Скачать презентацию Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Ішкі аурулар кафедрасы СӨЖ Скачать презентацию Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Ішкі аурулар кафедрасы СӨЖ

Манкиева Жанар 410топ Срс Эндокринология.pptx

  • Количество слайдов: 13

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Ішкі аурулар кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Гипогликемиялық кома Орындаған: Манкиева Ж. Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Ішкі аурулар кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Гипогликемиялық кома Орындаған: Манкиева Ж. Топ: 410 Тексерген: Сарсебаева Г. С Семей 2014 жыл

Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім. · Қант диабетіне түсініктеме. · Этиология. Патогенезі. · Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім. · Қант диабетіне түсініктеме. · Этиология. Патогенезі. · Клиникалық көріністері. . Гипогликемиялық кома түсінігі, алғашқы көмек Қорытынды ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер.

Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40 -тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Жіктелуі 1. Инсулинге тәуелді І түрі – 25 жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін Жіктелуі 1. Инсулинге тәуелді І түрі – 25 жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты арып азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамып, адамның өлуіне әкеледі. 2. Инсулинге тәуелсіз ІІ түрі - ұлғайған адамдарда кездесетін және инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды (70%). Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және кетоацидоз дамымайды.

Этиологиясы Себебі болып тұқым куатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Сонымен қатар қант Этиологиясы Себебі болып тұқым куатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Сонымен қатар қант диабетінің дамуы – акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы, феохромоцитома кездерінде соңғы көрініс ретінде байқалады. Бұл кездерде инсулинге қарсы гормондардың артық өндірілуінен, ұйқы безінің бета-жасушаларының тұқым қуалайтын пайдаланылмаған мүмкіншіліктері шектелген адамдарда, инсулиннің жеткіліксіздігі тез дамуы ықтимал. · Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін. · Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т. б. · Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану. · Стресстік ситуациялар.

Патогенезі Инсулин көптеген зат алмасу процесіне әсер етеді. Ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. Гипергликемия Патогенезі Инсулин көптеген зат алмасу процесіне әсер етеді. Ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады. Гипергликемия дамиды. Бұлшықеттерде және май тіндерінде, миокардта глюкозаның қаннан және жасуша аралық сұйықтан жасуша ішіне өтуі қиындайды. Ары қарай жасуша ішінде глюкозаны пайдалану шектеледі. Өйткені глюкозаны фосфорлау арқылы жасушаның энергиялық алмасуына әсер ететін ферменттердің түзілуі тежелген. Қалыпты жағдайда гексокиназа және глюкокиназа глюкозаны фосфорлайды: глюкоза + АТФ = глюкоза -6 - фосфат + АДФ. Ары қарай фосфорланған глюкоза тотығу тотықсыздану реакциясына ілігеді. Көрсетілген ферменттердің жеткіліксіздігі нәтижесінде жасушалардың глюкозаны пайдалануы бұзылады.

Гипогликемиялық кома. Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі. 2. Организмге инсулинді шамадан көп Гипогликемиялық кома. Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі. 2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу. Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.

Жедел жәрдем. Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит Жедел жәрдем. Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі. Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20 -50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады. Терісінің астына 0, 1 -1, 0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі. Дымқылданған оттегі беріледі. Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

Қант диабетіндегі (диабеттік комадағы) шұғыл көмек Қант диабетінің (ҚД) барлық асқынуларының ішінде диабеттік кома Қант диабетіндегі (диабеттік комадағы) шұғыл көмек Қант диабетінің (ҚД) барлық асқынуларының ішінде диабеттік кома (ДК) қайтымсыз сипат иеленеді. Көбісі мұны гипергликемия жай-күйі, яғни қандағы қант мөлшерінің шектен тыс артуы деп есептейді. Дегенмен диабеттік команың әр түрі болады: 1. Гипогликемиялық 2. Гиперосмолярлық немесе гипергликемиялық 3. Кетоацидотикалық. Диабеттік кома себептері қандағы глюкоза мөлшерінің күрт артуы, ҚД-дегі емді дұрыс жасамау және тіпті инсулинді шамадан тыс енгізу болып табылады. Гипогликемиялық команың симптомдары, алғашқы көмек. Гипогликемиялық жай-күй негізінен І типтегі диабетке тән. Шарт бойынша мұның даму алдында қандағы инсулин мөлшерінің күрт артуы болады. Команың қауіпі нерв жүйесі мен мидың қайтымсыз зақымдануы.

 Жеңіл ұстамада: - жалпы әлсіздік. - жоғары нервтік қозу. - қол-аяқ дірілі. - Жеңіл ұстамада: - жалпы әлсіздік. - жоғары нервтік қозу. - қол-аяқ дірілі. - тершеңдік байқалады. Бұл симптомдарда кома алды жағдайының дамуына жол бермес үшін ұстаманың дер кезінде бетін қайтару керек. Кома алды жай-күй белгілері: - құрысуға тез өтетін діріл - жедел ашығу сезімі - күрт нервтік қозу - малшынып терлеу. Бұл сатыда науқас кейде агрессияға дейін жүгенсіз басқаруға көнбейтін болады. Алғашқы көмек. Жеңіл белгілерде сырқатқа қанттың бірнеше түйірін, 100 г-дай пешеней немесе тосаптың (балдың) 2 -3 қасығын тез арада беру керек. Ауыр белгілерде: - егер науқас жұта алатын болса ауызына жылы шәй (3 -4 қасық қанты бар стақан) құйған жөн; - шәй құярдан бұрын тістерінің арасына бекіткіш (фиксатор) қойылады. Бұл жақтың күрт қарысуынан сақтайды; - сырқаттың жай-күйінің жақсару дәрежесіне сәйкес оны көмірсуға бай тамақпен тамақтандырады (жемістер, ұннан жасалған тағамдар және ботқалар); - келесі ұстаманың алдын алу үшін ертеңгі күнгі таңертең инсулин дозасын 4 -8 Бірлікке азайтады; - гипогликемиялық реакцияларды жойғаннан соң дәрігерге қаралу керек. Егер команың дамуы естен танумен бірге өтсе, онда: - венаішіне глюкозаның 40 -80 мл енгізу; -тез арада “жедел жәрдем” шақыру қажет.

 Қант ауруының алдын алу • Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, Қант ауруының алдын алу • Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады. • Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу Сізге ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды. • Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер ететінін айта кету керек. • Алдын алу салауатты өмір салтына өтумен қортылады. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан жоғары, Сізде артық салмақ немесе Сіздің туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.

Қорытынды Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп Қорытынды Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады. Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады. Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу Сізге ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды.

Пайдаланған әдебиеттер. Ішкі аурулар пропедевтикасы Интернет желісі Пайдаланған әдебиеттер. Ішкі аурулар пропедевтикасы Интернет желісі