срс каз чз кино.pptx
- Количество слайдов: 14
Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Кино онері Дайындады : 1 курс студенты жалпы медицина факультеті 103 тобы Шадырова А. Тексерді: Кулуспаева С. М.
ЖОСПАР: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлік Кино өнері Амангелді фильмі 4. Шешім Fokina. Lida. 75@mail. ru
КІРІСПЕ Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қ останай, Ақтөбе, т. б. ) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә. Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т. б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40 -қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5 съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Fokina. Lida. 75@mail. ru
КИНОНЫҢ : көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”. Fokina. Lida. 75@mail. ru
Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар көреді. Көрермендер білімін толықтырып, эстетикалық ләззат алады, тәлім-тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады. Fokina. Lida. 75@mail. ru
Қазақ жеріне алғашқы хроникалық фильмдер 1928 жылдан түсіріле бастады. Сол жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі жанынан “Востокфильм” киноқоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда қоғамның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы “Соңғы хабар” атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В. А. Турин Түркістан-Сібір Теміржол магистралі жайлы “Турксиб” атты деректі фильм қойды. 1930 -32 жылдары қазақ өмірінен “Дала әндері”, “Жұт”, “Қаратау қазынасы” фильмдері қойылды. Fokina. Lida. 75@mail. ru
1941 жылы Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдастырылды. Ол техникалық -өндірістік базасы жағынан ұлғайып, 1944 жылы Алматының көркем және деректіхроникалық фильмдер студиясы (1960 жылдан “Қазақфильм”) деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100 ден астам көркем фильм және 500 -ге жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан. Fokina. Lida. 75@mail. ru
Шәкен Айманов атындағы киностудия Алматы кинохроника студиясы (1934) базасы негізінде құрылды. “Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш. Аймановтың қосқан үлесі елеулі. Ол осы киностудияның 1953 жылдан 1970 жылға дейін көркемдік жетекшісі болды. 1952 жылы “Жамбыл” атты толық метражды түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет жасалды, ал 1965 жылы “Алдар көсе” атты алғашқы кең экранды көркем фильм түсірілді. Тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі жүлдеге ие болған қазақтың көркем фильмі “Ана туралы аңыз” 1964 жылы экранға шықты. Көрермендердің ерекше ілтипатына бөленген “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Шоқан” кинофильмдері осы “Қазақфильм” студиясында жасалды. Fokina. Lida. 75@mail. ru
"Амангелді" көркем фильмі қазақ киносының тарихынан үлкен орын алады. Кинотуынды төңірегінде көптеген пікірлер айтылды да, айтылып та келе жатыр. Алғаш қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов 1944 жылғы мақаласында былай деп жазған : "1937 жылы Ленин орденді "Ленфильм" киностудиясы толықметражды "Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады". ("Кино жылдар ойлар", Алматы "Өнер" 1983 ж. 10 бет). Fokina. Lida. 75@mail. ru
Расында аталмыш фильм қазақ кино өнерінің тарихында өзіндік орынға ие. Ұзақ уақыт бойына "Амангелді" фильмі қазақ кино өнерінде алғашқы төл туынды деп есептелініп келді. Дегенмен бұл қате пікір! Себебі аталмыш фильм "Ленфильм" киностудиясының туындысы болып есептелінеді, және де фильм аталмыш киностудияның тапсырылысымен түсірілді. Сондықтан "Амангелді" Қазақстан тақырыбындағы алғаш дыбысты көркем фильм деп санау керек. Осы мәселе бойынша қазақ кинотанушысы, кино тарихшысы Бауыржан Нөгербек өз пікірлерінде айтып кетеді. Қабыш Сирановтың келтірген мақаласында сценарий авторы: "Ғабит Мүсірепов пен Всеволод Иванов", - делінген. Ал ақиқаты екеуінен бөлек, сценарий жазуға Бейімбет Майлин де ат салысқан еді. Сол жылдардағы кеңес үкіметінің солақай саясатының кесірінен бұл жазушымыздың есімі титрден алып тасталынды. Тіпті, Ғабит Мүсірепов есімі де алып тасталған кездер де болған. Fokina. Lida. 75@mail. ru
"Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты. Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов, қоюшы режиссеры: Мойсей Левин, операторы: Хечо Назарьянц. Сонымаен қатар фильмге қазақтың ұлы актерлері түсті. Басты рөлді, яғни Амангелді бейнесін театр актеры Елубай Өмірзақов сомдады. Одан бөлек Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова, Рахметулла Салменов секілді әртістер фильмге қатысады. Тарихи революциялық, биографиялық фильм болғандықтан фильмнің көркем шығуы драматургиялық жұмыс, режисуралық жұмыс пен актерлық жұмысқа байланысты еді. Жобаның артықшылығы фильм қазақтың батыры Амангелді жайында болғандығы. Ал фильм идеясы Кеңес үкіметін насихаттауға бағытталды. Өкінішке орай бұл туындыдан Амангелдінің, сарбаздарының бейнесінен қазақи мінезді байқау қиын. Fokina. Lida. 75@mail. ru
Fokina. Lida. 75@mail. ru
Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады. Сондай-ақ кино жасау ісіне техника саласындағы мамандар, лаборанттар мен жұмысшылар да үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Fokina. Lida. 75@mail. ru
Ә ДЕБИЕТТЕР: http: //collegy. ucoz. ru/load/32 -1 -0 -2243 www. dasturkb. kz/. . . 11. . . /315 -aza-ty-s-lem- beru-zh-ne-zhol-beru-d-st-r http: //kk. wikipedia. org/wiki/%D 0%90%D 0%B C%D 0%B 0%D 0%BD%D 0%B 3%D 0%B 5%D 0%BB%D 0% B 4%D 1%96_(%D 1%84%D 0%B 8%D 0%BB%D 1%8 C%D 0%BC) www. testent. ru/publ/studenty/kazak_tili_sa bagi/aza_ty_teatr_zh_ne_kino_neri/3 -1 -02981 Fokina. Lida. 75@mail. ru
срс каз чз кино.pptx