Тақырыбы: Қолдағы жеке нервтердің зақымдану семиотикасы. Орындаған: Бесетаева Арайлым ЖМФ-548 Тексерген: Оспанов Б. Т Семей – 2016 жыл
Жоспар I. Кіріспе бөлім II. Негізгі бөлім 1. Нерв түбіршектерінің түйіндерінің және өрімдерінің зақымдануы 2. Жекелеген жұлын нервтерінің зақымдануы 3. Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе • Шеткі нерв жүйесі аурулары, әр түрлі елдердің статистикалық мәліметгері бойынша, барлық нерв жүйесі ауруларының 20 -дан 50 %-ға дейін бөлігін құрайды. Олар сырқаттардың өміріне қауіп төндірмесе де, жиі қайталана беретіндіктен, жұмысқа тұрақты қабілетсіздікке әкеліп соғуы мүмкін.
Нерв түбіршектерінің түйіндерінің және өрімдерінің зақымдануы 1. Менингорадикулиттер, радикулиттер (мойын, кеуде, бел-сегізкөздік). 4. Нерв өрімдерінің жарақаттануы. 4. 3. Теменгі иық өрімінің зақымдануы (Дежерин. Клюмпке салдануы). 2. Радикулоганглиониттер, ганглиониттер (жұлындық, симпатикалық), трунциттер. 4. 1. Мойындық өрім зақымдануы. 4. 4. Иық өрімінің тұтас зақымдануы. 3. Плекситтер. 4. 2. Жоғарғы иық өрімінің зақымдануы (Эрб-Дюшенн салдануы). 4. 5. Бел-сегізкөз өрімі зақымдануы (жартылай немесе тұтас).
Иық өрімдерінің зақымдануы • Иық өрімдері алдыңғы төрт төменгі мойын және І-ІІ кеуде жүйкелерінің тарамдарынан тұрады. Клиникалық көріністері бойынша иық өрімдерінің зақымдануының комплексті көрініске бөлуге болады: ШЖоғарғы бөлігінің зақымдануы ШТөменгі бөлігінің зақымдануы.
Иық өрімінің жоғарғы бөлігінің зақымдалуы (Дюшень-Эрба салы) • Бұл кезде қол сабақ сияқты асылып тұрады, ішке қарай бұрылып және қайырып тұрады. Иықтың жоғарғы бөлігінің қатаюы, білекті бүгу және оның супинациясы бұзылады. • Науқас кесені ауызына апара алмайды, шашын тарай алмайды, қолын қалтасына сала алмайды. Дельта тәрізді бұлшық еті және иық белдеуінің бұлшық еттері жансызданады, бицепс рефлекс жойылады. • Ұзарған кеуде жүйкесінің зақымдануы жауырынды кеуде тініне белгілейтін тісті бұлшық еттің семуі және салдануы кезінде байқалады: науқас созылған қолын жоғары көтере алмайды.
Иық өрімінің төменгі бөлігінің зақымдануы • Мұнда қозғалыстың бұзылысы, білек бұлшық етінің, білезік және саусақ бұлшық етінің функциясы мен иық белдеуі бұлшық етінің трофикасы толық дерлік сақталуы кезінде семуі байқалады. Үлкен саусақты қысқа бүгу және оны бұрушы бұлшық еттің парезі салдарынан үлкен саусақты бұра алмау және бүге алмау. Қолда периостальді және сіңірлі рефлекстері жойылады.
Бұлшық ет – тері жүйкесінің зақымдануы. • Бұлшық ет – тері жүйкесінің қозғалтқыш талшықтары білектің бүгілуін және оның супинациясын жүзеге асыратын mm. coracobrahialis, biseps brahii жүйелендіреді. Бұлшық еттің фунуциясы білекті жазғанда науқастың қарсы қозғалысын зерттеу арқылы тексеріледі. Терібұлшықет жүйкесі зақымданғанда білекті бүгу және оны йыққа жеткізу шектеледі. Екі басты бұлшықеттің рефлексі төмендейді немесе жойылады. Екі басты және иық бұлшықеттерінің гипотониясы мен семуі бір уақытта көрінеді.
