
immunologia_Musagazinova_N.ppt
- Количество слайдов: 24
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Иммунология, клинико-зертханалық және визуалды диагностика кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Қоршаған орта факторларының екіншілік иммундық тапшылық жағдайлардың дамуындағы маңызы. Орындаған: Мусагазинова Н 341 топ ЖМФ Тексерген: Жетписбаева Х. С Семей 2012
Иммундық жүйе қызметтерінің бұзылыстары (ағзаның басқа да жүйелеріндегі бұзылыстары сияқты) нәтижесінде осы жүйеге тән аурулар дамуы мүмкін. Осы бұзылыстардың кең тараған түрі, иммундық жүйенің қалыпты иммундық жауап тудыра алмауымен сипатталатын, иммундық тапшылық жағдайлар (ИТЖ) болып табылады.
ØИммундық тапшылық жағдайлар (ИТЖ) – иммундық жауап қайтарудың бұзылысына, әртүрлі антигендерге, бірінші орындажұқпаларға қолайлы емес иммундық жауаптың дамуына немесе төмендеуіне әкелетін, иммундық жүйенің негізгі компоненттерінің функционалдық белсенділігінің төмендеуі.
Иммундық тапшылықтың иммундық төзімділіктен айырмашылығын білу қажет, ол жағдайда да иммундық жауап төмендейді немесе болмайды. Иммундық тапшылықтан айырмашылығы иммундық төзімділік арнайы, яғни ол бір берілген антигенге немесе антигендер тобына қарсы дамиды. Иммундық тапшылық жағдайларда, жалпы алғанда иммундық реактивтілігі төмендейді.
ØИТЖ анықталуы, бірінші кезекте ағзаның жұқпаларға қарсы қорғанысы нашарлайды, оның клиникалық тұрғыда жұқпалы аурулармен жиі сырқаттануы байқалады. ØГуморальды иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын ИТЖ пиогендік микроағзалармен, стафилококк, пневмококк, ішектік жұқпалармен шақырылған аурудың қайталануы тән
ØЖасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын ИТЖ бактериялық жұқпаларға қосыиша шартты- патогендік флорамен, мысалы, Candida саңырауқұлақтарымен, вирустармен (герпес, цитомегаловирус, аденовирустар), пневмоцисталармен, жасушаішілік бактериялармен шақырылған жұқпалы аурулар дамиды. Сонымен қатар, туберкулездік жұқпаларының жайылуы, гельминтоздың жиілігінің жоғарылауы тән.
Комплемент компоненттерінің ақауы (альтернативтік жолының, С 3, С 5 -9 және т. б. ) – инкапсулалық микроағзалармен (Neiseria meningitidus, пневмококк, гемофильдік таяқша) шаұырылатын қайталамалы жайылған жұқпаларға әкеледі. Жиі жүйелі қызыл жегі кездеседі.
ØФагоцитарлық жүйенің ақаулары стафилококктар және клебсиеллалар шақыратын созылмалы гранулематозды аурулар кезінде, терінің және паренхиматозды мүшелердің жұқпалы зақымданулар түрінде болатын клиникалық көріністер береді.
ИТЖ клиникалық көрінісіне сонымен қатар гематологиялық бұзылыстар (лимфоаденопатиялар, лейкоздар) жатады. Оларға асқазан- ішек жолдарының жергілікті иммунитет бұзылыстары нәтижесінде пайда болған, АІЖ зақымданулары тән. Жиі ИТЖ аутоиммундық және аллергиялық аурулардың дамуымен жүреді. Ерекше орынды онкологиялық аурулар алады. Жиі ИТЖ бар науқастарда гемобластоздар, лимфопролиферативті аурулар, Капоши саркомасы кездеседі.
Барлық иммундық тапшылықтарды Øбіріншілік немесе туа пайда болған; Øекіншілік немесе жүре пайда болған деп бөледі. Екіншілік ИТЖ иммундық жүйенің генетикалық тұрғыда ақаулары болмайды. Ол белгілі бір зақымдаушының әсерінен дамиды
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар. Екіншілік (жүре пайда болған) иммундық тапшылық жағдайлар дегеніміз- иммунды жүйеге түрлі зақымдардың әсер етуінен қалыптасатын клиникалық иммунологиялық синдромдар.
ØЕкіншілік иммунды тапшылықтар иммунды қорғаныстың арнайы және арнайы емес факторларының мөлшерлік және функционалдық көрсеткіштерінің айқын жене тұрақты төмендеуімен сипатталады. ØЕкіншілік иммунды тапшылықтар, сонымен қатар, созылмалы жұқпалы аурулардың, аутоиммундық патологияның, аллергиялық аурулардың және қатерлі ісіктердің пайда болуының себебі болып келеді.
Екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың ерекшеліктері: Ø Иммунды жүйенің бұзылыстары организмнің клиникалық тұрғыда да, иммунды- зертханалық тұрғыда да қалыпты күйінде болғанында пайда болады, яғни екіншілік. Ø Иммунды жүйенің бұзылыстары айқын және тұрақты болуы тиіс, себебі иммунды жүйенің көрсеткіштері өзгермелі және оның бөліктері бір- бірін толықтырып, компенсациялап тұратыны белгілі.
Иммунды жүйенің бұзылыстары тек қана мөлшерлік емес, функционалды да болуы тиіс. Иммунды жүйенің бұзылыстары арнайы иммунитетке де, арнайы емес иммунитетке де қатымты болуы мүмкін. Кейбір адамдарда екіншілік иммунды тапшылықтың иммунды- зертханалық белгілері табылып, клиникалық көріністері болуы мүмкін.
Екіншілік ИТЖ қалыптасуына себепкер келесі факторлар: Жас балалық шақ Қатерлі Бактериялық және Протозойлық және ісіктер вирустық жұқпалар глистік инвазиялар Жасөспірімдік кезең Ауруларға шалдығу жүктілік Қарттық кезең Созылмалы соматикалық аурулар Физиологиялық факторлар Дәрілік заттардың әсері Ятрогенді факторлар ИТЖ Қоршаған ортаның химиялық ластануы Экологиялық Өмір салтының фактор қауіпті факторлары Жағымсыз физикалық факторлар гиподинамия Ауруханалық жұқпалар Хирургиялық кіріспелер стресс Қолайсыз тамақтану Алькогольды шектен тыс қабылдау, шылым шегу, наркомания
Қолайсыз экологиялық факторлар. Химиялық заттар(ксенобиотиктер), олардың саны 4 млрд жуық, организмге кіріп, әртүрлі бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Оларға: жалпы токсикалық және жергілікті тітіркендіпгіш әсер, эпителий десквамациясы, бронхоспазмдар, микроорганизмдердің механикалық тосқауылдардан өткізгіштіктері жоғарылауы жатады.
ØОлардың көптеген саны иммунды жүйенің функцияларын басады және екіншілік иммунды тапшылықтың құрылуына жағдай жасайды. ØӘртүрлі химиялық қосылыстардың созылмалы әсері иммунологиялық толеранттылыққа, антиденелер түзілуінің тежелуіне, бейспецификалық антижұқпалық резистенттіліктің факторлраын басатын, жасуша супрессорларының активтенуіне әкеледі.
ØКөптеген экзогенді химиялық заттар ағзаның өзіндік нәруыздарымен бірігіп, конъюгацияланған антигендерді түзеді, ал олар аллергиялық және аутоиммундық аурулардың пайда болуына себепкер болады. ØКсенобиотиктер, иммунды жүйенің жасушалары мен мүшелеріне генотоксикалық, мутагендік мембранотоксикалық және ферментотоксикалық әсерін тигізеді.
ØКсенобиотиктер, иммунды жүйенің жасушалары мен мүшелеріне генотоксикалық, мутагендік, мембранотоксикалық әсерін тигізеді. ØКөбінесе гендер мутациялары лимфоциттерде және тимоциттерде кездеседі, олар тұқым қуаламайды.
ØИммунологиялық резистенттілікке әсер ететін, қоршаған ортаның келесі маңызды физикалық факторлары бар: ØЭлектромагниттік толқындар және АЖЖ (СВЧ) өрістері. Созылмалы әсер етуде олар нейтрофильдердің фагациттарлық активтілігінің фазалық тербелістеріне және антиденелер синтезінің бұзылыстарына әкеледі.
ØШудың интенсивтілігі 60 -90 дб аралығында 2 ай және одан да көп уақыт ішінде әсер еткенде қан сарысуының бактерицидтік және комплементарлы активтілігінің басылуы спецификалық және қалыпты антиденелердің титрлерінің төмендеуі байқалады.
ØИондаушы радиация сүйек кемігі жасушаларының пролиферациясын тежейді, терінің, тері астылық майлы қабаттың, өкпелік, гематоэнцефалдық және гематоофтальмикалық тосқауылдардың және де асқазан ішек тамырларының ішіне өту қабілетін жоғарылатып, асқазан әртүрлі бөгде антигендердің өтуін жеңілдетіп, иммунопатологиялық реакцияларды туғызады.
Қолданылған әдебиеттер Негізгі: 1. Шортанбаев А. А. , Кожанова С. В. «Жалпы иммунология» , Алматы, 2008 Қосымша: 1. Хаитов Р. М. «Иммунология» , Москва, 2006 2. Новиков Д. К. . «Общая иммунология» , Минск, 2006
Назарларыңызға Рахмет!!!
immunologia_Musagazinova_N.ppt