Дулыканова А.С. 516 топ ЖМФ.pptx
- Количество слайдов: 33
Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті Иммунология және дерматовенерология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Псевдомикоздар туралы түсінік. Орындаған: Дулыканова А. С. 516 топ ЖМФ Тексерген: Мукиянова Т. Н. Семей 2014 жыл
Жоспар: v v v v v КІРІСПЕ БӨЛІМ НЕГІЗГІ БӨЛІМ Псевдомикоздың этиологиясы Патогенезі Жіктелуі Диагностикасы Емі ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Псевдомикоздар – актиномицеттер және нокардиялармен шақырылатын , грам оң бактерияларға жататын саңырауқұлақты аурулар. Олар бактерия тәрізді құрамды фрагментациямен сипатталатын бұтақтәрізді тарамдалатын микроорганизмдер тобы.
Псевдомикоздар жіктелуі БЕТКЕЙ Эритразма Трихонокардиоз ТЕРЕҢ Актиномикоз Нокардиоз
Эритразма-Қоздырғышы Corynebacterium minutissimum. Табиғи қатпарларда кездесетін терінің кең таралған ауруы. Жиі ер адамдар ауырады. Жұқпалылығы – жоғары емес.
Аурудың этиологиялық факторлары: Ø Адам ағзасының индивидуалдық ерекшелігі; Ø Жоғары тершеңдік; Ø Жоғары температура мен ылғалдылық; Ø Терінің р. Н сілтілік жаққа ығысуы; Ø Мацерация, қажалу; Ø Берілетін жолдары: іш-киімдер, ванна, жыныстық қатынас арқылы.
ЭРИТРАЗМА
Клиникасы Ең жиі шап-сан тері қатпарлары, қолтық шұңқырлары, әйелдерде омырау астындағы тері зақымдалады. Сонымен қатар, эритразма ошақтары денеде, аяқ-қолдарда (саусақаралық қатпарлар мен табан күмбездерінде де), тіпті ерлерде жыныс мүшесінің басында да болады. Эритразма ошағының ерлерге тән локализациясы болып санның енге қараған ішкі аймақтары табылады.
Жоғарыда айтылған аймақтарда қабынулық емес айқын шектелген дақтар пайда болады, олардың түстері сарғыш – қызыл түстен қызыл – қоңырға дейін өзгереді. Дақтар домалақ, Көлемі нүктеден әр түрлі көлемді тиындарға дейін; қосылған кезде ірі – алақандай, немесе одан да үлкен ошақтар түзіледі. Алғашында пайда болған бөртпелердің беткейі тегіс, уақыт өткен соң ұсақ қабыршақтармен түлеу қосылады. Субъективті сезіну болмайды. Жоғары ылғалдылық, үйкелу және екіншілік инфекцияның қосылуы нәтижесінде қатпарлар аймағындағы эритразма ошақтары қабыну көріністерімен (гиперемия, ісіну, мүйізді қабаттың түлеуі) асқынады, Қышу болады.
Эритразма
Диагностикасы Люминисцентті диагностикасы(Вуд шамы), микроскопиялық зерттеу. Асқынбаған эритразманың диагнозы қиындық тудырмайды және клиникалық көрінісін негізге ала отырып қойылады. Диагнозды зақымдалған ошақтың Вуд шамының сәулелерінде коралл қызыл түсті жылтырауы дәлелдейді. Күрең қызыл түсті жылтырауы бактериялар түзетін суда ерігіш порфиринге байланысты. Қажет болса қабыршықтарды микроскопиялық зерттейді. Дифференциальды диагностика: шап эпидермофитиясы, рубромикоз, кебек тәрізді теміреткі.
Емі: v Зақымдалған ошақты : 5% эритромицин майы (7 күн бойы тәулігіне 2 рет ақырын жағу), 5% салицил және 5% глицерин салицил спирті, жайылған формаларында – эритромицин ішке 0, 2 г-нан 5 рет тәулігіне 5 -7 күн бойы. Профилактика: денені гигиеналық түрде күту, теріні мұқият кептіру, әсіресе қатпарларды, гипергидрозды болдырмау. 1 -2 рет аптасына 1 -2% салицил немесе камфорлы спиртпен сүрту.
Трихонокардиоз Синонимдары: Trichomycosis nodosa, trichomycosis palmellina, trichomycosis chromatica, lepothrix. Этиологиясы: Қоздырғыш Nocardia tenuis Castellani, пигмент түзуші кокктармен ассоцирленеді. Бейімдеуші фактор — жоғары тершеңдік. Трихонокардиоз
Трихонокардиоз Сары, қызыл немесе қара түсті түйіндер қолтық астында немесе қасағада пайда болады. Бұл түйіндер жұмсақ (желе тәрізді ) консистенциялы. Терінің қабыну реакциясы болмайды.
ЕМІ q. Шашты қырып тастау; q Сулема ерітіндісі 1: 1000; q 3% салицил спиртті ерітіндісі; q 1 -2% йодтың спиртті ерітіндісі.
Актиномикоз – актиномицеттермен шақырылатын адамдар мен жануарларды зақымдайтын созылмалы инфекционды контагиозды емес ауру. Ол тығыз гранулема, қуыс, абцесс түзілуімен өтеді. Актиномикоз теріні ғана емес ішкі ағзаларды да зақымдайды. Ауру әлемнің барлық елдерінде кездеседі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда жиі ауырады. 20 -40 жастағы адамдарда кездеседі.