Сәуле жүйкесінің зақымдалуы. • Сәуле жүйкесінің қозғалтқыш талшықтары жүйкелендіреді: Ш Білекті жазушы үш басты бұлшықетті “m. triceps brahii” Ш Білекті бүгуші және иықты сәулелі бұлшықетті “m. brahioradialis” Ш Білек пен саусақты жазушы “m. extensor carpi radialis longus”, үлкен саусақты апарушы бұлшық ет “m. abductor pollici longus” Бұл жүйкенің зақымдануы білекті, білезікті және саусақты жаза алмау, с. қ. Үлкен саусақты бұра алмау және жаза алмау салдарынан білезіктің салбырауымен айқындалады; үш басты бұлшықет сіңірінен рефлекс төмендейді немесе жойылады. Гипотония және атрофия байқалады.
Шынтақ жүйкесінің зақымдануы. • Шынтақ жүйкесінің қозғалтқыш талшықтары жүйелендіреді: Ш Білезік және саусақтың бүгуші шынтақтық тобы “m. flexor carpi ulnaris, m. flexor digitorium superficialis et profundus” Ш Үлкен саусақты өткізуші бұлшық ет “m. abductor pollici longus” Ш Сасуақтың басты және соңғы фалангасын бір уақытта бүгуші және жазушы сүйек аралық және құрт тәрізді бұлшық еттер “mm. interossei, mm. lumbricales”
Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар • Нервтер немесе нерв-қан тамыр шоғырлары өтетін бұлшық ет, шандырлар немесе сүйек-бұлшық өзектерінің (туннельдерінің) тарылуына байланысты нервтердің шұғыл немесе біртіндеп (созылмалы) қысылуынан пайда болады.
Туннельдік компрессияланған (қысылған) ишемиялық невропатиялар пайда болуына әсер ететін факторлар: нерв орныққан тұстың туа немесе жүре тарылуы; нервке көршілес (периневралдық) тканьдердің көлемін ұлғайтатын аурулар; периневралдық тканьдер (сүйектер, бұлшық еттер, байламалар) құрылымының аномалиялары (кемістігі) гормонды-эндокриндік, зат алмасу және басқа да бұзылыстар; жарақаттар (әсіресе қайталанған) және олардың зардабы; бұлшық ет-буын аппаратының кәсіби, спорттық немесе күнделікті тұрмыстық жағдайда шамадан тыс ширығуы;
• Компрессиялы - ишемиялық невропатиялар сирек кездеседі, оларға көбінесе вертеброгендік аурулар ретінде диагностика қойылады. Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде қол, жамбас маңайы жөне аяқ невропатиялары жиі байқалады.
Білезік маңайындағы ортаңғы нерв компрессиялы-ишемиялық невропатиялары (білек өзегі синдромы). Ортаңғы нервтің төменгі бөлігінің қысылуы білектің көлденең байламының және білек өзегінің ішіне орналасқан басқа да периневралдық тканьдердің астында болады. Осы өте тар өзекке фиброздық қынаптармен үстіңгі жағынан қоршалған, саусақтарды бүгетін бұлшық еттердің тарамыстары орналасқан және көлденең байлама астында ортаңғы нерв жайғасқан.
• Қолдағы туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар • Жарақаттар мен артритерге байланысты білезік өзегінің тарылуы немесе оның ішіндегі тканьдердің ұлғаюы (тендоваганиттер), дәнекер тканьнің дисгормоналдық өзгерістері, яғни жұмыс істеген кезде шамадан тыс қиналу нервті және оны қанмен қамтамасыз ететін артерияларды кысады. Ол қол ұшын бүгу және жазу немесе үнемі бүгуге тура келетін кәсіби жұмысқа (машинка басу, пианинода ойнау, балғамен жүмыс істеу, т. б. ) байланысты жиі пайда болады. Білек өзегінің туа біткен тарлығы да белгілі роль атқарады. Ол аталған синдром әйелдерде жиірек кездеседі.
