Саяси партиялар.pptx
- Количество слайдов: 21
Саяси партиялар Дайындаған: Қошан Берік
ЖОСПАР: 1. Саяси партиялардың пайда болуы 2. Саяси партиялардың жіктелуі 3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы 4. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы партиялар мен саяси ұйымдар
“Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағына білдіреді.
Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық және рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндігі болған жоқ.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кездегі буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті.
Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетеді: 1. Аристократиялық үйірмелер 2. Саяси клубтар 3. Көпшілік партиялар
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да әсер етті. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы одағы Ф. Лассальдың басшылығымен құрылды. ХІХ ғасырдың аяғында мұндай партиялар Батыс Еуропа елдерінің барлығында пайда болды. Басқа континенттерде де құрыла бастады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі. 2. Партия – адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге саясаттыңәр түрлі дейін әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым 3. Партияның мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру 4. Кез келген партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді
Поляк саясаттанушысы А. Боднардың көрсетуінше қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады: a) Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу; b) Олардың белсенділігін арттырып , жинақтау; c) Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; d) Саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б. e) Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау; f) Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; g) Қоғамдық пікірді қалыптастыру; h) Жалпы қоғамды яки оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу i) Мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. с. с.
Саяси партияларды жіктеп , жүйелеудің көптеген белгілері бар. Мысалы институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М. Дюверже. Ол саулаушылар мен белсенділер санына байланысты екіге бөлді: кадрлық және бұқаралық. Кадрлық деп қатарларында сайлаушылардың 10 %-нан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол жоғары ұйымдастырылуымен көзге түседі. Бұқаралық партияларда үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелелері болмайды.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады: 1. Авангардтық партиялар 2. Сайлаушылар партиясы 3. Парламенттік партия 4. Қауымдастық партия
Саяси идеологиясына қарай партияларды бес түрге жүйелеп жүр: 1. Комунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар 2. Социал-демократиялық партиялар 3. Буржиазиялық-демократиялық партиялар 4. Консервативтік партиялар 5. Фашистік партиялар
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық , саяси және әлеуметтік жағдайы айырлап кетті. Патша үкіметінің отарлық саясаты күшейе түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында Әлихан Бөкейханов бастаған алаш зиялылары кадет партиясының мүшесі болып жүрді. Бірақ уақыт өте келе олардың Қазақстан мәселелерін шешуге тырыспайтының түсінген соң, Кадет партиясынан шығып, Алаш партиясын құрды. 1917 жылғы Қазақ газетінің 256 санында Алаш партиясының құрылғаны туралы арнайы мақала шықты. 1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының бағдарламасының жобасылып шықты. 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші қазақ съезі шақырылып. Алаш үкіметі құрылды. Бірақ ол үкіметтің өмірі тым қысқа болды да, мақсаттарыңа жете алмады. 1918 жылы Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің күшімен талқандалды. Оның басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы. Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88, 41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды. Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.
«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi — Қазақстанның саяси партиясы. Партия төрағасы – Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3. 09% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Қазақстан фермерлер одағы, ауған ардагерлерінің Жауынгерлік бауырластар одағы, Каспий табиғаты, т. б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді. Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматы қалаларында өкілдіктері бар. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес
Соңы
Саяси партиялар.pptx