лекция 3-обновленная.ppt
- Количество слайдов: 30
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті. Антигентаныстырушы клеткалар. Антигендердің процессингі мен презентациясы. .
Мақсаты: 1. Студенттерді антигентаныстырушы клеткалармен таныстыру. 2. Антигендердің процессингі мен презентациясымен таныстыру.
Антигенді өңдеу және таныстыру. Антигендерді Т-лимфоциттер танитын түрге дейін өңдейтін және оларды таныстыратын (процессинг және презентация) жасушаларды антиген таныстырушы жасушалар (АТЖ) деп атайды. Бұл жасушаларға жатады: • моноцитарлы-макрофагалды жүйе жасушалары (МФ) • дендритті жасушалар (ДЖ) • В-лимфоциттер • Лангерганс жасушалары • маманданған эпителиалды жасушалар
антиген таныстырушы жасушалар
• Моноцитарлы-макрофагалды жүйе жасушалары (МФ) • Перифириялық қанның моноциттері мен тіндік • • • макрофагтары жатады Моноциттердің тіңге миграциясы үнемі жүреді ал қабыну кезінде кушееді Тіндік МФ-тар ұзақ өмір сүретін клеткалар МФ-дың жетілуімен дифференцировкасына өсу факторлары әсер етеді (ИЛ-3, ГМ-КСФ, М-КСФ) МФ-дың активациясы IFN-γ байланысты • Макрофагтардың қызметтері: фагоцитоз бен пиноцитоз, репарация процессіне қатысу, секреторлы қызмет, иммунды жауапты реттеу, эффекторлы қызметтер, Антигенді өндеу мен таныстыру
МФ-дың активациясы
Антигенді таныстыру бірнеше кезеңнен тұрады: • • • 1) Жасуша ішіне түскен антиген өңделуге ұшырайды, бұл үрдіс кезінде нәруызды молекулалар шектелген протеолиз арқылы пептидті фрагменттерге ыдырайды, олардың бір бөлігі антигенді эпитоп болып табылады. 2) Түзілген пептидті фрагменттер АТЖ вакуольдері ішінде II немесе I класс HLA (адам лейкоциттерінің антигендері) антигендерімен иммуногенді кешен түзеді. 3) Түзілген кешен АТЖ мембранасына тасымалданады, бұл жерде оның Т-хелперлерге және Т-киллерлерге ұсынуы өтеді.
Антигентаныстырушы жасуша
АТЖ бетіндегі иммуногенді кешенді тану кезінде Тжасушалық рецептор (ТЖР) көмегімен Т-хелпер қабылдаған белгіні арнайы деп атайды. Бұл белгіні қабылдау Т-хелперлердің белсенуі үшін өте қажетті, бірақ жеткіліксіз. Егер жасуша 2 -ші костимулдаушы белгіні алмаса, онда ол апоптозға ұшырайды: -Т-хелперлер өздерінің бетіндегі CD 28 молекуласы мен АТЖ бетінде экспрессияланатын костимулятор молекулалары бір-бірімен жанасу кезінде Тхелперлердің белсенуі басталады Костимулятор қызметін макрофагтар мен дендритті жасушалар үшін В 7 молекуласы атқарса, Влимфоциттер үшін В 40 молекуласы атқарады.
Арнайы емес резистенттілігі бар антигентаныстырушы клеткалар.
Дендритті жасушалар макрофагтар сияқты, бетінде CD 34 антигені бар ізашар миелоидты жасушалардан түзіледі. Альтернативті даму жолын цитокиндер анықтайды. Қан моноциттері ИЛ-4 пен ГМ-КСФ әсерінен дендритті жасушаға дифференциялана алады. Ал IFN-гамма моноциттерден дендритті жасушалардың түзілуін тежейді.
