Gipertermialy_1179_sindrom-1.ppt
- Количество слайдов: 30
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті ГИПЕРТЕРМИЯЛЫҚ СИНДРОМ. ДӘЛЕЛДЕУ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ.
Анықтамасы Гипертермиялық синдром (грек. hyper- жоғары thermē ыстық ) –гемодинамикалық және орталық жүйке жүйесінің айқын бұзылыстарымен, жедел дене температурасының 40°С және жоғары көтерілуімен сипатталатын патологиялық жағдай. С. Л. Либова и К. Ф. Ширяева мәліметтері бойынша нәресте жастағы балалар өлімі 71, 7% -да терминалды жағдайы гипертермиямен байланысты.
ЭТИОЛОГИЯСЫ Инфекциалық және инфекциалық емес Инфекциалық: бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар (ЖРВИ, пневмониялар, қызылша, тұмау, эпидемиялық паротит)т. Инфекциалық емес: Сирек кездеседі. Көбінесе экзогенді және эндогенді факторларға байланысты, күйіктен кейін, аллергия кезінде, травмалардан кейін, гормоналды бұзылыстар, психогенді немесе орталық жүйке жүйе аурулары эмоционалды стрессті жағдайлар.
ПАТОГЕНЕЗІ: Гипоталамикалық аймақтың тітіркенуі жылу өндіруді жоғарлатады. Экзогенді (токсиндер) және эндогенді (катехоламиндер, простагландиндер) пирогенді заттар, жылу өндіруді жоғарлатады, перифериялық қан тамырлар спазмы пайда болады. Ағза жоғарлап бара жатқан жылуды компенсацияламайбайды.
Патогенезі: Жылудың негізгі реттелу орталығы ол гипоталамус екені белгілі. Гипоталамустың алдыңғы ядролары зақымдалса, тыныс жолы мен қан тамырларының реакциясы арқылы жылу шығару механизмдері бұзылады, осыған байланысты дене қызуы тез арада қызынып, физикалық жылу шығару процесі бұзылады. Сонымен қатар бүйрек үсті безінің , ми қабатының гормоны адреналиннің қандағы мөлшері артса да жылу өндіру процесі күшейеді, мәселен қатты күйзелген кезде де адреналин әсерінен гипертермия дамиды.
ЖІКТЕЛУІ: Көрсеткіштері бойынша (М. В. Черноруцкий бойынша): Субфебрильді -37, 20 -38, 90 С Фебрильді - 38, 10 -39, 00 С Жоғары фебрильді - 39, 10 -41, 00 С Гипертермиялық - 41, 00 С жоғары
Ұзақтығына байланысты: Эфемерлі – бірнеше сағаттан 2 -кі күнге дейін. Жедел – 15 күнге дейін Жеделдеу - 45 күнге дейін Созылмалы – 45 күннен аса
Өзгермелі сипатына қарай қызбаның мынадай типтері болады: 1) тұрақты, тәулігіне 1° өзгере отырып дененің температурасы 39°С дейін көтерілуімен шектеледі; 2) ремиттеуші — дене температурасының тәуліктік өзгеру деңгейі 1°— 1, 5° шамасында жоғарлайды немесе төмендейді ; 3) ұстамалы — тәулік бойы дененің жоғары температурасы кезеңмен қалыпты немесе төменгі температураға алмасып отырады;
4) толқын тәрізді — тұрақты көтеріңкі кезеңдер субфебрильді немесе төмендеу кезеңмен алмасып отырады: бірнеше күн бойы; 5) Гектикалық түрі тәулік бойы 4— 5° өзгеруімен тердің мол бөлініп, әлсіреумен сипатталады; 6) бұрмаланған — таңертеңгі температураның тәулік бойы кешкі температурадан жоғары болуы.
Типі бойынша
«Ақ» қызба Беті, аяқ-қолы бозғылт және суық, мрамор түстес мұрын үш бұрышының цианозы. Бала терлемейді, шөлдемейді, терісі құрғақ. Діріл Жиі психоматорлы қозулар галлюцинациялар болады.
«Қызыл» қызба Сипаған кезде ыстық Тері түсі алқызыл Тершең, шөлдейді, тері ылғалды Демі ыстық Мазасыз
Дене қызуының 40 С және одан да жоғары болғанда, әлсіздік, шаршағыштық, миалгия, ОЖЖ өзгерісі(басының ауруы, діріл, есінен тануы, сандырақтау, галлюцинация), терісін ұстағанда ыстық, жылы тердің болуы байқалады. Тыныс алудың бұзылуы тахипноэден брадипноэға дейін. Артериалдық қысымы қалыпты немесе сәл төмендеген, тахикардия байқалады. Егер уақытында көмек көрсетілмесе;
Клонико-тоникалық тырыспалар
ЕМІ: Баланы төсекке жатқызып, қысатын киімдерін шешу, таза ауамен қамтамассыз ету. Қалтырау болған жағдайда, баланы көрпемен жабу, баланы жылыту, аяққа грелка қою. Дене температурасының көрсеткіштеріне байланысты шаралар: 37, 50 -38 0 С- баланы ашу, теріні спиртпен сурту
370 -37, 50 С – жиі сұйықтық ішкізу Шап, бауыр ірі қан тамырлар аймағына суық басу. 38 -38, 5 0 С панадол, парацетамол, аспирин, ыстық басатын свечалар (Цефекон, Эффералган) 38, 50 С және жоғары литикалық қоспа. 50% анальгин, 1% димедрол, 2% папаверин 0, 1 мл жасына
Ыстық түсіру терапиясына көрсеткіш: барлық қызба түрінде (39, 0 С)науқастың жасына байланыссыз; дене қызуы (38, 0 С) эпилепсия, діріл синдромымен айқын гипертензионды синдромы бар балаларда; ақ қызбаның барлық түрінде; алғашқы 3 жасқа дейінгі балаларда.
