СБЛ гонорея.pptx
- Количество слайдов: 26
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті CBL Гинекологиядағы спецификалық қабыну аурулары. Семей 2016
Науқас А. 23 жаста , аураханаға іштің төменгі бөлігінің ауыру сезімі, дене қызуы 39 С, жүрек айнуы, жыныс ағзаларынан іріңді бөліністердің болуы, іш өтуі шағымымен тусті.
Қандай шағымдарға сіздер назар аудардыңыздар
Дене температурасы жыныс жолдарынан іріңді бөліністер іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну
Науқастан тағы не сурап білу керек ?
Anamnesis morbi : науқас шағымдары осыдан бір апта бұрын іштің төменгі бөлігі аздап ауырсыну тудырып жүрген, жыныс ағзасынан іріңді бөліністер 2 -3 күн бұрын басталған, кіші дәретке барганда ауырсынулар тудырып жүрген, ашу және қышу болады, дәрігерге қаралмаған.
Anamnesis vitae : Толық жанұяда дүниге келген, өз жасына сай дамыды. 6 жасынан мектепке барды, өз қатарластарымен қатар өсті. Әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Зиянды әдеттері жоқ. Травмалық зақымданулар, жарақаттану жоқ. Венерологиялық аурулармен, туберкулезбен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық аурулар , аллергиялық аурулары жоқ. 10 күн бұрын құрбыларымен бірге джакузиге түскен. Бір құрбысы гинекологка тексерілулерге барып жүрген.
Алынған мәліметтерге қарап қандай диф. диагноз коюға болады ?
Іштің төменгі бөлігінің ауырсынуын қабынбалы аурулармен байланыстыруға болады, жыныс жолдары аурулары ( жатыр қосалқылары ісігі сабағының бұратылуы, аналық без кистасы сабағының бұратылуы), АІЖ ( аппендицит ), зәр шығару жолдары аурулары( Цистит, пиелонефрит ), жатырдан тыс жүктілік, гонорея.
Қандай тексеру жоспарын құруға болады
Гинекологиялық тексеру ЖҚА ЖЗА Биохимиялық анализ Бактериоскопиялық зерттеу Бактерологиялық УЗИ ПЦР Иммуноферментті анализ
Жалпы қарау: науқастың жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, дене қызуы жоғары, қалшылдайды. Дене бітімі нормостеникалық, әйелдік тип бойынша. Екіншілік жыныс белгілері толық қалыптасқан. Тері асты май қабаты қалыпты. Тірек қимыл жүйесі қалыпты.
Гинекологиялық қарау: Цервикальді өзектен ірің бөліністер, жатыр консистенциясы жұмсарып, көлемі ұлғайған, ауырсыну сезімі байқалады. Іштің пальпациясы кезінде төменгі бөлімінде ауырсыну, тітіркену симптомы байқалады.
Жалпы қан анализі: эр. 3, 5 Т/л, гем. 120 г/л, лей 12 Г/л, тр. 175 Г/л, пя 1%, ся 63%, эо 1%, баз 1%, мо 2%, лф 32%, СРБ > 7 мг/л СОЭ 25 мм/ч. Жағындының микроскопиялық зерттеу нәтижесінде, жағындыда лейкоциттердің көптігін көрсетті және гонококкты инфекцияғы күдіктенді.
Жалпы зәр анализі. Зәр түсі- Сабан –сары Мөлдірлігі Мөлдір Зәр иісі Өткір емес р. Н немесе зәр реакциясы-р. Н 4 – 7 арасында Зәр тығыздығы 1, 012 г/л – 1, 022 г/л шамасында Зәрдегі белок бар 0, 1 г/л Зәрдегі глюкоза жоқ, Зәрдегі кетон денелері Жоқ Билирубин Жоқ Уробилиноген 5 -10 мг/л шамасында Гемоглобин Жоқ Эритроциттер көру алаңында 3 тең Лейкоциттер көру алаңында 8 тең Эпителиальді жасушалар Тұздар Жоқ Бактериялар Бар Саңырауқұлақтар Паразиттер жоқ Жоқ Цилиндрлер бар,
Иммуноферментті анализ Гонококкты инфекцияға қарсы антиденелер мен антигендер анықталлды
ПЦР нәтижесі Гонококкты инфецияның ДНК бар деген нәтиже берді
Зерттеу нәтижелерін талдай отырып, қандай клиникалық диагноз қоясыз
Несеп жыныс жолдарының жоғарлаған бөлігінің гонореясы
Гонорея анықтамасы, этиопатогенезі.
• Гонорея – несеп жыныс ағзаларының гонококкпен туындайтын инфекциялық аурулары. Жедел эндометрит этиологиясы : Жыныстық қатынас Партнер жиі ауыстару Кездейсоқ жыныстық қатынас Тұрмыстық заттар арқылы Патогенезі : гонококк аралары арқылы эпителийлі жасуша бетіне жабысып, жасуша тереңіне, жасушааралық үңгірге және эителий асты кеңістікке еніп, эпителийдің деструкциялық және қабыну процесінің пайда болуына ықпал етеді.
Қандай ем жоспарын қолданасыз?
Негізгі емі антибиотикатерапия жатады. Антибактериялдық ем болған соң эубиотиктерді интравагинальді қолдану. Иммунотерапия мен физиотерапия қосымша қолдану.
Науқас өміріне қандай болжам жасауға болады?
Өмірге қауіп жок, толық емделсе болжам –оң. Репродуктивті функция-толық емделіп, күтім жасалса-болжам оң.
Гонорея профилактикасы Мезгілінде гонореяны анықтау мен адекватты емдеу. Балалар мекемесі және асханалар тексерілуі. Міндетті тексерілулерге әйелдер кеңесіне тіркелген және жүктілікті үзуге келген жүкті әйелдер жатады. Жеке бас гигиенасын сақтау, кездейсоқ жыныстық қатынастан сақ болу, мүше капты қолдану жеке бас профилактикасы болады. Нәрестелерді туылғаннан кейін коньюктивальді қапқа 1 -2 тамшы сульфанемидтің 30% ерітіндісін жағады.
СБЛ гонорея.pptx