Оз срс 330 гр.pptx
- Количество слайдов: 19
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қоғамдық Денсаулық Сақтау Факультеті СӨЖ Пән: Қоғамдық Денсаулық Сақтау Тақырыбы: Қазақстан Республикасының президентінің жыл сайынғы халқына жолдауындағы денсаулық тақырыбы. Орындаған: Шайқышов Е. 330 -топ ЖМФ Тексерген: Калбагаева Ж. Е. Семей- 2015 жыл
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім Президент жолдаулары III. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер
ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы ел тарихының жаңа бетін ашқан маңызды саяси оқиғаға айналғанын атап көрсетті. Жолдауда «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру жоспары айқындалған. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудің нақты есептелген жолы – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жаңа мағынасын қалыптастырады. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, тұрақты профилактикалық тексерістерден өту сияқты салауатты өмір салтын насихаттау міндеттері іске асырылып, қазақстандықтардың өмір сапасы мен игілігін арттыруға ықпал ететін болады.
Ø Жиында Министр медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және құжаттарды оңтайландыру мәселелерімен айналысатын жұмыс топтарына бірқатар тапсырмалар берді. Ø ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында міндетті медициналық сақтандыру үлгілері туралы нақты ұсыныстарға арналған форум ашылып, жұмыс істей бастайды. Бұл мәселені науқастардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында қарастыру жоспарланып отыр.
Ø Жолдауда Қазақстанның жетекші еуразиялық медициналық туризм орталығының біріне айналуы тиістігі айтылған. Осыған орай министр аталған мақсаттарға жетуде отандық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті жеткілікті екенін айтты. Көрсетілетін медициналық қызмет түрін кеңейтіп, кардиохирургия, нейрохирургия, транплантология сияқты жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін дамыту серпінін, шетелдерде, оның ішінде көрші елдерде насихаттауды күшейту керектігіне назар аударды.
q Денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау орталықтары, денсаулық мектептері, жастардың денсаулық орталықтары арқылы ауруды ерте анықтау қажеттігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. q Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын 28% дейін арттырудың маңызы ерекше атап көрсетілді. Бұл дәрігерлердің жұмысын ынталандыруға ықпал етері анық. Қазірдің өзінде медициналық қызметкерлер үшін жұмыс нәтижелеріне қарай негізгі жалақысына қосымша еңбекақы алу мүмкіндігі қарастырылған. Дәрігерлерге сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы ü Халықтың денсаулығын жақсарту ісіне ерекше мән берілгені баршаға белгілі. Өйткені, халықтың денсаулығы-мемлекеттің басты құндылығы. Жолдауда Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н. Назарбаев мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі-халықтың денсаулығын қорғау мен оған деген ынтымақты жауапкершілік жүгін нығайту, сонымен қоса адами әлеуеттің деңгейін арттыру мақсатында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру керектігіне баса назар аударды. Денсаулық сақтау нысандарын салу, жабдықтау, кадр даярлау, салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешенді шаралардың үздіксіз жалғасын табуы-осының нақты дәлелі.
«Бірінші байлық-денсаулық» , - дейді халық даналығы. Соңғы жылдары егемен елімізде денсаулық саласында атқарылып жатқан шаралар өте қомақты. Көптеген ауруханалар мен емханалар пайдалануға берілді, олар осы заманғы озық медициналық қондырғылармен жабдықталды. Көліктік және апаттық медицина дамытылуда. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. Бала туу, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Елбасы Үкіметке екі ай ішінде қазақстандықтарға онкологиялық көмек бағдарламасын жасауды қадап тапсырды. Сондай-ақ, Астанадағы ұлттық медициналық холдинг базасында ұлттық онкологиялық орталық ашылатынын да жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 -2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы елдің денсаулық сақтау жүйесіне үлкен серпін берді. Ол ең алдымен, емделушінің дәрігер мен емделу орнын таңдау құқына негізделген. Медициналық қызмет көрсететін орындар мен мамандар арасында бәсекеге қабілетті орта қалыптасып, көрсетілетін қызмет сапасы арттырылуда. Аталмыш мемлекеттік бағдарламада науқастарды уақытылы ауруханаға орналастыру мәселесі де қарастырылған. Осының негізінде өткен жылдан бері науқастарды республикалық және аймақтық ауруханаларға орналастыру порталы жұмыс жасауда.
ü Жалпы Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді бағдарламалар әрі қарай нәтижелі жүзеге асырылуда. Еліміздің экономикалық әлеуетінің өсуі денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды ұлғайтуға, сонымен бірге салынған ауқымды инвестициялар маңызды техникалық жаңғырту, медицина мекемелерін салуды қамтамасыз ету және инфрақұрылымын дамыту денсаулық сақтаудың бастапқы буынын нығайтуға ықпал етті. Қабылданған бағдарлама халыққа сапалы медициналық көмектің қолжетімділігіне септігін тигізіп отыр.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.
2014 жылғы 17 қаңтар 18. 01. 2014 ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналықсанитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі
Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Президенттің халыққа жолдауы-2013 «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылды. Елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалды. Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда. Ұлттық скрининг жүйесі ауруларды бастапқы сатысында анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн. -нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
16. 02. 2008 ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ — МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.
01. 02. 2010 ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ 4. 2 Денсаулық сақтау Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет. Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
01. 03. 2006 ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы 3. 4. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді
Медициналық қызметкерлерге ақы төлеуде көрсетілген медициналық көмектегі еңбектің сапасын, көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиіс
Пайдаланылған әдебиеттер Интернет желісі: www. inform. kz/kaz/article/2715695 www. mzsr. gov. kz/. . . /послания-президента-рк www. akorda. kz/. . . /page_kazakstan-respublikas http: //kaz. caravan. kz/news/elbasy-nursultan-nazarbaevtyng-qazaqstankhalqyna-zholdauy-news. ID 142503. html
Оз срс 330 гр.pptx