СОЛТАНОВА 2014 СОЦ22.ppt
- Количество слайдов: 24
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ СӨЖ Дайындаған: Солтанова Е. Тексерген: Қазыбаев С. Қ. Семей - 2014
Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық «көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен басталық. Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы – миф. Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ. Оның мифологиялық уақыттың реальды уақытпен жақындығы. Алғашқы білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені қиял, ойдан құрастырылған жасанды аналогиялық бейнелер арқылы түсіндіргенімен, ол ақылы шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға реалды уақытты өзінің виртуалды ішкі, тылсмдық уақытымен қабылдайды және ол адамдық дүниемен бірге өтеді. Қазақтың мәдениет туралы дәстүрлік түсініктерінде көне негіздерімен қоса мұсылмандық қағидалар қатарлана келеді. Қазақ хандығының жау қыспағынан әлсіреп, Ресейдің отары бола бастаған кезде заман бейнесі «Жер ұйық» кейпінен «Зар - заманға» айналады. «Зар - заман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды. Бұл бейненің өзіндік ерекшеліктерінің типологиялық мазмұны терең болғандықтан оған арнайы тоқталайық.
Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарының бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар-заман» ақындары деген ат қойдық деп М. Әуезов көрсеткен кезең ақындардың өкілдері Дулат Бабатайұлы (18021874 ж), Шортанбай Қанайұлы (18181881 ж), Мұрат Мөңкеұлы (1884 -1906 ж). Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлы. Ол өз шығармаларында қайырымдылық пен зұлымдылық, ризалық пен сараңдық, білім мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына енгізген.
Дулат ақыннан кейінгі өмір сүрген зар -заман ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы. Оның философиялық толғауларының бірі «зар заман» деп аталады.
Зар-заман ақындарының өкілдерінің бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Ол қазақ жері талқыға түсіп, отаршылдыққа түскен жылдарда халқына ұран тастап, қарсы күреске шақырды.
Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
• Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының ХІХ ғасырдың философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады: аяғында 1. Классикалық кезең 2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. • Ш. Уәлихановтан, А. Құнанбаевтан және Ы. Алтынсариннен бастау алады; • Оның өкілдері М. Сералин, С. Торайғыров (1893 - 1920), С. Дөнентаев [2].
Шоқан Уалиханов (1835 -1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым.
1856 жылы Ш. Уалиханов екі экпедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі – Дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар, 1857 жылы Уалиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Шоқан тарихи деректермен қатар көненің көзі – ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталғансапарларының нәтижесі болатын.
«Қырғыз хрестоматиясында» басылған «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде революциядан бұрынғы Қазақстанда кең таралған барымтаны айыптайды, қазақ көшпелілерінің отырықшылдыққа өтіп, мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен айналасуын, қазақ ауылдарының арасында сауданың дамуын жақтайды. Сонымен бірге Ы. Алтынсарин Қазақстанның дамуын табиғи процесс ретінде қарады. Ы. Алтынсарин қазақ халқының бұдан былайғы дамуына қолдан жасалған сыртқы күш керек деуші пікірлерді қате деп санады. Ы. Алтынсариннің бұл ойлары осы күнде де маңыздылығын жоймаған.
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың санасезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т. б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды.
Пайдаланылған әдебиеттер • Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd. ” ЖШС, 2005 • Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
СОЛТАНОВА 2014 СОЦ22.ppt