Tumazhanova_A_a_i_g.ppt
- Количество слайдов: 23
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Лапаротомия негізгі принциптері. Орындаған: Елеусізқызы Толқын 604 топ АГ Семей 2015 ж
Лапаротомия • Лапаротомия (грек тілінен- іш және кесу деген сөздерінен тұрады), — құрсақ қуысын ашу хирургиялық операциясы. Лапаротомиянын ежелгі түрлеріне кесар тілігі операциясы жатады.
• Лапаротомия тікелей патологиялық ошаққа жету үшін және құрсақ қуысының ревизиясы үшін қолданылады. • Жансыздандыру: шағын лапаротомия кезінде жергілікті жансыздандыру жасалады. Орталық лапаротомия, қабырға астында қиғаш кесу, параректальды ашу кезінде эндотрахеальды наркоз миорелаксанттармен беріледі. • Доступ көбінесе: іштің орталық сызығы арқылы болады – орталық лапаротомия.
Лапаротомия гинекологияда • Гинекологиялық практикада үш түрлі лапаротомия қолданылады: • төменгі ортаңғы (бойлық, іштің ақ сызығы бойымен); • Қасаға үстінен көлденең(Пфанненштиль бойынша), • Көлденең интерилиакальды кесу (Черни бойынша).
• Гинекологияда кіші жамбас ағзаларына қолданылатың операциялардың ену жолдары екеу болады: • Құрсақ қабырғасын ашу арқылы • Қынаптық • Бұл ену жолдары науқастың жалпы жағдайына және белгілі патологиялық процестердің көрсеткіштеріне байланысты тандалып алынады. Барлық ішкі жыныс ағзаларының ісіктік зақымдануларында, құрсақ қабырғаларындағы жабыспалы процестерде, құрсақ ағзаларына ревизия жасалу кезінде құрсақ қабырғасын ашу арқылы операциялар жасалады. Қынаптық ену жолдары белгілі көрсеткіштерге байланысты, мысалы ішкі жыныс ағзаларының төмен түсуі кезінде қолданылады.
Төменгі ортанғы сызықпен жасалатын лапаротомия Лапаротомияның бұл түрі құрсақ ағзаларына ревизия жасағанда, қайталап лапаротомия жасау кезінде операциялық қажетті ену жолдың кең көлемімен ерекшеленеді.
Сол жақ қолмен теріні фиксировать ете отырып қасағадан бастап кіндікке қарай тері, теріасты май қабатына тілім жасаймыз. Егер керек жағдайда тілімді сол жақтан кіндіктен жоғары жасауға болады. Тіндерден қан аққан кезде тамырларды қысқыштармен қысып байлайды немесе тінмен қоса кетгутпен тігеді. Сонымен қатар қанды диатермохирургиялық тоққа қосылған қысқыш арқылы тамырларды коагуляциялау жолымен де қан тоқтатылады. Апоневрозды ашқаннан кейін жаранын ортасынан үлкен емес тілім жасалады және қайшы арқылы бұлшықеттерді ұзына бойы кеседі. Жеңіл болу үшін апоневроздың жандарынан қысқыштармен қысып қою ұсынылады. Апоневрозды теріге жасалған тілім ұзындығымен бірдей 0, 5 см өткізіп ашады. Іштің тік бұлшықеттерінің сіңірлік қынабын ашып, латеральды жаққа қарай қозғалтады.
Манипуляция кезінде бұлшықетпен ішперде арасында жатқан веналардың да зақымданулары болады. Гематомалардың пайда болмас үшін бұлшықеттерді дұрыстап қарап, зақымдалған веналарды кетгутпен байлаймыз. Құрсақ алды қабат және ішперде толығымен ашылу керек, ішпердені анатомиялық пинцетпен ұстап тұрып, ішектің иілімдері қоса алынып кетпегеныне көз жеткізгеннен кейін іш қуысын ашамыз. Ішпердеге салынған қосымша дәкелермен қосып ішперденің қырын Микулич – Радецкий қысқыштарымен ұстап және бұлшықетпен, теріасты май қабатын, терінің сәйкесінше тігеміз. Кіші жамбас ағзаларына ревизия жасалады. Содан кейін құрсақ алды қабатын тігеді. Бұлшықеттерді біріктіріп тіккенен кейін апоневрозға жоғарыдан бастап төменге қарай Реверден тігісін салады. Эвентерацияны алдын алу үшін жараның бойына қосымша 3 -4 жібек тігісі салыну керек.
