
samsung group.pptx
- Количество слайдов: 21
Samsung Group (삼성그룹) — Оңтүстік Кореядағы ең ірі компаниялар тобының бірі. Әлемдік нарықта тұрмыстық техника, аудио және видео құрылғылар шығарушы ретінде белгілі.
Компанияның негізі қалай қаланды? Samsung халықаралық концернінің тарихы Тэгу қаласындағы шағын қоймадан бастау алады. 1930 -жылдары Ли Бен Чхоль атты кәсіпкер өз кәсібін ашады. Ол кезде күріш ұнын тартып, өзінің дүңгіршегінде жұмысын дөңгелетіп жүреді. Бұл уақыт Кореяның Жапония колониясы болған кез еді. Ел ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысу өте қиын болған. 1938 жылдарға қарай бизнесмен құрамында 40 адамы бар сауда фирмасын ашады. Кәсібі — Кореядан Қытай, Манчжурияға күріш, қант, кептірілген балық экспорттау.
жалғасы. . . Азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмысы жақсы дамығаны сонша, Samsung Trading Company енді сауда белгісі ретінде ресми тіркелді. Корея үшін компания атауы тың болса да, бұл кәсіпкердің жоспарының ауқымдылығын байқатқандай болды. Корей тілінен аударғанда Samsung (тәжірибелік транкскрипциясы бойынша «самсон» ) «үш жұлдыз» дегенді білдіреді. Компанияның алғашқы логотипінде үш жұлдыз орын алған еді. Бұл атау Ли Бён Чхольдың үш ұлының құрметіне аталуы да мүмкін деген нұсқалар бар. Samsung қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның халықаралық ықпалы мен құдіреттілігінің синониміне айналып үлгерді.
Ең алғашқы кездегі Samsung компаниясының логотипі Макарон өнімдерін шығаратын Samsung Byeolpyo компаниясының логотипі Ли Бен Чхоль
Жеңіл өнеркәсіп Аңыз бойынша, компанияның қайта өрлеуі 1951 жылы кәсіпкердің күл-қоқыстың арасынан ақша тауып алғанынан басталады. Ол бірден табылған ақшаны тоқыма фабрикасы, қант зауыты мен сақтандыру компаниясына секілді жаңа істерге салады. Samsung Cheil Industries — 1954 жылы негізі қаланған компания. Бұл тоқыма мануфактурасы ретінде Оңтүстік Кореяның сән индустриясында көшбасшысы болады. Сонымен бірге химиялық материалдар: синтетикалық шайыр және жартылай өткізгіш дисплейлер жасауға арналған қоспалар жасаумен айналысады. Аталған компания Bean Pole, Galaxy, Rogatis және LANSMERE атты корей киім брендтерін шығарады. 1950 жылдары Оңтүстік Кореяның президенті Ли Сын Манмен жақсы қарым-қатынаста болған Ли Бён Чхоль елдегі ең бай әрі атақты бизнесмен боп шыға келеді. 1960 жылдары Кореяда адам басына орта есептегі табыс көлемі 80 долардан аспайтын. Сол уақытта тіпті елордасы Сеулдің өзінде тұрақты электр қуаты болмаған. Компанияның бұл өрлеу кезеңі қаншалықты екпінді боса, соншалықты өткінші болды. Әскери төңкеріс нәтижесінде Ли Сын Ман қызметінен кетеді. Оның жақын араласқандары репрессияға ұшырап, Ли Бён Чхольды қамауға алады. Оған себеп — пара алушылық пен президентпен арадағы жақындық.
Хронология • 1973 жылдың тамыз айында корпорацияның бас кеңсесі Сувон қаласына көшіріледі. Желтоқсанда тұрмыстық техника жасайтын зауыттың құрылысы аяқталады. Осы уақыт ішінде компанияға Korea Telecommunications Co. қосылады. Нәтижесінде кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштардың жаппай шығарылымы басталады. • 1974 жылдың қыркүйек айында алғашқы Samsung ауа салқындатқышы жарыққа шығады. • 1976 жылы компания жеке компрессорлар өндірісін ашады.