Актиномикоз
Этиологиясы және патогенезі Актиномикоз қоздырғышы анаэробты сәулелі саңырауқұлақтар - Actinomyces israeli Эндогенді зақымданудың гипотезасы маңызды болып табылады. Сәулелі саңырауқұлақтар организмде (ауыз қуысында, ас қорыту жүйесінде, жоғары тыныс жолдарында сапрофиттеніп патогенділік қасиетке ие болады. Аурудың пайда болуына иммунитеттің әлсіздігі, созылмалы инфекциялар, тоңу т. б. жатады. Шырышты қабаттардың қорғаныс функциялары жергілікті қабыну процестерінен, микрожарақаттардан бұзылады. Сондай –ақ ашық жарақаттардың экзогенді инфицирленуі жатады. Актиномикоздың эпителиалды құйымшақ жолдарында, бронхиогенді жыланкөздерде дамуы оның көрші тіндерге таралуын көрсетеді. Шырышасты немесе тері асты клетчаткасының айналасына енген қоздырғыштар тыртықты тіннің ыдырауына және іріңдеуіне әкеліп, спецификалық гранулема –актиномикома түзеді.
Микроскопиялық көрінісі
Клиникалық көрінісі Актиномикоз тыныс алу жолдарын, асқорыту жолдарын, параректальды тінді, зәр- жыныс ағзаларын , сүйекті, теріні зақымдайды. . Тері актиномикозы біріншілік және екіншілік болады. Соған байланысты бірнеше формаларға бөлінеді. (түйінді, төмпешікті, жаралы және т. б. )
Түйінді формасы Актиномикоздың түйінді формасы кезінде тығыз, аз қозғалмалы, ауырсынбайтын диаметрі 3 -4 см немесе одан үлкен түйін пайда болады, ол түйін өскен сайын теріден деңгейінен шығып тұрады және терімен бірге қосылып кетеді де, тері осыған байланысты күлгін реңді қошқыл қызыл түске ие болады. Маңында жаңа ошақтар түзілуі мүмкін. Түйіндер абсцеске айналуы және жыланкөздер түзуге бейім. Жыланкөздерден сары түсті дәндері – актиномицеттер друздары бар іріңді қосылыстар ағады. Кейбір жыланкөздер тыртықтанады, Кейбіреулері жұмсарып, ұзақ жазылатын қуыстар пайда болады. Процесс созылмалы көп жылдық(10 -20 жыл) сипатқа ие, локализациясы жиі ұрт, жақ асты, төменгі жақ, шатаралықта, бөкеде, бөксеаралық қатпарда орналасады.
Көбінесе біріншілік тері актиномикозында дамитын төмпешікті формасында тығыз, жартылай шар тәрізді қошқыл қызыл диаметрі 0, 5 см бір-бірімен қосылмайтын төмпешіктер пайда болады. Түзілген жыланкөзден тамшылап ірің ағып, қоңыр сары қабықпен жабылады. Процесс тері асты май қабатын зақымдау тенденциясына ие және көрші топографиялық аймақтарға тарайды. Төмпешікті формасы
Жаралық формасы әлсіреген науқастарда, абсцестелген инфильтраттар орнында шеттері түзу емес түбінде әлсіз грануляциялары бар жаралар пайда болады. Жаралық түрі
Диагностикасы Клиникалық көрінісіне, бактериоскопиялық және культуральды белгілерге байланысты қояды.
Емі актинолизат бұлшық етке 3– 4 мл –ден немесе тері ішіне 0, 5 -2 мл-ден аптасына 2 рет, курсына 20 -25 инъекция жасау иммунокоррекция кең спектрлі антибиотиктер (екіншілік инфекция қосылса). Зақымдану ошақтарын тері асты май қабатымен бірге хирургиялық сылу.
Нокардиоз Синонимдер: стрептотрихоз, кладотрихоз, атипиялық актиномикоз. Ұзақ және үдемелі ағымда дамып, жиі өкпені және ОЖЖ зақымдайтын микоз түрі. Нокардиоз
Нокардиоздың негізгі 5 формалары бар: 1. Өкпелік нокардиоз ; 2. Жүйелік нокардиоз, екі немесе бірнеше орган зақымдалса; 3. Нокардиоз ОЖЖ; 4. Экстрапульмональды нокардиоз; 5. Терілік және лимфотерлік нокардиоз.
Диагностикаға алынатын материалдар: қақырық, экссудат, ірің, жұлын сұйықтығы, бронх жуындысы, аутопсия және биопсия материалы, қан, зәр. Бүл материалдар лабораторияға тез жеткізілуі тиіс, себебі баяу өсетін нокардиларға контаминді бактериялар өсіп кетуі мүмкін.
Хирургиялық ем — абсцесстерді дренирлеу. Дәрілік терапия: ü Сульфаниламидтер (натрий сульфадиазині 2– 4 г); ü Доксициклин; ü Амикацин; ü Имипенем + циластатин; ü Цефотаксим немесе цефтриаксон. ЕМІ
Қорытынды Псевдомикоздар беткей және терең болып келеді. Бұлар мицелий түрінде бұтақтанады. Адам мен жануарлардан жұғатын ауру.
Пайдаланылған әдебиеттер: Оқулық Ю. К. Скрипкин, А. А. Кубанова, В. Г. Акимов Тері және венерологиялық аурулар Интернет сайт: www. google. kz
Дулыканова А.С. 516 топ ЖМФ.pptx