Сексенбай Ботагоз 538 ЖМФ.pptx
- Количество слайдов: 35
Семей мемлекетік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Сүйектің қатерсіз ісіктері Орындаған: Сексенбай Ботагөз 538 -топ ЖМФ Тексерген: Бақтыбаев Д. Т.
Қаңқада ісіктердің пайда болуы сүйектегі диспластикалық процеспен тығыз байланысты, бұл балаларда айқын көрінеді. Егер сүйектердегі бірқатар диспластикалық процестер қатерлі жаңа түзілістерге айналса, шеміршектегі экзостоз-хондромаға, фиброзды дисплазия (остеогенді, саркомаға, т. б. ) айналады.
Қатерсіз ісіктер – шекарасы басқа тіндерден айқын шектелген, метастаз бермейді және экспансивті өсу тән болып келетін бірақ қатерлі ісікке айналуы мүмкін!!!
Ісіктің аты Құрылысы Остеобластокластома Остеоид-остеома Сүйек тіні Хондрома Хондробластома Хондромиксоидты фиброма Шеміршек тіні Остеоходрома Сүйек және шеміршек тінінен
Миксома Липома Фиброма Дәнекер тін Хордома Хордалық тіні Ангиома Тамыр тіні Эозинофильды гранулема Ретикулярлы тінінен, эозинофильден
Қатерсіз ісіктер Қатерлі ісіктер Ауырсыну сезімі жоқ немесе сәл ғана Ауырсыну сезімі интенсивті, әсіресе түнде Өсуі баяу Өсуі жылдам Мөлшері кейде үлкен ұлғаяды Мөлшері сирек ұлғаяды Метастаз бермейді Метастаз береді Оппозиционды өсу тән, айналасындағы тіндерге дамиды Инфильтративті өсу тән, айналасындағы тіндердің шекарасы айқын емес Болжамы жағымды Болжамы жағымсыз
Сүйек тінінің қатерсіз ісіктері
Остеома – сүйектің біріншілік қатерсіз ісігі. Остеоманың компакты, кемікті және аралас түрлері болады. Остеома 10 -25 жас аралығында жиі кездеседі. Остеома ұзын түтікшелі сүйектердің диафизінде және метафизде және бас сүйек күмбезінде орналасады. Клиникасы - тығыз, қозғалыссыз түзіліс, периферия бойынша өседі. Емдеу – тек қана белгілер бойынша: ауырсыну, остеоманың болуынан аяққолдың қызметінің бұзылуы және ісіктің үлкен көлемді болуы. Хирургиялық ем тек қана ісікті тінді алумен және оны сүйек қабығымен бірге алумен шектеледі.
Остеоид- остеома ерекше рентгенологиялық, гистологиялық суреті, өзіндік клиникалық ағымы бар қатерсіз сүйекті ісік. Клиникасы- 20 -30 жас аралығында жиі ауырады. Жаңа түзілістер көбінесе асықты жілік, оның шыбығында, сан т. б. сүйектердің диафизінде орналасады. Терең ауырсыну әсіресе түнде қатты болады. Науқас аяғын ақсаңдай басады. Рентгенде – 0, 5 -2 см көлемі шамалы жарықтану ошағы, домалақ формалы, склерозбен қоршалған. Ісік сүйекті кортикальді қабат бетінде немесе терең орналасуы мүмкін. Емдеуі – бөлшекті сүйек қабығы ассты немесе сегментарлы резекциясклерозданған сүйекке жабысқан жіңішке сызықпен бірге зақымданған ошақты радикальды кесу.
Остеоид- остеома КТ бедренной кости в костномозговом канале. Хорошо видны ободок склероза, прилежащий к кортикальному слою, и ядрышко. Рентгенография и КТ голени. Остеоидостеома большеберцовой кости.
Остеоид- остеома
Остеоид- остеома
Аневризмалы сүйек кистасы
Аневризмалы сүйек кистасы
Остеобластокластома – гигант клеткалы ісік. Остеобластокластоманы жартылай қатерлі ісік түрінде қарастыру керек, өйткені жиі рецидив береді, экспансивті өсу, кейде метастазы болады. Ісіктің екі түрі болады: литикалық және кистозды. Балаларда остеобластокластоманың клиникасы симптомсыз өтеді, тек қана ісік бар жерде патологиялық ісіну болған кезде ғана байқалады. Клиникасы– ісік көбінесе иық сүйегінің метафизінде, сан, асықты жілік, оның шыбығының төменгі метафизінде орналасады. Алғашқы белгілері көрінбей өтеді. 2 -3 айдан кейін ісіну, аздаған ауырсыну, жергілікті тері гиперемиясы байқалады. Ісікті пальпациялағанда кортикальді қабаттың жіңішкеруі және перфорациясында пергаментті қағаздың шықырлауы сияқты дыбыс естіледі. Ісік бар жерде патологиялық сыну болады.
• Рентгенде псевдокистозды жарықтану сабын көпіршіктеріне ұқсас байқалады. Микроскопияда ісік тек етті геморрагиялық ошақтардың салдарынан қызыл немесе гемосидериннің түсу нәтижесінде қоңыр түс береді. • Емдеуі. Хирургиялық ем 1 - паллиативті (сүйекті трансплантатпен толықтырып қуыс экскохлеациясы), 2 - радикальді (трансплантатпен алмастырып ісік резекциясы) және 3 - ампутация.