• Білезік өзегі синдромының клиникасында қол ұшында, I, II және III саусақтарда азапты парестезиялар мен кернейтін ауырсынулар басым білінеді. Олар білекке, сирек иыққа таралуы мүмкін. Қол ұшын сіліккенде немесе оның кейпін өзгерткенде, ауырсыну тыйылады. 2 минут бойы саусақтарды жұмып, қол ұшын бүксе немесе жазса, ауырсыну күшейеді. Ауырсыну қолды кәрі жілік-білезік буынынан бүккенде және жазғанда, мысалы, жуылған нәрселерді сыққанда, іс тіккенде, тоқыма тоқығанда күндіз де білінуі мүмкін. • Өте ауыр жағдайларда I және II саусақтарда гиперпатия реңіндегі гипестезия, тенар жоғарғы бөлігінің семуі, бас бармақты басқа саусақтарға қарсы қоя алмау байқалады. Синдром кенеттен өзінен-езі білінбей кетуі де ықтимал.
Білектің жоғары бөлігінде ортағы нервтің компрессиялыишемиялық нейропатиясы (пронаторлық синдром, Сейфарт синдромы). Ортаңғы нерв білектің жоғары бөлігінде дөңгелек пронатордың бастары аралығында олардың фиброздық өзгеруіне байланысты қысылып қышиды. • Нерв пронатор шақшасында немесе саусақтарды бүгетін бұлшықеттің арқа тәрізді қақпақшасының астытына қысылуы мүмкін. Ол музыканттарда (пианистерде, скрипкашыларда, әсіресе гитара ойнайтындарда) пронаторға ұзақ салмақ түсуден және саусақтар бүгілуден супинацияны пронацияға жиі ауыстыруға байланысты және саусақтарды ұзақ бүгілу кейпінде ұстайтын қол жұмысымен айналысатын адамдарда (сауыншылар, жүргізушілер, престеушілер, металл кесушілер) бұлшық еттеріне шамадан тыс күш түсетіндіктен жиі кездеседі
• Бұл синдромға жұдырығы бүгілген қол ұшын кенет ішке қарай бұрғанда, жазу жазғанда, қолды жоғары көтергенде күшейе түсетін ауырсынулар мен парестезиялар тән. • Сезімділік бұзылыстары алақанның сыртында, I, III саусақтар мен IV саусақ жартысының алақан жағында, сонымен қатар олардың шеткі фалангаларының сырты мен фалангааралық буындарда байқалады.
Иықтың төменгі үштен бірінде ортаңғы нервтің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (иықтық субкондиллярлық өсінді синдромы) • Тоқпан жіліктің шынтақ үсті бөлігінің ішкі жағындағы тоқпан жілік ішкі айдаршығы мен супракондилярлық өсінді арқылы шектелген (айдаршық үсті сақинасында) ортаңғы нервтің қысылуы. Әдетте бұл синдром тоқпан жіліктің диафизі сынғанда немесе шынтақтан бүгілген қолына басын сүйеп ұйықтаған жағдайда пайда болады. Оның клиникалық көрінісінің дөңгелек пронатор синдромы клиникасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.
Шынтақ нервінің компрессиялыишемиялық невропатиясы (кубитальды туннельдік синдром) • Кешеуілдеген ульнарлық-кубиталдық жарақаттық салдану) — нервтің шынтақ өсіндісі (оіесгаnоn) мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығы арасын керіп тұратьш жуанданған үш бұрышты жалғама астындағы шынтақ өзегінде қысылуы. Велосипед тебетіңдерде, машинисткаларда шынтақ буынын жиі бүгіп-жазудан пайда болады. Оның дамуында шынтақ жарақаттары мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығының сынуы маңызды роль атқарады. Сынғаннан кейін көп уақыт өткенде тоқпан жіліктің төменгі белігі деформациялануына байланысты нерв кешеуілдеп зақымданады.