Төменгі ортанғы сызықпен жасалатын лапаротомия а — құрсақ қабырғасын ашу: 1 — тері және тері асты май қабаты; 2 — апоневроз; 3 — іштің тік бұлшықеті;
б —құрсақ алды клетчаткамен қуықтың бірігуі;
в — құрсақ қабырғасын саусақ бақылауымен ашу;
г — апоневрозды тігу: 1 —апоневрозға салынған үздіксіз тігіс; 2 — қосымша бекіту үшін жібек тігісі.
Пфаннеанштиль бойынша лапаротомия жасау техникасы Пфаннеанштиль бойынша лапаротомия кезінде тері, теріасты қабатын, апоневрозды қасаға үсті тері қатпары бойымен көлденен тілім жасаймыз, қасаға байламынан 3— 4 см жоғары. Тілім жасағанда қатаң түрде горизонтальды бағытта жасамай, кішкене доғалау түрде және жоғарғы жағы латеральды жаққа қарай кететіндей тілеміз. Ол операциялық ену жолдың кең болуы үшін. Жараның бүйір жақтарында кеңіген теріасты вена тамырларының болуына байланысты оларды зақымдап алмау қажет. Олардан көп мөлшерде қан кету қауіпі бар, сондықтан тамырларды нақтылап байлау керек. Апоневрозды ашқаннан кейін іштің тік бұлшықетін жоғарыдан төмен қарай іштің ортанғы сызығы бойымен ашады.
Пфаннеанштиль бойынша жасалған лапаротомия кезінде жараны жабу келесідей жасалады: ішперде және бұлшықет ұзына бойы бағытта тігіледі; апоневроздың жан жағын тіккенде жараның латеральды жағындағы тік және қиғаш бұлшықеттер фасциясын біріктіре тігу. Содан кейін тері, теріасты клетчаткасы тігіледі. Жақсы косметикалық нәтижеге жету үшін теріастылық косметикалық тігіс тері шеттерін дұрыстап сәйкестіре отырып кетгутпен тігіс салынады.
Пфанненштиль бойынша лапаротомия жасау а - тері, теріасты қабатын, апоневрозды ашу;
б - апоневрозды ажырату;
в – іш қуысын тігінен ашу.
ЧЕРНИ БОЙЫНША ЛАПАРОТОМИЯ ЖАСАУ ТЕХНИКАСЫ Черни бойынша лапаротомия жасау Пфанненштиль бойынша жасағанға қарағанда артықшылықтары көп. Теріасты май қабатының қалындығына қарамастан терен орналасқан кіші жамбас ағзаларына ену жолы тиімді. Көлемі үлкен ісіктер кезінде манипуляцияларды жасауға оңай болады. Черни бойынша лапаротомия жасағанда тері, теріасты қабатын көлденен бағытта қасағадан 3— 6 см жоғары тіледі. Тілім жасаған кезде оның қай жерде болуы белгілі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, жатырдың немесе аналық бездің ісіктері кезінде жоғарырақ тілім жасалса, жатыр мойнының ісігі кезінде төмен тілім жасалады. Қан аққан тамырларды байлағаннан кейін, көлденен бағытта латеральды жақтарын жоғары көтере отырып апоневрозды ашады. Сұқ саусақты іштің тік бұлшықеттерінің бірінің немесе төмен тілімде пирамидалық бұлшықетті көтеріп көлденен бағытта кеседі. Ішпердені іштің ортанғы сызығы бойымен емес, кішкене бір жағына қарай қуықты зақымдап алмау үшін кесу керек. Одан кейін ішпердені көлденен бағытта кеседі.
Черни бойынша жасалған лапаротомиядан кейінгі жараны жабуының өз ерекшеліктері бар: ішпердені кетгут тігісімен, ажыраған бұлшықеттерді бөлек П тәрізді кетгут жіптерімен тігеді. Иненің басын төменгі кесілген бұлшықетке кіргізіп, сосын жіпті параллель жаққа қарай 1— 1, 5 см өткізеді, 90° параллель жаққа бұрады осы кесілген бұлшықеттің латеральды жағына дейін. Тағы 90° жоғарыға бұрып екінші жақтағы бұлшықеттің латеральды жағына тігіледі(П- тәрізді тігіс пайда болу керек). Инемен тігу барысында параллель жақтағы кесілген жерге 0, 5— 1 см апоневрозды бірге ала отырып тігу керек, сол кезде бұлшықеттегі тігісті тартқанда бұлшықет тігісті жарып шықпауы үшін. Тігісті тарту лигатура өткізгеннен кейін хирург және ассистентпен бір уақытта орындалу керек. Апоневрозды тіккеннен кейін теріасты қабатын, теріні тігеміз.
Черни бойынша лапаротомия жасау а - іштің тік бұлшықетін кесу;
б – ішпердені көлденен кесу;
в – ішперденің тігілуі, іштің тік бұлшықеттерінің біріктірілуі.