Жалғасы. . . 1977 жылы Samsung Electronics компаниясының экспорттық көлемдері 100 миллион доллардан асады. 1978 жылы АҚШ-та Samsung-тың алғашқы өкілдігі құрылады. 1983 жылы Samsung Electronics өзінің алғашқы дербес компьютерлерін (моделі SPC-1000) шығара бастайды. Осы жылы мыналар да шығарылды: 64 Мбайт жады бар 64 М DRAM микросхемасы, CD–ROM, VIDEO–CD, PHOTO– CD, CD–OK оқи алатын ойнатқыш. 1984 жылы Англияда сауда өкілеттегі ашылады. АҚШ-та дыбыс және бейне құрылғылар өндіретін зауыт салынады. Сонымен қатар, қысқа тоқында пеш зауыты салынады (жылына 2, 4 млн дана). 1987 жылы компания басшылығына Ли Бён Чхольдың кіші ұлы Ли Гонхи келеді. Оның келуімен жаңа реформалар орын алады. Ол шығарылатын өнімнің сапасына баса мән берді. Осыған дейінгі көптеген дәстүрлерге өзгеріс енгізді. Өзгерістер компанияның қаржылық ахуалына жақсы жағынан әсер етеді. Samsung Electronics табысы тағы көтеріледі.
Жалғасы. . . • 1991 -1992 жылдары дербес мобильді құрылғысы секторы бір жолға қойылады. Сонымен қатар, ұялы телефон жүйесі жасалады. • 1994 жылы сауда көлемі 5 млрд АҚШ доларына жетеді. Ал, 1995 жылы экспорт көлемі 10 млрд доллардан асып түседі. Samsung Group-тың 1969 -1979 жылдардағы логотипі • Автомобиль құрастыру саласында бір кәсіпорын бар. Ол Samsung Motors (Renault Samsung Motors) — 2000 жылы. • Моделдері: • 2014 жылы әлемдегі алғашқы UHD • Samsung QM 5; теледидар шығады. Диагоналі — 105 • Samsung SM 3; дюймдік теледидарға бүгінде ондаған • Samsung SM 5; модель кіреді. • Samsung SM 7.
Жаңа эмблема жасау барысында философиясыз болмайды. Компанияның философиясы — адалдық, серікстестік және кәсіби білік. Қазіргі логотип 1993 жылы енгізілген • Қазіргі логотип — компанияның атауы ішінен жазылған көк эллипс. Керемет үйлескен дизайн мен сәтті жарнамалық кампания өз қызметтерін артығымен орындады: логотипті бүгінде танымайтын адам жоқ. Эллипс пішінді логотип әлем кеңістігіндегі қозғалысты, жаңару идеясын және жоғарыға көтерілуді білдіреді.
Компанияның миссиясы Біз жоғары сапалы тауар жасау мен қызмет көрсету үшін қоғамның жаһандану жағдайының жақсаруына өз үлесімізді қоса отырып, компанияның адами және технологиялық ресурстарын пайдаланамыз.
Концерннің құрылымы және қаржылық жағдайы Interbrand консалтинг компаниясының жыл сайын өткізетін маркетингтік зерттеулерінің мәліметі бойынша Samsung 2007 жылғы жағдайында бренд бағасының қосындысы бойынша 21 -орынды иемденген. Компанияның негізгі бәсекелесі Sony компаниясы 25 -орында. Header text KRW (млрд) USD (млрд) EUR (млрд) Сатылым (Net) 151 766, 1 158, 9 126, 5 Жиынтық активтері 260 991, 3 280, 8 213, 5 Жиынтық пассивтері 168 885, 5 181, 7 138, 2 Акционерлі к капитал 92 105, 8 жиынтығы 99, 1 75, 4 Кіріс (Net) 12, 9 10, 3 12 312, 1 • Samsung Groupтың 2006 жылғы қаржылық есебі
Электронды өнеркәсіп Концерн сатылымының 70 пайыздан көбі электронды өнеркәсіптен келеді. Бұл бөлімшенің компаниялары: • Samsung Electronics • Samsung SDI • Samsung Electro-Mechanics • Samsung SDS • Samsung Networks Электронды өнеркәсіп бөлімшесінің компаниялары бүкіл әлемде жұмыс жасайды, бұйымдардың көп бөлігі экспортталады. Samsung электронды өнеркәсіп бизнесінің аймақтық орналасуы төмендегідей: Аймақтар Солтүстік және Оңтүстік Америка Үлес, % 28 Еуропа және ТМД елдері 37 Корея 15 Қытай 7 Жапония 1 Өзге елдер 12
Автомобиль құрылысы Концерннің профилденбейтін бөлімшелерінің бірі – автомобиль құрылысы, аталмыш салада төмендегі бір ғана кәсіпорын айналысады: Samsung Motors (Renault Samsung Motors) — 2000 жылы. Үлгілері: • Samsung QM 5 • Samsung SM 3 • Samsung SM 5 • Samsung SM 7 2008 жылы компания тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп отырды. 2009 жылы азиялық және тынықмұхиттық аймақтардағы нарыққа шыға бастады. 2007 жылы өндіріс көлемі 179 272 автомобилге жеткен.
samsung group.pptx