Гемангиома • Гемангиома жиі орналасатын жері- омыртқа, сирек түтікшелі және жалпақ сүйектерді зақымдайды. Көбінесе омыртқа денесінде, сирек 2 -3 капилярлы тамырлар немесе кавернозды қуыстарда кездеседі. ісі жасата кездеседі. • Локализация – омыртқа, бассүйек, иық сүйектері. • Клиника –омыртқаның сүйір өсіндісін басқан кезде аздаған ауырсынумен сипатталады. Ауырсыну қозғаоған кезде және ұзақ отырған немесе жүрген кезде сезіледі. Температура қалыпты, қан өзгеріссіз болады. Рентгенограммада өзіне тән жиі қоршау тәрізді сызықтар көрінеді. Ауру ұзақ жылдар бойы созылуы мүмкін және омыртқа денесінің склероздануымен немесе оның компрессиясымен аяқталады. • Емдеуі – аурудың алғашқы кезеңінде ренгенотерапия тағайындалады. Жұлынның компрессиясының симптомдарында ламинэктомия жасалады.
Гемангиома
Клиникасы. Экзостоз санына байланысты, олар жалғыз және көп болады, тұтас қаңқаны зақымдайды. Экзостоз саны жүзге жетуі мүмкін. Көлемі әр түрлі. Пальпация кезінде экзостоздар тығыз, қозғалыссыз, жазық немесе төмпешікті болады. Ісік бар жердегі сүйек өскен қалпында қалады және қисаяды. Білек сүйегінің зақымдануы салдарынан қисаюдың көбі қолда кездеседі. Экзостоздардың орналасуына және өсуіне байланысты бұлшық еттің өсуіне кедергі жасап, нервтерді басып, қозғалыс, сезімталдық немесе трофикалық бұзылыстарды тудырады. Емі: Нервтерді және тамырларды басып тұрған қозғалысты шектейтін экзостоздардың хирургиялық жолмен алып таастау керек. Экзостоздардың қатерлі түрге айналуын ескеріп, тұтас алып тастаған жөн. Экзостоз
Көптеген экзостоздар
Шеміршек тінінің қатерсіз ісіктері
Хондробластоманың классикалық орналасу жері ұзын түтікшелі сүйектердің эпифизі болып табылады. Рентгенологиялық тәсілмен қарағанда метафиз ортасында орналасқан сопақша түзіліс көрінеді. Емі: Қазіргі кезде дұрыс хирургиялық жолмен емдесе, бұл ісіктің қатерсіз түрі жақсы болжам береді. Кюретажадан кейін рецидивті және хондробластоманың қатерге айналуын есепке ала отырып, сүйек резекциясын немесе аяқ-қол ампутациясын жасаған дұрыс. хондробластома проксимального метадиафиза правой большеберцовой кости.
Хондрома Рентгенограмма. Экхондрома иық сүйегіндегі Хондрома – шеміршек тінінің қатерсіз ісігі. Хондроманың орналасуына қарап энхондрома және экхондромаға бөледі. Энхондрома сүйек ішінде орналасады және өсу кезінде ішінен кіріп тұрғандай болып көрінеді. Рентгенде сүйек ортасында сан сүйектен айқын шектелген домалақ түрлі жарықтану ошағы байқалады. Экхондрома сүйектен шығып, жұмсақ тіндерге қарай өседі.
Хондрома. Клиникасы көбінесе аяқ- Сан сүйегінің остеохондромасы қол басының, саусақтардың фалангісі, сонымен қатар бақай, бақай алды, алақан зақымдалады. Сан, иық сүйектері зақымдалады. Хондромаға экспансивті өсу тән. Баяу дамитын ісіну байқалады. Егер ісік буынға жақын орналасса, артралгия белгілері, кейде синовит дамиды. Энхондрома қатерлі түрге айналуы мүмкін. Ол кезде тез өсу, ауырсыну пайда болады.
Емдеуі. Тек қана хирургиялық –экскохлесация (сүйек қасығымен қыру) және зақымдалған сүйек бөлігінің резекциясы. Ісіктің қатерлі түрге ауысуына күдіктенгенде зақымдалған сүйектің сегментарлы резекциясы, кейде ампутация жасалады. Операция кезінде шеміршекті ошақтар қалмауын бақылау керек.
Хондромиксоидты фиброма • -сирек кездесетін және баяу өсетін қатерсіз ісік. 20 -30 жас аралығында дамиды. Көбінесе асықты жілік және оның шыбығы зақымдалады, сонымен қатар ісік сан, иық сүйектерінде т. б кездесуі мүмкін.
• Клиникасы. Бірнеше ай бойы ауырсынып, кейін ісік визуальді анықтала бастайды. Рентгенде ұзын сүйектерде сопақша түрлі жарықтанудың эксцентриялы орналасуы байқалады. Деструкция ошағы сүйек кемігін және кортикальді қабатты зақымдайды. • Емдеуі. Ісік экскохлеациясы, кейіннен трансплантатпен сүйек тетігін алмастыру.
Сексенбай Ботагоз 538 ЖМФ.pptx