САЯСИ МАД бирлик1.pptx
- Количество слайдов: 20
Саяси мәдениет түсінігі мен мәні, жіктелуі
Саяси мәдениет белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін өзі ұстауы жөніндегі қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін “саяси мәдениет” деген атпен кең тарап кетті. Бірақ, Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой пікір болмаған екен деген ой тұрмауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда, Платон (“Мемлекет”, “Заңдар” деген еңбектерінде), Аристотель (“Саясат” деген еңбегінде), кеңірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және бас қа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт дәстүрлерде тәрбиеленген, әрқилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы “саяси мәдениет” деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фелсафашы Иоганн Гердерді санайды. М. Вебер Э. Дюркгейм Т. Веблен Т. Парсонс И. Гердер
Саяси мәдениет нақты әлеуметтік және саяси практика негізінде қалыптасады және олардың бейнесі, көрінісі болып табылады. Саяси өмірге қатысушылардың түсінігі, мәнділік бағдарлары мен ұмтылыс мақсаттары, сондай ақ, олардың сезім күйлері, наным пиғылдары мен мінез құлықтары саяси сана мен саяси мәдениеттің мазмұның құрайды. Саяси мәдениеттін өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.
Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдерімен қаруландыру. Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік таптық, ұлттық қатынастарды реттеу. Тәрбиелік қызметі — әркімді коғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын баскаруға жұмылдыру. Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау. Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.
Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол «еркіндік» , «тендік» , «әділдік» , «әлеуметтік қорғанушылық» , «автономия» , «төзімділік» және т. б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылык беруінен байқалады. Мысалы, Біріншісі — кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар тендікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. ; Екіншісі — еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық деп санайды; Үшіншісі — әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тоталитарлық тәртіптің күшімен орнаса да) бәрінен артық көреді; Төртіншісі — автономияны қалайды және т. с. с.
Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі — адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын сайлаушылары саяси серкеге емес, партияға бағдар алады. Ал АҚШ та мемлекет басшысын сайлағанда партияға емес, президентке үміткердің тұлғасына бағдар ұстайды. Үндістанда да солай, кімді жақсы білсе, соған дауыс береді.
Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері және т. б. енеді.
Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген сұрақ туады. Соған келейік. Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттың саяси рәміздерін (Туын, Елтаңбасын, Әнұранын және т. б. ), адамның саяси өзін өзі ұстау үлгілерін (мысалы, Кенес екіметі кезінде Павлик Морозовтың әкесін ұстап беру «ерлігі» ) қалыптастырады. Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның рөлі тіпті жоғарылай түседі. Себебі, ол демократиялық жағдайда азаматтық коғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады.
Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның рөлі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып партиялық мемлекеттік құрылыс құрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбіне партия бүкіл билікті қолы на алған бірпартиялық системада орнайды. Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды (шіркеу, мешіттерді) қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзі ұстаудың негізгі үлгі өнегесін жасайды. Мысалы, олардың көбі қазір зорлық зомбылыққа, озбырлыққа, күш көрсетуге қарсы. Мұндай жағдайларды олар көпшілік алдында айыптап, бетке басады. Сондықтан біраз ел дерде олармен мемлекет басшылары санасуына тура келеді. Діннің, рөлі, Ватиканды айтпағанда, әсіресе Италия, Иран, Польша сияқты елдерде кең өpic алған.
Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктін төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгін әлемде, өз елінде болып жатқан жаңалықтарды миллиондаған адам теледидар арқылы көзімен көре ала ды. Сондықтан ішкі және сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізетіндігі сөзсіз. Бұл салада бизнес әлемі де белгілі рөл атқарады. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді. Мысалы, АКДІ та және т. б. елдерде, әсіресе сайлау алдында кепшілік дауыс алу үшін саяси қайраткерлерді қайткенде жағымды жағынан жариялап, оның озық қасиеттерін суреттеп, жарнама жасауға баса назар аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, саудагерлер өз тауарын тиімді сату үшін қаншалықты тырысса, сондай көріністі мұнда да байқауға болады.
Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер қатысады. Мысалы, бұрынғы Пруссияның немесе фашистік Германияның, тіпті бұрынғы Кеңес Одағының саяси мәдениетінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Онда армия жұмысының кейбір принциптері, ережелері, өнегелері азды көпті болсын саяси өмірге ауады (мәселен, жеке дара басшылық ету, бұйрық бойынша жұмыс істеу, асқан құпиялылық, күш қолдануға бейімділік, казармалық тәртіп және т. с. с).
Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгілер мен ережелерге байланысты әр елдің саяси мәдениеті өзгешеленеді, ерекшеленеді. Батыс саясаттануында оны жіктеудің кең тараған түрі Г. Алмонд пен С. Вербаның «Аза маттық мәдениет» (1963 ж. ) деген кітабында келтірілген. Оңда Англия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырылады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық азаматтық қоғамшыл
Патриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас ынтасының жоқтығымен сипатталады. Азаматтық тұрпатында адамдар саяси институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына бел шешіп араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл тұрпатында азаматтар саясатқа зер қойып, оның жұмысына белсене қатысады. Ал өмірде көрсетілген тұрпаттар «таза» күйінде емес, бірімен аралас түрінде кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, солардың ішінде кең тарағаны және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ыңғайлысы азаматтық мәдениет көрінеді.
Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әр түрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, қоғамдық саяси өмірді тұрақсыздандырудың көзі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп, бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениет саясатын жүргізуі керек. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы — қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.
Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезенді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгінгінің де, болашақтың да мәдениетінің көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына ез үлесін қосқаны абзал.
Қазір біздің Қазақстан — егеменді ел. Алғашқы Ата Заңымызда демократиялық зиялы мемлекет құру жолында кептеген бостандықтар мен еркіндіктер берілген болатын. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмайды. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Ата Заңымызда бұдан басқа да құқықтар мен еркіндіктер берілген. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


