Sana_zh_1241_ne_1257_zindik_sana.pptx
- Количество слайдов: 21
САНА ЖӘНЕ ӨЗІНДІК САНА Орындаған: Закен Айгерим Топ: ЖМ 13 -23 -01 Тексерген: Алматы 2013
Жоспар: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Сана, сана туралы ұғым Адам мен жануар арасындағы ерекшелік Адамның саналы әрекеті Сана құрылымы Өзіндік сана Пайдаланылған әдебиеттер
Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі
Адам өзіндік сана (сана сезім) арқылы өзін өзі сезініп ұғынады. Сана сезім дегеніміз — адамның өзін өзі және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана сезім адам өзін өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін өзі сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы әлеуметтік түрткілердін, ықпалынаң — енбек іс әрекеті мен қатынастан қалыптасады. Caна сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез құлқын реттейді, тәрбиелейді. Адам мен жануарлар болмысты сезімдік түйсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда объективтік дүниені ақыл оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.
Адам мен жануар психикасында айырмашылық 1. Жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. 2. Жануарларда еңбек бөлінісі атымен жоқ, олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындалуы табиғи қажеттіліктеріне орай тума берілген қабілет. 3. Жануарлар бірін тек дыбыс арқылы түсінеді, аладамдар тіл арқылы араласады.
Адамның саналы әрекетінің 3 айырықша белгісі болады Адамның саналы іс әрекеті биологиялық себеп салдармен байланысы жоқ. Адамның саналы іс әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан жақты тануға бағытталған. Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеріп оқып келесі ұрпаққа жеткізеді
Сана құрылымы. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге танымпроцестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа бөледі. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция.
Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласананың немесе санасыздықтың (бессознательное) бірінші деңгейі—адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі — адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады.
• Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану (озорение) болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сананың негізі — зерде іздерін өңдеп, жаңаша комбинациялар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.
Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықтаәлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде
Өзіндік сана деп Конның айтуынша “Әрбір дара адамның өзін өзі іс әрекет субъекті ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процестердің жиынтығы өзіндік сана деп аталады. ”
Өзiн өзi баға лау мен талаптану деңгейі оқушы мен мұғалiмдердiң, ата аналарының, жолдастарының арасындағы қарым қатынастарды қалыпқа келтiру үшiн өте маңызды. Сонымен бірге, балалардың өзiн өзi бағалауы мен талаптану деңгейiнің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, бiлiктi, мәдениеттi, бiлiмдi және дүниетанымы жоғары болып, елiмiздiң мәртебелi азаматы болуына үлкен әсерiн тигiзерi сөзсiз. Болашақ ұрпақтың, әсiресе мiнез құлқында ауытқуы бар балалардың терiс жолға түспеуiн, адам гершiлiктiк өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс дамуын жүйелi тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады. Өзiн өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау әрекеттерінің нәтижесi. Адам тұлға ретiнде өзiн өзi бағалаусыз өмiр де өз тағдырын шешу қиын. Өзiн өзi бағалау өзiнiң бойын да белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi. Кеңес психологиясының ғылымында өзiн өзi бағалау мәселесi тұлға дамуының контекстiнде немесе сана сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн өзi бағалауда iшкi қасиеттердiң алға басуы, өзiне деген қатынасының бейнелену формасы, тұлғаның белсендi, бағыттылығының бейнеленуi өзiн өзi реттеудiң құралы болып табылады.
Кесте 1 – Мінез-құлқында ауытқуы бар және жалпыға бірдей мектептің 6 -сынып оқушыларының өзiн-өзi бағалауының көрсеткiш деңгейі (% есебімен) Бағалау шкаласы ДПББЖСӘБО Орта мектеп оқушылары ДЕҢГЕЙЛЕР Жоғары Орташа Төмен Жоғары Орташа Төмен Үлгерімі 34 24 42 44 32 24 Ақыл-ойы 32 24 44 46 28 26 Мінезі 44 30 26 24 40 36 Бақыты 50 26 24 30 36 34
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 2. 3. 4. Сәбет Бап Баба “Жалпы психология” 2007 жыл http: //kk. wikipedia. org Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык гуманитарлык бағытындағы 10 сыныбына арналған окулык / Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, К. Жүкешев, т. б. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006 https: //www. google. ru/search? q=өзіндік+сана+сезім&ne wwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ei=t. Kd. VUrp. Nonk 4 QTqm 4 DADg&ved=0 CAc. Q_AUo. AQ&biw=1366&bi h=660&dpr=1
Назарларыңызға рахмет!!!