Қызыл қызбада: ішке немесе ректалды парацетамол бір реткі дозасы 10 -15 мг/кг, 1 жастан жоғары ибупрофен (ибуфен) , дозасы 5 -10 мг/кг; физикалық әдістер қолданады-егер дене қызуы түспесе бұлшық етке : 50% анальгин ерітіндісі бір жасқа дейінгі балаларға - 0, 01 мл/кг есебінен, бір жастан үлкен- 0, 1 мл жасына 2, 5% ерітіндісімен пипольфен, бір жасқа дейінгі балаларға 0, 01 мл/кг, 1 жастан жоғары - 0, 1 мл/жасына аспизол 10 мг/кг есебіне дене салмағына;
Ақ қызба кезінде: Бұлшық етке : 50% анальгина ерітіндісі 0, 1 мл/жасына немесе аспизол 10 мг/ кг есебінен, 2% папаверина ерітіндісі 1 жасқа дейінгі балаларға– 0, 1 -0, 2 мл, 1 жастан үлкендерге- 0, 10, 2 мл/жасына немесе но-шпа ерітіндісі 0, 1 мл/жасына мектеп жасындағыларға -1% дибазол ерітіндісі 0, 1 мл/жасына сонымен бірге 2, 5% пипольфен ерітіндісі 0, 1 мл/жасына пипольфен орнына тавегил немесе супрастин қолдануға болады.
Перифериялық тамырлардағы спазымды басу үшін- 2, 4% эуфиллин 0, 1 мл/дене салмағына; 2% папаверин гидрохлорид ерітіндісі 0, 2 -0, 4 мл : 0, 5 -0, 8 мл – 1 жастан 7 жасқа дейін: 1 мл – 7 жастан жоғары.
ОЖЖ қызметінің бұзылыстарында - мидазолам 0, 2 мг/кг, диазепам 0, 3 -0, 4 мг/кг немесе 20% оксибутират натрии (ГОМК) 1 мл жасына. Бүйрек үсті безінің функциясын қалпына келтіру үшін – гидрокортизон 3 -5 мг-кг немесе преднизолон 1 -2 мг/кг NB гипертермия кезінде вазопрессин, атропин мен және кальций препараттармен сақ балу қажет.
Гипертермиянын алдын алу – Егер жақын арада жылы жаққа көшіп келген жағдайда бірден күн сәулесіне шығып жұмысқа кіріспестен бұрын бір апта климатқа бейімделу қажет. – Шөлдемесеңізде көп мөлшерде су ішуге тырысыңыз. –Ыстық уақытта фитнеспен айналыспау керек. Егер спортпен айналысатын бала болса жаттығуларды күн салқындағанда жүргізген тиімді. – Жеңіл, үстіге кигенде кең тұратын киімдерді алу керек және киімнің түсі ақшыл болғаны жөн.
Гипертермиянын алдын алу – Күннен қорғанатын заттарды қолдану керек. – Басына үнемі жеңіл, ауа өтетіндей бас киімдер киіп жүрген дұрыс. – Егер өзін өзі сезінуі нашарлап, әлсіздікті сезінетін болса салқын жерге барып дем алу керек, дене қызуы болса оны төмендетуі қажет. – Дегидратацияны жоғарлататын кофеин қосылған сусындарды ішуге болмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ: негізгі: Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С. Ф. , Верткина А. Л. , Мирошниченко А. Г. – М. , 2008, 816 с. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В. М. Михайловича, 2004. =704. қосымша: Цыбулькин Э. К. – «Неотложная педиатрия в алгоритмах» - М. , 2007. Молочный В. П. , Учайкин В. Ф. «Неотложные состояния в педиатрии» практическое руководство. – М. , 2008. Шайтор В. М. , Мельникова И. Ю. – «Неотложная педиатрия. Краткое руководство» - М. , 2007.
Дәріс бойынша кері байланыс сұрақтары 1. Балардағы гипертермиялық синдром кезінде госпитализацияға көрсеткіш; 2. Гипертермия түрлері 3. 37 0 С-тан жоғары дене қызуында ТАЖ мен ЖЖЖ 1 минутта жиілеуі қанша
Назарларыңызға рахмет !
Gipertermialy_1179_sindrom-1.ppt