анатомия 306.pptx
- Количество слайдов: 14
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Анатомия және гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Буынның жасқа байланысты ерекшеліктері Орындаған: Шалғынбекова Б. Б Факультет: ЖМФ Топ: 306 Тексерген: Ерболова Г. М Семей 2015 жыл
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Иық буыны Шынтақ буыны Жамбас буыны Тізе буыны Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Иық буыны Ø Ø Жауырынның буындық ойығы нәрестелерде Жазық , сопақ, буындық еріндері сопақ емес. Буын капсуласы тартылған және қысқа жақсы дамыған, құстұмсық -иық байламымен бітіскен. Біріншілік балалық шақ кезеңінде ойық ересектердегідей қалыпқа келеді. Буын капсуласы біраз босап, құстұмсық-иық байламы ұзарады.
Шынтақ буыны Жаңа туған нәрестелерде шынтақ және кәрі жілік коллатеральды байламдары фиброзды талшықтармен байланысқан және буын капсуласымен жақсы капталған Кәрі жіліктің сақиналық байламы жаңа туған нәрестелерде әлсіз дамыған. Шынтақ буынының капсуласы мен байламдарының нақты қалыптасуы жасөспірімдік кезеңнің басына сәйкес келеді
Шынтақ-білек, қол басы буындары Жаңа туған нәрестенің шынтақ білек буынының капсуласының фиброзды мембранасы жұқа, кейбір талшық шоғырларының арасында борпылдақ жасунықпен толтырылған қуыстар болады. Кәріжілік-білек буынының буындық дискісі кәріжілік сүйегінің дистальді эпифизінің сіңіріне ауысады. Кәріжілік және қолбасы буынындағы қозғалыс мүшеленген сүйектердің сәйкессіздігіне байланысты шектелген болып келеді Тек сүйектену кезеңінің аяғына қарай ғана буындық беткейлердің, капсулалардың және байламдардың толығымен қалыптасуы жүреді
Жамбас буыны Жамбастық буындық ойығы жаңа туған нәрестелерде сопақша келген, тереңдігі ересектерге қарағанада таязырақ Жамбастық буындық ойығының терең болмауына байланысты, сан сүйегінің басының көп бөлігі одан тыс орналасады Жамбас сүйегінің қалыңдауына және буындық ойығының шетінің қалыптасуына байланысты біріншілік балалық шақ кезеңінде сан сүйегінің басы буын қуысына тереңірек енеді. , шеңберлік аймақ сан сүйегінің мойнына қарай жылжиды Буындық капсула жұқа, тартылған, мықын-сан байламы жақсы дамыған, . Жасөспірімдерде шеңберлік аймақ ересек адамдардың қалпына сай келеді. Сан мойнына айналдыра орналасқан
Тізе буыны Жас нәрестенің буындық капсуласы тартылған, менискілері жұқа дәнекер тінді пластинкалар түрінде болады. Тізе буынының қысқа кресттәрізді байламдары бұл кезеңде буынның қозғалыс серпілісін шектеп тұрады. Екіншілік балалық шақ кезеңде сан сүйегі ересек адамдардікіндей қалыпқа келеді. Тізеүсті қалтасы нәрестелерде буын қуысымен байланыспаған, ол өмірдің алғашқы жылдарында қалыптасады, бірақ 6% жағдайда қалташа ересек адамдарда тізе буыны қуысынан тәуелсіз қалып қояды
Балтыр-табан және табан буыны Нәрестелердің балтыр-табан буынының капсуласы өте жұқа, байламдары әлсіз дамыған, әсіресе медиалды(дельтатәрізді). Тұрып жүре бастаған кезден бастап және табан сүйектерінің сүйектенуіне байланысты буын беткейлерінің, байланыс аппаратының және табан доғаларның толығымен қалыптасуы жүреді
Жаңа туған нәрестенің буындық капсулалары қатты тартылған, байламдардың көпшілігі оларды құрайтын борпылдақ орналасқан талшықтардың жеткіліксіз дифференцировкасымен ерекшеленеді Буын беткейлерінің, капсуланың және байламдардың қалыптасуы негізінен 13 -16 жас аралығында аяқталады 9 және 12 -14 жас аралығында сіңірлердің қайта дамуы ақырындайды Буындардың неғұрлым ұдайы дамуы 2 -3 жас аралығында баланың қозғалыс белсендігінің артуына байланысты байқалады 3 -8 жас аралығында балаларда барлық буындардағы керілісі көбейеді, буын капсуласының, байламдардың коллагенизация үрдісі жылдамдайды
Қорытынды Жас ерекшеліктеріне байланысты буындардың өзгеруі қалыпты жағдай болып табылады. Себебі жетілген сайын физикалық жүктемелер артады, организмдегі процестер өзгереді. Соған сай дене құрылымы мен қызметтері де өзгереді
Пайдаланылған әдебиеттер Адам анатомиясы А. Рақышев алматы 2004 ж Анатомия человека атлас Г. Л. Билич, В. А. Крыжановский www. google. com