Антигендердің процессингі мен презентациясы
Адамда ДЖ кездеседі: • асқорыту жолдарының шырышты қабаттарында • тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарында • жыныс жолдарының шырышты қабаттарында • шеткері қанда • барлық лимфоидты мүшелерде • тимуста
Ізашар жасушалардан түзілу үрдісі кезінде МФ мен ДЖ өзара әрекеттеседі. Олардың атқаратын қызметтері ортақ: – антигендерді жұту – өңдеу – таныстыру Дендритті жасушалардың макрофагтардан айырмашылығы: • 1. Оларда фагоцитоз механизмі жоқ • 2. Антигенді жасушаішілік деградацияға ұшырататын лизосомды ферменттердің жиынтығы макрофагтарда кеңірек
Антиген
• • • Дендритті жасушалардың макрофагтардан айырмашылығы: Дендритті жасушаларда біріншілік иммундық жауап кезінде «аңқау» Тлиммфоциттерді белсендіруге қажетті костимулдаушы аппарат бар Дендритті жасушалар айқын және тұрақты (индуцибелді емес) түрде В 7 костимуляторын, I және II класс МНС молекулалары мен адгезиндерді үнемі экспрессиялайды. Сондықтан дендритті жасушалардың иммуногенді потенциалы жоғары
• I және II класс МНС молекулаларының үнемі экспрессиясы иммуногенді кешендердің тез түзілуіне әкеледі. Сондықтан дендритті жасушалармен таныстырылатын антигендер CD 4 -лимфоциттердің де (Тн 1 мен Тн 2), CD 8 лимфоциттердің де (Т-киллер) пролиферациясы мен дифференцировкасын шақыра алады
ДЖ микробты жасушалар мен ірі вирустарды жұту қабілеті болмағанымен, нәруыздар мен вирусты бөлшектерді пиноцитоз арқылы жеңіл жұтады Жұтылған нәруыздар мен вирус бөлшектері дендритті жасушаның цитолизінде жинақталады және протеосомаларда (28 суббірліктен тұратын үлкен протеазды каталитикалық кешен) қысқа пептидті фрагменттерге дейін ыдырайды ТАР-I және ТАР –II тасымалдаушы нәруыздарының көмегімен эндоплазматикалық ретикулум қуысына қарай жылжиды I класс МНС молекуласымен қосылу нәтижесінде иммуногендік кешен түзеді.
Гольджи аппараты арқылы бұл Т-киллерлер үшін тануға қолайлы түрдегі иммуногендік кешен жасуша бетіне тасымалданады. Дендритті жасуша бетінде экспрессияланған В 7 молекуласынан екінші костимулдеушы белгіні алған Т-киллерлер белсенеді және цитокиндерді бөле бастайды (ИЛ-2 мен IFN-гамма) Бұл цитокиндер аутокринді әсер арқылы жетілген эффекторлы Т-киллерлердің пролиферациясы мен дифференцирофкасын шақырады.
Вирусты антиген
Антигендерінің пептидті фрагменттері II класс МНС молекуласымен байланысқан иммуногендік кешен түрінде ДЖ бетіне шыққан жағдайда, иммундық жауапқа CD 4 -лимфоциттер қосылады. Сондықтан жасушалық және гуморалдық иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкін.
Иммундық жауаптың қалыптасуында Лангерганс жасушалары ерекше орын алады: • • • 1) Зақымдалған тері арқылы енген антигендерді Лангерганс жасушалары жұтады, себебі олардың фагоцитарлық белсенділігі бар, бірақ олар В 7 костимуляторын экспрессияламайды. 2) Лангерганс жасушалары лимфа тамырлары арқылы жақын орналасқан лимфа түйініне келеді. Бұл аймақта Лангерганс жасушалары В 7 корецепторын экспрессиялайтын дендритті жасушаға дифференцияланады. 3) CD 8 -лимфоциттер мен CD 4 -лимфоциттердің иммундық жауапқа қосылуына жағдай туады.
Лангерганс жасушаларының қызметтері: • антигенді регионарлы лимфоидты түзіліске жеткізу –оны иммуногендік түрге дейін өңдеу –жасушалық пен иммундық жауапты іске қосу
Лимфа ағысымен антиген
Бетінде II класс МНС молекулалары үлкен мөлшерде экспрессияланған Влимфоциттер де антигентаныстырушы жасуша бола алады. В-лимфоциттердің беткей иммуноглобулиндері 2 қызмет атқарады: • 1) антигенді детерминанттарды (гаптендерді) арнайы байланыстыру • 2) түзілген иммундық кешендердің эндоцитозы