• Айыршық үсті - шынтақ өзегінде (науасында) шынтақ нервінің тітіркенуі мен қысылуы білек пен қол ұшы ішкі жағында және IV, V саусақтарда ауырсыну мен парестезиялар арқылы білінеді. Олар шынтақ буынын бүгіп, созғанда өрши түсіп, суық ауаға шыққанда күшейеді. Сүйекаралық және құрт тәрізді бұлшық еттер, гипотенар және бас бармақты қозғайтын бұлшық ет семіп қалады.
Шынтақ нервінің төменгі бөлігінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (білезіктің ульнарлық туннельдік синдромы, Гюйон синдромы) • Нервтің бұршақ тәрізді сүйек, ілмек тәрізді сүйекгің ілмегі және алақандағы карпорадиалдық жалғама арқылы құрастырылған Гюйон арнасында қысылуы. Бұл синдромның қалыптасуына бұрауыштарды, қысқаштарды, тістеуіктерді пайдалану, қайталана беретін батыра қысу, таяқ пен балдақты пайдалану, V метакарпаралдық сүйектің сынуы, бұршақ тәрізді сүйек пен сүйектер арасы өзегіндегі тканьдердің теактивтіқабынып ісінуі, ревматоидтық артриттер немесе қол ұшындағы шынтақты бүгуші бұлшық еттің сүйекке бекитін түсында бұршақ тәрізді падагралық түйіншектер пайда болуы әсер етеді. • клиникасы сезімділік пен трофикалық бұзылыстар, сүйекаралық жөне құрт тәрізді бұлшық еттердің шынтақ жағында семуі мен әлсізденуі арқылы сипатталады.
Кәрі жілік нервінің компрессиялы-ишиемиялық нейропатиясы Иықтың ортаңғы үштен бірі деңгейінде осы нервтің қысылуынан жиі байқалады. Әдетте ол түнде жайсыз төсекте ұйықтағанда ұзақ уақыт қысылудан пайда болады. Нерв қолтық асты шұңқыры аймағында өте сирек зақымданады ("балдақ қолданудан салдану"). • Шиыршықты өзек аймағында қысылуына байланысты кәрі жілік нервінің зақымдану симптомдары кейбір спортшыларда (теннисші, т. б. ) немесе кәсіби кол жұмысына қатысты адамдарда пайда болады. Зақымдандыратын қимылдарға білек жазылуыньщ қол ұшының пронациясы мен алақанға қарай бүгілуіне қабаттасуы жатады. Олар супинатор синдромының пайда болуына әсер етеді. Супинатор синдромы шынтақтың сырты мен білектің арт жағындағы ауырсыну арқылы сипатталады. Мұндайда сезімділік бұзылыстары білінбейді. •
• Компрессиялы-ишемиялық невропатиялардың клиникалық көрінісі негізінен қысылған жерінде басым білінетін ауырсыну синдромымен сипатталады. Нервтің қысылған тұсын неврологиялық балғамен соққылағанда, ауырсыну күшейіп, нерв таралатын аймақтарда парестезия пайда болады (Тиннель симптомы). Сонымен қатар оларға сезімділік пен қимыл бұзылыстарының қабаттасуы тән. Диагностикада сезгіш жөне қимылдатушы талшықтарда импульстер өту жылдамдығын анықтайтын электро-миографиялық тексеру шешуші роль атқарады. Ол зардап шеккен нервті айқындаумен қатар, оның қысылған тұсын да анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды: • Шеткі нервтердің жиі зақымдануы олардың көптігіне, тері беткейіне жақындығына және өздерінің трофикалық орталықтарынан тым тысқары орналасқаңдығына байланысты. Мұның бәрі әр алуан зиянды факторлардың инфекциялы-аллергиялық үрдістің, интоксикацияның, салқын тиюдің, аутоиммундық реакциялардың, компрессиялардың, жарақаттардың, т. б. әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: • Төлеусаринов А. М. Нұрғожаев Е. С жалпы неврология • Интернет желісі • Студенттерге арналған тәжірибе


