Sana_men_sezim.pptx
- Количество слайдов: 19
САНА МЕН СЕЗІМ Орындаған: Кашкинбекова А. Тексерген: Ибраимова Ж. Қ
Сана – бейнеге сүйене отырып қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланысы, іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдардың өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану, басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Өзіндік сана – бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.
Сана – қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді.
Сана – пәлсапалық санат. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында – адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
САНА ҚҰРЫЛЫМЫ Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері: түйсік, қабылдау, зейін, елес, қиял, ойлау мен сөйлеу; эмоциялық процестер: адамның көңіл-күйлері, сезімі; ерік процестері: адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымын сана құрылымы деп айтады.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі – сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс -әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады.
Санасыз әрекет – адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т. б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фрейд. т. б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік – белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері.
Сананың бүлінуі – орталық жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру, адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекеті бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы – дефектология ғылымы қарастырады.
Таным мен сананың өзара байланысы Таным дегеніміз – адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі – адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін -өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасынан болып жатады. Әйтпесе, онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі және жаны сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Сонымен қоса, адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол сана деп аталады.
Сезім – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттілігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері – адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды, тұрақты, терең, әсерлі сезім – адам психологиясындағы басты белгілердің бірі. Адамның жоғары сезімдері: имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді.
Сезім – адамның өзіңе, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімнің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі – оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық – әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы – бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.
Өзіндік сана-сезім Сана-сезім – өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жетілетін сананың ең жоғарғы сатысы. Сана-сезім – адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана-сезімі таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдермен тығыз байланысты.
Ұлы ғалымдардың зерттеулері Сана-сезім мәселесін зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В. В. Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп, жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді топтастырды. Әрекеттің, мінез-құлықтың және сананың бірлігі туралы ережені алғаш рет С. Л. Рубинштейн ұсынды. Ол былай деп жазды: «Әрекет пен сана – екі түрлі жаққа бағытталған аспектілер емес, олар теңдікті емес, бірлікті – органикалық біртұтастықты құрайды » . «Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін, есейген соң өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға – бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады» – деп И. М. Сеченов дәрiптеген. В. В. Столин С. Л. Рубинштейн И. М. Сеченов
Өзіндік сана құрылымы 1. Эмоционалды құндылық қатынасы 2. Өзiн-өзi тану 3. Өзiн-өзi реттеу 4. Өзiн-өзi бақылау 5. Өзiн-өзi бағалау Өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы Өзiн-өзi тану – тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы Өзiн-өзi тану – тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы
Өзіндік сананың басты қызметі – адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуіне мүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдірумен айналысуға болады немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі ұрысты болдырмауға көмектеседі. Өзіндік сана-сезім – сананың өзінді білу мен өзіне қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіндіөзін танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады. Адамның жануарлардан айырмашылығы – ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Назарларыңызға рахмет!!!
Sana_men_sezim.pptx